Экономика | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮРКИЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыс екі елдің ұстанымдарының, екі елдің көздеген мақсаттары ұқсас келетіндіктен қарқынды темпен дамуда. Екі елдің бір-біріне көмек көрсетуге қызығушылық танытуы 1990 жылдардың басында-ақ екі ел арасындағы достық қатынастардың орнауына алып келді.
Турция алғаш Қазақстанның тәуелсіздігін мойындап (1991 жылдың 16 желтоқсаны), еліміздің халықаралық ұйымдарға мүшелікке енуіне ат салысқан мемлекет. Қазақстанның тәуелсіздік алуы Түркия үшін бұл аймақта туындайтын мәселелерде шешуде көмек көрсететін серіктес ел ретінде қарастырылды.
1991 жылдың 15 наурыз күні Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түрік Республикасының арасында маңызды келісім-шартқа қол қойылды. Бұл келісім шарт негізінде екі жақ өкілдері екі ел арасында саясат, сауда-экономика, ғылыми-техника саласы, экология, өнер, гуманитарлық білімдер, информациялық сферада қарым-қатынастарды дамытып, тереңдете түсу мәселесін талқылады. Бұл отырыста ұсынылған мәселелер 1994 жылы «Достық пен қарым-қатынас» келісім-шартында жүзеге асырылды.
Декларация негізінде екі елдің байланысын достық негізде, БҰҰ мен Хельсинктегі қорытынды акт, Париж хартиясы мен СБСЕ-ның ұсынысы негізінде өрбітуде көздейді.
Табиғат байлықтары жағынан бірін-бірі толықтырып отыратын бұл екі шикізатқа бай мемлекет бір-біріне көмек көрсетіп, біріккен жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады.
1993 жылдың 9-11 сәуір күндері Қазақстанға ресми іс-сапармен Түркия Президенті Тургут Өзала жолықты. Түркия басшысы Қазақстанда елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен, Жоғары Кеңестің төрағасымен кездесті. Жұмыс барысында Тургут Өзала Оңтүстік-Қазақстан облысын аралап, Түркістандағы А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің салтанатты ашылуына салтына қатысып, құттықтау сөзімен студенттерге ақ жол тіледі.
Кездесу барысында екі ел арасындағы байланысты толыққанды жүзеге асыруға кедергі болған мәселелерді анықтап, екі ел арасындағы экономика, сауда-саттық, ғылыми-техникалық байланыс, мәдениет және кадрлер дайындау саласында бір-біріне көмек көрсету сияқты көптеген мәселелер қарастырылды.
Қазақ парламент өкілдерінің алдында сөз сөйлеген Тургут Өзала былай деді: «Нұрсұлтан Назарбаев сияқты даналы адам басқарған ел ұлы мемлекет болады. Түркия оған барынша ат салысып, көмектеседі. Себебі: бір халықтың дамуы – екінші халықтың дамуына алып келеді».
Түркия Президентінің Қазақстанға жолығуы Түркияның шын ниетпен Қазақстанға көмек көрсетіп, достық қарым-қатынасты одан әрі дамытқысы келетіндігін анық көрсетті.
1994 жылдың 16-18 қазан күндері елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қысқа мерзімді іс-сапармен Түркияда болып, онда ешқандай декларацияларға қол қоймаса да, көптеген мәселерді талқылап, екі ел арасындағы байланысты дамыту, Қазақстандық жобаларды жүзеге асыруғ, т.б. мәселелер қарастырылды.
Бұл кездесуінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Түркиямен жақсы қарым-қатынаста болуы – біздің экономикамыздың дамуына елеулі үлес қосатындығын атап өтті.
Бәрін қорыта келе, екі елдің басшылары келісім-шартқа түсіп, екі елдің сыртқы экономикалық саясаты жайлы ой бөлісіп, Қазақстанға тікелей Түркия инвестицияларын тарту мәселесін талқыға салды. Және де бұл келіссөзде тағы да бір маңызды мәселе, Қазақстаннан Түркияға мұнай құбырларын тарту туралы мәселе қарастырылды.
Ресми іс-сапардың аяқталуынша, елбасымыз Стамбулда өткен II түркі тілдес халықтардың саммитіне қатысты. Жиналыста 6 мемлекеттің істелген жұмысы қорытындыланып, болашаққа жоспарлар жасалып, экономика, сауда-саттық, білім, саясат, мәдениет, экономика және де басқа салаларда мемлекетаралық байланысты дамытып, тереңдету мәселелері қарастырылды.
Жалпы, екі ел арасындағы байланыс прагматикалық тұрғыда дамуда. Себебі, тілдің жақындығына қарамастан, халықтардың тегінің жақындығына қарамастан, Қазақстан өзінің негізгі саяси партнері Ресейден толығымен бас тартып, Түркиямен экономикалық байланысын реттеуге кіріскен жоқ. Сонымен қатар, Түркия Қазақстанмен байланысын реттесе де, Түркияның негізгі экономикалық серіктестері АҚШ және Батыс Еуропа елдері болып табылады.
Тілдің, халықтың тегі жақындығына қарамастан, Түркия Қазақстан экономикасының дамуының негізгі векторларына айналмады. Мұны 1995 Бішкекте, 1996 жылы Ташкентте өткен түркі тілдес халықтардың жиналысында қабылданған келісім-шарттан байқау болады. Бұл келісім шартта елдердің бір-бірімен әрдайым байланысты болу, немесе басқа қандай да бір ерекше ережелер жазылмаған.
Дегенмен, Түркия Қазақстанның дипломатиялық қатынасында алдыңғы қатардағы тұрған мемлекет. 1995 жылы Қазақстанда 158 түрік фирмалары тіркелді, түркия фирмаларымен бірлескен ұйымдар көптеген жобаларды қаржыландырып, еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Сол кезде екі елді 17 авиарейс, 500 ауыр көліктер байланыстырды. Ал, Түркияда 1400 қазақ азаматтары білім алды.
1995 жылы Түркия Президенті С.Демирель мен Премьер-министр Т.Чиллердің Қазақстанға жасаған іс-сапары жүзінде келіссөздер жүргізілді. Келіссөз негізінде екі ел арасындағы дипломатиялық қатынасты жоғары деңгейде дамытып, өрбіту мәселесі қарастырылды.
Екі ел арасындағы байланыс мәселесінде Қазақстанның Түркия көрсетілген көмегі де елеулі. Себебі, Қазақстан Республикасының Президенті Түркияның Евроодаққа мүшелікке енуіне атсалысып, көмектесті. Өз кезегінде, Түркия әлі де тәуелсіздік алған Орталық Азия мемлекеттеріне көмектестігін жүзеге асыруда.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына тартылған түрік инвестицияларының жалпы көлемі 500 млн АҚШ доллардан асып түсті. Дегенмен, өзара сауданың дамуына аралық және ресейлық қаржы дағдарыстары теріс әсер етпесі қалған жоқ. Егер 1998 жылы бұл көрсеткіш, жалпы тауар айналымы 300 млн доллардай болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш екі есе кеміп кетті. Өзара сауда-саттықтағы мүндай құлдырау бірте-бірте ескеріліп келеді. Бұған 2000 жылы қол жеткізілген тауар айналымы көлемінің 206 млн доллар деңгейі дәлел.
Түрік іскер топтары Қазақстанда айтарлықтай белсенді әрекет етуде, 2000 жылдың басында 200-ден астам түрік фирмасы жалпы сомасы 2 млрд доллар болатын жобаларға әзірлік жүргізуді немесе оларды іске асыруға кірісіп кетті.
Екі елдің елшілері және шетелдік сарапшылар екі жақты ынтымақтастықты елеулі жандандыратын жағдайы ретінде Қазастан мұнайын Түркия аумағы арқылы тасымалдау келешегін орынды айтып келеді. 1998 жылы Анкара декларациясына қол қойылып, онда Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан басшылары және АҚШ-тың энергетика министрі Каспий арқылы, сондай-ақ Кавказ жерімен экспорттық құбырлар өткізудің маңыздылығын атап крсетті. Бұл орайда Каспийдің мәртебесі проблемасының айрықша рөл атқаратыны түсінікті. Түрік көзқарасы Қазақстанның Каспийді ұлттық сектора бөлуге деген күш-жігерін қолдаудан көрініп отыр. Алайда, Каспий төңірегіндегі ахуал көрініп отыр.
Қазақстан-Түрік ынтымақтастығы мәдени-гуманитарлық салада ойдағыдай дамып келеді. Түркістан қаласында Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін құру білім беру саласында арнайы келген жоба болды. Оны өркендетуге Түркия үкіметі жалпы алғанда 60 млн доллар бөлді. Бүгінгі күні Халықаралық Қазақ Түрік Университеті айтарлықтай әдістемелік және санамалық базасы бар мыңдаған студент оқитын осы заманғы жоғарғы оқу орнына айналды. Қазақстан студенттері мен аспиранттарының Түркияның өзіндегі жоғары оқу орындарында оқуы өтемсіз негізде жалғасып отыр. Өз кезегінде Қазақстанда түрік кәсіпкерлерінің ықыласымен 26 қазақ-түрік лицейі жұмыс істейді. Оларда 5000 жеткіншектер оқиды, сондай-ақ 1998 жылы С.Демирель атындағы жеке меншік университет ашылды. Қазіргі кезде шамамен 700 түрік азаматы Қазақстанда оқиды. Түркиядан келген 100-деген оқытушылар дәріс беруде. Көптеген Қазақстандық ғалымдар мен мамандар түрік университтерінде техникалық және гуманитарлық пәндерден сабақ жүргізеді.
Қорытындыда айтып өткім келеді, Қазақстан мен Түркия арасындаы достық тоқтамай тек дамып келеді, басқаша болуы мүмкін емес, өйткені біз тарихи ғасырдан бері бірге келе жатырмыз.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?