Экономика | Кең көлемді халықаралық стандарттау
Кең көлемді халықаралық стандарттау
Ұлттық стандарттарда елдің ғылыми техникалық даму деңгейіне байланысты өз ерекшеліктері қамтылады.Сондықтан біртүрлі материалдар мен бұйымдарға қарасты әр елдің стандарт талаптары бір бірінен жиі айырмашылықта болады.Бұл жағдай халықаралық сауданы дамытуға үлкен кедергі келтіреді.Сондықтан сауда қатынасын жасайтын елдердің стандарттарын бір бірімен сәйкестендіру қажеттілігі туындайды.Яғни ұлттық стандарттарды халықаралық,аймақтық,мемлекетаралық стандарттар шеңберінде өзара сәйкестендіру қажеттілігі пайда болады.Осы қызметті атқару үшін стандарттау саласында әртүрлі халықаралық ұйымдар мен мекемелер құрылды.
Стандарттау жөнінідегі ұлттық ұйымдардың жұмысын үйлестіру ма0сатында 09рыл5ан халы0аралы0 мекемелерд34 ат0ару органдары және өз жарғылары болады. Бұл жалықаралық ұйымдардың мүшелеріне осы халықаралық қызметті жүргізуге елеулі роль атқарушы айырықша дамыған елдер қабылданады. Дүние жүзінде тоуар саудасы мәселесімен айналысатын 4000/төрт мың/дай ұйым бар. Олардың 400дейі стандарттау мәселесімен айналысады.
Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық 1921 жылдан басталған.Сол жылы 7 елдің қатысуымен болған стандарттау жөніндегі халықаралық Ұлттық қауымдастық федерациясы құрылды.
1946 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шешемімен стандарттау жөнінідегі халықаралық қауымдастық /ИСО/құрылып, жарғысы қабылданды. Ұйымдастыру әдістемесі мен құрылымы анықталады. ИСО-ның негізгі мақсаты халықаралық саудаға жәрдем ету.
ИСО-ның басқару органдары: Бас Ассамблея, ИСО кеңесі, кеңес комитеттері, техникалық комитеттер, орталық хатшылық. Бас Ассамблея басқарудың жоғарғы ұйымы болып табылады. Ол жылына бір мәрте шақырылады. Бас Ассамблея сессия аралығында ИСО-ның жұмысын оның кеңесі басқарады.Кеңестің басшылық қызметін ИСО-ның президенті атқарады. ИСО кеңесіне стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың өкілдері кіреді. Олар стандарттау жөнінідегі ғылыми мекемелердің өкілдері. Президент пен кеңес мүшелері үш жылдық мерзімге сайланады.ИСО комитеттер құрамында қызмет салалары бойынша 52 техникалық комитеттер мен жұмыс топтары кіреді. Қазір олардың жалпы саны 2,500 жетті.
Комитеттердің қызметтік бағыты стандарттау жөніндегі Ұлттық өкілдіктердің техникалық комитеттерімен сәйкес келеді. Бұл комитеттер :
1/стандарттың сапа жүйесі мен өнімнің сәйкестігін бағалау тәсілін зерттейді;
2/өнімді сынау, тексеру, сетификаттауды басқару жұмыстарын жүргізеді. Сынақ зертханалары мен тексеру ұйымдарының жұмысыны бағалау жасайды;
3/Ұлттық және халықаралық стандарттардың өзара ұйғарылуы, танылуына жәрдемдеседі.
Техникалық комитеттер экономика салалары және ғылымизерттеу, денсаулық, білім беру салалары бойынша құрылады.
Қазіргі кезде ИСО стандарттары жасалмаған қандай да бір сала жоқ деп айтуға болады. Олардың саны 7500. Соның ішінде машина жасау 30%, металл емес бұйымдар12 %, қазба байлықтар 9%, құрылыс 3%, көлік 2%, арнайы техника 4% және ИСО-ның негізін қалаушы стандарттары 3,5% т.б.
ИСО-ның техникалық комитетінің құрылымы ауқымды процестерді ескеру арқылы жыл сайын жақсарып отыпрды. Мұнда негізгі нысана сапаны басқару және сапа жүйесіне бағытталады. 1999 жылы сапаны басқару және сапа жүйесінің техникалық комитеті /ТК/ құрылды.
Бұл комитет ИСО негізгі басқару жүйысінің бірі болып саналады. Осы комитет ИСО-ның 9000 стандарттар сериясын жасап шығарды.Оларды сапаны басқарудың негізгі принциптері қамтылған. ИСО іс қызметі нарықтық экономика принциптерін қатаң ұстанады. Яғни ИСО стандарттары нұсқаушылық міндеттер атқарады. Әрбір елдің оны тұтастай немесе кейбір бөлімдерін қолдануына болады немесе мүлде қабылдамауға да ерікті.
Алайда, әлдекім нарық бойынша тауар өндірушінің күшті бәсекелестігі олардың бірлестік қабілетін арттыру үшін ИСО-ның стандарттарын қолдануға мәжбүр етеді. Себебі ол стандарттар бизнесте озық жүрген әлемнің таңдаулы компанияларының тәжірбиелеріне негізделген.
Халықаралық стандарттарды әзірлеу кезінде, стандарт талаптарын даиындауда ИСО мүше өкілділіктері арасында өткір бәсеклестік туындайды.
Халықаралық стандарттау саласында ИСО – дан басқа мынадай ұйымдар бар; Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК). Оның қызметі электротехника, радиоэлектроника және байланыс саласы бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеу.
- заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымы. Мұның қызмет бағыты:
- өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттарын, нормалаудың бірыңғай әдістерін белгілеу, өлшеу құралдарын сәйкестендіру , метрологиялық қызмет саласындағы ғылыми жұмыстарды үйлестіру, метрология саласында бірыңғай принциптерді белгілеу, кадрларды дайындау, ғылыми техникалық жәрдем көрсету.
- сапа жөніндегі Европалық ұйым (ЕОК). Жұмысбағыты – сапа мәселесі жөнінен басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар, анықтамалар, нұсқаулар әзірлейді.Ғылыми практикалық конференцияларды ұйымдастырады.Негізгі тұрағы Лонданда. Жыл сайын конгрестер өткізеді.
- сынақ зертханаларын тіркеу (аккредитациялау) жөніндегі халықаралық конференция.Негізгі қызмет бағыты сынау, сертификаттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру. 1985 жылдан жасайды.
- стандарттау жөніндегі Еуропалық комитет. Негізгі қызмет бағыты мен мақсаты: Еуропалық мүше елдердің стандарттарын өзара үйлестіру,Еуропалық стандарттарды әзірлеу.Олар ИСО стандарттарының негізі болып табылады. Орталығы Брюссельде.
Еуропаның 7 елі қатысқан «Кодекс алиментариус» комиссиясы,БҰҰ азық – түлік комиссиясының бөлімдерінің бірі.Нью – Йорктегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы (ДДСҰ) комитетінің қызметін қосып атқарады. Оның негізгі қызметі – адам денсаулығы үшін азық – түлік өнімдерінің қауыпсіздігіне қойылатын талаптар жөнінде үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жүргізілетін стандарттау жұмысын үйлестіру.
Халықаралық 8500 стандарттар бар.
- Дүниежүзілік сауда Ұйымы (ДСҰ).Оның қызметтерінің бірі халықаралық стандарттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру. 1946 жылы тарифтер сауда жөніндегі басты келісім негізінде құрылған.Қазіргі кезде ДСҰ құрамында 144 ел бар.Бас кеңсесі Женевада. ТМД елдерінен бұл ұйымға Қырғызстан мен Молдавия мүше.Қазақстан бұл Ұйымға 2005 – 2007 жылдары Ресеймен бірге кіруді жоспарлап отыр.
Мемлекетаралық стандарттау
Бұрыңғы Кеңестер Одағы құрамында болған мемлекеттердің стандарттау саласында біріккен саясат жүргізу туралы келісімі /13-і наурыздың, 1992 ж./ мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізін қалады. Осы келісім бойынша қолданыстағы мемлекеттік стандарттар /ГОСТ/ мемлекетаралық стандарттар ретінде танылды. Мұндағы ГОСТ атауы 1992 жылға дейін бұрынғы Кеңестер Одағының мемлекеттік стандарттары ретінде дүниежүзіне танымал болғандықтан, бұдан былай ТМД елдерінің мемлекетаралық стандарттары үшін сол күйінде қалдыру ұйғарылды. Ал бұрынғы КСРО эталондық базасы ортақ жетістік болып саналады. Үкіметаралық деңгейде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылды. Оның негізгі қызметі- стандарттау саласында жаңа бағыттарды қалыптастыру, мемлекетаралық стандарт жобаларын бекітуге ұсыну, стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттары мен оған жұмсалатын шығын мөлшерін қарау, қабылдау. Кеңесте қабылданған шешімдер, осы кеңеске өкілдікке енген мемлекеттер үшін міндетті болып табылады. ТМД елдерінің /12 мемлекет/ стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Ұлттық Ұйымдарының басшылары мемлекетаралық кеңес /МАК/ мүшелері болып саналады. МАК-тың негізгі жұмысшы Ұйымы-Минскідегі стандарттау, метрология және сертификаттау бюросы болып табылады. МАК жүргізген іс-шаралар нәтижесінде КСРО-ның нормативтік құжаттар фонды мен эталондық базасы сол күйінде сақталып қалады. Мұнда 25 мың мемлекеттік, 40 мың салалық стандарт, 35 техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, физикалық шама бірлігінің 140 метрологиялық эталоны сақталуда.
Қазіргі уақытта ТМД елдерінің бір-бірінің ұлттық сертификаттау жүйесін өзара ұйғару үрдісі толығымен аяқталады. МАК-тың жұмыс органдары-стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттер /МАТК/ болып табылады. Олар мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және басқа стандарттау жөніндегі мемлекетаралық
Жұмыстарды жүргізумен айналысады. Мемлекеттік стандарттарды /ГОСТ/ әзірлеу жөніндегі 200-ден астам МАКТ-дің қызметі жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілген өзгерістер жылына екі рет болатын МАК жиналысының шешімімен қабылданады.
Мемлекетаралық стандарттау саласы бойынша жүргізілетін жұмыстардың жалпы ережесі- ГОСТ-1.0-92 белгіленген. Стандарттардың қабылдануына екіден кем емес мемлекет дауыс берсе, ол стандарт бекітілген болып саналады.
Келісімге қатысушы елдердің /ТМД/ қайсыбірі өз мемлекетінің лттық /мемлекеттік/ стандарттарын ГОСТ-ның жобасы ретінде ұсынуына болады. Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым /ИСО/ МАК-тың ТМД көлемінде атқарып жатқан жұмыстарын бағалай отырып, оны стандарттау жөніндегі халықаралық аймақтық ұйым ретінде танылады. МАК-тың іс қызметі ТМД елдерінің ИСО және дүниежүзілік сауда Ұйымына кіруіне көптеп ықпал етеді
ИСО сериялы стандарттар жылы
Стандарттау туралы халықаралық ынтымақтастық XX ғасырдың бас кезінде пайда болды. Сол кезде халықаралық электротехникалық комиссия /МЭК/ құрылған болатын. XX ғасырдың екінші жартысындағы электротехниканың қарқынды дамуы стандарттау туралы халықаралық ұйымдарды құруға шешуші әсер етті. 1904 жылы Сенлуее қаласындағы халықаралық конгресте стандарттау органын құрудың қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
Стандарттау туралы бірінші халықаралық ұйым ретінде 1906 жылы халықаралық электротехникалық комиссия құрылды. Электротехниканың дамуына байланысты әр елдегі нормалар мен талаптардың келісімдік жағдайлар болмағандықтан, нақты бір елде басқа елдің өнімдерін қолдану /пайдалану/ өте қиынға соқты.
Халықаралық ынтымақтастық жоқтығынан теміржол копиясын өлшеуде иетрлік және дәлдік өлшем жүйелері дүниеге келеді.
Сол себептен стандарттау туралы халықаралық ынтымақтастық ел арасындағы сауданың, арнайы және копиялық өндірістердің дамуына тікелей әсер етеді.
Халықаралық ынтымақтастықтың ел арасындағы сауда – экономикалық тиімділігіне тікелей әсер ететін жағдайының бірі болып сертификаттау және өнім сапасын басқару шаралары болып табылады.
Қазіргі заманда бірнеше жүздеген ұйымдар өнім сапасын басқару, сертификаттау және стандарттау сұрақтарын шешуде қызмет атқарады. Бірақ та аймақтағы шешуші саясатты анықтайтын орган стандарттау туралы халықаралық ұйым /ИСО/, халықаралық электротехникалық комиссия /МЭК/, сапаны бақылау туралы Европалық ұйым /ЕОКК/.
Стандарттау туралы халықаралық ұйым /ИСО/ 1947 жылы құрылған. Қазіргі уақытта 90 мемлекет оның мүшесі болып табылады, оның ішінде 75 белсенді мүшесі, 15 корреспондент мүшесі. 2700 техникалық органның жұмысында 100 мыңнан астам мамандар мен жұмыскерлер қызмет етеді.
ИСО-ң нысаны болыпдүниежүзілік масштабта стандарттауды дамыту және экономикалық, интелектуалдық, ғылымитехникалық аумақта ынтымақтастықты ұлғайту табылады.
ИСО жетекшілер мен техникалық жұмысшы органдардан тұрады.
ИСО-ң жоғарғы жетекші органы болып Бас Ассамблея табылады, ол үш жылға тағайындалды.
Ұйымның тәжірибелік жұмысын 13 мемлекет мүшесінің мамандарынан құрылған кеңес жетекшілік етеді.
ИСО құрылымының негізгі бөлімдері болып техникалық комитеттер табылады. Олардың саны 160 астам. ИСО техникалық комитеттердің барлығында қатысты сұрақтарды зерттеуды жәнеде тәжірибелік қызметке қажетті ұсыныстсрды әзірлеу нысанында бірнеше комитеттер құрылған. Олар:
СТАКО-стандарттауды зерттеу туралы комитет;
ДЕВКО- дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету туралы комитет;
ИНФКО-стандартты үлгі туралы комитет;
РЕМКО- ғылыми – техникалық ақпаратты зерттеу туралы комитет;
ИАСКО- өнімнің стандартқа сәйкестігін бағалау туралы комитет;
КОПОЛКО- тұтынушылардың мүддесін қорғау туралы комитет.
Келесі сұрақтарды шешу туралы ұсыныстарды әзірлеуде (ПААКО )Кеңестің техникалық бюросына мына міндеттер жүктеледі:
- ИСО-ның техникалық жұмыстарын жоспарлау, келістіру, ұйымдастыру;
- Жеке техникалық комитеттердің қызмет аумағын және аттарын қайта қарау;
- Техникалық комитетер мен бөлімдерді құру және тарту;
- Техникалық комитеттердің қызмет бағдарламаларына жаңа тақырыптар енгізу туралы ұсыныстарды қарастыру;
Стандарттау принциптерін зерттеу туралы комитет келесі сұрақтармен шұғылданады:
- халықаралық стандарттар мазмұны мен түрінің жіктелуі және олардың ұлттық стандарттарымен байланыстылығы;
- халықаралық стандарттаудың ғылыми принциптерін әзірлеу;
- стандарттау аймағындағы қызметке қатысты терминдер мен анықтамаларды келістіру және әзірлеу;
- стандарттау туралы халықаралық семинарлар ұйымдастыру;
- стандарттар мен нормалық құжаттарды автоматты өңдеу нысанына индексациялау және жіктеу туралы ұсынымдар әзірлеу;
ИСО мүшесінің жұмысының көпшілігі дамып келе жатқан елдер болғандықтан оларға стандарттау жұмыстарын дамытуға көмек көрсету үшін ИСО кеңесінде дамып келе датқан елдерге көмек көрсету туралы комитет құрылған (ДЕВКО) . Олардың міндетіне дамып келе жатқан елдердің стандарттау аумағындағы қажеттілігін анықтауда іс-әрекеттер әзірлеу.
(РЕМКО) Стандартты үлгі туралы комитеттің міндетіне стандартты үлгігі арналған халықаралық стандарттарда берілген сілтемелер туралы техникалық комитетке жетекшілік құжат әзірлеу.
(ИАСКО) өнімнің стандарт талабына сәйкестігін бағалаудың міндетіне өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесін және ұлттық сертификаттау жүйысін құрастыру жұмыстары жатады.
Қазақстан Республикасы ИСО мүшесі ретінде 1994 жылы кірді.
Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) 1906 жылы ИСО-дан бұрын құрылған. МЭК-ң қызметі электротехника, радиоэлектроника, байланыс аумағында стандарттар әзірлеу. МЭК мүшесінің саны 52 жуық, ол ИСО-ға қарағанда аз, себебі электротехникасы, радиоэлектроникасы, байланысы нашар дамыған елдер ұйымға кіруге мүмкіншілігі жоқ. Ресей МЭК мүшесі ретінде 1922 кірген.
Өнім сапасын бақылаудың логикалық нәтижесі ИСО-9000 стандартының пайда болуына әкеліп соқты: ИСО-9000 стандартының негізі ретінде сапаны бақылаудың ұлттық стандарттары қолданылады.
ИСО -9000 1987 ж. сериясына бес стандарт кіреді. ИСО-9000 стандарты «Сапаға жалпы жетекшілік және сапаны қамтамасыздандыру стандарттары». Бұл басқа стандарттарды таңдап алуға, қолдауға жетекшілік ететін және негізгі түсінік түрін беретін кіріспе стандарт.
Әр түрлі варианты өндіріс процесіне арналған сапа жүйысінің моделі бар 3 стандарт:
1. ИСО-9001 стандарты – жобалау барысында сапасын қамтамасыз етуге арналған модель.
2. ИСО-9002 – монтаж және өндіріс барысында сапаны қамтамасыз етуге арналған модель.
3.ИСО-9003 –қорытынды сынақ және бақылау барысында сапаны қамтамасыз етуге арналған модель.
Бесінші стандарт ИСО-9004 сапаға жалпы жекменшік және сапа жүйесінің элементтері. Бұнда стандарттау мазмұнына әр түрлі өндіріс процесстеріне байланысты қолдануға ұсынылатын элементтердің сипаттамасы келтірілген.
Осы стандарттарды тәжірибелік тұрғыдан қолданудың нәтижесі бойынша ревизия ұйымдастырып 1994 жылы стандарттау туралы халықаралық ұйым стандарттарының екінші басылымын шығарды. Сонымен қатар ИСО-8402 – терминологиялық стандартта қайта қаралды.
Стандарттың жаңа версиясында, сапаның төрт маңызды аспектісі қосылған, олар:
- өнім сұранысымен анықталып негізделген сапа;
- өнім жобасымен негізделген сапа;
- өнімнің жобаға сәйкестігімен негізделген, сапа;
- өнімнің өмірлік циклында материалды-техникалық қамтамасыздандырумен негізделген, сапа.
Кейіннен шыққан сериялы ИСО 9000 1994 ж. стандарттың жалпы аты «Сапаға жалпы жетекшілік және сапаны қамтамасыз етуге арналған стандарттар». Ол төрт бөліктен тұрады.
1. ИСО 9000-1 стандарты. «Таңдап алу және қолдану жөнінен жетекші нұсқаулар»
2. ИСО 9000-2 стандарты. «ИСО 9001,9002,9003 стандарттарын қолдану жөнінен жалпы жетекшілік нұсқаулар.
3. ИСО 9000-3 стандарты. «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеуге, қызмет көрсетуде, ИСО 9001 стандартын қолдану туралы жетекші нұсқаулар».
4. ИСО 9000-4 стандарты. «Сенімділікті қамтамасыздандыру бағдарламасы туралы жетекшілік».
ИСО 9004 « Сапа басқару және сапа жүйесінің элементтері» стандарты сегіз бөліммен тұрады:
ИСО 9004-1- Жетекшілік нұсқаулар
ИСО 9004-2- Қызмет көрсету жөнінен жетекші нұсқаулар
ИСО 9004-3- Өңделетін материалдар жөнінен жетекші нұсқаулар
ИСО 9004-4- Сапаны жақсарту жөнінен нұсқаулар.
ИСО 9004-5- Сапа бағдарламасы жөнінен нұсқаулар.
ИСО 9004-6- Жобаға жетекшілік және сапаны қамтамасыздандыру жетекшілік.
ИСО 9004-7- Конфигурация бақылау жөнінен жетекшілік нұсқаулар.
ИСО 9004-8- Әкімшілік басқару жүйесінде қолдануда сапаны басқару принциптері жөнінен жетекшілік нұсқаулар
2000 жылы ИСО 9000 сериялы стандарттарының жаңа версиялары жарық көрді.
Олар:
ИСО -9000-2000 – Сөздік; терминдер және анықтамалар
ИСО -9004-2000- Сапа менеджментінің жүйелері. Қызметті жақсарту жөнінен ұсыныстар. ....
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?