экономика | Ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар

экономика | Ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар

Инвестиция ұғымы және оның Қазақстан
экономикасындағы маңызы мен мәнi

“Инвестициялар” деген ұғым ағылшын тiлiнен аударылған (investment) “капитал салу” деген мағына бередi. Көп авторлардың айтуы бойынша бұл терминдер орыс тiлiнде синоним ретiнде ( яғни бiр мағынадағы сөздер ретiнде) қарастырылады. Қазақ тiлiнде де, дәл осындай түсiнiк қалыптасқан. Экономикалық әдебиеттерде “капитал салу” (капиталдық шығындар) ұғымы жаңа кәсiпорындарды құру, iстеп тұрған үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылысқа (өндiрiстiк емес капиталдық шығындар) жұмсалатын қаржы құралдары ретiнде айқындалады .
Мәселен, кең ұғымда экономикалық әдебиеттерде “қаражат салу” түсiнiгiнiң анықтамасы берiлген-әрекет етiп кәсiпорындарды қайта салу, техникалық кеңейту, ұлғайту және жаңа кәсiпорындарды салу үшiн (өндiрiстен қаражат салу) жұмсалатын қаржылар, сонымен қатар, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени –тұрмыстық құрылыстар салу үшiн өндiрiстiк емес, қаражат салу) жұмсалатын қаржылар деген. Яғни, қаражат салу дегенiмiз – негiзгi қорлардың туындауына, кеңеюiне және дамуына мақсатталған шығындар. Инвестиция ұғымына Дж.Кейнс келесiдей анықтама бередi. “Нақты кезеңдегi өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде пайда болған капиталды мүлiк бағалығының ағымды түрде өсуi” немесе, нақты кезеңдегi кiрiстiң тұтынылған бөлiгi. Ал, Массе пiкiрi бойынша, “инвестицияланылған игiлiктiң көмегiмен бүгiнгi күштi қажеттiлiктi қанағаттандыруды күтiлетiн болашақтағы нәтижеге алмастыру актiсi иевестициялау болып табылады” деген. Осы жалпы анықтама капитал салу актiсiне сәйкестендiруге болады.
Х.Г. Лобесс анықтамасы бойынша: “инвестиция деп - өндiрiстiк күштi құру үшiн тiрi еңбек күшiн пайдалану процесi, осының көмегiмен өндiрiс процесiнде тiрi еңбек күшiнiң маңыздылығын өсiредi”
Жоғарыда айтылған анықтамаларды сарай келiп, осы күрделi экономикалық ұғымның епекше белгiлерiн айта кетейiк. Ерекше белгiсi ретiнде қаржы-қаражат танылады, осы қаржы-қаражаттың қозғалысын инвестициялық құралдардың заттарға және еңбек құралдарына шығындалуын, сонымен қатар, материалдық және рухани игiлiк өндiрiсiне салынған еңбек ретiнде қарастыратын процесс есебiнде тануға болады.
“Капитал” инвестициясы - өндiрiстiк қызметтiң нақты кезеңдегi тұтынылатын жинақталған және қолданылмаған кiрiс бөлiгi және ол өндiрiске қайта салынуы тиiс, осындай жағдаймен бұл процесс бiрнеше рет қайталанып тұрады.
Осыған сәйкес, инвестиция дегенiмiз - өндiрiстiң барлық факторларын кешендi түрде бiрiктiрiп тұратын инвестициялық процесс, яғни әлеуметтiк-экономикалық заңдылық.
Егер жоғарырақ көрсетiлген ережелерге сүйенсек (В.М.Шумиловтың "капитал салу" және "инвестициялар" термиңдерiне беретiн анықтамаларын караңыз), тiкелей инвестициялар деп “тар” мағынадағы (тек экономикалық мағынадағы) капитал салуды тұсiнуiмiз керек. Яғни, мүндай жағдайда тике¬лей инвестицияларға кәсiпорындардың айналымдағы кұралдарына салынатын салымдар жатпайды. Ал, шетелдiк инвестициялардың неiзгi капиталға да, айналымдағы капиталға да салынуы мүмкiн екенiн ескерсек бұл дефиницияны (аныктаманы) әлi де жетiлдiру кажеттiгi сөзсiз түсiнiктi болады. Бұл жағдайда капиталдың негiзгi не айналымдағы құралдарға салынуы маңызды болып табылмайды. Осыған негiзделе отырып, тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы Заң бойынша тiкелей инвестициялардың дефинициясына сүйенсек, шешiмiне әсерiн тигiзе алатын қазақстандык занды тұлғаның айналымдағы кұралдарына жасалған салымдар тiкелей инвестиция болып табылмайды. Сонымен, тiкелей инвестицияларды ұғымының нақты түсiнiгiн беру мәселесi заңдарымызда әлi де шешiмiн таппай отыр.
Бұған қоса, тiкелей инвестициялар ұғымы заңда нақтыланбаған кезде, портфельдiк инвестицияларды - инвестициялардың барлық басқа түрлерi деп аныктауды логикаға жатқызу қиын.
“Инвестор” түсiнiгi туралы айтып кетейiк.
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтарындағы “Инвестициялар туралы” жаңа заңы “инвестиция” ұғымына келесiдей түсiнiк бередi: Инвистиция болып табыс алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет объектiлерiне салынатын мүлiктi және санаткерлiк қазыналардың барлық түрi танылады.
"Инвестиция" ұғымының анықамасы халықарлық шарттар мәтiнiн де көрiнiс тапқан. Мысал ретiнде, 1959 жылғы 25 қарашадағы ФРГ мен Пакистанның арасындағы "Инвестицияларды қорғау және марапаттау туралы" шартты айтуға болады. Осы шарт бойынша, Инвестиция әр түлi нысандағы капиталдың бiр мемлекеттiң территориясынан келесi мемлекетке инвестициялануы .
Жоғарыда айтылған анықтамалардан көретiнiмiз, меншiктiң "шетел инвестицияларынын" негiзгi элементi ретiнде танылды. Көптеген ғалымдар мен мамандар қазiргi уақытта осы пiкiрдi ұстанады.
Шетелдiк меншiк ұғымының түсiнiгi Қазақстанның екi жақты шарттарында көрiнiс тапқан. ҚР-сы мен Германия Федеративтiк Республикасының арасындағы "Қаражат салуды өзара қорғау мен марапаттау туралы" 1992 ж. 22 қыркүйектегi шарттың 1 бабына сәйкес, барлық мүлiктiк және өзге қазыналар түрлерi:
а) жылжитын және жылжымайтын зат түрiндегi меншiк, және кепiлдiк құқығы және ипотекалык құқық сияқты өзге мүлiктiк құқықтар;
б) iскерлiк қатысуға құқықтық және өзге де нысандағы компанияларға қатысу;
в) экономикалық бағалығы бар қызмет көрсету немесе экономикалық бағалықты құру үшiн пайдаланылатын ақша қаражаттары бойынша талап ету құқығы;
г) санаткерлiк меншiк құқығы; авторлық құқық, патенттер, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер және модельдер және тауарлық белгiлер, фирмалық атаулар, өндiрiстiк және коммерциялық құпиялар “ноу-хау” технологиясы;
д) концессиялар, табиғи ресурстарды өндiру және барлау концессиялары;
Инвестицияны әр түрлi нысандағы және түрдегi меншiк ретiнде танығаннан кейiн, мемлекет меншiк иелерiнiң мүдделерi мен құқықтарын қорғайтын экономикалық нормаларды белгiлеуi қажет.
Осы жағдайға байланысты "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңы 2003 жылдың 8 қаңтарында қабылданған болатын. Сондай-ақ оған дейiн елiмiзде "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" заңы қабылданғаны да белгiлi. Осы екi негiзгi заң өзгi заңдармен кешендi түрде жалпы ұлттық режимдi құрайды.
Инвестициялык саясат экономикадағы құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асырушы басты тетiк болып табылады, яғни экономикалық проблемаларды шешедi, ғылыми және техниканың дамуын көздейдi, халықты жұмыспен қамтамасыз етуiн жүзеге асырады .
Инвестициялық климатқа әсерiн тигiзетiн экономикалық факторларға экономиканың жалпы жағдайын, елдiң валюталық, несиелiк және қаржылық жүйелерiндегi жағдайды, кеден режимiн, жұмыс күшiн пайдалану режимiн (оның құнын, бiлiктiлiк деңгейiн, жұмыс жасау өнiмдiлiгiн) жатқызуға болар едi. Әлеуметтiк факторлар қатарына қоғамның жеке меншiк пен шетелдiк инвестицияларға көзқарасын, қоғамда ел дамуының негiзгi әлеуметтiк-экономикалық сауалдары бойынша әлеуметтiк және саяси келiсiмдiлiктiң болуын жатқызамыз .
Осы соңғы он жылдың аралығында Қазақстан Республикасының экономикасы әкiмшiлiк басқаруға негiзделген жоспарлы экономикадан бас тартып, нарықтық экономикаға көшкелi бұл салада аталған елдiң экономикасында тың өзгерiстер орын алғаны белгiлi. Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесiнде тәуелсiздiк алған бұл жас мемлекет Қазақстан үшiн, әрине тарихи тұрғыдан бағалағанда бұл он жыл тым аз ғана уақыт болып табылғанмен, алайда осы аз ғана уақыт аралығында Қазақстан Республикасында қоғамдық формация ғана өзгерiп қоймай, сондай-ақ бұл елдiң экономикасы бұрынғыдан мүлдем басқаша жаңа принципке негiзделiп, жаңаша жұмыс жасай бастады деп айтуға болады.
Бүгiн қойнауы мұнайға бай Қазақстан Республикасында мемлекет экономикасы аса жоғары қарқынмен даму үстiнде деп айтуға болады. Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттiк ретеудiң маңызы нарық жағдайында да өзiнiң өзектiлiгiн, яғни актуальдығын жоғалтқан жоқ деп айтуға болады. Себебi мемлекет барлық жағдайда да бұл елдiң экономикалық дамыуының негiзгi бағыттарын айқындап, әсiресе стратегиялық макроэкономикалық бағытта алдын-ала дұрыс жоспарлау жасап отыруға мүмкiндек бередi. Мiне осы тұрғыдан алғанда шетел инвестициясын тартудың және оны тиiмдi пайдаланудың аса жоғары стратегиялық мәнi мен маңызы зор. Әсiресе осы орайда мемлекеттiң ұстанған инвестициялық саясаты мен осы инвестицияны ұтымды реттеудiң экономикалық және саяси мәнi айрықша болып табылады.
Оның iшiнде:
-жылжитын және жылжымайтын мүлiктiк экономикалық, импорттаған және өңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары;
-акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзара нысандары;
- облигациялар мен басқа да борыштық мiндеттемелер;
-ақша салаларын, тауарларды, қызмет көрсету және инвестицияларға байланысты шарттар бойынша кез келген өзге орындауды талап ету;
- авторлық құқықтарды, патенттердi, тауарлық белгiлердi өнеркәсiп үлгiлерiн, технологиялық процестердi, ноу-хауды, норматива, техникалық, сәулеттiк, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы қоса, санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқықтық қызмет;
- қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензияға негiзделген немесе мемлекеттiк орган өзара нысанда берген кез келген құқық.
Сонымен бiрге, заңда "шетел инвестициялық" түсiнiгi берiлген, "ҚР-ның заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу нысанында жүзеге асырылатын инвестициялар және ҚР-ның заңды тұлғаларына кредит беру".
Мәселен, Қазақстандық экономистердiң мәлеметтерi бойынша, Салық пен инвестициялардың Халыкаралық орталығы батыс инвесторлары арасында өткiзген әлеуметтiк сұрау кезiнде қазақстандық нарыққа (рыноққа) деген олардың қызығушылығы белгiлi болды. Қазақстан Республикасындағы инвестиция¬ларға әсер ететiн стратегиялык факторлар арасында бiрiншi орында тұрғандары — iрi нарықтық потенциал мен табиғи ресурстар екенi анықталады. Осы факторлар дүние жұзiнде iскерлiк сипаттағы негiзгi жағдайлар болып есептеледi . Басқа факторлардың да маңыздылығы жоғары, мысалы, жұмыс күшiнiң арзан болуы (салыстыру үшiн текстиль саласындағы жүмысшылардың бiр сағаттық еңбек ақысы Швецияда — 18,59 долларды, Италияда — 13,96; Францияда — 10,41; Тайваньда — 3,53; ал, Литвада — 0,26 долларды кұрайды) . Осы сандар қазақстандык жұмыс күшiнiң де бәсекелестiк деңгейiн көрсетедi, бұл болса инвестицияларды тартудың косымша факторы.
Инвестициялардың келуiне үлкен кедергi жасайтын жайттар арасында шетелдiк инвесторлар бюрократияны, қаржылық қауiптi, салықтық (қаржылық) режимдi және құқықтық инфрақұрылымды (яғни, экономикалық саласын¬дағы өзгерiстер жылдамдығын) атайды .
Жалпы жеке iшкi кәсiпке капитал салу кейбiр анықтамаларды қажет етедi. Бiрiншiден, оқулықта инвестиция негiзгi капиталға қосымшаны бiлдiредi. Gепеrаl Моtогs-тың акциясын, облигациясын сатып алу кiрмейдi. Iс жүзiнде инвестицияға үй, зауыт, фабрикалар, мекемелер құрылыстары және фирмалардын қолдағы тауарларының қосымшасы жатады.
Егер бiз инвестицияны болашақта экономиканың өнiм өндiру қабiлетiн арттыратын ағымдағы белсендiлiк деп ойласақ, онда бiз бұған тек қана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да енгiземiз. Адамзат капиталы дегенiмiз— жұмыс күшiне қажеттi бiлiмдiлiк пен қабiлеттiлiк. Бiлiм адамзат капиталындағы инвестицияға жатады .
Шығынды тұтыну немесе инвестиция ретiнде топтастыру — келiсiм мәселесi. Экономикалық жағынан қарағанда шаруашылықтың сұйық май қорын арттыруы мен бақал дүкенiнiң сол жүмысты атқаруының арасында пәлендей айырмашылық жоқ. Дегенмен ұлттық табыс есебiнде жеке адамның сатып алуы жеке тұтыну шығынына жатады, ал дүкенiң сатып алуы тауар қорларына капитал салу болып табылады. Мұндай шектен тыс жағдай кеадесетiндiктен, көз мөлшермен былай деуге болады: Инвестиция — кәсiби сектордың негiзгi капиталға қосымшасы, оған коса ол тауар қорларымен тығыз байланысты .
Кәсiпкерлiкке капитал инвестициялау бизнес секторына қосымша қаражат шығындауға байланысты. Шаруашылық шығынын тұтыну шығыны деп есептеуге болады. Мысалы, шаруашылықтардың автомобиль сатып алуын қалай қараймыз?
Бұл ұзақ мерзiмдi пайдаланатын тауар болғандықтан, автомобиль сатып алуды бiз кәсiпкерлiкке капитал инвестициялар салынды деп ұғынуымыз керек. Және ол тұтыну шығынына жатады. Ұзақ пайдаланатын заттардың (автомобиль, тоңазытқыш) және басқа сатып алынатын заттардың сомасы бұдан басқаша .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?