Экономика | Кірістерді құру көздері және банктің қаржылық нәтижесіне оның әсері Банк кірістері мен шығындарының есебі
1. Кірістер мен шығындардың белгіленуі
Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі-есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу.
Табыс-бұл шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капиталдың көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс.
Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді.
Таза кіріс =кірістер-шығындар
Егер де шығын кірістен көп болса, онда жабылмаған зиян туралы әңгіме қозғалады.
Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.
Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі.
Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Бухгалтерлік есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады.
Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критерийлары келесідей:
- баға беруге қолданылады.
- кіріс пен шығын анықталады (кіріс пайда алу кезінде көзделеді, ал шығын активтің дұрыс орналаспауында белгіленеді)
Келісім-шарт толық орындалған кезде ғана кірістер мойындалады. Активтер болашақ зканомикалық табысты ұстап қалмаған жағдайда шығындар мойындалады. Кірістерді мойындаудың басты критерийларының бірі- сатушы сатып алушыға тәуекелдерді және сатылған өнімнің меншіктік құқығынан сый ақының бергендігінде. Сатушы оларды өзіне қалдырса, бұл мәмлені сату деп есептеуге болмайды.
Өнімді сату кезінде кірістер мен шығындардың белгілену қағидалары қолданылады, егер де кіріс белгіленсе:
- берілгенге дейін
- берілу кезінде
- берілгеннен кейін
Өнімді бергенге дейінгі белгіленген кіріс
Бұл екі әдіс бойынша жүзеге асырылады:
1.Келісімнің аяқталуы, яғни келісім біткен кезде барлық шоттары жабылады, оның ішінде кірістер мен шығындар шоттары да.
2.пайыздың аяқталуы кіріс, шығын, жалпы табыс әр есеп беру кезінде белгіленеді.
Берілу кезіндегі кірістер
Бұл негізінде өнім мен қызметті беру кезінде орындалады. Келісім-шартты орындау және түсім алу мүмкіншілігі кірістің белгілеуі бойынша осы сәтте орындалады.
Берілгеннен кейінгі кіріс
Мұнда екі әдіс қолданылады: бөліп төлеудегі сатылым және шығындардың орнын толтыру.
Бірінші жағдайда сату кезінде емес, ақшаны қолға алған кезде ғана кіріс белгіленеді.
Екіншісі кіріс белгіленбеген жағдайда қолданылады.
Қызмет көрсету бойынша белгіленген кірістер мына әдістермен жүзеге асырылады:
- нақты орындаулар (бір операцияны орындағаны үшін алынған кірістердің есебі үшін қолданылады).
- пропорционалды орындаулар (көп сатылы қызметтерден белгіленген кірістер үшін қолданылады).
- аяқталған орындаулар (соңғы саты болғанннан кейінгі кірістер).
- инкассация (кіріс нақты ақша алуда белгіленеді, себебі белгісіздік өте жоғары).
Әрбір кірістер мен шығындардың түрлері банктің қызмет етуінің оңтайлы жүйесінің бағасы үшін жеке ашылады. Банктің қаржылық нәтижесін құру үшін кірістер мен шығындардың маңызы бойынша топтастырылады.Кірістер мен шығындардың баптары мыналарды қосады:
тауарлы-материялды құндылықтардың бағасыныңтөмендеуі;
банк қызметінің өзгеруі;
қозғалматын мүліктің бабының шығуы;
ұзақ мерзімді инвестицияның шығуы;
орындалған операциялар;
соттық істер;
резервті тағы басқалай қабылдамау.
Орындалған операциялар бойынша келесі ашылулар:
орындалған операциялар мінездемесі;
есептеуге байланысты операцияларды бөлу;
себебі;
орындалмаған операциялар бойынша кірістер мен шығындар;
келесі мерзімге табыс пен шығынның көрсетілуі.
Банктің кірісі мен шығынының құрамында кіріс пен шығынның жеке түрлері елеулі орын алады. Клиенттерге қызмет көрсетуде барлығы қолдануы мүмкін, тенгеде және шетел валютасында. Ол үшін валюта жағдайын білу керек.
Шығын активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы, есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың азаюы. Олар капиталдың азаюына себебін тигізеді.
Экономикалық шығын - кіріс алуда банктік өніммен қолданылады. Банк өнімінің қозғалысы есепте бейнеленеді. Концепциясында банк өнімім қолданып жұмсалған ақша сомасынан алған сома көп болуын көздейді. Кіріс көздерінде шығындар бейнеленеді.
2. Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі
Кіріс – активтің көбеюі немесе несиелік қарыздың азаюы формасындағы есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың көбеюі. Кіріс шығындарды жабу көзі болып табылады.
Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:
несиелік бизнес;
дисконттық бизнес;
сақтау бизнесі;
банктік кепіл беру қызметі;
бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;
салымдар қабылдау және клиенттердің твапсырмасы бойынша операциялрды жүзеге асыру бизнесі;
басқа банктермен корреспондеттік қатынасқа негізделген бизнес.
Дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.
Несиелік бизне, екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке және заңды тұлғаларға) несиелер беру және бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқс банктегі депозит формасында болуы мүмкін. Несиелік бизнесте пайыз формасында табыс түседі және де банктердің ең көп кірісі осы операция түрінен құралады.
Дисконттық бизнес- төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг ооперациясы жатады. Факторинг операциясы айналымды және айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сый ақы үшін тәуекелге барады.Факторингтік операциядан түсетін сый ақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады:
1.сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз.
2.факторинг операциясының түріне байланысты тәуекелге сәйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сый ақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.
Сақтау бизнесі- банктің трасталық (сенім) және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс әкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс әкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тәуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сәйкес трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сый-ақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сый-ақымен жұмыстың нәтижесі бойынша төленетін сый-ақыдан тұрады.
Банктің кепіл беру қызметі- клиенттерге есеп айырысу үшін және несие алу үшін банктің әртүрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сый-ақы түріндегі табыс әкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.
Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:
1. банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару
2. оларды нарыққа сату
3. кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқада эмитенттердің бағалы қағаздары мен қайталама нарықтағы операциялары.
Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады:
1. өзінің және басқада эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айымадан
2. жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекешелендірілетін кәсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізу, оның құнын бағалау, акцияларды шығару және орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия
Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынандай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:
комиссиондық сый-ақылар:
- шот ашқаны үшін
- шотты жүргізгені үшін
белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде)
айналымнан алынатын комиссия (айналымнан пайыз түрінде алу)
- шот бойынша операциялар туралы көшірме берген үшін
- шотты жабу үшін
- қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операциларды жүргізгені үшін
банктің корреспондеттік қатынасы бойынша басқа банктердегі корреспондеттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы
дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін және тағы басқа алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа; лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады.
Бактің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:
1. пайыздық табыстар;
2. банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;
3. басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып-пұлдар, пениялар және т.с.с.).
Пайыздық табыс комиссиялар мен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комииссияға иеленеді.
Несиелік пайыз – пайыздық табысьтың басты көзі ретінде банктің берген несиелері үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады. Несиелік пайзды мынадай белгілерге байланысты іктеуге болады:
несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтынку несиелерінің пайызы және т.с.с.;
несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық Банктің есепке алу пайызы, банктік, ламбарттық;
несиелердің мерзіміне қарай: қысқа менрзімді несиелер бойынша пайыз, ұзақ мерзімді несиелер бойынша пайыз;
несиелер түріне байланысты: овердрафт, бойынша айналым құралдарына берілген несиелер, вексельдерді есепке алу, мақсатты несиелер бойынша пайызы;
операциялар түрлеріне қарай: несиелер бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз бағалы қағаздар мен облигациялар бойынша пайыз;
есептеу тәсіліне қарай: жай және күрделі, қарапайым және тура және т.б.
Комиссия – банктік операция үшін сый-ақы, латын тілінен аударғанда «comissio» сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.
Табыс көздері екіге бөлінеді:
тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;
тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздар мен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.
Банктің кірісі ұлттық валютада есептелінеді және мыналардан тұрады:
банктің сый-ақы алуына байланысты:
- Ұлттық Банктегі және басқа банктердегі корреспонденттік шоттар бойынша;
- Ұлттық Банкте орналастырылған депозиттер бойынша;
- Ұлттық Банкте қайта қаржыландыруға жарамды жоғары өтімді бағалы қағаздар мен қазыналық міндеттемелер бойынша;
- сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша;
- басқа да бағалы бағалы қағаздар бойынша;
- басқа банктерде орналастырылған депозиттер бойынша;
- басқа банктерге берілген несиелер бойынша;
- клиенттерге берілген несиелер бойынша;
- инвеститцияға салымдар және субординарлық қарыздар бойынша;
- филиалдармен есеп айыру бойынша;
- лизингтік, факторингтік опреациялар бойынша.
банктік қызмет үшін комиссиондық кірістеріне байланысты:
- аудару операциясы бойынша;
- бағалы қағаздарды сату, сатып алу бойынша;
- шетел валюталарын сату, сатып алу бойынша;
- сақтандыру операциясы бойынша;
- трасстық операциялар бойынша;
- кепіл беру бойынша,
- клиенттердің салымдары мен шоттарын жүргізу бойынша;
- басқа да комисиондық кірістер.
бағалы қағаздар мен акциялар бойынша дивиденттер;
есеп кассалық қызметі үшін клиенттерден төленген төлем, клиенттерден телеграфтық, телефондық шығындар төленуі;
шетел валютасын сату, сатып алу немесе қайта бағалау бойынша кіріс;
қайта бағаланған сатуға жарамды бағалы қағаздарджы сату, сатып алу кіріс;
инкассация үшін төлем;
кәсіпорындарға, мекемелер мен банктерге көрсеткен басқа да қызметі үшін төлем;
банктің негізгі құралдарын және басқа да активтерін сату бойынша кіріс;
банк шығыны есебінен өшіріліп, орнына салынған сома;
осы жылда анықталған өткен кезең кірісі (өткен жылдағы қателіктерді табу): бұл кіріс түрі банктің клиентке артық төлеп жіберуінен талап етілген сый-ақылар мен комиссиялардан, қарыздардың ерте бастан үмітсіз деп жазылуынан және қарыздардың түсуінен құралады;
банк қызметкерінен кінәсінен болған шығындар үшін төленген айып сомасы;
алынған айып пұлдар, өсім-ақылар, тұрақсыздықтар және басқа да санкцияларды қолданудан түскен сомалар. Сонымен қатар есеп операцияларын жүргізудегі ережелерді бұзғаны үшін клиенттен алынған айып пұлдары да жатады;
банк меншігіндегі мүлікті жалға беруіне байланысты түскен сома. Сонымен қатар, жасалынған келісім-шарттарға сәкес факторингтік және форфейтингтік операциялардың жүзеге асырылуынан болатын түсімдер.
күтпеген кірістер (банктің күтпеген жағдайдан келетін кіріс түрі);
банктің басқа да кірістері (бұған банктің басқа да әртүрлі кірістері жатқызылады).
3. Банктің кіріс операциясының есебі
Банктің кірістер есебін жүргізу үшін IV класында мынадай шоттар ашылған:
4100 - «Ұлттық Банкте орналастырылған депозиттер бойынша сый-ақы (мүдделік) алумен байланысты кірістер».
4200 – «Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».
4300 – «Басқа банктерге ұсынылған несиелер мен аванстар бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».
4400 – «Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».
4500 – «Дилинг операциялары бойынша кірістер».
4600 – «Банктің комиссиондық кірістері».
4700 – «Банктің қайта бағалаудан кірістері».
4800 - «Басқа да операциялық кірістері».
4900 – «Айыптар, өсім ақылар, тұрақсыздықтар».
4999 – «Салыққа дейінгі кірістер».
Банк кірісін есептегенде оның сәйкестігі мен бақылануы қадағаланады. Қызмет көрсетілген кезде клиенттер мен енгізілген сомалар банк балансында бейнеленеді. Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін алынған нақты ақша түріндегі комиссиондық кіріс:
Дт – 1001
Кт – 4801, 4802, 4920
4801 – «Жалға беру бойынша кірістер».
4802 – «Басқа да операциялық кірістер».
4920 – «Басқа да кірістер».
Заңды тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін нақты ақшасыз түрдегі комиссиондық кіріс:
Дт – 1051, 2203, 1351
Кт – 4250, 4300, 4400
Жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін нақты ақшасыз түрдегі алынған комиссиондық кіріс:
Дт – 2215 – 2223, 2211
Кт – 4250, 4300, 4400
Келесі кезеңге төленетін кірістердің есебі, есеп беру кезеңінің соңында жүргізіледі:
Дт – 1740, 1860
Кт – 4250, 4300, 4400
Төлем мерзімі жеткен кезде құжаттардың алдын-ала төлемі түскен кезде:
Дт – 2751
Кт – 4411, 4417
Ағымды айдағы несие немесе депозит үшін түскен құжаттардың сомасы:
Дт –2203, 1051, 1351
Кт – 4250, 4300, 4400
Факторинг операциясы бойынша комиссиондық төлемдерді іздестіру үшін клиенттің ағымды шотынан ақша қаражаттарын өшіреді:
Дт – 2203
Кт – 4407
4407 – «факторинг бойнша сый-ақы алумен байланысты кірістер».
Қарызды нақты ақшамен берген кезде қарызшыдан нақты ақшаны инкоссациялағаны үшін комиссиондық төлем іздестіріледі:
Дт – 2221
Кт – 4608 – комиссия
Кт - 1001
Жалдық төлемді алған кезде:
Дт – 2203 – жалгердің ағымды шоты
Кт – 4801 – жалға беру бойынша кіріс
Қаржылық лизинг бойынша сый-ақы есептегенде:
Дт – 1730, 1740
Кт – 4305, 4420
4305 – «Басқа банктерге ұсынылған қаржылық лизингтер бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».
4420 – «Клиенттерге қаржылық бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер».
Негізгі құралды сатудан кіріс алғанда:
Дт – 1001, 2203
Кт – 4920, 4852
4852 – «Негізгі құралдарды сатып өткізуден түсімдер».
Бағалы қағазды немесе шетел валютасын өткізуден кіріс:
Дт – 1859
Кт – 4530
1859 – «Шетел валютасының тенгедегі бақылау құны (ұзын валюталық позицияның)».
4530 – «Шетел валютасын сатып алу, сатумен байланысты кірістер».
Тауарлы материалдық артықтарды сатудан кіріс:
Дт – 1001, 2203
Кт – 4853
4853 – «Материалдарды сатып өткізуден түскен түсімдер».
Инкассация үшін төлем:
Дт – 2203
Кт – 4608
4608 – «Банктің басқа да комиссиондық кірістері».
Тексеру кезінде кассадан ақшаның артықшылығы табылса:
Дт – 1001
Кт – 4920
Ақша қаржыларын аудару қызметі үшін алынған комиссиондық төлем:
Дт –2203
Кт – 4601
4601 – «Банк қызметінің аудару операциялары бойынша комиссиондық кірістері».
Банктің басқа да операцияларынан болатын айыптар, өсім-ақылар, тұрақсыздықтар үшін алынған төлем:
Дт – 1001, 2203, 1051
Кт – 4900
Қарызшының несиені пайдаланғаны үшін сый-ақы қосылған, бірақ іздестірілмеген кезде:
Дт – 1740
Кт – 4411, 4417
6. Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар
Банк өз қызметінің нәтижесінде таза кіріс немесе зиян шегеді. Қызметінің жақсы жүруі таза кіріс әкеледі. Таза кіріс көлемі – салыққа дейінгі пайыздық, пайызсыз кіріс пен пайыздық , пайызсыз шығынға тең.
Бағалы қағаз бойынша операциялар таза кіріске әсер етеді. Бағалы қағаз бойынша кіріс немесе шығынға ұшырауы мүмкін. Егер де бағалы қағаз мемлекеттік болса, онда оның өтімділігі де, кірістілігі де жоғары болады. бұл бағалы қағаздан түскен кірісті банк жалпы пайыздық кіріс құрамына қосады. Ал несиеге келсек, бұл банктің ең көп кіріс табу көзі болып табылады. Бірақ тәуекелділігі де жоғары болып саналады. Банктер бұл операция түрінен кіріс табады, егер де ол операция қайтымды болса. Қазіргі таңда банктердің таза кірісіне осы проблемалық несиелер кері әсер етеді. Себебі, несиелік зияндарды жабуға құрылған резервтер банктің таза кірісін төмендетеді. Егер несие тәуекелділігі жоғары болса, онда банк бағалы қағаз бойынша кірістерді көздейді.
Қаржылық нәтижеге тағы бір әсер етуші фактор активтердің орналасуы. Сондықтан активтерді дұрыс орналастыра білу қажет.
Актив – акцияның қозғалмайтын мүлкі. Ол ө құзырындағы қозғалмайтын мүлікті сатып капиталын көбейе алады. Бұл ағымды кіріске әсер етеді. Таза кіріс екіге жіктеледі: акционерлерге және бөлінбеген таза кіріске – банк ресурсының базасын көбейтеді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?