Психология | Еңбек психологиясы

Психология | Еңбек психологиясы

Еңбек психологиясы

Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып огтырады.
Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және олардың құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі — ойын. Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға шығармашылық, ақыл-ой, спорт ойындары т.б. жатады.
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі — еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің калыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К. У. Ушинский: "...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады" дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын Д- С. Макаренко былайша түсіндіреді: "Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбексіз тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуге болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасын қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады. Жалпы еңбек әрекетінің (жеке және ақыл-ой) негізгі ерекшелігі — оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін, белгілі еңбек тәртібі қажет етеді.
Еңбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек болмайды. Адам өз еңбегінің жұртқа және өзіне пайдалы екендігін, одан шығатын нәтижені үнемі сезініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді, пайдалы болып қана қоймай, ол сонымен қатар творчсствалы сипатта болуы қажет.
Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш жастағы балалардың шешініп, киінуінде де, ойыншықтарын жинап қоюында да еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй-ішіне қолғабыс тигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарларына жем береді т. б. Осы айтылғандардың бәрі — еңбек процесінің нақты көріністері.
Адамның мәнсіз еңбектен шаршап, оның тіршілік әрекеті уақытша нашарлап отыратын кездері болады. Шаршау, үлкендерге қарағанда, жас өспірімдерде көбірек байқалады. Шаршау организмде әр кез пайда болып отыратын заңды психофизиологиялық құбылыс. Дұрыс ұйымдастырылған демалыстан кейін шаршау басылады да, организм тың қалпына кайта келе бастайды. Ал, шаршау қайталана берсе, ол оның созылмалы түрі - қажып, болдыруға ауысуы мүмкін.
Қажу немесе болдыру ми қабығының біркелкі жұмыс істеу қабілетінің бұзылуынан байқалады да, адамның кеңіл-күйіне қолайсыз әсер ете бастайды. Мұндайда бас ауырады, адамда орынсыз ашушаңдық, әлсіздік, асқа тәбет шаппау, ұйқы бұзылу, т.б. осы секілді қолайсыз жағдайлар туындайды. Жүйке жүйесінің қажуы ақыл-ой жұмысының нәтижесін төмендетеді, адамның, оқуға ықыласы соқпай, оқығанын тез ұмытып қала беретін болады. (Қажу, болдыру кейде үй жағдайының тынымсыздығынан, айналасындағылармен түсінісе алмаудан, бұларға іштей ренжіп, қайшрып қиналудан да туындайды.
Жиі шаршау - болдырудың субъективтік көрсеткіші, бұл "басталып келе жатқан болдырудың белгісі" - дейді
А. А.Ухтомскідаи 1875-1942).
Сондықтан да, әрбір адам өз мүмкіндіктерін ескере отырып, шаршау мен болдыруға төтеп бере алатын жағдайларды үнемі еске алып отыруы абзал. Бұл үшін:
1) жұмыс орнының тазалығы мен жинақы болуы, оның микроклиматы мен жарық тығы, ауа тазалығы тиісті гигиеналық талапқа сай келуі тиіс;
2) әр адам өзінің жеке-дара ерекшеліктерін еске алып, түрлі жұмысқа қажетті қозғалыс-қимылдарды ретімен дұрыс пайдалануы, әсіресе, дене шынықтыру мен режимнің талаптарын қатаң сақтауы қажет;
3) орыс фнзиологы Н. Е. Введенский (1852-1922) белгілеген жұмыс қабілетін арттырудың бес шартын сақтау, атап айтқанда:
а) жұмысқа біртіндеп ену;
ә) жұмыс ырғағын бұзбау, мұндағы біркелкілікті сақтау;
б) іс-әрекеттің жүйелі және жоспарлы болуын қамтамасыз ету;
в) еңбек пен демалыстың дұрыс алмасуын қадағалау;
г) еңбек нәтижесінің ұным таратқан дүрік бағалануын үнемі еске алып отыру қажет.

Бала психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты. Еңбектің адам сана-сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К.У.Ушинский: "Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің, адамгершілігі мен ақыл ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады." - дейді. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, белгілі еңбек тәртібін қажет етеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?