Экономика | Еңбек стажы Еңбек стажының түсінігі түрлері және оларға енетін кезеңдер

Экономика | Еңбек стажы Еңбек стажының түсінігі түрлері және оларға енетін кезеңдер

Еңбек стажы. Еңбек стажының түсінігі,
түрлері және оларға енетін кезеңдер.

Еңбек стажы – бұл зейнетақы төлеу кезінде есепке алынатын жұмыс пен өзге де қызмет кезеңдерінің қосынды ұзақтығы. Алайда, еңбек стажы тек ұзақтығымен ғана емес, сонымен қатар жұмыстың сипатымен және еңбек қызметі өткен жағдайлармен де (зияндылық, қауіптілік және т.б.) сипатталады.
Еңбек қызметінің ұзақтылығына және сипатына қарай еңбек стажы жалпы, арнайы және үздіксіз болуы мүмкін. Еңбек стажын бұлайша түрлерге бөлу зейнетақының әртүрлі түрлерін тағайындауға сай келеді. Әрине, қазіргі заманғы жағдайларда үздіксіз стаж өзініңбұрыеғы мәнін жоғалтты, бірақ, жалпы және арнайы еңбек стажының рөлі өсті, себебі жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау кезінде жалпы еңбек стажы талап етіледі, ал жеңілдікті жағдайларда зейнетақы тағайындау үшін арнайы еңбек стажы талап етіледі.
Жалпы еңбек стажы – бұл жұмыс орнына, уақытына және орын алған үзілістерге қарамастан адамның бүкіл өміріндегі еңбек қызметінің жалпы (жиынтық) ұзақтығы. Жалпы еңбек стажының маңызы өте зор. Ол әрбір қызметкерді зейнетақылық қамсыздандырудағы басты жағдай болып табылады. Тағайындалатын зейнетақылардың мөлшері оның ұзақтығына тәуелді болады.
Арнайы еңбек стажы – бұлбелгілі бір жағдайлардағы (ауыр, зиянды, қауіпті және т.б.), белгілі бір лауазымдардғы, белгілі бір табиғи-климаттық жағдайлардағы, радиоактивтік ластауға ұшырағанаумақтардағы және жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылармен жеңілдетілген қамсыздандыруға жататын кезеңдердегі жұмыстың ұзақтығы. Арнайы еңбек стажы жұмыстың жалпы стажынан ажыратылады. Арнайы еңбек стажының жеңілдетілген жағдайларда, еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылар тағайындауда маңызы зор. Зейнетақыға шығудың мейлінше жеңілдікті жағдайлары жер астында, зиянды еңбек жағдайларында, ыстық цехтарда жұмыс істеген тұлғалар үшін белгіленеді.
Үздіксіз еңбек стажы – бұл қызметкеддің бір жұмыстан екінші сіне ауысқан кездегі үзіліс заңдарда белгіленген мерзімдерден аспаған және қызметтен босату қызметкердің кінәсынан болмаған жағдайда үздіксіз еңбек қызметінің ұзақтығы. Алайда, қазіргі кезде үздіксіз еңбек стажы зейнетақылар тағаындау кезде үлкен рөлді иеленбейді.
Еңбек стажына енетін жұмыс кезеңдері.
Зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажы есептеу кезінде мыналар есепке алынады.
1) еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
4) мемлекеттік қызмет;
5) кәсіпкерлік қызмет;
6) І-топтағы, ІІ-топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
7) Атом сынақтары, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен не иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ- мен ауратындарға, 16 жасқа дейінгі мүгедекке күтім жасаған уақыт;
8) Жұмыс істемейтін анасының жас балаларды бағып-күткен, бірақ әрбір баласы 3 жасқа толғаннан аспайтын жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт;
9) Қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартылған және қуғынсүргінге ұшыраған, бірақ кейін ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығынан айыру және жер аудару орындарында жазасын өтеген уақытты;
10)еңбекке жарамды азаматтардың бұрынғы КСРО-ның уақытша оккупацияланған аумағында және Ұлы Отан соғысы кезеңінде өздері басқа мемлекеттердің аумағына золықпен апарылған адамдардың (жасына қарамастан) сонда болған, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соғыс кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса;
11) жұмыс істемейтін соғыс мүгедектердің және оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедек болған уақытты;
12) бұрынғы кеңес мекемелерінің,Казакстан Республикасы мекемелері мен халқаралық ұйымдардың қызметкерлері әелдерінің (жұбайларының) шетелде тұрған кезеңі,брақ жалпы алғанда 10 жыдан аспауға тиіс:
13) афицерлік құрамындағы адамдар,прапорщиктер,мичмандар және мерзімнен тыс атқаратын әскери қызметшілер әйелдердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған кезеңі, бірақ 10 жылдан асуыға тиіс;
14) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, училищелерде, мектептерде және кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру және қайта мамандандыру курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, сондай-ақ күндізгі жоғарғы және орта діни оқу орындарында оқу;
15) әскерилендірілген күзетте, арнаулы байланыс оргондарында және кен-құтқару бөлімдерінде олардың ведомстволық бағыныстылығына және арнаулы немесе әскери атағының болуына қарамастан;
16) әлеуметтік сақтандыруға қаржы төлеген жағдайда өзге де жұмыс.
Стаж – еңбек қызметінің іс жүзіндегі ұзақтығымен, яғни қызметкер жұмысқа алынған күннен бастап жұмыстан босатылған күніне (қандай да бір негіздермен жеке еңбек шартының бұзылуы) дейін есептеледі. Алайда, заңдарда стаждың жеңілдетілген жағдайда да есептелетін кездері көзделген. Орталықтан зейнетақы тағаындау үшін еңбек стажын жеңілдікпен есептеу кезінде мыналар да есепке алынады:
1) ұрыс қимылдары кезеңінде майдандағы әскер құрамындағы, оның ішішде әскери борышын өтеу кезіндегі әскери қызмет, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезеңінде партизан отрятары мен құрамаларының болу, сондай-ақ әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емдеуде болған уақыт - әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындағын кезде осы қызметтің мерзімін есеп үшін белгіленген тәртіппен;
2) әскери бөлімдеріндегі жұмыс, оның ішінде еркін жалдамалы құрам ретіндегі жұмыс және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қызмет – екі есе мөлшерде;
3) Ұлы Отан соғыс жылдарнында 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жығы 27 қаңтарға дейінгі қоршау кезеңінде Ленинград қаласындағы жұмыс – екі есе мөлшерде;
4) 12 жастан бастап және онда үлкен жастағы азаматтардың 1941 жылғы 8 қыркүйектен бастап 1944 жылғы 27 жылға дейінгі қоршау кезеңде Ленинград қаласында болған уақыты – екі есе мөлшерде;
5) Ұлы Отан соғысы кезінде басқа мемлекеттерде басқа мемлекеттердің аумағына зорлықпен апарылған адамдардың сондай болған уақыты, фашистік концлагерьлерде (геттоларда және соған кезеңінде мәжбүрлеп ұстайтын басқа да орындарда ұсталған уақыты), егер аталған кезеңдерде бұл адамдар Отанға қарсы қылмыс жасамаса – екі есе мөлшерде;
6) Заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған және қуғын-сүргінге ұшыраған, кейіннен ақталған азаматтардың қамауда болған, бас бостандығы айыру, жер аудару орындарында жазасын өтеу, бас бостандығын шектей отырып мәжбүрлеп еңбекке тартылған, арнаулы коныстандыру орындарында ұсталған және психиатрлық мекемелерде мәжбүрлеп емдеуде болған уақыты – екі есе мөлшерде;
7) Семей сынақ полигонына жапсарлас жатқан аудандардағы 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде жұмыс істеп, әскери қызмет атқару – үш есе мөлшерде; 1963 жылғы 6 шілдеден бастап 1992 жылғы 1 қаңтарға дейінгісі – бір жарым есе мөлшерде;
8) Алапеске және обаға қарсы мекемелерде, иммундық тапшылық вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі жұқпалы аурулар мекемелеріндегі жұмыс – екі есе мөлшерде; сот медициналық сараптама мекемелеріндегі және емдеу мекемелерінің патология-анатомиялық бөлімдеріндегі жұмыс – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыс тізбесі бойынша бір жарым есе мөлшерде;
9) Толық навигациялық кезең ішінде су көлігіндегі жұмыс бір жыл істеген жұмыс үшін есептеледі;
10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, өнеркәсіптің маусымдық салалары кәсіпорындарындағы толық маусым ішіндегі жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізім бойынша бір жылғы жұмыс стажына есептеледі.
Зейнетақыны тағайындау үшін қажет стаждың болуын растау. Зейнетақы тағайындау үшін қажет стаждың болуы не құжаттармен, не куә көрсетулерімен дәлелденеді.
Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы еңбек туралы» заңының 13-бабына сәйкес қажет еңбек стажын растайтын қжаттар болып мыналар табылады: еңбек кітапшасы (болған жағдайда), жеке еңбек шарты, жұмысқа алу және одан босату туралы бұйрықтардан выписка.
ҚР «ҚР-дағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының 12-бабына сәйкес 1998 жылы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге Орталықтан зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек стажы еңбек кітапшасымен расталады.
Кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін еңбек кітапшалары 1939 жылдан, ал ұжымдық ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (ұжымдық шаруашылықтардың) барлық мүшелері үшін – 1965 жылдан бастап толтырыла бастады.
Еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау туралы, басқа тұрақты жұмысқа ауыстыру туралы, барлық негіздер бойынша жұмыстан босату туралы жазбаларды жұмыс беруші (басшылық) қжаттардың (бұйрықтар, өкімдер) негізінде және соларға сілтеме жасай отырып жазады.
Еңбек кітапшасына енетін жазбалар шимайсыз, өзгертусіз, тазалаусыз және т.б. жазылуы қажет. Егер еңбек кітапшасына жұмыстың мерзімі және сипаты туралы және т.б. мәліметтер туралы қате жазбалар енгізілсе, онда қате не дәл емес жазба енгізген кәсіпорын, мекеме, ұйым ғана еңбек кітапшасына өзгертулер енгізу құқығына ие болады. Түзетулер бұйрықтың не өкімнің түпнұсқасына дәл сәйкес келуі тиіс жіне белгіленген тәртіпте куәландырылуы тиіс. Куә көрсетулері осының алдында енгізілген жазбаларды өзгерту үшін негіз бола алмайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, өзгертулер тек құжаттардың – бұйрықтардың, өкімдердің және т.б. негізінде енгізіле алады.
Еңбек кітапшасы жоқ немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмыс туралы мәліметтерді растайтын құжаттардың негізінде не сот шешімінің негізінде анықталады.
Кәсіпкерлік қызметпен не өзге де қызметті жүзеге асырған азаматтардың еңбек стажы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтандыру жарналарын төлегені туралы құжаттармен расталады.
Аталған құжаттар болмаса немесе оларға жазбалар дұрыс енгізілмес, онда еңбек стажының болғандығын растаудың қажеттігі туады. Дәлелдемелер ретінде өзге құжаттар немесе куәлардың көрсетулері ұсынылуы мүмкін. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?