Экономика | ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ
ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ
Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Германия Федерациялық Республикасы (ГФР) — Еуропаның батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналасқан. Экономикалық-географиялық жағдайының бұл ерекшелігі XX ғасырдың 90-жылдарында Германияның біртұтастығы қалпына келтірілген соң тіпті айқын көріне бастады. Германияның дамыған капиталистік елдер мен табиғат ресурстарына бай, даму болашағы зор Шығыс Еуропа елдері аралығындағы орны, оның әкономикалық-географиялық жағдайының ұтымды жағына жатады. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы әсер етеді. Германия жағалауларында жүк тасымалы жөнінен халықаралық маңызы бар ірі порттар орналасқан.
Германиямен көршілес орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі онымен одақтас ретінде НАТО ұйымына енеді, ал Австрия мен Швейцария бейтарап елдерге жатады. Германияның бірігуі, социалистік жүйе мен Варшава шарты ұйымының ыдырауы елдің геосаяси жағдайын елеулі түрде жақсартты.
Аумағының құрамы. Аумағы бойынша Батыс Еуропада бесінші орын алатын Германия мемлекеттік құрылымы жағынан федерациялық республика. ГФР аумағы әкімшілік жағынан әрқайсысының парламенті (ландтаг), конституциясы және үкіметі бар 16 федералдық жерден тұрады. Әр жердегі атқарушы билікті жергілікті премьер-министр жүзеге асырады.
Ел парламенті екі палатадан тұрады: төменгі палата (бундесрат), жоғары палата (бундестаг) жалпы мемлекеттік маңызы бар заңдарды қабылдайды. Құрамында 496 депутат бар парламент 4 жылға сайланады. Федералдық канцлерді бес жыл мерзімге бундестаг пен ландтаг мүшелерінен тұратын Федералдық жиын сайлайды. Германияның ресми астанасы Берлин болғанымен маңызды мемлекеттік органдар, шетел елшіліктері Бонн қаласында орналасқан. Елдегі маңызды саяси партияларға Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағы жатады.
Атлас карталарын пайдаланып, Германияның табиғат жағдайының басты ерекшеліктерін анықтаңдар.
Табиғат ресурстары. Батыс Еуропа елдері арасында Германия әсіресе тас көмір қорымен кезге түседі. Тас көмірдің негізгі кен орындары Рур, Саар және Ахен алаптарында орналасқан. Көмірдің 2/3-сі кокстелетіндіктен аса жоғары бағаланады. Қоңыр көмір (Орта Герман, Төменгі Рейн алаптары) ашық әдіспен өндіріледі. Табиғи газдың кен орындары (қоры 385 млрд м3) солтүстікте шоғырланған. Ел аумағында калий тұзы мен құрылыс материалдарының мол қоры бар.
Табиғат қорғау. Германияда табиғат қорғау мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Мұнда қазіргі заманғы табиғат қорғау өнеркәсібі қалыптасты деуге болады: қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мақсатында ең жаңа технологиялар іске қосылуда. Елдегі 5 мыңға жуық фирма қоршаған ортаны қорғауға арналған техника жасайды. Мысалы, дүниежүзілік саудадағы экологиялық таза технологиялар мен техниканың 18%-ы Германияның үлесіне тиеді. Қала аукымының артуы қоршаған ортаның ластануына себепші болуда. Соңғы жылдары Рейн өзені мен оның алабындағы әкологиялық жағдайды жақсартуға байланысты бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Қазіргі кезде елде айрықша экологиялық және табиғи-географиялық маңызы бар аумақтарда 12 ұлттық қорық ұйымдастырылған. Бұдан басқа мұнда ЮНЕСКО биосфера қорыққорлары ретінде таныған 10-нан астам аумақ бар. ГФР Солтүстік жөне Балтық теңіздерін қорғау жөніндегі халықаралық конференциялардың жұмысына араласып, олардың шешімдері негізінде әр түрлі шаралар жүргізуде.
Халқы. Германия халқының саны жөнінен Батыс Еуропада бірінші орын алады: мұнда 82,4 млн халық тұрады. 2005 жылы елде табиғи өсім 1%о-ге тең болды: кейбір жылдары туған балалар саны (орташа 1000 адамға—9 адамнан) өлгендер санынан (орташа 1000 адамға — 10 адам) кем болады. Соңғы онжылдықта ел халкы репатрианттар есебінен ұдайы толығуда.
Халықтың ұлттық құрамы салыстырмалы түрде біркелкі: 92%-ы немістер, 2,5%-ы түріктер, 1%-ы югославтар, қалған бөлігін Еуропаның басқа елдерінен келгендер құрайды. Христиан діні мен оның жеке бағыттары (протестанттық, католиктік) басым, сондай-ақ ислам дінінің өкілдері де біршама.
Халқының орташа тығыздығы өте жоғары (1км2-ге 229 адам) болғанымен, ел аумағында біркелкі орналаспаған. Халықтың қоныстану тығыздығы шығысқа қарағанда батыста жоғары (2-суретті қараңдар). Кейіннен қосылған шығыс аумақтар ел ауданының 30%-ын құрағанымен, онда халықтың 20%-ы ғана тұрады. Солтүстік Герман ойпатының шымтезекті батпақтар таралған аудандарында, солтүстік-шығыстағы Мекленбург, Бранденбург жерлерінде халық сиректеу орналасқан (1 км2-ге 50 адамға дейін). Елдің өнеркәсіпті аудандарында халық тығыздығы 1км2-ге 1000 адамнан асады.
Халықтың 86%-ы қалаларда тұрады. Елде ірі қалалар көп: тұрғындарының саны 300 мыңнан асатын 19 қала, 100 мыңнан асатын 84 қала бар (картадан елдегі аса ірі қалаларды табыңдар). Өнеркәсіпті аудандарда ірілі-ұсақты қалалардың тұтасып кетуінен ірі қала агломерациялары пайда болған. Рур өнеркәсіпті ауданы мен оған көршілес аудандар аумағында аса ірі Рейн-Рур агломерациясы қалыптасқан. Оның құрамында жүзге жуық қала (25-і ірі қала) бар, халық саны 11 млн-ға жеткен. Еуропадағы басқа ірі агломерациялардан айырмашылығы — мұнда шағын қалалар бір ғана алып қаланың ("ядро") маңына емес, бірнеше ірі қаланың айналасына шоғырланады. Сондықтан қала агломерацияларының мұндай түрін көп ядролы деп атайды.
Ауыл халқы, негізінен, тұрғындарының саны 2 мыңнан аспайтын елді мекендерде тұрады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары болатын Германияда адамның өмір жасының ұзақтығы ер адамдар үшін 75 жас, әйелдерде 81 жасты құрайды. Елде халыққа медициналық қызмет көрсету жоғары деңгейде: маман дәрігерлер саны 270 мың шамасында, яғни 1 дәрігерге 300 тұрғыннан келеді.
Елдің еңбек ресурстарының экономика салалары бойынша арасалмағы соңғы онжылдықта өзгеріске ұшырады. XX ғасырдың 80-жылдары жұмыс істейтін халықтың 30%-ы материалдың емес сферада жұмыс істесе, қазіргі кезде 50%-ы осы салада еңбек етеді; өнеркәсіп пен құрылыс саласындағылардың үлесі 40%-дан 30%-ға дейін қысқарды. Жалдамалы жұмысшылар арасында шетел жұмысшыларының саны артуда. Қазіргі кезде Оңтүстік Еуропа мен Азия елдерінен келгендер саны 8—10%-ды құрап отыр.
СОЛТҮСТІК ЕУРОПА ЕЛДЕРІ
Жалпы ерекшеліктері. Солтүстік Еуропа елдері, негізінен, түбектер мен аралдарды алып жатыр. Сондықтан олардың табиғат жағдайларына, халқының қоныстануына, шаруашылығының мамандануына теңіздің әсері үлкен. Географиялык жағдайының ерекшеліктеріне байланысты, Атлант теңізі арқылы АҚШ және Канадамен, Батыс және Шығыс Еуропа елдерімен емін-еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі бар. Жылы Гольфстрим ағысының әсерінен жағалауларын шайып жатқан теңіз сулары қатпайды; бұл өз кезегінде жыл бойы теңіз арқылы қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады.
Еуропа жерінің 17%-ын алып жатқанымен, Солтүстік Еуропа аймағында халық сирек орналасқан. Мұнда еуропалықтардың тек 3%-ы ғана тұрады. Аймақта халықтың біркелкі қоныстанбауы табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен және тарихи-географиялық факторларға байланысты түсіндіріледі. Тіршілік үшін қолайлы оңтүстік бөлік пен жағалаулар бойы неғұрлым жақсы игерілген. Жеке елдердегі халықтың орташа тығыздығының көрсеткіштері бойынша мынадай жағдайды көруге болады. Данияда 1 км2-ге 121 адамнан, Швецияда —19, Финляндияда —15, Норвегияда —13, Исландияда — 2—3 адамнан келеді.
Халықтың ұлттық құраты онша күрделі емес. Аймақтың негізгі халқын шведтер, даттар, норвегтер, финдер, исландықтар, саамилер және фарерліктер құрайды. Протестант діні басым. Халықтың жеке табыс мөлшерінің жоғарылығы, тұрғын үйлердің сапасы, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жетістіктері, қылмыс деңгейінің төмендігі халықтың өмір сүру деңгейінің өте жоғары болуына себепші. Солтүстік Еуропа тұрғындарының орташа өмір жасының ұзақтығы ер адамдарда 76 жаска, ал әйелдерде 81 жасқа тең. Соңғы онжылдықтарда туудың кемуі және қарт адамдар санының артуы себепті жекелеген елдерде (әсіресе Швеция, Норвегия) үкімет тарапынан тууды қолдайтын әлеуметтік шаралар жүйесі жүзеге асырылуда.
Солтүстік Еуропа халықтары адамзат өркениетінің дамуына өз үлесін қосқан. Дат жазушысы Ганс Христиан Андерсен ертегілерін дүние жүзі балалары сүйіп оқиды. Норвегия — шаңғы мен конькидің отаны, қазіргі кезде бүкіл дүние жүзіндегі спорт жанкүйерлері білетін "слалом" сөзі норвег тілінен аударғанда "мұзбен төмен сырғанау" дегенді білдіреді. Норвегия — әлемге әйгілі теңіз саяхатшылары Ф.Нансен, Р.Амундсен мен Т.Хейердалдың отаны. Швецияда спорттық гимнастика дүниеге келген.
Солтүстік Еуропа елдерінің экономикалық құрылымының қалыптасуы Еуропаның басқа аудандарына ұқсамайтын жолмен жүрді. Бұл елдер бәсекеге төтеп беретіндей жоғары сапалы және еңбекті көп қажет ететін өнімдерді шығаруға маманданды.
Дүниежүзілік нарықта Солтүстік Еуропа елдерінің "үстем" болатын салаларына балық аулау мен кит кәсіпшілігі, ағаш еңдеу мен целлюлоза-қағаз өндірісі, кеме жасау, сүт тағамдарын өндіру жатады. Сонымен қатар Швеция болат балқыту мен машина жасаудан, Норвегия әлектр энергиясын өндіру және түсті металлургия жөнінен айрықша көзге түседі. Елдердің барлығында да теңіз көлігі жақсы дамыған, бірак ірілігі мен жабдықталуы жағынан Норвегияның сауда флоты аймақта ғана емес, дүние жүзінде алдыңғы орын алады. "Әлемдік теңіз арбакеші" аталған норвег флотында 700-ден астам кеме бар.
Саны шектеулі бұл өндіріс салаларының күшті дамуы жергілікті шикізат негізінде және тұрғын халықтың дәстүрлі еңбек дағдыларын ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен ұштастыра білудің нәтижесінде мүмкін болды. Экономиканың тұрақты дамуына аймақтағы өте қолайлы геосаяси жағдай да өз әсерін тигізді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?