География | Қоршаған ортаға аяушылық қарым қатынасты тәрбиелеу

География | Қоршаған ортаға аяушылық қарым қатынасты тәрбиелеу

Алмалы бақ
Сіздердің ең бірінші көріп танысатын обьектілеріңіз Алмалы бағы. Бұл жерде әйгілі Алматы апорты өсіріледі. Апортты Верныйға ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында Воронеж губерниясынан көшіп келгендер алып келген. Бұл сортты шеберлі бақташы – селекционер Н.Т. Моисеев өсіріп өндіре бастады.
Бірінші көшіп келген Е.В. Редько, Т.И. Алферов, З.И. Колчев және т.б. сияқты Н.Т. Моисеев те ағаштың көшеттерін алып келіп, Кіші Алматы өзенінің бойына отырғызды. Жергілікті энтузиасттардың көмегімен Верный қала – баққа айнала бастады. 1910 жылға таман тек Үлкен Алматы станциясында 1131 га жерге бақтардың саны 521-ге жетті. Апорт әдемі пішіні және бояуымен, жоғары қанттылығымен, жеңіл қышқылдығымен және өзгеше хош иісімен ерекшелінеді.


Кіші Алматы шатқалы
Келесі сіздердің көріп тамашалайтындарыңыз Кіші Алматы шатқалы. Қазақстанның бұл көрікті де әсем табиғаты өзінің қалың шыршалы орманымен Мохнатка тауы, оның үстінде трапеция пішінді Кумбель, ұзақта таңғы аспанның тереңдігін кесетін Абай шыңы, Тұйық-Су қақпасының үлкен жоталары үйлесімділігімен көз тартады. Бұл аудан өзінің жеңіл де қиын да 46 альпенистік маршрутымен әйгілі. Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарының арасында Көк- Жайлау атты альпілік шалғын орналасқан. Бұл жаяу жүру маршрутының ең әйгілісі. Көк-Жайлау үстіртіне көтерілу Кіші Алматы және Батарейка өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. «Просвященец» демалыс үйінен басталады («Медеу» мұз айдынынынан 1 км төмен). Көтерілу шыршалы және қайыңды ормандармен 2-2,5 сағат өтеді. Бұл маршрут қыс мезгілінде де қызықты. Шаңғы мен шананы сүйетіндер 8км бөктерден түсуді рахаттана игереді. Үстірттен көрші Кумбель шыңына (3200метр) шығуға болады.
Тұйық – Су қақпасының үлкен жоталары Тұйық-Су граниттік шыңына апарады (4200м). Тұйық – Су Шымбұлақ тау-шаңғы курортының оң жағында орналасқан. Мүмкін бұл ең тиімді мұздықтардың бірі. Бұл мұздықтар тобының ортасында орналасқан. Мұздық орташа есеппен жылына 10 метр қысқарады, нәтижесінде еріген сулар жазда көл ққұрайды. Қар интенсивті еріген кезде көлдің толуы салдарынан сел болуы мүмкін. Алматы қаласын осы сел ағындарынан қорғау үшін Кіші Алматы өзенінің бойымен гидрлтехникалық құрылыс кешені салынған.
Кіші Алматы шатқалы – бұл демалыс үйлер, санаторийлер және жеке иеліктердің зонасы, сол себепті жол қақпаларымен қоршалған. Жол бойына мейрамханалар салынған. Бұл жерде санаторийлерге жолдама алуға болады. Ал белсенді демалуды ұнататындар сөмкелерін толтырып, тауға шығуларына болады. Таулар – біржақты өмір сүруден емдейтін бірден-бір шипа болып табылады. Бір тәулік ішінде бірнеше табиғи ендіктерде болып қайтуға болады. Келесі сіздердің танысатын обьектілеріңіз ол – Медеу тоғайлысы.


Кіші Алматы шатқалы Таудағы Күннің шығуы


Кіші Алматы шатқалы


Медеу тоғайлысы.

Бұл жер ауылы осы жерде орналасқан Медеу атты көшпендінің атымен аталған. Медеу тоғайлысы теңіз деңгейінен 1691 м биіктікте, қала орталығының 16км қашықтықта орналасқан. Жанында қаладан өсіп кеткен орман сияқты болып көрінетіндігінен Мохнатка беткейлері орналасқан. Көтеріліске дейін бұл беткейде шіркеу қызметкерлері тұрған үңгірлі мешіт болған. Кеңес Үкіметі келгеннен кейін барлығын кесіп, ал үңгірді жарып тастаған. Қазіргі кезде Құдайға табынушылар сол мешіт болған жерге барып, Құдайға сыйынады.
Медеу тоғайлысы Іле Алатау жоталарында 1520 – 1750 м биіктікте Кіші Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Медеуді Кимарлы, шығысында – Қабырғатау, оңтүстік-батысында Кумбель қыраттары мен, оңтүстігінде - спорт комплексі, биік мұз айдыны және «Медеу» қонақ үйі, селден қорғайтын плотина қоршап жатыр. Медеу арқылы Мыңжылқы тоғайлысына жол салынған. Медеу орманды дала және орманды тау зоналарының шекарасында орналасқан.
Медеу – адам тұратын аудан. Бұл жерде туристік, спорттық және емдік базаларын салуда перспективалы құрылыс кешені болып табылады. Соның бірі әйгілі «Медеу» спорт комплексі.

«Медеу» спорттың қысқы түрлерінің биік таулы кешені.

Медеу – аса құнды спорт кешені, ол теңіз деңгейінен 1700м биіктіктегі Медеу тау қойнауында орналасқан. Медеу қысқы спорт түрінің ең биік және ірі спорт кешені болып табылады, мұз айдынының алаңы 10,5 шаршы метрді алып жатыр. Мұнда 170 әлемдік рекордт жасалған, сондықтан да ол спорт кешендерінің көшін бастауда.
Медеу 1972 жылы (архитекторлар В.З. Кацев, А.С. Қайнарбаев, инженер С.Б. Матвеев және т.б.) табиғи мұздың үстіне салынған. 1951 жылдың 4-6 ақпанында мұнда алғашқы ресми жарыстар өте бастады. 2003 жылы биік тау спорт кешені толық қайта жарықтанудан өтті, болашақта жабық шатыр жасау жоспарлануда.
«Медеу» тәкаппарлығымен кәсібі спортшыларды, әр жалпы әлемнің әр түкпіріндегі табиғат сүйушілерді өзіне көптеп тартады. Аспантаулар аясындағы әсем «Медеу» ғасырларға жалғасқан мәңгілік жасыл шыршалар арасындағы мұз аралы іспетті. Мұнда саф таза ауаны, таулы Арктиканың суық лебін сезгендей боласың.


«Медеу» биік таулы мұз айдыны
«Медеу» неліктен әлемдік рекордтардың ошағына айналып отыр? Ғалымдардың жорамалы бойынша мұз айдыны астында терең жер асты өзені бар айналымға орналасқан. Айналымда үлкен соленоид, бағыттаушы алаң бар. Демек, мұз сыртқы суықтан қабыршақтанған кезде, кристаллдар белгілі бағытқа қарай бұрылады. Мұздың екінші рет қабыршақтануы 17-20 минут аралығында емес, 12 минутте – ақ жүзеге асады. Мүмкін, конькилер осы қабыршақтардың қабырғалары бойынша сырғанайтын болар. Жылдамдықтың сыры, міне осында жатыр! Ғалымдар сандық сиқырды да байқаған: Медеу теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан, ал мұндағы «ең жылдам» мұз нөлден 1,7 градус төмен температурада пайда болады екен. Айдындағы ең сапалы мұз – күннің шығуына және батуына жарты сағат қалған кезеңдер. Мұнда Жер айналуының космостық және күн сәулелерінің де өзара ықпалы айтарлықтай роль атқарса керек.
«Медеу» мұз айдынында

«Премьер – Медеу Интернешнл»
Ендігі сіздердің тамашалайтын көріністеріңіз «Прмьер – Медеу Интернешнл» қонақүйі. Алматы қаласынан 15км, аэропорттан 30 минут қашықтықта орналасқан. Медеу тоғайлысында орналасқан қонақүй отандық және шетелдік туристерді, спортсмендерді (жыл сайын 23 мыңнан аса) қабылдайды, Іле Алатауы бойынша саяхаттар жүргізеді. Ғимарат 1973-1975 жылдары салынған(архитекторлары В.З.Кацев, С.В.Куханович, А.С.Қайнарбаев, И.Г.Косогова, конструктор В.В. Чечелов). Ғимаратты әрлеуде жергілікті гранит, мәрмәр, ұлутас, бағалы ағаштардың түрлері және т.б. қолданылған. Ғимараттың қаңқасы үшжапырақ сияқты темірбетоннан жасалған, қабырғаның панельдері шатырлы. Декоративті элементтері қазақ халқының дәстүрі және стилі түрінде жасалған. Қонақүй 129 нөмірден тұрады, оның ішінде 3 нөмірі «люкс». Біздің бильярд ойнайтын бөлмеміздің қонақтарға әрқашан да есігі ашық. Біздің қонақүй квалификацияланған кадрлармен қамтамасыз етілген және сіздердің кез-келген тілектеріңізді қанағаттандыру үшін қызметтердің кең түрін ұсынады. Нөмірлерде қызмет көрсету сіздердің күн мен түнді комфортты өткізуге кепілдік береді. Қосымша қонақүй сіздерге 10-80 адамға арналған коференц – зал қызметін ұсынады.Біздің мейрамханамыз сіздерге әр елдің тамағы мен сусындарын ұсынады. Медеу жазығы және Алатау тауларының бөктеріндегі осы табиғи төңірек сіздерге жыл бойы тыныш демалуға мүмкіндік береді. Таза ауада демалуды ұнататындарға шаңғы және шанамен сырғанауларына болады.
Медеу плотинасы.
Келесі сіздердің көріп-танысатын обьектілеріңіз Медеу плотинасы. Бұл Медеу тоғайлысында орналасқан арнайы селден қорғауға арналып салынған құрылыс. Проект «Гидропроектпен» жоспарланған. Яғни жұмыс көлемі бағытталған күшті жарылыстармен жасалған. Күрделі масштабтағы, әлемдік тәжірибедегі бірегей құрылыс кең ауқымда әңгіме болды. Плотина құрылысының консультанттары академик М.А.Лаврентьев, М.А.Садовский, Н.В.Мельников және Л.И.Седов болды. Құрылыс 1964 жылдан басталып, күрделі жарылыстар көмегімен жалғасты. Бірінші жарылыс 1966 жылы, екінші – 1967 жылы болды. Тасты-нобайлы плотина біріншіден сыйымдылығы 6,2 млн метр куб болатын селден сақтайтын қалыптасты және 1972 жылы эксплуатацияға берілді. 1973 жылы плотина көлемі 5,3 млн метр куб болатын катастрофалық селді ұстап қалды. 1980 жылы плотинаның екінші құрылысы аяқталғанда селсақтайтын орынның сыйымдылығы 12,6 млн метр кубке өсті. Плотина биіктігі 150 метрге дейін көтерілді, ал ендігі негізінен 800 метр болды. Санақ бойынша ол 1973 жылы болған селдің көлемінен үш есе артық ағынды ұстай алады. Қауіптіліктің көзі тау өзендері де болуы мүмкін. Сел көп жауын-шашын немесе жаз бен көктем мезгілдеріндегі мұздықтардың интенсивті еруінен болады.
Ал қазір сіздер плотинаға көтеріліп барлық естігендеріңізді биіктен көрулеріңізге болады. 15 минуттан кейін барлықтарыңызды автобус жанына жиналуларыңызды өтінемін.

Медеу плотинасы
Шымбұлақ.
Ал енді сіздер Қазақстанның туризм саласын дамытуға үлкен үлесін қосатын обьектпен танысасыздар. Шымбұлақ тау шаңғылы курорты теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте Іле Алатау шатқалының көкем жерінде орналасқан. Ол өзінің қолайлы климатымен, тұрақты қар жабындыларымен және әдемі тау шыңымен, қыраттарымен әйгілі.
Шаңғы трассалары үш кресельді және үш буксирлік канат жолдары қызмет көрсетеді. Осылардың көмегімен 20 минутта Талғар асуына жетуге болады. Бірінші биіктік – «Пересечение» станциясына дейін, ұзақтығы 1243 метр, мкөтерілу уақыты – 9 минут. Екінші – «20-я опора» станциясына дейін, ұзақтығы 948 метр, көтерілу уақыты – 7,5 минут. Үшінші – «Талғар асуы» станциясына дейін, ұзақтығы 860 метр, көтерілу уақыты – 8 минут. Сноубордты сүйетіндерге сноупарк, балаларға – көтерілгіш(multilift) бар.

Бірінші рет келген адамдарға шаңғы мен сноубордта сырғанауды үйренуге инструктор қызметі ұсынылады. Шаңғы, шана, сноуборд және баллондарды прокатқа алуға болады. Тауда түнегісі келген адамдарға төртжұлдызды қонақүй бар. Ауаның орташа температурасы жазда +20 градус, қыста -7 градус. Қар жамылғысының қалыңдығы 1,5-1,8 метр болады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?