Экономика | Қазақстандағы ақша несие саясатының негізгі мақсаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ АҚША - НЕСИЕ
САЯСАТЫ
Қазақстандағы ақша – несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан ары тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Үкіметтің әрекеті. 2000 жылы шамамен алғанда
жылына 5-6% мөлшеріндегі инфляция қарқынына жету үшін ақша – несие және бюджет саясатын қатайтумен қатар ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал ететін қаржылық тетіктер дамыйтын болады.
Жинақтауыш зейнеткерлік қордағы жинақталған ақша қаражатының айтарлықтай бөлігін тәуекелсіз инвестициялауды қамтамасыз ету қажет.
Үкімет мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың зәрулігін жабу үшін Ұлттық банктің несиесін
пайдаланбайтын болады. Мемлекеттік бюджеттің зәрулігін қаржыландырудың құрылымы,көбінесе,инфлияция қаржынының төмендеуімен,мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінің артуымен, бюджеттік зәрулікті қаржыландыруға
инфлияциялық емес көздерді пайдаланумен,мемлекнттік
құнды қағаздар айналымының мерзімін ұзартумен анықталады.
Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай- несиелік реттеу рычагтарын пайдалану жетілдіріле түспек.Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда:
ҚҰБ сыйақы(мүдделер) ставкасына бекіту,міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу,және,әсіресе,
ашық рынокта операциялар жүргізу.Мүдде ставкасына қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция
деңгейінің динамикасымен және инфляциялық тасуға байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң ставканы қолдауға,сондай-ақ,қаржылық рыноктар жағдайларына бағыталатын болады.Ақша-несие саясатының
дәстүрлі құралдарын пайдалану,банктік қадағалауды күшейту,қаржылық рыноктарды қалыптастыру мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады.
Алдағы үш жыл ішінде Қазақстанның қаржылық
секторы,банктермен қатар,қаржылық қызмет рыногында:
ломбард,несиелік серіктестіктер,делдалдық фирмалар,лизингтік және сақтандыру қорлар және активтерді басқару жөніндегі компаниялар секілді мекемелермен толығатын болады.
Қор рыногын дамыту жөніндегі заңнама жетілдіріле
түседі.
Валюталық рыноктың жұмыс істеуін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында,валюталық
реттеуді бұдан ары ырықтандыру, бақылауды күшейту
және валюталық тәуекелден сақтандырудың нарықтық
құралдарын дамытумен қатар валюталық ағыстың жүйелік мониторингісі,талдау және төлемдік теңгерімнің
жағдайын болжамдау жөніндегі жұмыс жақсартылатын
болады.Жалпы алтын- валюта резервтері үш айлық импорттық көлемінен кем болмайтындай деңгейде қолдау
көреді. Валютаның айырбастау бағамының саясаты валютаның сатып алушылық қабілетінің жалпы пара-парлығын қамтамасыз ету,ішкі валюталық рынокта алыпсатарлық операциялардың белсенді дамып кетуін
болдырмауды және төлемдік теңгерімнің бекуін есепке ала
отырып жасалынады.
Экономиканың нарыққа өту кезіңінде негізгі капиталдық ұдайы өндірілуінің азаюы өндірісті қаржылаңдыру үшін ішкі жинақтаудың нағыз нақтылы
институционалдық көзі ретінде банктін сектордың рөлін арттырады.Реформалау басталғаннан бері өткен банктік
жатқан секторындай көрсете білді.
1999 жылғы 28 майда өткен республика финиансистерінің
I Конгресіенде Президент Н.Ә. Назарбаев отандық экономиканың дамуындағы банктік институттардың қомақты үлесін атап өтті.Финансистердің II Конгресінде
экономиканың нақты секторының дамуы үшін банк сферасында жинақталған ресурстарды пайдалануды
жандандырудың қажеттілігі атап көрсетілген болатын.
Экономиканың қаржылық емес активтеріндегі
инвестицияларды қаржыландыру көздерінің ішінде банк-резиденттер және резидент емес банктердің қарыздық
қаражаты 22,1% -ды құрады.Еліміздің банктері әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында өзінің сенімділігін көрсетіп
отыр.Еліміз егеменді несиелік рейтинг алды және оны ұзақ уақыт бойы позитивті деңгейде қолдап келеді.
Қаржылық құралдардың рыногын жұмыс істете және дамыта отырып,республикамыздың банк жүйесі кәсіпқойлықпен нығайды.
Республикадағы бүгінгі банктік екідеңгейлі жүйе мынадай жүйелер – бірінші деңгей Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін көрсетеді,екінші деңгей- екінші деңгейдегі банктер.Қаржы рыногының маңызды институты болған өтпелі кезеңдегі банктердің дамуы тұрақсыздыққа және құрылымдық қайта құрылуға қатты ұшырады.Жүйелі нарықтық қайта құрылуда банктік капитал рөлінің көтерілуі, капиталдандырудың халықаралық стандарттарын және қаржылық орнықтылықты банктердің сақтауларының қажеттілігі олардың қайта құрылым жасау,ірілену,тарату және қосылу секілді заңы процестеріне бастау салды.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру,оларды жеке басқаруға беру,сыртқы экономикалық байланысты монополиядан шығару,инвестициялық ахуалды ішкі рыноктар капиталдарының есебінен күшейту банктер рөлін арттырады.Мұның сыртында,шеттен алып пайдалану бағдарламасын жүзеге асыруда және мақсатты несиеле мен сыртқы инвесторлардың қарыздарын жабуда қаржылық делдалдар ретінде банктік институттардың
маңызды көтерілді.Өндіріс құлдырауының үзілуі, өнім өткізетін жаңа рыноктардың қалыптасуы қарыз алушылардың төлем қабілеттіліктерін төмендетті, мұның
өзі банктердің алған несиелік ресурстарының қайтарылмауына әкеп соқты.Депозиттік – несиелік саясатты жүргізудегі, аманаттық құқықты қолданудағы, банктік тәуекелді басқарудағы кемшіліктер, ақыр аяғында, жекелеген банктердің қаржылық орнықтылықтарының және өтем қабілеттілігінің жойылуына апарып тіреді.
Банктер жүйесінің осылайша қалыптасуы дамыған
нарықтық экономикалы көптеген елдер үшін объективті
болып келеді,олардың қаржылық рыноктарында ақшалай
қаражаттардың үздіксіз қозғалысы, ақшалай қорлардың
жинақ объектісінен инвестицияның объектісіне банктік институттар болып саналатын қаржылық делдалдар арқылы ауыстырушылықта болады.Әлемдік экономикадағы
банктер жұмысының сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығы халықтың ақшалай жинағын тартудың, одан
кейінгі экономиканың дамуына капиталды құю формасында ақшаны қайта бөлісудің қажетті және ынталандырушы шарты болып табылады.
Ақшалай- несиелік реттеудің құралдары
нарықтық инфрақұылымның өрлеуі мен дамуына аса маңызды рөл ойнайды.Банкілік жүйелердің дамуына орай ақша рыногы инфрақұрылымының жұмыс істеуі арқылы дәстүрлі және баламалы қаржылық құралдарды
пайдалана келіп,ішкі жинақтау тетіктерін жандандыру
мүмкін болады.
Нарықтық қатынасқа өту аймақ экономикасының
ешқандай секторларында инвестициялық процестің өзіндік жандануына әзірше ңақтылы алғышарт жасалған
жоқ.Инвестициялық институттардың қалыптасуы,олардың
қаржылық тұрақтылықтарының проблемалары инвестициялық процестердің барлық деңгейінде мемлекеттік реттеудің басты рөлін өзіне қалдырады.
Мемлекеттік емес эмиссиялық құнды қағаздардың
қор рыногы арқылы инвестиция тарту,акционерлік
меншік формаларын пайдалану арқылы қолайлы инвестициялық ахуал тудыру оның институциялдық
дамуының аяқталмағандығына,Қазақстан компаниялары мен банктерінің ішкі биржа рыногында «көгілдір қағаз-
дарға» сұраныстың жоқтығына келіп тіреледі.
Құнды қағаздардың бірлескен секторының жетілмеген проблеиасы,жекешелендіру процесінің жалғаса
түсуі мен мемлекеттік меншік үлесінің жекеменшікке
және коммунальды меншікке,шетелдік инвесторлар меншігіне берілуі- капитал жинақтаудың аяқталмағандығын
және инвестициялаудың ұлттық тетіктерінің пісін жетпегендігін куәландырады.Өтпелі экономикада инвестициялық процесті реттеу механизмі экономиканың
нақтылы секторындағы өнеркәсіп өндірісінің құлдырауымен қатарласып жүріп отырады,бұл дегеніңіз
өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің банктік капиталының
рөлі мен маңызын, жаңа кәсіпорынды игеру мен дамытуды жорамалмен арттырады.
Жекеменшік,шағын және орташа бизнестерді,
өндірістің техникалық деңгейін жаңалау мен көтеру бойынша банктік мекемелердің әртүрлі формадағы қаржылық қатысулары бұрынғыша салықтық-заңнамалық
базаларды,жергілікті әкімшіліктің банктік жүйе үшін қаржылық тәуекелді төмендету жөнінен ынталандырулар мен кепілдіктер жасау тетігін жетілдіре түсуді талап
етеді.
Мұның үстіне, 1999 ж.ортасында 1000-нан астам
акциялардың мемлекеттік пакеті бар 1400 акционнрлік қоғам әкімшіліктер арқылы коммунальдық меншікке берілді.Несиелі инвестициялардың бағдарламаларын
әзірлеу - банк капиталының бұдан кең ауқымды қатысуын көздейді.
Банктік қызмет рыногында бәсеке көтерілді.Банктерді инвестициялық және депозиттік банктерге бөлу банктер мен банктер қызматі туралы заңдармен ғана таратылған жоқ, сондай- ақ банктар заңнамаларын одан әрі жұмсарту банктерді дәулетті
«көтерме» корпоративтік келушілерге қызмет көрсетуге
қайта бағдарлаудан халықтың қаражатын тарту жұмысына,банк қызметін кеңейтуге, банктер жұмысының
беделді жақтарын нығайту жөніндегі мемлекеттік зерттеулерді өрістетуге бағдарды тездетті.
Банктік қызмет сферасы өте жаңа компьютерлік
технологиялардың,ғылыми талдамалардың көмегімен несиелік және есептеу операцияларының көлемін ұлғайтты. Олар мыналар: лизинг,факторинг,пластикалық
карта жүйесімен қолма-қолсыз есептесулер,экспорт-импорт
бойынша құжатсыз операциялар,құнды қағаздарды сатып
алып-сату бойынша операциялар, әртүрлі салым операцияларды, әлемдік қаржылық рыноктарға өзінің құнды қағаз эмиссиялары (ақша шығару),кастодильды қызмет көрсету,төлемеушілік – бірінші сыныпты эмитенттердің (қағаз ақша шығарушылардың)коммерциялық
вексельдерін қайта есептеу бойынша – ұлттық компаниялардың проблемаларын шешу үшін,кепілді сақтандыру мен халықтық жинағын (ақшасын) қорғау
бойынша шаралар және нақтылы секторға қаражат құйылысын ынталандыру.
Өтпелі экономиканың жағдайында банк бәсекелестігін дамыту банктердің қосымша ресурстарын
тартудағы өзара байланысты және олардың көлемін сол
банктардың қаржылық орнықтылығы дәрежесімен экономиканың нақтылы секторында қайта инвестициялауды күшейтеді.Әлемдік практикада осыған ұқсас үрдіс бар,атап айтқанда, берілген несиелердің
көлемі шектеусіз өсе келе, басқа операциялар бойынша
банк табысынан асып түсіп, пайданың орнына зиян шектіреді.Әрбір банктың бір – бірлерінің қызмет нәтижелерін жоққа шығарарлықтай қарама – қайшылық-
тарының үйлесуі өткір проблемаға айналды:
операциялардың табыстылығы көтерілді және ол бойынша
тәуекел төмендеді.Табыс табуға құнығып ,жоғары тәуекелдікке мән беруді ескермеген банктер сөз жоқ
банкроттыққа ұшырайды,лицензияларынан (рұқсат қағаз)
айырылып немесе басқа банктермен қосылысу арқылы
өтеді, оңдайлар өздерінің қаржылық менеджмендік
нығайту жөнінде твиннинг жүйесі арқылы шетелдік
банктердің тәжірибелеріне үңілді.1999 ж.1 наурызына
56 банк таратылу процесіне ілікті.
Қазіргі несие жүйесінің құрлымы.
Қазіргі несие жүйесі ұзақ тарихи дамудың нәтижесі
және ол рыноктың экономиканың талаптарына сай өзгеріп отырады.Егер институциялық жағынан қарасақ кредит жүйесі валюта- қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмнің қамтып, өндірісінің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бес ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Батыс елдеріндегі бүгінгі несие жүйесі мынадай маңызды процестердің әсерімен қалыптасты:банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы, несие
жүйелерінің мамандануы мен кредит жүйесінің функциалналдық құрылымының күрделенуі,банк және
өнеркәсіп монополиясының қосылу мен бірігуі,банктік
істердің интернационалдануы,трансулттық банктер мен
финанс топтарының пайда болуына әкеледі.
Қазіргі кредиттік жүйеде мынадай үш негізі бар:
орталық банк, коммерциялық банк, мамандаған несие-
финанс институттары.
Кредиттік жүйеде жетекшілік орынды банк атқарадыол капитализмнің бастапқы сатысында XVIII-XIX ғасырларда коммерциялық банктерден бөлініп шықты.
Тек орталық банкке ғана мемлекет ақша шығаруға
ерекше монопольдік құқық берді.Көптеген орталық
банктер бірден мемлекеттік институттар болып құрылды
(Немістің федералдық банкісі, Австралияның Резервтік
банкісі), басқалары екінші дүниежүзілік кейін мемлекет
иелігіне айналды(Франция банкісі,Англия банкісі т.б.банкілері) .Бірқатары осы күнге дейін аралас мемлекеттік жеке меншік негізінде жұмыс істейді.Мысалы,
АҚШ – тың Федеральдық резервтік жүйесі (1913) бұрынғы
КСРО – да орталық банк – КСРО мемлекеттік банкі болды.
Қазақстанда қазіргі Ұлттық банк осындай рөл атқарады.
Орталық банктер көптеген қызметтер атқарады,
солардың ішіндегі бастылары:
- банкомат эмиссиясы (шығару):
- мемлекеттік алтын- валюта резервін сақтау:
- басқа несие берешін мекемелердің резевтік қорларын
сақтау:
- экономиканы ақша – несие арқылы реттеу:
- коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттік
мекемелерге кассылық қызмет көрсету:
- есепшот жүргізу және ақша аудару операциялары:
- несие беретін мекемелердің қызметіне бақылау жасау.
Коммерциялық банктер несие жүйесінің «нервтік»
орталығы болып есептеледі.Қазіргі коммерциялық банктер
несие – финанс мекемелерінің әмбебап сипаттағы түрі.
Ол халық пен кәсіпорындардан салымдар қабылдап, несие
беріп қана қоймай, сонымен қатар клиенттерге қаржылық
қызмет көрсетеді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?