Экономика | Агробизнес

Экономика | Агробизнес

1.2 Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салаларымен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығында экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнестің жүзеге асырудың теориялық әдістемелік оқып үйрену қажеттілігі туады. 70-жылдарда ғылымда ауыл-шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеп, дами бастады. Бұл кезде «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болды. Оның үш саласы - қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу, тасмалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салаларға байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді.

Агробизес кешені

І сфера. Реурсурстар:
техника, жем, тұқым,
тыңайтқыш, улы
химикаттар, несиелік
ресурстар

IV сфера. Агросервис: ІІ сфера
мемлекеттік Ауыл шаруашылығы
кооперативтік егіншілік, мал
жеке шаруашылығы, жем
өндірісі

ІІІ сфера. Маркетинг:
жинау, сақтау, өңдеу,
тасмалдау, сату.


Агробизнес комплекстің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық фактормен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс- несие де кіреді.
Сфералардың үшінші тобы егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетингтік сфераны құрайды. Бұл сала тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол одан сайын өсе түсуде.
Төртінші сфера агробизнесті толықтай және оны жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Оның негізгі ерекшелігі агросервис мемлекеттік құрылымдарында. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агротехникалық және агрохимиялқ қызметтер. Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрлымымен өте ұқсас және ол үш негізгі үш сфераның басын құрайды.Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік өнімнің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфераларды рациональді арақатынасынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түліктің көп асырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35% ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімнің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткендей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды. АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімнің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеды. Ал, біздің Ресспубликамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымның қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады.
Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзіне реттеу жолымен ғана жасауға болады.
Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі КСРО тарағаннан кейін пайда болған барлық жаңа мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да теңдей қатыс
1.1 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары.

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзнің шешуші кезеңінен енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізгі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндірісқұлдырауы тоқталып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылдаған заңдар мен Республика үкіметінің қабылдаған қаулыларын іс жүзінде асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады. Ішкі көздердің есебінен өндіріс құлдырауын тоқтату, экономикалық жағдайды тұрақтандыру және ауыл шаруашылық өнім өндіруді арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін Бағдарламада мына төмендегідей шаралар қарастырылған:
1. меншік қатынастарын қайта құру, жекешелендіру тәсілдері мен қарқыны, бәсекелестік қатынасты дамытуды қамтамасыз ететін көпкуладты экономиканы қалыптастыру жәнге агроөнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі экономикалық реформалар бағытына түзетулер енгізу.
2. агроөнеркәсіп кешенінің еркін баға белгілеуге көшуін қамтамасыз ететін тиісті қаржылық-несиелік және баға жүйесін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өнім ұсынушыларды мемлекеттік қолдаудың әр түрлі тәсілдері мен әдістерін, монополист-кәсіпорындар өнімнің бағасын шектеуді, шетелдік инвестицияны тарту және біріккен бизнесті дамыту мәселелерін жасау және жүзеге асыру
3. тауар қорларын қалыптастырып, реттеуге мүмкіндік беретін және соның негізінде рынок сыйымдылығы
4. агроөнеркәсіп кешенінің терең құрылымдық жаңғыруын төмендегідей бағыттарда жүзеге асыру;
• республиканың табиғи аймақтарының биоклиматтық потенциалын олардың экологиялық жүйе тараптарына, экономикалық мақсаткерлігіне, өзін-өзі қамтамасыз етуіне, негізгі ауыл шаруашылық дақылдары егіс көлемі құрылымның әлемдік рынок конъюнктурасына сәйкестедіріледі.
• ауыл шаруашылығындағы мал басының генетикалық потенциалын әрбір табиғи аймақтағы жем-шөп базасының мүмкіндіктеріне орай толық пайдалану.
• агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік негізгі қордағы қажеттілікетерін қанағаттандыру мақсатында ауыл шаруашылық машиналарын жасау салаларын құру.
• қуаты және орналасуы жағынан тиімді өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру.
• экономиканың көпактуалдылығы және жеке меншіктің пайда болуын есепке ала отырып, селодағы әлуметтік инфроқұрылымды дамыту.
5. агроөнеркәсіптік кешен араласқан экожүйелердің барлық элементтерінің эколгиялық қауыпсіздігіне экономикалық, құқықтық және техника-технологиялық кепілдік беретін жүйелер құру.
а) Егіншілік салаларын дамыту
Республикадағы егіншіліктің негізгі саласы астық өндіру болып табылады. Тың және тыңайған жерді игеру Қазақстанды астықты ірі өндірушілердің қатарына қосты. Қазақстан жан басына астық өндірк жөнінен де дүние жүзінде күні кешеге дейін Канададан кейінгі екінші орынды иеленіп келеді.

Қазақстандағы егіс көлемінің, астық өнімділігі мен жалпы түсімнің өсу қозғалысы

жылдары егіс
Алқабы млн.га топырақты
өңдеу млн.га өнімділік
ц/га өнімділік
өсуі ц/га жалпы өнім млн.т. жалпы өнімнің өсуі млн.т.
Қазақстанның солтүстік облысындағы көптеген аудандардың топырақтық-климаттық жағдайы тұрақты астық өндіруді қамтамасыз етеді. 60-жылдардың ортасында топырақтың эрозияға ұшырауы егіншілік топырақ қорғаудың ғылыми негізделген жүйесін қолдану арқылы тоқтатылады. Алайда, Республиканың кейбір облыстарында дәнді дақылдар ішінара ашық қоңыр және сұр құба топырақты шөл далалық аймақта орналастырған. Бұл жерлерде өнімділік гекторына 5-6 центнерден аспайды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және басқа кейбір облыстарда жеңіл механикалық құрамдағы топырақты жерлерді жырту да басы артық дүние болып шықты. Сондықтан да тұжырымдық бағдарламада құнарсыз жерлердегі дәнді дақылдар егістігі көлемін бірте-бірте қысқартып, геторына 8 центнерден өнім беретін жерлердің өзін-өзі ақтауы мен шығынын жабу мақсатында астық өндірісі экономикасының қазіргі заманғы жай-күйіне жақындастыру қарастырылған.
Астық қажеттілігінің балансы мен егістік көлемінің, өнімділіктің және жалпы түсімнің есебі Республика астық өндірісінің мүмкін нұсқауларын көрсетеді. Күш-жігер мен қаржылық-материалдық көздері барынша қолайлы аудандарда астық өндіруге шоғырлану арқылы дәнді дақылдар егістігінің көлемін қысқарту ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге, нарықтық экономика жағдайында анықтаушы күш болып табылатын саланың өзін-өзі жалпы ақтауы арқылы астықты шетелге шығаруға да мүмкіндік береді.
Егістік көлемін қысқарту нұсқасы бойынша егіс көлемі, өнімділігі, жалпы түсім және астық қажеттілігінің балансы
Нұсқаулар


Дәнді дақыл алқабы мың га Өнімді-
лік ц/га Жалпы өнім млн.т Шығындар, млн. т
тұ-
қым азық-
түлік нақты
ақы жем сақ.
қоры экс-
порт
Бастапқы нұсқа
Алқап өнімділігі:
1.5ц/га кем
2.6ц/га кем
3.7ц/га кем
Облыстар бойынша алқап өнімділігі 6 және 7ц/га –дан төмен болғанда.
1.2 Алыс шетелдегі экономикалық аграрлық секторының жұмыс істеуі мен дамуының ерекшеліктері.

Қазіргі заманғы капиталистік ауыл шаруашылығының әлументтік-экономикалық жағдайында мемлекеттік шаруашылық жүргізудің сан қырлы ұйымдық тәсілдері мен әдістерін дамытуға әсер етуі барған сайын айрықша орын алуда. Агроөнеркәсіптік технологиялық, ұйымдық және басқару интеграциясының қажеттілігі сала аралық өндірістік жинақтауға және шаруашылық жүргізудің ассоциациялық тәсілін құруға әкелді. Бірақ, соған қарамастан агроөнеркәсіптік өндірістің негізгі күні бүгінге дейін фермерлік қожалықтар болып қалуда.
Ауыл шаруашылығының өндірістің машиналық технологиясына көшуінен кейін ол адамдардың жаппай айналысатын саласы болды. Соғыстан кейін онжылдықтар ішінде дамыған капиталистік елдердің ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің саны 3-4 есе және одан да көп қысқарады. 80-жылдардың ортасында барлық дамыған елдердегі ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлер үлес салмағы 10% аспады, ал көптеген елдерде бұл көрсеткіш 3-5% деңгейде сақталып қалды.
Дамыған елдердің агралық секторындағы негізгі өндірістіе бірлік өз қызметінде толық экономикалық бостандығы бар тәуелсіз тауар өндірушілер фермерлік қожалықтар болып табылады. Әдетте, ферма аясында нақты тапсырс берушілер үшін ауыл шаруашылығы өім өндіру мен тарату процессінде оның қожайыны қатысу нәтижесінде жұмыс істейтін, мамандалынған жоғарғы тауарлық шаруашылық айтылады. Фермерлік шаруашылқ қызметінің базасы негізінен қожайындар мен лоардың отбасы мүшелерінің еңбегі болып табылады. Дамыған елдердің мемлекеттік саясатының негізіне қаланатын фермерлік шаруашылықтардың құрылу және жұмыс істеу принциптері баршаға белгілі және төмендегі жалпы заңдылықтардыан туындайды:
• «фермерлік » - бұл тек қана өһндірістік іскерлік қызмет емес, сонымен қатар, сонымен бірге әлументтік бірлік, өмір салты;
• Фермерлікпен отбасы айналысу тиіс;
• Жердің иесі оның өндірушісі болып табылады;
• Кімде-кім фермер болғысы келсе, оны фермер болуға мүмкіндігі болуы керек;
• Фермер өзіне өзі қожайын болуы керек;
Жекелеген дамыған елдерде фермерліе өндірісті дамытудың жалпыға бірдей заңдылықтарымен қатар оның көлеміне, жер мен еңдекті пайдалану мазмұнына, мамандануы мен тауарлығына, ішкі және сыртқы байланыстардың интенсивтігіне қатысты мәнді айырмашылықтары да бар. Ғылым-технологиялық өркениеттің нәтижесінде, қатаң бәсекелестік жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көлемі өсіп, фермалардың мамандануы деңгейі артып, өнімнің құн сыйымдылығы көбейгенімен, олардың саны үнемі қысқарып келеді.
Фермалардың негізгі бөлігі өз меншігіндегі жерде дамиды. Алайда, жерге деген бағаның тұрақты өсуі және рыноктегі конъюнктураның өзгеруі. Толық меншіктегі жердің үлесін қысқартуға мәжбүр етеді. Мұндай жағдайда жалға алатын жердің үлесін қысқартуға мәжбүр етеді.
Шаруашылық ұйымдастырудың дәстүрлі тәсілдеріне әр түрлі үлгідегі отбасылық фермалар, оның ішіндегі қожайынның толық қатысуындағы фермалар жатады. АҚШ-тағы, Ұлыбританиядағы фермерлер өз шаруашылқтарында аптасына 55-65 сағаттан жұмыс істейді. Зерттеу мәлеметтері көрсеткендей, Еуропалық Экономикалық Қауымдастық елдерінің ауыл шаруашылығындағы еңбек шығынының жартысына жуығы фермерлердің өздері, 30-40% олардың әйелдері мен отбасының басқа мүшелері, ал қалған бөлігін жалдамалы жұмысшылар қамтамасыз етеді.
Компаниялар, орталықтар мен кооперативтер агробизнесті реттеп, фермерлерге тікелей және жанама қызметтер көрсетіп, фирмалар мен қызметтердің арасында бәсекелестікті төмендетіп, сол арқылы ауыл шаруашылығы мен өздерінің қызметтірін пайдаланылатын өз мүшелернің ортақ мүдделерін қанағаттандырып отырады. Сондағы кооперативтерді қалыптастыру мен дамыту азық-түлік сферасының қазіргі заманғы ифроқұрылымын құрауға әсер етіп, өнімді өткізу және өндірістік құралдарын сатып алумен байланысты қиындылқтардан құтқарып, фермерлік шаруашылықтардыңғ, жалпы агралық сектордың тиімділігі артуға мүмкіндік жасайды
1.3 Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықты экономиканың экономикалық процессіне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттік агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлер тіпті дамыған нарық жағдайынада бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлументтік-экономикалық маңызы бойынша олар әректі болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі даму кезеңінде бұл шаралар ауысып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылғы тәжірбиеде сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теорияның тиісті тауарларының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлументтік конъюктураның әсеріне ұшырады.
Мемлекеттің реттеу шараларының бірінші тобы өндірістің әмбебап және тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты қару емес екендігі мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет ететін кең көлемдегі проблемалар бар.
Мемлекеттің маңызды міндеті – монополияға қарсы реттеу және әділетті бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділкті реттеу мен қоғамдық тауарлады қаржыландыруға, яғни жетілген еріктік бәсекелестік жағдайында мемлекет орындайтын функцияларға қарағанда бұл міндет жетілдірілмеген бәсекелестіктің нақты жағдайда экономикалық теорияға негізделеді.
Агробизнес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды ағыты әлументтік-экономикалық укладта болғандықтан фермерлікті қолдану идеясы болып табылады. Оны жақтаушылар жеке отбасылық фермаларды ауыл шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі ретінде әділетті қарастырады. Өмірдің фермерлік уклады бостандық, саяси әлуметтік тұрақтылық, еркін бәсекелестік сияқты әлументтік және экономикалық иеліктер ретінде қабылданады. Аталмыш концепциясының мемлекеттік саясатқа тікелей әсер етеді. Мәселен, АҚШ-тың 7 штатында ауыл шаруашылығы корпорациялары қызметін жүргізуге ресми тыйым салынуынан, 8 штатында олардың қызметін шектеуден көрінеді.
Фермерлік табыстың қолдаудың басты бағыты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығ арасындағы айырбаста бағалық притетті қамтамасыз ету болып табылады. Оның қажеттілігі фермерлік бағаның төмендеу тенденциясынан, сондай-ақ агробизнестің аралас салаларының бағаға монополиялық үстемділік жасау мүмкіндігіне туындайды.
Ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл-шаруашылық кооперативтер ұйымдастыруда консультациялық және техникалық көмек көрсетеді және олардың қызметінің статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылық министрлігіне ұлттық ормандарды, сондай-ақ ұлттыұ маңызы бар шалғындар және жер учаскілерін қадағалайтын орман қзметі бағыфнады.
Қазіргі заманғы агробизнес мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына шолуды қорытындылай келсе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап көрсету керек. Нарықтық тегерішті толықтыра және түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегерушісі оның негізгі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше жағдайлар айтпағанда рыноктың тегеріші оның негізгі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктың төгершін бұзатын дерективтік тапсырма, бағаның өсуінен жаппай әкімшілік бақылау, өндірістік реурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс-қимылдарға жол бермейді. Шын мәнінде, дамыған елдердің агралық өндірістің тиімделігіболса керек. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?