Экология | Қала экологиясы
Қала экологиясы
“Менің уәделерім ешқашан бос сөз болған емес, ал сіздер маған үнемі үміт ұялатып, биік белестерге бастаған шын жүректен қолдау көрсеттіңіздер”, деді Пре¬зидент. Халқына қаратып айтылған аталы сөз осындай болмақшы.
Елімізде шағын және орта бизнесті да¬мы¬¬тып жатырмыз, шын мәніндегі халықтық капитализмге бет бұрдық дейміз; тәуелсіздік алғалы бері шетел инвестициясы¬нан елімізге қырық миллиард доллардан астам қаржы бұлағы бұрылды дейміз; кешірім жасалған көлеңкелі бизнестен жарты миллиард доллар қайтып оралып, ел игілігіне жұмыс істей бастады дейміз; ішкі жалпы өнім жылма-жыл жоғарылап, көңіл көншітеді дейміз. Әлемдік экономикада Қазақстан моделі өз алдына отау тікті. Білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде бюджеттен орасан мол қаржы босатылды. Ауыл шаруашылығына бөлінген дотация көлемі де айтарлықтай. Ендеше, елде қиын жүріп жатқан реформалар, атап айтсақ, білім және ғылым, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет, жерге жекеменшік, осылардың баспалдақтап көтерілу динамикасы көңілге орасан зор қуаныш шуағын құяды.
Осының мәнісін көп ойландым.
Бюджет халықтың маңдай тері мен табан ақысынан құралады. Оның үстіне шетелге шығып жатқан қазба байлықтарымыздың қарымтасынан толады. Енді осы екеуінен бас құрап, қазынамызды толтырған ырзық-несібені көздің қарашығындай сақтап, сыбайлас жемқорлардың апан аузынан арашалап алып қалу – мәселенің бергі жағы, ал сол қомақты қаржыны халықтың бүгінгі тоқшылығы үшін, ертеңгі болашағы үшін орнымен жұмсай білу – ыждаһатты есепқойлықты қажет етеді.
Осы жерде хакім Абайдың сөзі еске оралады. Азаматтарымыздың “…көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады”, – дейді. Осындағы байлаулылық сөзінде терең мән жатыр. Байлаулылық көбіне білімге, зеректікке келеді. Сол білімді, сол зейін, зеректікті қажет жеріне жұмсамай, жанып жүріп шаруа тындырмай, көштің соңынан еріп, жұрт жүрген жолды шаңдатып жөңкіле беру бәрімізге сын болмақшы. Атымыздың басын ұлы көштің бас жағына түзейікші, деді Президент өз Жолдауында.
Өз басым Президенттің әуел бастан екі мінезін ұнатамын, құлай құптаймын.
Бірінші мінезі – нені ойға алса да екі¬ұш¬ты сөйлемей, екіұдай жүрмей, екі жаққа жалтақтамай, сүйейсалды қылмай, жанып жүріп істейтіні. Жанып жүріп істеген іс әрдайым оңынан бітеді. Президент туралы жазылған бірді-екілі көркем шығармаларды, дерекке табан тіреген очерк кітаптарын оқып шыққанда, санаға сап ете қалатын ой – Нұрсұлтан Әбішұлының кешегі бала жастан маңдай терін тамшылатып, бейнеттің от-жалынында қайнап піскендігі. Жастайы¬нан ауыр жұмыстан бойын тартпай өскен¬дігі. Бозбала кезінде анасы Әлжанның бір жағына шығамын деп бөлініп берген бір гектардай қызылшаны суару, шөптеу, түбін қопсыту, жегілеу, жүйектеу шаруасына күні бойы кіріскенде алақаны ойылғанша қимылдайды екен.
Содан кейін Теміртаудың №3 шойын балқыту пешінің от-жалынына оранып, күпәйкесін тұзды суға малып, бірде кокс лақтырып, келесіде пеш науасынан шойын ағызып, жан алып, жан беріп жүргенде бас қорытпашы: “Шәкірттердің ішінен бір шыдаса – осы Сұлтан ғана төзіп шығады”, – дейді екен. Днепродзержинск училищесін бітіріп оралған отыз көгенкөздің ішінен екі-үш жылда қорытпашы болып Нұрсұлтан Әбішұлының әбден қалыптасуы – әлгі бас шебердің сәуегей сөзінің дәлелі. Сүйегі қатып үлгермеген жас кезінен бейнетте шыңдалған адам өмір жолында қандай қиындық кездессе де тайсалмайды, тура беттеп барады. Әлгідегі ойға алған шаруаны жанып жүріп тындырады деуіміз содан.
Президенттің екінші мінез қыры – тәуекелдің адамы. Қасиетті Құранда Алла-тағала тәуекелшіл кісіні сүйеді деген сөз бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, қысқа жіп күрмеуге келмей жатқанда, Парламент мүшелерінің, зиялы қауымның “осы қалай болар екен” деген дүдәмалына қарамай, баяғы тәуекел деп аяғын үзеңгіге салған батыр бабаларына ұқсап, елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіруі, ақ қар, көк мұз 1997 жылдың ақпанында елорданың тұңғыш нобай-нұсқасына әлемдегі бір деген мықты сәулетшілерді шақырып, бәйге жариялауы – осы тәуекелшіл мінезінен туындап еді. Ел еңсесін түзеп алсын, оң-солымызға қарайық деп сөзбұйдаға салып жүре бергенде осы күнгі ғажайып қала – Астана салынып үлгермес еді.
Биылғы Жолдау да осы тәуекелдің ақ қағазға түскен көрінісіндей елестейді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев инау¬гурацияда сөйлеген сөзінде болайын деп тұрған істі болғызбай жіберетіндер мен бол¬май¬тын істің өзін болғызатындардың ара-жігін ажыратып, жан аямай жарқырап жұмыс істейтіндер ғана қатарымызда қала¬ды, деді. Мемлекеттік құрылымдар мен лауа¬зымды тұлғалардың іс-қимылын реттеу қолға алынды. Министрлік пен ведом¬стводағы жүріп жатқан қатты қысқартулар осы пәрменнің нәтижесі. Сонымен қатар ақпараттық құралдарда мемлекеттік үлкен мәшиненің бір-бір тегершігі – мемлекеттік қызметшілерді жемқор етіп көрсетіп, жөн-жосықсыз айыптауды тиятын кез келді деп ойлаймыз.
Жоғарыда білім және ғылым саласына екі-үш жыл көлемінде мол қаржы босатыл¬ды дедік. Ал қазақ мектептеріндегі оқулық¬тардың сапасы Лиссабон конвенциясына еркін енетіндей әлемдік стандарт деңгейіне әлі көтеріле алған жоқ. Мектептеріміз мазмұн жағынан жұтаң, жаңашылдығы мардымсыз оқулықпен ілдәлдалап сауат ашып келеді. Жақында республикалық газетте қазақ мектептерінің 9-сыныбына арналған математика оқулығы қатты сынға алынды. Ресей оқулығынан жартылай аударма жасап, оның өзінде біраз дүниелерді дұрыс аудармай, мағынасын бұлыңғырлап, күлдібадам ғып шығарған оқулық жалғыз сол ма екен. Қайта жазылған Қазақстан тарихы да ауыл мектептеріне түгел жетпеді. Жалпы осы оқулық жағдайы мұғалімдердің қабырғасына батқалы қашан.
Алдағы, дәлірек айтсақ 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, мұғалімдердің кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған межені Президент өз Жол¬дауында әдемі тарқатып айтты. 10 жыл¬дықты бітірген оқушы одан әрі кәсіптік-техникалық білім алып, отбасын құруға бет бұрса, бұған біздің қарсылығымыз жоқ, жас¬тардың бәрі жоғары оқу орнына ұмтыл¬сын деген талап қоймаймыз, деді Прези¬дентіміз. Аса дарынды, қабілетті жастар ғана жоғары білімге құлшыныс танытса құба-құп. Сондықтан қазақстандық білім моделін өзімізге лайықтап, жаңаша құрып, дүниелік деңгейге көтеретініміз ләзім деп қадап айтты.
Жоғары оқу орындарының білім беру сапасын тексеру, стандарттау, тестілік жүйеге түсу, білім саласына жаңа технология енгізу үшін аттай бес мемлекеттік қазына¬шылық кәсіпорын құрылған еді. Бесеуі де бюджеттен қаржыландырылады. Жоғары оқу орнының білім сапасын аккредитациядан өткізу қазынашылық кәсіпорны бір жыл болды әлі бір де бір жоғары оқу орнын аккредитациядан өткізген емес. Бұл мәселенің бір жағы ғана.
Әйнектің екінші жағынан көз салып көрелік. 2005 жылы елдегі министрліктердегі бюджет босатқан, әйтсе де жұмсаудың жолын таппай, тоғандағы тоспа судай іркіліп қалған қаржы көзінің өзі 29 миллиард теңге екен. Болайын деп тұрған істі болғызбай, аяғын сиырқұйымшақ етіп жіңішкертіп жіберетін шенеуніктер арамызда әлі күнге шіреніп жүріп жатқан секілді.
12 жылдық білім реформасы Лисса¬бон конвенциясына қосылудың алғы шарт¬тарын жүзеге асыра бастады. Коммуналдық тұрғын үй реформасы – өндіруші мен тұтынушы арасында нағыз нарықтық арнаға түсті, яғни халықтық капитализмге жол ашты.
2006 жылғы қаңтарда жарияланған экономикалық бостандық рейтингінде еліміз бір жыл ішінде 17 орынға жоғарылап, 122-орындағы Ресейді басып озып, мұның үстіне 111-орындағы Қытаймен құйрық тістесіп, дүниелік бәсеке жарысында 113-орынға табан тірегені қуантады. Ал бәсекеге қабілеттілік жөнінен былтыр 61-ші орыннан көрінгеніміз бар.
Бұл дегеніңіз – әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті, оза шауып бара жатқан маңдайалды 50 елдің қатарына ілігетін күн де қашық емес деген сөз.
Әлбетте, алынған асуды місе тұту тоғышарлыққа апарады, тығырыққа тірейді. Белгілі бір қол жеткен табысқа қарамастан, дүниенің бәсекеге неғұрлым қабілетті елдері бүгінгі таңда жаңа технология мен қызмет көрсетуді тұрақты, үзбей жетілдіру есебінен дамып отыр. Қазақстан экономикасы әлі де басым түрде шикізат өндіруші, сатушы рөлінде қалып келеді. Бұл ретте ЖІӨ өсімінің жартысынан көбі жаңа техноло¬гияға бағынышты, демек, технологияның сапа¬сын қарқынды дамыту арқылы әлгі жартылай жетістіктің олқысын толтыра алады екенбіз.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдің дәстүрлі бәсекелес басымдықтарын тиімді пайдалануды, сол арқылы сапалы серпінді секірісті талап етеді. Экономиканы түрлендіріп, жаңа бағыттарын іздеп табуды, бұған қоса жедел жаңғырту инновациясына жол ашуды міндеттейді. Басты нысан – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Салық саясаты салық санын жинақылау арқылы кәсіпкерлік пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыра түспекші. Бюджет саясаты мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге, экономиканың басым секторларын дамытуға, халықтың кедей жіктерін әлеуметтік жағынан қолдай түсуге бағытталған.
Алдағы уақытта бәсекелестікті одан әрі арттыру және ырықтандыру үшін шұғыл шаралар қабылданады. Банктердің сырттан қарыз алуы шектеле түседі. Қосалқы бөл¬шек¬тер мен ауыл шаруашылығы мәшине¬лерін жасау үшін бірлескен кәсіпорындар құрылады. Мұнай-газ саласына арналған мәшинелер мен жабдықтар өндірісін жолға қою көзделеді. Бұл істерге кеудесінде оты бар, білімі мен білігі жоғары, қай деңгейде болсын жұмыс істеуге қабілетті, дарынды мамандар тартылмақ.
Президент Жолдауында Астананы дамыту айрықша көңіл көншітер мәртебеге ие болған.
Астанада ғажайып жобамен Бейбітшілік пен келісім сарайын, қысы-жазы істейтін жабық стадион және Президент паркін салу жоспарланған. Есіл өзенінің сол жағалауына элиталық университет салу, келешекте ол оқу орнын Англияның Кембридж, Оксфорд, Американың Гарвард, Египеттің Әл-Азхар университетінің білім беру деңгейіне дейін көтеру көзделеді. Сол жақ жағалаудың көлік қатынасын жақсарту мақсатында 2 көпір, 4 жол айрығы іске қосылады. Осы жылдың өзінде іргетасы беріктен қалана бастайтын диагностика, нейрохирургия орталығы, төрт бірдей амбулаторлық-емхана кешені, бес мектеп кереге жайып, көңілге қуаныш пен сенім сәулесін құяды.
Алдағыны болжау, келешекке көз жіберу – лидерлерге тән іс.
Мидай жазық Сарыарқа төсінде дүркіре¬тіп жаңа қала салғанда шетелдік мейман¬дардың көзімен қарап, көңілімен пішетін жобалар болғаны ләзім. Қазақтар жартылай көшпелі, жартылай отырықшы өмір сүріп, ұлан-ғайыр далаға иелік етіп, ешкімге ұқсамайтын, ешкімге етегін басқызбайтын өркениет жасап үлгерді. Сол өркениетті өмірге заман талабына сай нәр беру – біздің ұрпақтың борышы.
Щучье-Бурабай курорттық аймағын өркендету, Қорғалжын қорығын шетелдік кезбелердің көз құртына айналдыру бергі ауылдың әңгімесі. Ал келешекте шетелдік туристерге арнайы ашылатын аңшылық, саят, балық аулау, бүркіт салу, дала сафариін көз алдына мөлдіретіп қайыра әкелу – Астанамыздың абыройын аспандата түсері кәміл.
Кез келген бәсекеде тізгін қағыса алатын құрылыс материалдары, жиһаз жасау, тамақ өнеркәсібі қарқындап дамитынына сенесіз. Бұған қоса қала экологиясы дүниелік стандартқа деңгейлес, сай болмақшы.
Астанаға қарап кеңдікті сезініп, Астананы аралап кемелдене түсеріміз кәміл. Астананы айтқанда аузымызға ең әуелі үлкен, биік деген сөздер жиі түсетін болады. Қаланы аралағанда кеудемізге нұрлы сезім толады. Өркениетті елдердегідей тұрғындары рухани кемелдене түседі әлі-ақ!
Елдігіміздің бет-бейнесінің басым көрінісі мәдениет, ақпарат және спортты дамытудан басталады. Барлық азаматтардың белгілі бір көлемде мемлекеттік тілді игеруі үшін жан-жақты жағдай жасалады. Бұл салаға бөлінетін қаржы жылдан-жылға ұлғая түспек. “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдар¬ла¬масының бірінші кезеңі аяқталды, енді екінші кезеңін қолға алмақшымыз. Мұнда тарихи-мәдени мұраның аса мәнді нысан¬дары қайта қалпына келтіріледі. Елдегі көне ескерткіштер түгелге жуық есепке алынады, археологиялық қазбалар кең көлемде, терең мазмұнда жүргізіле түспекші. Бабадан қалған асыл сөзді қайта тірілту, оларды жарқ еткізіп кітап қылып шығару үрдісі жалғаса бермек.
“Береке-бірлігі мен ынтымағы жарасқан халықтың алмайтын асуы жоқ”, деп Прези¬дент өзінің жүрекжарды сырын жайып сал¬ды. Осыдан шығатын ой – демократия¬лық қоғам құру дегеніміз, әр адамның өзіне, отба¬сына, одан асып ортасына, бұдан биіктеп өз еліне пайдасын тигізу, қажыр-қайратын бөлісе білу, бай адамдары мол мемлекет құру болмақшы. Енді келіп ғасырлар бойы қанымызға сіңген реттілік, тектілік, сөзге тұру, намысқой болу, имандылық, үлкенді, әйелді сыйлау секілді салт-дәстүрімізді лақтырып тастап, я батыстық даңғаза демократияны, я шығыстық үндемей үйдей пәлені төндірген жосықты әкеліп, үй ішінен үй тігіп: “Мынау бізге қолайлы екен, нағыз демократия осы!” деп еліміздің бүтіндігін, берекесін бұза алмаймыз. Қазақстанға ұлы дәстүрімізге табан тіреген дәйекті, бірлікті, бірауызды демократиялық ұстаным қажет екендігі қадап айтылды.
Шындығында ғой: жариялылық – жарапазаншылық емес, жауырды жаба тоқу да болмас, ол – қоғам алдындағы ұлы жауапкершілік, азаматтық парызды сезіне түсу, шынның жүзіне тура қарау. Ұлтының мүддесі үшін күйіп-жану. Президенттің нұсқауымен құрылған азаматтық қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық ко¬мис¬сия осы нысананы басшылыққа алады.
Халықтың қадым дәстүрін, қайталанбас кескіндеме бояуын, саз өнерін қадірлейтін әрбір кәсіпкер-меценат ұлы мәртебелі өнерге мемлекетпен бірдей қызмет етуі керек. Еншісі бөлінбейтін мұра – ұлттық өнер. Осы өнерді ұлықтап қана мәдение¬тіміздің деңгейін дүниелік биікке көтере алады екенбіз. Көңілі жай, ырзық-несібесі мол ел ғана мәдениет туралы ойланып, келешектің қамын жейді. Әуелгі баспалдақ – экономика, сосынғы баспалдақ – мәдениет деп, зайырлы тәуелсіз мемлекеттің іргетасын беріктен қалап жатқанымыз содан.
Еліміздегі бизнес иелерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде жұлынды ой айтылды. Бұл дегеніңіз – өзімнің арбам жүре тұрсын, өзгенікі не болса ол болсын дегеннің керімен кетпей, кәсіпкердің өзін байытқан, ақшалы еткен ортасына көңіл бөліп, қызмет етуін міндеттей түседі. Ақшалы алпауыт аспаннан түсе қалған жоқ. Ол осы елдің халқының маңдай тері, жұмыс күші, жер-суы, белгілі мөлшерде қаржылық ауыс-түйіс қатынастары арқасында Антейге айналды, сондықтан қалталы қаржыгерлер әрдайым төменге, аяғының астына зер сала қарап, “осы мен қалай өсіп жетілдім… қайда кетіп барамын?” деп әрдайым әулетіне, әлеуметіне есеп беріп отырғаны жөн. Мұны Президент өз Жолдауында жақсы айтты.
Залда отырып толқыдым, тебірендім. Бұл міндетті – әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылу міндетін Елбасымыз бұрынырақ та айтты. Биылғы Жолдауында соны таратты, жолдарын көрсетті, мақсатты айқындады.
Мына біздер жүрекжарды Жолдауда айтылған әрбір ұстанымды темірқазық жұлдызындай маңдайға ұстап, адаспайтын, бұрыс кетпейтін бағдаршаммен ендігі аз жылдар көлемінде дүниелік маңдайалды 50 елдің сапына ілігеміз деп тер төгетін боламыз. Керуен тартқан ұзақ жолға қажыр-қайрат, биік ұстаным, ілгергі тілеу, сенім, сүйіспендік, ғаделет, ізгілік, бәрі-бәрі арналады демекпіз!
ҚАЙРАН, ҚАРА ОРМАН
Сөз басы. Қалың ағашы сыңсыған орман ішін жайлаған өрт бір тиылмай-ақ қойды. Осыдан екі аптадай уақыт бұрын Баянауылдағы орман алқабтары өрт¬ке оранды. Ал, оның алдында, яғни сәуір айы¬ның ор-тасында Шалдай орман ша¬руашылығы¬ның Бауыртал бөлімшесінде болған өрттің зардабын ауыл тұрғын¬да¬ры әлі ұмыта қойған жоқ. Өрт сал¬дары¬нан ор¬ман¬ға жақын отырған осы ауылдағы бір¬неше отбасының үйлері, қора-қопсылары тұтастай жанып кетті. Шарбақты ауданы¬ның әкімі Сапаркелді Смағұловтың ауыл тұрғындарына дер кезінде көмек көрсетіп, қол ұшын бергенінің арқасында үй-жайлары, қора-қопсылары жөнделіп, ретке келтірілді. Солтүстіктің қыстың ызғары тез кете қоймайтын көктем айларында мұн¬дай ала¬пат өрттің тағы да қайта¬лан¬басына кім кепіл. Орманшылардың айтуынша, сол жолы өрттен 960 гектар жердің орман алқабы зиян шегіпті. Осы жерде тіршілік етіп отырған ауылдар үшін табиғат байлығы орманды қорғау, жөн-жосықсыз ағаш кесуді тыю, орман өрттерін болдырмаудың алдын-алу жолдары қалай қолға алынып жатыр деген сауалға біз де жауап іздеп көрген едік.
Орманды қорғау – міндет. 2002 жылы 16 шілдеде еліміздің Үкіметі шет елге ағаш экспорттауға тыйым салды. Орман ағаштарын кесуді лицензиялау жөнінде қаулы қабылдады. Орман ша¬руа¬шылығы мамандары табиғат қорғау прокуратурасы, қаржы полициясымен бірлесе отырып, заңсыз түрде ағаш өнім¬дерін дайындайтын кәсіпорындарды тексеріп, анықтауға қол жеткізді. Олар енді орман ағаштары өнімдерін облыс¬тық орман және аңшылық шаруашы¬лы¬ғы аумақтық басқармасының келісімінсіз теміржол бойымен басқа жаққа апара алмайтын болды. Орман шаруашылық¬тарын¬да күзет те күшейе бастады. Табиғат байлығы орманды қорғап қалу үшін ортақ іске жұмылған орман қорғау полициясы, қаржы полициясы, табиғат қорғау прокуратуралары құрылды. Орман сақшылары мен жанашырларының қатары көбейіп, күрес күшейген тұста қарақшы¬лар¬дың да ағаш ұрлау тәсілдері өзгере бастады. Олар ұрлыққа енді бұрынғыдай үлкен КамАЗ-дармен емес, шағын қорап¬ты тракторлар мен ГАЗ-53 маркалы авто¬көліктерді, ат-шананы пайдалануға көш¬кен көрінеді. Қарақшылар орманшы¬лар мен күзетшілердің басқан іздерін аңдып, бір-бірімен рация арқылы хабарласып отыратын болып шықты. Тексеру нәтижелері көрсеткендей, орман жиегінде отырған ауылдарда ағаш кесетін пилора¬ма¬лар, шпалорезкалар көп. Күнкөріс үшін ұрласа да, ұйықтамаса да сату үшін ағаш дайындауға кіріседі. Ағаш кесудегі, табиғат байлығын аямаудағы заң бұзу¬шы¬лықтар ауыл ішінде тоқтамай, орманды сақтап қалу қиын. Жабағылы деген бір ауылдың 9 үйінде ағаш кесетін құралдар орналасқанын құқық қорғау орындары анықтаған. Заңсыз ағаш кесу, оны дайындап өткізу орталықтары Маралды, Көкжал ауылдарында да болды.
“Ертіс орманы” мемлекеттік резерва¬тында орманды қорғау жөніндегі облыстық комиссия жиі бас қосып, табиғатты қорғауға ат салысатын қала, аудан, ауыл деңгейіндегі барлық мекемелер жұмыстары жайлы есеп тыңдалатын болды. Ағаштарды кесуге мүлдем тыйым салынып, алдағы уақытта тек жанған ағаштарды ғана әкетуге рұқсат беріледі. Осындай құрықтаулар, жоғарыдан жеткен шешімдер арқылы орманды сақтап қалуға деген көзқарас түзеліп, ағаштарды отау, өртеу бұрынғы жылдарға қарағанда бір¬шама беті бері қарағанмен де, әлі де бол¬са, орман өрті, ағаш ұрлау тыйыла қойған жоқ. Арагідік ел арасында орманды өртейтін де, ағаштарды ұрлайтын да орманшылардың өздері екен деген алып-қашты сөздер есті¬леді.
Депутаттар куә болды. Жалпы мә¬ліметтер еліміздің мемлекеттік орман қоры 26,2 миллион гектарды алып жатқанын көрсетеді. Жеріміздің 4,6 пайызын орман алқапты құрайды. Солардың бір пайызы қарағайлы орман ағаштарына бай Павлодар облысының үлесіне тиесілі екен. Орман шаруашылығы мамандарының айтуына қарағанда Семей өңірімен шектесетін орман алқаптарының 50 пайызына дейін өрт жалмап тастаған. 1947 жылы өсірілген қарағайлардың 80 пайызына дейін жоқ бо¬лып кеткен деген де мәліметтер бар. Облыс¬тық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы 2004 жылдың 8 айында облыс аумағындағы бүкіл орман ша¬руашылығында 188 рет өрт оқиға¬сын тіркепті. Өрттің салдарынан жалпы аумағы 195 гектар орман алқабы күлге айналды. 2003 жылы 164 өрт болып, 5 мың гектардай жер өртенген. Кінәлі адамдар ұсталып, жауапқа тартылып, айыппұл салынуда. Осы жылдары 1841 текше метр орман ағаштарын отаған заңсыз ағаш кесуге байланысты 239 оқиға тірке¬ліпті. Басқарма мамандары бұл жайлардың бұрынғы жылдармен салыстырғанда азайғаны деп отыр.
Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамай¬ды. Ағаштарды Қытай асырып сатып, аяусыз отап-кесіп жүргендердің, жәйі келсе өртеп жіберетіндердің кімдер екенін, алып-қашты сөздер айтады. Ал осыдан бес-алты жыл бұ¬рын орман алқаптарын аралаған Парламент Мәжілісі экология комитетінің мүшелері жер¬лесіміз, депутат Тито Сыздықов бастап жұрт¬тың аузында жүрген сөздердің расты¬ғы¬на көз жеткізгендей болды. Ағаш кесіп, тақтай тіліп, сату үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып ала қоятындар шыға бастады. Парламент Мәжілісі депу¬тат¬тарының ағаш ұрлығы, бей-берекет өртке ша¬лынуы жайлы дабылдарынан кейін ұры алыс¬тан келмейтінін айтып, ормандағы ағаш ұрлығы мәселесімен енді жергілікті прокуратура орындары айналыса бастады. Облыстық прокуратураның тексерулері барысында 2005 жылы мемлекет тарапынан жергілікті орман шаруашылығы бойынша шаруашылықта еңбек ететін орманшылар са¬нын көбейтуге, материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 208 миллион теңге қар¬жы бөлінсе де, “Ертіс орманының” бас-шылығы мемлекеттің орман қорын сақтауға қол жеткізбей отырғандары анықталған.
Ал, орман керек! 2003 жылы Ертіс өзені бойындағы көне реликті яғни, қарағайлы ормандарды сақтап қалу, қалпына келтіру мақсатында Үкімет қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде “Семей орманы” және “Ертіс орманы” деп аталатын ерекше қор¬ға¬латын табиғи орман мемлекеттік мекеме¬ле¬рі құрылды. “Ертіс орманы” мем¬лекеттік табиғи орман резерваты меке¬месінде облыстың Лебяжі және Шарбақты аудандарының аумақтарын қамтыған қалың ағашты Шалдай, Бесқарағай орманды аймақтары қарайды. Оның орталығы Шалдай ауылы болып есептеледі. Орманның Лебяжі ауданына қарасты аумағы “Бесқара¬ғай” табиғи орман шаруашылығы мемле¬кеттік мекемесі деп аталады. Резерваттың құрамында әрқайсысы жеті-жетіден 14 орманшылық бар. Бұл жердегі жалпы орман қоры орманшылардың берген мәліметтері бойынша 277961 гектар жерді алып жатыр. Шалдай табиғи орман шаруашылығының айналасын қоршай тереңдігі екі метрдей орлар қазылған екен.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?