Әдебиет | Күләш Бәйсейітова

Әдебиет | Күләш Бәйсейітова

Күләш Бәйсейітова

Байсеітова Күләш - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған. Байсейітова қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің “Чио-Чио- Сан”, Татьяна (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині”) т. б. партияларды орындады. Байсейітова сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Айман, И. В. Коцыктың “Айман- Шолпанындағы” Айман, Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және тағы басқалары. 1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет өткізіліп отырады.

Қазақтың көрнекті әншісі Күләш Бәйсейітова – асылында Қазақстанда аты аңызға айналған тұлға. Небәрі 45-жасқа созылған қысқа ғұмырында ол жұлдыздай жарқырап халық сүйіспеншілігіне бөленді. 20-ғасырдың музыка мәдениетінде пайда болған жаңалықты халқы ардақтаған Күләш Байсейітованың дарыны мен асқан өнері “заңдастыра” түсті. Европаның музыкалық жаңа жанры мен түрлері - хор өнері, симфониялық оркестр, ақырында опера - көшпелі қазақ даласының өміріне композиторлар мен Ресей музыканттары көмегімен ғана емес, дарынды ұлттық орындаушыларымыздың арқасында енді. Олардың орындаушылық өнеріне міндетті талап – шығармашылық синтезді мүмкіндігінше жарыққа шығару, музыканы халықтың саналы қабылдауына жеткізу болатын.

Күләш Байсейітова 1912 – жылы Верный қаласында ( қазіргі Алматы) дүниеге келді. 1928 – жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләш 1929-жылдан осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды. Д.Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.

1933-жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған “Айман-Шолпан ” комедиясынан (Күләш басты рольде ойнаған) әншінің үлкен жетістіктері басталады. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп өз атағын берді. Ал, 1934-жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген әртіс деген бірінші құрметті атағын алды.

Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы “Қыз Жібектің “ қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Ол уақытта бағдарламаға бұл халық әуені Е.Г. Брусиловскийдің өңдеуінде деп көрсетілетін. Бірінші қазақ операсының әуенін ( оған 50-ден аса халық әндері мен күйлері кірді) бірінші орындаушылар өздері таңдап, іріктеді. Әрине, олардың арасында Күләш та бар. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936-ж.) Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. “ Мен, ерекше асқақ, әрі жеңіл де күміс сыңғырлы , құстың сайрағанын елестететін дауысы бар әншіні атай алмас едім, ал, Күләш Бәйсейітова болса өз деңгейінде асыра мақтауды қажет етпейтін “қазақтың бұлбұлы” атағын иеленді( В.Барсова- белгілі орыс әншісі, СССР халық әртісі, Москвадағы Үлкен театрдың солисі). Өнер шыңында таң қаларлықтай жетістіктерге жеткен, бұлбұл даусын жас шағында-ақ мойындап( 24 жасында), Күләшқа Совет Одағында алғашқылардың қатарында СССР халық әртісі атағы тағайындалды.

Күләш Бәйсейітованың дарыны көп қырлы. Ол драмалы спектакльдерді айрықша орындаушы республикамыздың тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және опералық қазақ әншісі . Қазақ халқы Күләш арқылы дүние жүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Замандастары дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады. Оның дауысы – қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді.

Күләштің өнер саласындағы негізгі шығармашылығы – операға байланысты. Өнер бастауында танымал орындаушылар – Құрманбек Жандарбеков, Қаныбек Байсейітов, Ғарифолла Құрманғалиев, Манарбек Ержанов... Солардың ішінде Күләштың орны ерекше еді. Ол тек драмаларда басты партия орындаушы ғана емес, әсіресе, ұлттық спектакльдерді жандандырып, жасаушысы болды. Қазірге дейін халық жадында Күләш сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара бейнелері қалды.

Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып, сүйіспеншілікпен қабылдады. “Өр көкірек Қыз Жібек пен зұлым, азғырушы Ақжүністің рөлін жасауда,- дейді әнші,- мейірімді Хадиша мен “Даиси” деп аталатын грузин операсындағы Маро немесе “Чио-Чио-сандағы” аянышты Баттерфляй, болмаса өр мінезді Татьянаның (Евгений Онегин) бейнесін сомдағанда мен адамзат жайында ән саламын”.

Әнші гастрольдерге жиі шығып, көптеген мемлекеттерде шырқатып ән салды. Концерттік репертуарында қазақтың халық әндері мен дүниежүзі халықтарының әндері негізгі орын алды. Күләштің осындай сапарлары арқасында дүние жүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып, еліміздің мәртебесі асқақтай түсті. Оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығымен мәңгілігінің символындай қастерлі.

Күләш Байсейітованың еңбегін өкімет жоғары бағалады. СССР халық әртісі (1936), СССР Мемелекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (1948, 1949). К. Бәйсейітова бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.

Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есіне мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Бәйсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К. Бәйсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Бәйсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. “Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.

Бұл дискіге негізінен Қазақ радиосы қорынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары қорынан алынған әншіні әр қырынан танытатын орындаулары енген. Оның орындауындағы драмалық спектакльдер (“Жамбыл” спектакліндегі Л. Хамидидың музыкасы ), қазақ опералары ( Е. Брусиловский жазған “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр”; А.Жұбанов пен Л. Хамидидың “Абай”; М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”), дүниежүзінің классиктерінен (З. Палиашвили “Даиси”), әншінің концерттерде орындаған әр халықтың әндері( қазақтың “Еллигәй”, “Шилі өзен”, орыстың “Колокольчик”, поляктың “Шла девица”, чехтың “Пастушок”, армянның “Ласточка”) және Күләштың даусына арнайы шығарған қазақ композиторларының шығармалары енді (Е. Брусиловский “Қос қарлығаш”, Л. Хамиди “ Сайра”, “ Бұлбұл”).

КҮЛӘШ БӘЙСЕЙІТОВА
Бәйсейітова Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-калоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949). Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Шет ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы. Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркем-өнерпаздар үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының группасына қабылданады. Күләш сахна өнерінің қыр-сырына қызыға ден қойып, кешікпей-ақ театрдың белді артистерінің қатарынан көріне бастайды. Ол аз уақыттың ішінде Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Н:В:Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тохонованың, М.Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клаудияның, Қ.Бәйсейітов пен А.Шаниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, М.Әуезовтың «Еңлік- Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады. Образдардың табиғатын тап басып тану, ол танығанын өмірлік шынайы шеберлікпен жеткізе білу, әсіресе туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күләштің сахна өнері үшін жаралаған жан екенін әйгілей түседі.
Күләш 1933 жылы жаңадан ашылған музыка студиясына қабылданады. Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан» (М.Әуезов, И.В.Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы Қазақ қыздарының ар-намыстан жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды. Мұнан әрі Күләштің ғажайып қабілеті мен дарыны Б.Майлин мен И.В.Коцыхтың «Шұғасындағы» - Шұға, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы – Жібек образдарын сомдау барысында одан әрі жарқырап ашыла түседі. Бұл рольдер арқылы оның бойындағы әншілік-артистік қабілеттің ғажайып мүмкіндіктері барша болмысымен көрініс тауып, қазақ сахна өнерінің соны табысы ретінде жұртшылықтың ықылас-ілтипатына бөленді. Ол жаңа қаз басқан қазақ сахна өнерінің шын мәнінде тірек тұлғасына, ұйтқысына айналды. Аз уақыт аясында Е.Брусиловскийдің «Жалбыр» , «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», «А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың «Терең көл», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», М. Төлебаевтың «Біржан-Сара», Д.Ж.Пучинидің «Чио-Чио-Сан», П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин», А.Рубинштейннің «Демон» сияқты операларында басты рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды.
Бір-біріне ұқсамайтын кереғар образдар, иірім-қайырымы әр алуан вокальдық партиялар Күләштің көп қырлы, алауан сырлы дарынының арқасында алмастай жарқырап ашылып, эстетикалық эмоциялық қуаты мейлінше тегеурінді образдар галериясы жасалды. Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?