Экономика | Қ Р Ұлттық банкі

Экономика | Қ Р Ұлттық банкі

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-шы бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. Теңге көлемінде мына қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
 Оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
 Акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
 Бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
 Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

Ақш-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналған.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: актив амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталарының құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі қызметі - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
 Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, кредит, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру ;
 Ақша-кредит және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
 Банктік және басқа кредиттік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк кредит берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
 Елдегі кредиттік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
 Өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
 Халық шаруашылығындағы кредиттік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
 Банк ісін лицензиялау, ақша-кредиттік реттеудің әдістерінің формаларын таңдау;
 Банк ісін бақылау және қадағалау;
 Елдің банк жуйесінің тәуелсіз балансын жасау;
 Ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
 Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюта саясатын жүргізу және т.б.

Ұлттық банктің кредиттік расурстары мыналардың есебінен құралады:
 Меншікті қаражаттары;
 Басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
 Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
 Мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынан.


ІІ-бөлім
Ұлттық банкінің басқару құрлымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады.
Басқарма 9-адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
 Мемлекеттік ақша-кредит саясатын жасайды;
 Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
 Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
 Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
 Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағасын анықтау тәртібін белгілейді;
 Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
 Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырыды;
 Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрлымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
 Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

Басқарма шешімдері басқарма қаулылары формасында жүзеге асырылады.
Басқарма мәжілісі қажет қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынылуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттікоргандармен, банктермен, кредиттік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынаста жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісімшарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – директорлар кеңесі, ол Ұлттық банк төрағасымен басқаылады.
Директорат, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына – төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарында келесідей: ақша-кредит операциялары, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін өзінің жергілікті жерлерде өзінің облыстық, қалалық бас филиалдары арқылы, жүзеге асырады, олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі және агенті. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» заңында былай жазылған: Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Үкіметтің бас банкирі, қаржы кеңесшісі әрі агенті ретінде және басқа да мемлекет органдарымен өзара мәмілеге келуі бойынша әрекет етеді.
Ұлттық банк барлық үкіметтік қорлардың және басқа да мемлекеттік органдардың депозитари-банкі болып табылады. Ол органдадың шот қаражатын сақтайды және операциялар жүргізеді, сондай-ақ оларға қаржылық қызмет көрсетеді. Ол үшін үкіметтік мекемелер мен ведомствалардың шотын жүргізеді, салықтар мен басқа түсімдерді шоғырландырады және Қаржы министрлігінің тапсырмасы бойынша төлемдерді жасайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?