Биология | Құрсақішілік герпестік инфекция
Құрсақішілік герпестік инфекция – анасынан ұрыққа герпестік инфекцияның антенатальді кезеңде (ұрықтану кезеңінде) немесе босану кезінде жұғуы. Кездесу жиілігі 0,5 - 2,5%.
Герпестік инфекциялар - болашақ ана үшін, болашақ нәресте үшін үлкен мәселе болып табылады. Жиілігі бойынша 7500 туытқа 1 туа біткен герпестік инфекция келеді.
Жыныс ағзаларының герпестік инфекциясының екі типін ажыратамыз. Көбінесе инфекцияны ІІ типті генитальді вирус шақырады. Бұл тип инфицирленген әйелдерде 50-70% жағдайда кездеседі. І-тип көбінесе тері мен шырышты қабаттарды, көз және т.б. зақымдайды.
Инфекцияның негізгі резервуары ерлерде зәр – жыныс жолдары арқылы, әйелдерде жатыр мойны арқылы. Аутоинокуляция (инфекцияны өзіне-өзі жұқтыру) – адам вирусты сау жерге зақымданған жерден жұқтыру.
Вирус жыныс ағзалары арқылы беріледі, инфекция көзі науқас адам немесе тасымалдаушы бола алады.
Инфекцияның жұғу жолы:
1. Анасының қаны (вирусемия)
2. Босану жолдары арқылы
Жүкті әйелдің қаны арқылы инфекция ұрыққа плацента арқылы (трансплацентарлы жол) еніп, плацентада инфекциялық ошақ дамиды, ары қарай хорион залалданып, плацентаның фетальді бөлігінде қабыну процессі дамып, амнион сұйықтығы инфицирленеді.
Екіншісі нәресте босану кезінде босану жолдары арқылы инфицирленеді.
Инфекцияның ауырлығы инфицирлену кезінде жүктілік мерзіміне байланысты.
Жүктіліктің бірінші триместрінде вирус гематогенді жолмен еніп, спонтанды түсікке немесе даму ақауларына әкеледі. Фетальді кезеңде қанайналым бұзылыстары, дистрофиялық өзгерістер гидронефроз, гидроцефалия, микроцефалия, хорионретинит, торлы қабаттың дисплазиясы, қарашықтың күңгірттенуі, жүрек ақаулары, гепатоспленомегалия, вирусты пневмония және т.б. процестер дамиды. Жүктіліктің кеш мерзімінде өлі туылуға, ал туыт алдында немесе босану жолында нәресте инфекциямен заладанса жергілікті немесе жайылған формалары дамиды.
Нәресте инфекцияның алғашқы симптомдары туылады немесе алғашқы аптада көріне бастайды. Нәрестеде жалпы әлсіздік, дене қызуының жоғарылауы, ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, сарғаю, кейде құсу мен сұйық, қан аралас нәжіс, тырысулар дамиды. 80% жағдайда өлімге әкеледі. Ал тірі қалған нәрестелердің бас миы мен көз жағынан зақымдалулар жүреді (соқырлық, катаракта).
Жергілікті формасында терінің зақымдалуы бөртпе түрінде жүреді (болжамы қолайлы). Ал ОЖЖ зақымдалуы (қолайсыз болжам) жағынан – ұйқы бұзылысы, мазасыздық, тремор дамиды. Көз жағынан – алдымен коньюктивит, кератоконьюктивит, хориоретинит, кератит дамып, катаракта мен мүйізді қабаттың тыртықтануына әкеледі.
Жаңа туған нәрестедегі герпестік инфекцияның жайылмалы түрі.
1. Неонатальді герпестік инфекция көбінесе ҚГВ-1 типімен байланысты, ол ауыз қуысы мен бет терісін зақымдаумен жүреді. Қоздырғыштың жұғу жолы жиі босану жолдары болып табылады. Босанған әйелдердің көбісінің анамнезінде герпестік инфекция болмайды. Ал клиникалық көрінісінде энцефалит белгілері (қызба, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, тырыспа), тері мен ішкі ағзалардың (бауыр, өкпе, бүйрекүсті безі) зақымдануымен жүреді.
2. Егер инфекция трансплацентарлы жол, амнион қапшығының ерте жыртылуы, инфицирленген сперма арқылы жұқтырылса, 50% жағдайда ҚГВ-2 типі дамиды. Көбінесе жүктіліктің соңғы апталарында анасының біріншілік инфицирленуі салдарынан дамиды.
Жүктілік – ана ағзасы үшін стресстік жағдай болып табылады: бұл кезде ағзада гормональді өзгерістер мен физиологиялық өзгерістеріне әкеледі.
Болашақ нәрестенің денсаулығы анасына және оның туыстарына маңызды!
Дені сау баланы тек дені сау ана ғана өмірге әкеледі. Сондықтан ана ағзасын жүктілікке алдын ала дайындау қажет. Ол үшін жүктілікті алдын ала жоспарлап, ақытында мамандардан кеңес алып, өзін - өзі сақтауы тиіс!
Нәрестенің дүниеге келуі – қуанышты жағдай. Әр бір жүктілік пен ана болу қайталанбас дүние. Мұндай қуаныштың алдын су сепкендей жоятын Құрсақ ішілік инфекциялардың бірі – ГЕРПЕСТІК ИНФЕКЦИЯ!
Сондықтан жүктілік алдында әйел ҚГВ – на тексерілуі қажет, герпестік антиденені анықтап, оған қарсы профилактикалық мақсатта курстық ем қабылдау қажет
Егер, жүкті әйел ҚГВ – ның пассивті тасымалдаушысы болса және антидене деңгейі қалыптыға сәйкес келсе, онда ана үшін де, болашақ нәресте үшін де қауіптілік жоқ. Керісінше, болашақ нәресте анасынан вирусқа қарсы антидене алады.
Егер, генитальді герпестің жүктілік кезінде асқынуы болса, бөртпе жатыр мойны мен жыныс ағзаларында орналасады. Бұл нәрестенің босану кезінде инфицирленуіне әкеледі. Сондықтан анасына кесар тілігін жасап, босандырады. ҚГВ – алдын ала анықтау үшін жүктіліктің соңғы аптасында қайта зерттеу қажет. Егер, жүктіліктің соңғы төрт аптасында ҚГВ антигені анықталса, босануды жоспарлы түрде кесар тілігі арқылы жасайды. Босану жолы арқылы 90% жағдайда инфицирленеді.
Лабораториялық зерттеулер.
1. Вирусологиялық әдіс – инфекциялық ошақтан вирусты анықтау;
2. Иммунофлюоресценция әдісі – көпіршік пен жара түбінен зерттеу материалын алу;
3. Серологиялық әдіс – арнайы антидене титрін анықтау;
4. Иммуноферментті анализ;
5. Цитологиялық зерттеу – алып клеткаларын анықтау.
3 этапты ем жүргізу:
1. аурудың жедел түрінде вирусқа қарсы препараттар қолданады, кейде ол дәрілерді жергілікті және ауыз арқылы қосып тағайындайды. Ең жақсы эффект ацикловирден анықталады (зовиракс, вальтрекс).
2. иммуномодуляция – ремиссия кезіндегі ем. Немесе жедел кезең аяқталғанда. Интерферон және және олардың индукторларын (циклоферон, дибазол, амиксин, неовир, полудан, ларифан). Сонан соң тимус гормондары немесе спецмфикалық емес иммуномодуляторлар (продигиозан, диуцифон, пирогенал).
3. рецидивті спецификалық түрде алдын алу. Герпекалық вакцина қолданылады. Мақсаты клеткалық иммунодифицит белсендіру, иммуностимуляция және десенсибилизация. Иммунодифицит эндогенді интерферонның төмен титрімен де өтуі мүмкін, сондықтан вакцинация реаферонның енгізуімен бірге жүргізілуі тиіс. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?