Педагогика | Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп

Педагогика | Ежелгі Үндістандағы тәрбие мен мектеп

Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбекпен материалдық өмір процесінде пайда болды.
Қоғам дамуының алғашқы басқышы - рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және жанұяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің ролі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ол еңбек процесі еңбек құралын жасаудан басталды деп түсіндірді. Ал қарапайым еңбек құралын жасау, оны пайдалануды меңгеру ересек адамдар тарапынан жастарды үйретеді, яғни тәрбиелеуді қажет етеді.
Ф.Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ қоғамдық болды өйткені жеке жанұя болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің ұжымдық жұмысы болды.
Еңбек процесінде, ересектермен күнделікті қарым – қатыныс жасаужа, балалар өмірге қажетті дағдылар мен еңбек әрекеттерін меңгерді, халықтың әдет – ғұрпымен танысты, алғашқы қоғамдағы адамдардың өміріндегі салт- сананы сақтауға үйренді.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамның дамуында белгілі сатыда тек ер балалар мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылқтар кездесті. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару – жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Алғашқы қоғам дамуының белгілі сатысында мал бағу, егін салу, қолөнері кәсібі пайда болды. Өндіріс күштерінің дамуымен және адамдардың еңбек ету тәжірибесінің кеңеюімен қатар, тәрбие де күрделене түсті, ол жан – жақты және жоспарлы іске асырылды.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнері аса зор мән беріліп, үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәжірибелі адамдарға жүктелді. Ертедегі ойын және өлең ол дәуірдегі мінез – құлық тәрбиесінің құралына айналды.
Әскери тәрбиенің алғашқы элементтер, садақ ату, найзаласу, салт атқа міну, тағы басқа шыға бастады.
Тәрбиені ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала бастағандығын көрсетті.
Жеке меншіктің, құлдықтың және жеке жанұяның шығуына байланысты алғашқы қоғам ыдырай бастады. Енді қоғамдық тәрбиемен қатар, жеке жанұя тәрбиесі шықты. Қоғамды билеуші топтар: жрецтер (дін басшылары), көсемдер, ақсақалдар, абыздар пайда болып, олар еңбекке баулу тәрбиесімен білімге үйрету тәрбиесін бөле бастады. Жер өлшеу, өзендердің тасуына алдын ала болжау, адамдарды емдеу тағы басқа сол сияқты білімдерді олар өздері меңгеріп, өздерін ерекше адамдар етіп көрсетті. Бұл білімдерді үйрететін арнаулы мекемелер (мектептер) ашылды. Ол мекемелерде үстем тап өкілдерінің балалары тәрбиеленді.
Ал еңбекшілердің балалары ата-аналарынан еңбекке баулу тәрбиесін алумен ғана қанағаттанды.
Көне Үндістандағы тәрбие және мектеп
Көне Үндістанның тарихы екі дәуірге бөлінеді: дравид – арийлік және буддалық.
Дравид тайпасының өркениетті Қосөзеннің алғашқы мемлекеттерінің мәдениет деңгейіне сәйкес келген. Бұл тайпа б.э. 2 мың жылдығындағы Үнді жартыаралының түпкі тұрғындары. Бұл жерде тәрбие мен оқыту отбасының – сословиелік сипатта болды. Отбасының ролі алдыңғы қатарларда болды.
Инд жазықтығында мектептік білім арийге дейінгі кезеңде Храпптік мәдениет қалаларында пайда болды (б.ғ.д. 3-2 м.ж.). Бұл қалалар месопотамия мемлекеттерімен айтарлықтай тығыз байланысты болды. Тарихта бұл мәдениет туралы мәліметтер аз сақталған. Өзінше бір хаттары бар бірнеше жүз баспалар, жазуға арналған лайдан жасалған сиясауыт – міне осылар ғана сол уақыттағы білімнің заттай ескерткіштері.
Б.ғ.д. 2-1 мыңжылдықта Үндістан аумағында арий тайпалары билік еткен. Сол елдердің түркі тұрғындары мен арий жаулап алушыларының қарым – қатынасы негізінде касталық деп аталатын құрылым пайда болды. Тұрғындар негізгі төрт кастаға немесе варнаға бөлінді. Жоғарғы үш кастаны арийлердің ұрпақтары құрды: брахмандар, кшатрийлер (әскерлер), вайшыл (жериеленушілер, қолөнершілер, саудагерлер).
Төртіншісі – шудралар болып табылды (жалдамалы жұмысшылар, қызметшілер, құлдар) әлдеқайда әлеуметтік артықшылықпен брахмандар пайдаланды. Кшатрилар – кәсіби әскерилер – оларды бейбітшілік кезеңде мемлекет есебінен асыралды. Вайшыл еркін еңбекші тұрғындар бөлігіне жатты. Шудралар ешқандай құқыққа ие болмады, мойнында тек міндеттер болды. Дравидтердің ұрпақтары аянышты күйде болды.
Касташылық Көне Үндінің тәрбиесі мен білім беруінде өзінше ерекше із қалдырды. Тәрбие мен білім берудің генезисінің маңызды факторы діни идеология болды. Дравидтік – арийлік дәуірде брахманизм, одан кейінгі кезеңдерде буддизм және необрахманизм.
Дравидтік – арийлік дәуірде тәрбиелеу мен білім берудің қандай болуы керек деген туралы айтарлық тұрақты түсінік қалыптасқан. Олар әркез өзінің адамгершілік, ақыл – ойлық және физикалық сапасын өз кастасының ағзалық мүшесіндей жасалынуы керек деген идеяға негіздеген. Брахмандарда алдыңғы қатарлы адам қасиеті зиялылық артықшылық, кшатриларда – күш пен ерлік, вайшьтерде – еңбек сүйгіштік және шыдамдылық, шудрларда – адалдық саналды.
Идеалдық тәбиелеуге де көзқарас қалыптасты оған тек жоғарғы касталар үміткер бола алды. Оған сәйкес адам толықтай бақытты өмір үшін туылған. Тәрбиенің ақыл – ойлық дамуды (нақтылы ойнау, ойлап әрекет ету) руханилықтар өзіндік танымдық қабілеті). Физикалық жетілуді (өз денесін игеру) табиғатқа деген махаббатты қарастырды: Адамгершілік мінез – құлықтық жоғарғы көрініс жалпы игілікке әрекет ету деп саналды.
Бұндай идеалды тәрбиенің кең жайылған сипаттамасын біз көне эпостардан табасыз. Үнді арийлердің «Бхагавата – пурана» жазбаларында Кришнаның құдайлық және данышпандық тәрбиелеу үлгілеріне нақтырақ сипаттама берген.
Эпикалық патша - әскер және қайшы – құрдастарының арасында ойын мен еңбек ортасында өскен. Кейінірек ата – анасы оны данышпан брахманға оқуға береді. Достарымен бірге Кришна екі айдан аса уақыт веданы оқыды.
Идеалды тәрбиені ұстанушының бірі сондай –ақ. Рама болды – басқа көне үнді эпостың кейіпкері. Ол эпостің аты «Махабхарата» мұндағы адам бейнесі мына үлгіде болды. «Күш пен батылдықтан патша ұлымен ешкім теңесе алмады, және Рама барлығынан білімімен, тәртібімен, ақылдылығымен асып түсті. Қайырымды ол ешқашан ешкімнің ала жібін аттамаған. Оның жаны таза, қайырымды, аз сөйлейтін, үлкенге құрмет көрсетуші болған. Демалыс сағаттарында ол ұдайы әскери өнерге жаттыққан, пайдалы әңгіме дүкендер жүргізген. Ол ведаларды, заңдарды, дәстүрлеріді білген, сөзге шешен, ойшыл болған және парыз жолынан ешқашан айнымаған».
Өзінше бір қасиетті және оқу кітабының бірі «Бхагавадгита» болды. (б.ғ.д. 1 мыңж). Онда білім беру мен тәрбиенің жолы мен мазмұны ұсынылған «Бхагавадгита» данышпан ұстаздардың оқушымен әңгімесі түрінде жазылған. Мұғалім бейнесінде Кришна ал шәкірт бейнесінде патша ұлы Арджуна берілген.
Арджун қиын өмір жағдайына түсіп, Кришнадан сол жағдайдан шығу жолын табады. Кришнамен әңгімелескен сайын таным мен іс - әрекетін әлдеқайда жетілген деңгейіне жетеді. Білімді игеру алгоритмі келесі үлгіде көрсетілген: алғашында мұғалім жаңа білімдерді толықтай айтып береді. Сосын жіктеп сараптау; абстрактілік түсініктерді анық нақты мысалдарды талдаумен қатар жүрген.
«Багавадгите» бойынша оқытудың мәні келесіден құрылған: Кришна Арджунның алдына әртүрлі мақсаттар қойған. Мақсатты кеңейте, тереңдете отырып, шәкіртке ақиқатты өзінше іздеуге шақырып, танымның әдістері мен тәсілдерін үйренуге ықпал еткен.
Оқыту процесі күресумен салыстырылған. Онда Арджун жеңіске жете отырып билікке көтерілген.
Б.ғ.д. 1 мыңжылдық ортамына қарай Үндістанда отбасылық – қоғамдық тәрбиелеудің белгілі бір дәстүрі қалыптасты. Алғашқы баспалдақта отбасында жүйелік оқыту қарастырылған жоқ. Үш жоғарғы касталар үшін ол ерекше дәстүр ересектерге және шәкірттерге тұсаукесерде басталды. Бұдан өтпегендер өз кастасы өкілінен жұбайлы болу, ары қарай білім алу құқығынан айрылды. Осылай, үндіарийлік қоғамда отбасылық тәрбиелеудің нәтижесі бақыланып отырды. Оқушының кезеңге деген көзқарас адам өміріндегі заңдылықты кезең ретінде қалыптасты. Упаналманың реті, ары қарай оқытудың мазмұны үш жоғарғы кастаның өкілдері үшін бірдей болған жоқ. Брахмандар үшін жоғарыда аталған дәстүрлердің мерзімі 8 жасқа Кшатрилер – 11 жаста, вайшьлер үшін 12 жасқа келген. Брахмандарға білім берудің бағдарламасы біршама толық болды. Кшатрилер мен Вайшьтерде бағдарлама толық болмағанымен кәсіби бағытталған болды. Кшатрилер әскери өнерге үйретілді, вайшьилер ауыл шаруашылығы жұмыстары мен қолөнерге үйренді. Оқытудың ұзақтығы әдетте 8 жылдан асқан жоқ. Алайда кейбір жағдайларда оқыту тағы да 3-4 жылда создырылды.
Әдеттегі оқытудың бағдарламасы ең алдымен ведаларды айтудан, оқу мен жазуды үйретуден тұрды. Жоғарлатылған білімді көп жастар алған жоқ. Жоғарлатылған білік бағдарламасына мыналар кірді: поэзия және әдебиет, грамматика және философия, математика, сатрономия, Сол уақыт үшін жоғарлатылған білімнің мазмұны аса күрделі болған. Мынаны айтқанның өзі ақ жеткілікті. Көне үндістанда алғаш рет және ол белгілер көмегімен есептеу ендірілді. Оған кейінірек арабтар мен еуропалықтар ортақтасты.
Ұстаздардың үйінде оқу тәртібі көбінше отбасылық қарым – қатынастар типі бойынша құрылды: оқушы ұстаз отбасының мүшесі болып саналды және білім алумен қатар адамдық жалпы тұрмыстық ережелерін меңгерді.
Оқу сақтарына арналған арнайы орындар ол заманда болмаған. Оқыту ашық ағзада өткізілді. Отбасылық мектептер пайда болды. Онда ерлер білімді ауызша бере отырып, жастарды оқытты. Оқушылар мәтіндерді тыңдап, жаттап, талдаған.
Ұстаздар бастапқыда марапат алмаған. Сый-сияпаттар Символдық құндылыққа ие болған. Оқыту үшін негізгі төлем ұстаздың үш шаруасына шәкірттердің көмегі болды.
Жоғарлатылған білімді иемденген жастар өз танымымен белгілі ұстаздар – гуруларға барған немесе күйеу оқымыстыларды таласына және жиналысына қатысқан.
Қалаларға жақын жерде орман мектептері пайда бола бастады. Ол жерде гурулардың айналасында сенімді шәкірттері жиналған.
Б.э. 1 –ші мыңжылдығының ортасына қарай көне үнді өркениетінде жаңа дәуір басталады. Экономикалық, рухани өмірде, тәрбиелеу мен білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер орын алады.
Бұндай өзгерістер жаңа дін – буддизмнің туындауына жағдай жасады. Ол дін өз кезегінде көне үндінің барлық құрылымына белгілі бір ықпалын тигізді.
Буддалық оқыту дәстүрінің басында Будда немесе Шакья – муни Тұрад (623-544 б.э.д) олардың ізін жалғастырушылардың көзқарасы бойынша жоғарғы рухани жетістікке жеткен.
Ол брахмандардың діни мәдениеттегі монополиясына қарсы шыққан. Мәліметтер бойынша Будда ағартушылық жұмысын Банарес қаласына жақын жердегі орман мектебінде бастады. Оның айналасында - өзі сабақ берген шәкірттері жиналды.
Буддизм касталардың теңсіздік қағидасын теріске шығарды, жеке тұлғалыққа жүгінді, адамның туылғаннан бастап теңдігін алға тартты. Буддалық қауымдастықта барлық кастаның өкілдері қабылданды. Буддалық оқыту бойынша тәрбиелеудің басты мақсаты адам жанын жетілдіру болып табылады. Оған өзіндік таным мен өзіндік жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады. Бұл процесте негізгі үш саты бөлініп қарастырылды, шамаланған саты, бір ойға келу сатысы, ақырғы меңгеру сатысы.
Буддалық дәуірде оқу бағдарламасында өзгерістер орын алады. Басты назар Санскрит грамматикасына оқытуға аударылды. Ол Солтүстік Үндінің б.э. І ғ. алдыңғы қатарлы тілі болған. Осы уақыттарда көне үндінің буындық алфавиті – брахми құрылды. Б.э. ІІ ғ. Үнділерде алфвитті – буындық жазудың бірнеше жүйесі таралған.
Алфавитті – буынды жазуды пайдалану білім берудің нәтижесін айтарлықтай жоғарлатты.
Майда – шүйде білім беру ведалардың діни мектептерінде жүргізілді. Ведалардың мектептерінде оқыту сословиелік сипат алды. Ведалар мектебінде зияткерлік білімге көңіл бөлініп, діннің де элементтері болған.
Кейбір буддалық монастырлерде жоғарылатылған білім берілді. Бұл жағдайларда оқыту бағдарламасына философия, математика, медицина бойынша көне трактаттарды оқыту енген.
Оқу орындарында мұғалім әр шәкіртпен жеке жұмыс жасап, ақшалай марапат алып отырған. ІІ –VI ғасырларда индуизмнің жаңаруы болады. Бұл кезеңде «необрахмандық» деген атауға ие болған және тәрбиелеуге деген көзқарас айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Мектептердің саны көбейді. Тәрбиелік өмірдің мәнін ажыратып, өмірде рухани үйлесімділік пен тыныштық табуға көмектесу әдісі ретінде қарастырылған.
Үндістік храм жанындағы мектептерде санскриттен басқа жергілікті тілдің оқу мен жазуына оқытты. Оқу орныдарының екі типі анықталды: толь (бастауыш мектеп) және аграхар (әлдеқайда жоғарғы деңгейдегі оқу орны) Аграхарлар гурулар мен шәкірттердің қауымдастығынан құрылған. Аграхарлардың бағдарламасы жай-жайлап өмірлік қажеттіліктерге жақындап келді.
Голь мен аграхарға жас әр кастаның өкілдері үшін ашық болды. Кшатрилер мен вайшьлердің аграхарларға келуімен географиядан, математикадан, тілдер, дәрігерліктен білім беру аясы кеңейді.
Көне Үндіде ұйымдасқан тәрбие мен оқытудың дамуы жолында білім берудің бірқатар ірі орталықтары қалыптасты. Мұндай орталықтардың арасында Такташилдағы, Наландағы кешендер белгілі болды. Такташилдегі орталық шамамен бес жүз жыл жасады және онда белгілі ғалымдар мен философтар өмір сүрді. Олар медицинадан, өнерден, астрономиядан, жаратылыстанудан, коммерциядан сабақ берді. Такташила Көне Шығыс елдермен мәдени байланыс ұстады. Мысалы, Қытаймен.
Ниландадағы ағартушылық қызмет те белгіл болды. Оның жанында 13 буддалық монастырлер жұмыс жасады. Онда шәкірттер мен ұстаздар көптеп болды. Оқытылатын пәндер спектрі бай болды: индуизм және буддизм, логика, ведаға, медицинаға, философияға, тіл біліміне, құқыққа, астрономияға үйретті.
Осылайша, Көне Үндіде ұйымдасқан тәрбие мен оқыту дамудың ұзақ жолында жүрді деп айтсақ та болады. Уақыт өте келе оқыту бағдарламасы өмір практикасына жақындап келді. Оқушылардың әлеуметтік айналасы кеңейді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?