Психология | Ес
Естің физиологиялық табиғаты.
Физиологтар жануарларға тәжірибелер жасап дәрігерлер науқас адамдарды бақылау арқылы естің үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөліктерімен байланысты екенін анықтады. Анализаторлармен байланысқан ми қыртысы зақымданғанда естің арнаулы түрлері – есту, көрі, қимылдау және басқа түрлері бүлінеді. Бұдан дыбысты, көру бейнесін, қимылды есте сақтап, оларды қайталау процесі бұзылады. Ми қыртысының маңдай немесе самай бөліктері зақымданған жағдайда ес толық нашарлайды. Сонда науқас информацияны жадында тұтып, есінде сақтай алмайды әрі оны қайталай алмайды.
Осы заманғы түсінік бойынша ес процесіне қатысты ми бөліктері нейрондардың тұйықтығымен байланысты .
Сеченов Иван Михайлович
(1829-1905)
Орыстың табиғат зерттеушісі, ойшыл – материалист, орыстың физиология мектебінің негізін салушы, психологиядағы ғылыми жаратылыс бағытын құрған ғалым.
(1-сурет)
Осындай тізбектерде айналып жүретін нерв импульстары нерв клеткаларындағы биосинтез процестерін өзгертеді. Осының нәтижесінде «ес нышанының» материалын сақтаушы заттар түзіледі. Кейбір биологиялық әрекетшіл заттар синтезінің бұзылуы ес нышанының түзілуіне, демек, үйрену процесіне кедергі жасайды. Информацияны есте сақтау үшін, оны біраз қайталауға тура келеді. Мысалы, біз телефон нөмірін, өлең немесе математика формуласын жаттап алу үшін саналы түрде бірнеше рет қайталаймыз. Соған байланысты адамдарда, жануарларда естілік әрекеті болады.
Жануардың қоршаған ортадағы нәрселер мен құбылыстардың байланыс заңдылықтарын байқап қалуға бейімділігі, сондай-ақ осы заңдылықтарды жаңа жағдайға пайдалана білуі, оларды естілік әрекеті деп аталады.
Совет ғалымы Л.В.Крушинский нерв жүйесі неғұрлым көбірек дамыса, естілік дәрежесінің де соғұрлым жоғары болатынын дәлелдеді. Нерв жүйесі әсіресе адамда жоғары дәрежеде дамып, ойлау түрінде білінеді.
Естілік әрекет – бұл қоршаған орта жағдайына бейімделудің ең жоғары формасы. Осының арқасында организм қоршаған орта жағдайының тез өзгеруіне ғана бейімделіп қоймай, сол өзгерістерді алдын ала болжап, оларды өз мінез – құлқына пайдалануды ескере алады.
Естілік әрекеті сөйлеуге де байланысты. Егер, бала сөйлеуді 5-6 жасқа дейін үйрене алмаса, онда оның есі, ақыл-ойының дамуы да кешеуілдейді.
Орталық нерв жүйесі ми қыртысының қызметіне байланысты болып, есте сақтау, есту дәм сезу рецепторлары үлкен ми сыңарларының қыртысына аралық ми арқылы өтеді. Үлкен ми сыңарларының қызметі бұзылса адамдағы есте сақтау қабілеттілігі нашарлайды. Естіліктің ми қызметіне байланыстылығы. (2-сурет)
Нерв жүйесі.
2-сурет.
Ми құрылысы.
(3-сурет). Ми қыртысының самай бөлігінде есту аймағы орналасады. Демек, есте сақтау да есте аймағына байланысты. Егер адам құлақ пен естімесе, оның есі, естілік әрекеті ақыл-ойы да дами алмайды. Ес – бұл көру аймағына да байланысты. Егер, көре отырып, есте сақтап қалуымызда мүмкін. Соң оны бірнеше жылдардан кейін қайта еске алуға болады. Дені сау, психологиялық жағынан дамыған адам бір көрген, естіген нәрсесін 22 жыл есте сақтай алады. Одан соң бірте-бірте естен шығып, ұмытыла бастайды.
Ми қыртысы біртұтас қызмет атқарады және адамның психикалық әрекетінің материалық негізі болып табылады. Ес, сөйлеу, ойлау және мінез-құлықты реттеу секілді ерекше психикалық әрекеттер
а)
3-сурет
үлкен ми сыңарларының қыртысына байланысты болады.
Үлкен ми сыңарлары.
б)
3-сурет
Кейбір психология кітаптары бойынша, - ес туралы жалпы ұғым:
Сыртқы дүние заттарры мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып қайтадан жаңғыртылып, танылып ұмытылуын бейнелейтін процесс естілік сақтау деп аталады. Ес бұл – күрделі психикалық процесстердің бірі. Ес-есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процесстерден тұрады.
Естің физиологиялық негізін бір кезде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін. Жүйке – жүйесінің пластикалылығы дегеніміз – түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітікендіргіштері әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар, өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен: ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса енді бір зерттеушілер есті мидың кейбір клеткаларын бір сыдырғы зерттегенмен естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі де анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені есте сақтау – оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізісі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп айтайды.
Ассоцияция «ассоциатио» деген латын сөзі болып, байланыс деген мағынаны білдірдеі.
Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезіглде немесе бірінен соң бірін елестететсек не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымыз да оның қалған бөлігін тудыруға себеп болады.
Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан грек ойшылы Аристотель (б.э.д 384-322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік) түсіндіруге бұл принципті қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсіндіруге болатындығын көрсеткен ұлы орыс ғалымы Иван Петрович Павлов (4-сурет) болды. И.П.Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуіне байланысты пайда болып сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар, екенін түсіндірді. Ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды. Уақытша жүйкелік байланыс жануарлар дүниесінде де біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс. Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе әріп, сөз әлде ойдан құрылса да психикалық құбылыс болып табылады.
Павлов Иван Петрович
(1849-1938)
СССР ғылым академиясының академигі И.П.Павлов адамның жоғары дәрежелі нерв қызметі физиологиялары бойынша зерттеулер жүргізіп, әлемге даңқы кетті.
4-сурет
Оны психологтар ассоциация деп атады. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгілі болған үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсастық және қарама-қарсылық ассоциациялары. Бұл ассоцияциялар жөнінде И.П.Павлов былай деді:
«Шартты байланыс ... бұл сірә біздің бір мезгілдік ассоциация дейтініміз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес келеді. Шартты рефлекстердің анализі мен синтезі сайып келгенде ой әрекетінің негізгі процестері мен мәні бірдей нәрсе».
Аристотель ойлап тапқан ассоциялардың табиғатын былайша түсіндіруге болады:
1. Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады.
Мәселен: Кремль ұғымы, қызыл алаң ұғымын, көктем туралы ұғым, шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкін.
2. Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді. (Мәселен, толқынның шуы, адамның самбырлаған сөзін).
3. Қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затта не құбылысты еске түсіреді.
Естің түрлері
Адамда нені жаттау қажеттігіне қарай есті 4 түрге бөлуге болады:
1. Қимыл есі – тұрмыстық, спорттық және еңбек дағдысына, жазбаша сөзге үйрену қимылына негізделеді.
2. Бейнелеу есі – адамның бет - әлпетін, табиғат көрінісін, қоршаған орта жағдайын, оның иісі мен дыбысын, музыка әуенін есте сақтап, оларды қайталауға көмектеседі. Бейнелеу есі әсіресе жазушы, артист, суретші, музыканттарда жақсы дамыған.
3. Эмациялық ес – адамның күйзелген сезімін берік сақтайды. Эмоциялық қозу берік сақтайды. Эмоциялық қозу кезінде бөлініп шығатын биологиялық әрекетшіл заттардың еске сақтауға көмектесетіні дәлелденді. Әрбір адамда белгілі бір шамада эмоциялық ес дамиды.
Совет режиссері К.С.Станиславский осындай ес түрі туралы былай деп жазады :
«Егер сіз бастан кешкенді еске түсіргенде бозарып, қызарсаңыз, егер сіз әлдеқашан өткен бақытсыздықты ойлауға қорықсаңыз, онда сізде сезіну немесе эмоциялық ес бар деген сөз».
Эмоциялық естің арқасында бөгде адамға ниеттестік білдіреді.
4. Сөздік ес – оқыған, естіген немесе айтылған сөзді жадында тұтып, есінде сақтау және оны қайталауға негізделеді.
Естің барлық түрлері өзара байланысты болады. Бір ғана информация әдетте естің екі және одан да көп түрлерінің көмегімен жатталады.
Эмоциялық ес.
Ес гигиенасы. Материал қиналмай-ақ өзінен-өзі жатталатын болса, еріксіз ес деп аталады. Адамға күшті әсер еткен немесе өте маңызды нәрселер есте еріксіз сақталады.
Ерікті ес те болады. Мұндай жағдайда адам материалды жаттау үшін күш-жігерін салып, арнайы тәсілдер пайдаланады.
Жоспар жасап, схема, кесте, суреттер пайдаланғанда негізгі ойды ерекше бөліп, есте сақтау жақсара түседі. Бір информацияның есте сақталуы үшін оны біраз қайталауға тура келеді. Сондықтан да: «Қайталау – оқу анасы» дейді. Бір материалды қайта-қайта оқып, ұғынбай есте сақтағаннан гөрі өз бетінше дауыстап қайталау әсерлірек болады. Еске неғұрлым көп жаттығу жасалса, ол соғұрлым жақсара береді.
Мектеп жасына дейінгі балалар көбінесе еріксіз есте сақтайды. Ерікті есте сақтау мектепте оқыған жылдары жақсы қалыптасады. Естің дамуы 25 жасқа қараған шағында күшейе түсіп, 50 жасқа дейін сақталады. Бұдан соң адамның есте сақтау және еске түсіру қабілеті бірте-бірте кеми береді. Кәсіптік ес егде жаста да сақтала береді.
Есті тек арнайы бөлінген уақытта ғана емес, сонымен қатар үйде де, мектепке келе жатқан жолда да, трамвайда да, автобуста да жаттықтыру керек. Соған орай естің, қысқа және ұзақ мерзімдісі де болады:
Қысқа мерзімді есте-әсердің ізі өте аз уақытқа ғана сақталады. Адам бір мезгілдің өзінде жеті бірдей әр түрлі әсерді қысқа уақыт бойы есінде сақтап қалуы мүмкін. Мәселен, бұған кейбір сөздерді, сандарды, заттардың ерекшеліктерін тағы басқаларды есте сақтап қалу жатады. Әрине, бұндайда әрбір адамның жүйке жүйесінің өзіне ғана тән ерекшеліктері, тәжірибесі, дағдысы елеулі орын алады.
Ұзақ мерзімді есте әсердің ізі ми жасушаларында ұзақ уақыт, кейде өмір бойы есте сақталып қалады.
Естің процесстері
Ес өте күрделі процесс. Оның өзі бірнеше жеке процесстерден тұрады. Бұлардың негіздері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту. Ол арнайы есте қалдыру және еріксіз есте қалдыру болып 2-ге бөлінеді.
Есте қалдыру
Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнаулы мақсат қоймайды, есте қалдырудың арнаулы тәсілдерін пайдаланбайды. Айналадағы өмірдің түрлі көріністер, сол әрекеттің ағымына қарай есте қалып отырады. Ал есте қалдыру арнаулы тәсілдерді қажет етеді, оны тудыратын тиісті мотивтер болады. Қандай объектініболмасын әдейілеп есте қалдыру үшін мына төмендегі шарттарды орындап отыру қажет болады.
1. Есте қалдыруда әр кез мақсат қойып отыру зор маңызды, оқу материалын жақсы меңгеру үшін, оған мақсат қою керек.
Мәселен, оқушыға бір әңгіме айтып, оны 3-4 күннен кейін қайта сұраса балалардың біразы әңгіменің негізгі бөлімдерін қайта жаңғырта алмай қиналады. Ал енді осы оқушыға екінші бір әңгіме айтып үш-төрт күннен кейін қайтып айтып бересіңдер десе, балалардың біразы сол әңгімені ұмытпай жадында ұстай алады. Бұл екі тәжірибе арасындағы айырмашылық, соғыда материалды есте берік сақтау етіп қойылған, ал бірінші жағдайда – мұнда анық мақсат қойылмаған еді.
2. Есте қалдырудың қоғамдық тәжірибелік мәні адамның қажетіне де байланысты болады.
Мәселен, оқушылар қандайда бір шығарманы оқымасын, бір қажетіме керек болар деп оқитын болса, оны есте қалдыру қиынға соқпайды.
3. Оқулықтың шығарманы жоспарлай алу-есте қалдыруға көп жеңілдік келтіреді. Жоспар мүмкін болғанша анық айқын дәл болуы керек. Қалай болса солай құрыла салған жоспар есте берік сақтауға негіз бола алмайды. Оқитын шығарманың ішінен еске тірек боларлық жерлерін іздестіріп, оны бірнеше мағыналы бөлшектерге бөлу, бөлшектердің әрқайсысының мағынасына лайықты ат ойлап табу – еске қалдыруды нәтижелі етеді.
4. Мағыналы есте қалдыру дегеніміз – нәрсенің мәніне түсіну. Сондықтан мағыналы түсіну ойлау процесімен тығыз байланысты. Материалды жақсы ұғынып терең түсіну, мағыналы байланыстар жасау, маңызды белгілерін анықтай алу-оны анализдей – синтездей, салыстары жүйелей білуді керек етеді.
5. Оқып отырған шығарманың байланысын, жүйелерін елестетуге еске тірек боларлық ой-желісін табуда схема, чертеж, таблицалар мен қатар, арнаулы шартты белгілер қолданылып отырса, есте қалдырудың сапасы арта түседі.
6. Есте қалдырылуға тиіс шығарманы адам мүмкіндігінше өз сөзімен құрастырған сөйлемдермен айтып берген абзал. Егер бала мұғалімнің айтқаны не өзінің кітаптан оқығанын сөзбе-сөз айтып беретін болса мұндай жағдайда оның есте қалдыру қабілеті жақсармайды.
7. Оқылатын шығарманы жақсылап есте қалдыру адамның өзін-өзі тәрбиелей алуына да байланысты. Мәселен, оның еңбегі жақсы ұйымдасқан болса, есте қалдыру дәрежесі де жоғары болады. Күндік режимге мән бермейтін өзін көлденеңнен кез келген нәрселер билеп кететін адамдардың есте қалдыру дәрежесі айтарлықтай болмайды. Ондайлар – Абай айтқандай «Ой кеселдерін» қарсы тұруға шамасы жетпейді. Абайдың түсінігінше, ой кеселді нәрселерден қашық болу естіген нәрсені ұмытпаудың басты шарттарының бірі.
8. Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты, әдетте оқу материалын бір қайтара оқып жаттап алуға болмайды. Аз уақыт ішінде жиі-жиі қайталап жаттаудың да қажеті жоқ. Мәселен: өлеңді бірден жаттап алса, ол тез ұмытылады, сондықтан оны бірнеше уақытқа бөліп жаттау қажет, бірақ арадағы үзілістер тым ұзақ болмасын тек көлемі шағын шығарманы тұтас күйінде жаттауға болады. Егер шығарма көлемді болса, оны бөлшектеу қажет. Бірақ қалай болса солай бөлшектемей логикалық ой сақталатындай етіп бөлген пайдалы. Мұндайда қайталаудың саны азырақ болады және ол есте ұзақ сақталады. Сондай-ақ жатталған нәрсені ұмытып кеткен соң қайталау пайдасыз, оны ұмытпай тұрып қайталау керек. Өйткені қайталауды ескіріп құлап бара жатқан үйді жөндеу үшін емес, үйді берік нығайта отырып үстіне екінші қабатын салу үшін жасайды. Әрбір ілгерілеп басқан адам бұрынғы өткенді қайталап отыруға негізделуі керек.
Қайталауды түрлендіріп отырудың, оны уақыт жөніне дұрыс құрудың маңызы жөнінде К.Д.Ушинский былай деді: «Бұдан бұрын жаттап алынғандарды сол күйінде аудармай айтып берудің ешбір қажеттілігі жоқ ..., ал кездейсоқ кездескенде жаттап алғанды жаңа түрмен айту яғни жаттап алғанды басқа сөздермен қайталап айтып беру әлдеқайда пайдалы».
Жаттаудың мнемоникалық әдісінің бірі механикалық есте қалдыру.
Есте қалдырудың тағы да бір түрі яғни әдісінің бірі мағыналы есте қалдыру. Егер мағыналы есте қалдырудың мәнісі құбылыстардың ішкі мәніне, олардың бір бірімен байланысына түсіну болатын болса, механикалық есте қалдыруда заттар жай, сыртқы байланысқа түседі. Мұның басты шарты – қайталау. Естің бұл түрінің кей жағдайларда іске керек болып қалатын кездері болады. Шетел сөздерінің жазылуы, телефон нөмірінің жатталатын кезде, үй және көше аттарын есте қалдыру керек болса, механикалық еске қалдырып жаттаған жөн. Есте қалдырудың соңғы түрі жасанды ассоциациялар арқылымнеоникалық әдіспен жүзеге асады. Мағыналы есте қалдырудың ерекше тиімділігін дәлелдейтін эксперименттік деректер көп....
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?