Экология | Жетісу аймағының табиғат-райы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері

Экология | Жетісу аймағының  табиғат-райы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.
Табиғи орта миллиардтаған жылдарғы даму барысында қалыптасқан өте күрделі құрылымды жүйе. Оның құрылымды бөліктеріне ұсақ организмдер, саңырау құлақтар, өсімдіктер, жан-жануарлар, адамзат, топырақ, қызу, жарық, басқа ғаламшарлар, жұлдыздар, түрлі тартулы күштері, магнитпен электр өрістері жатады.
Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.


1. Жетісу аймағының табиғат-райы және әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктері.

Географиялық орналасуы. Алматы облысы республикасының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Жер аумағы 224,0 мың км^2, яғни еліміздің 8,2% бөлігін иеленген облыс жерінің мөлшері бірқатар шетел мемлекеттерінің мәлелен Болгарияның ( 110,9 мың км^2), Албанияның (28,7 мың км^2), Гецияның (131,9), Белгияның (30,5), Испанияның (102,2) және т.б. аумағынан әлденеше асып түседі. Халқының саны 1558 мың, оның 440 мыңы қалада, 1118 мыңы ауылда тұрады. Батысында – Жамбыл, Солтүстігінде Балқаш көлі арқылы – Қарағанды, Солтүстік Шығысында – Шығыс Қазақстан, Шығысында ҚХР-мен, Оңтүстігінде – Қырғыз Республикасымен шектеседі. Орталығы – Талдықорған қаласы облыс құрамына 16 әкімшілік – аумақтық бөлініс – Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Еркелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Жаркент, Раймбек, Сарқант, Талғар, Ұйғыр, Іле, Қапшағай, Талдықорған, Текелі аймақтары енеді.
Табиғатының шекарасы. Алматы облысының аумағы сотүстігінде Балқаш қаласы арқылы Сарыарқаның оңтүстік сілемдерімен, солтүстік-шығысында Тарбағатай жотасымен, барлық мойлы тауларымен, Шығысында Жетісу қақпасы, Борохоро Боротола жоталары арқылы Қытаймен, оңтүстік-шығысында солтүстік Тянь – Шаньның Кетпен жотасымен және күнгей Алатауымен, оңтүстік Іле, Теріскей Алатауларымен және оңтүстік батысында Шу-іле тауларының Жетіжол және кіндіктас тауларымен батысында Жусандала үстірті арқылы Шу,Іле тауларының Айтау т.б. аласа тау аңғарларымен шектеседі. Солтүстік-батысында Балқаш көлі арқылы Бетпақдаланың Қиыршыңтасты шөлді шөлейтті өңіріне ұласады.
Жетісудың кең аумағы және тауларының биіктігі әр түрлі болуы оның климаты мен ландшафтарының да түрліше қалыптасуына ықпал етті.
Өзендері: Балқаш – Алакөл тұйық алабында жатыр дегенмен жер беті ағын облыс аумағында 800-ден астам өзендер мен су аңғарлары бар. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Жаманты, Ырғайлы, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйек.ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңаш көл, Сасық көл, Ұялы, Қошқар көл, Көлсай, Үлкен Алматы көлі, Іле өзені бойында Қапшағай бөгені және СЭС-ы салынған. Мұнан басқа Бартоғай, Күрті бөгендері бар. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі.
Топырағы мен өсімдік дүниесі. Облыстық топырақ және өсімдік жамылғылары тік белдемдікке байланысты қалыптасқан.жазық бөлігінде шөлдіңде, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгік, сораң, сексеуіл көктемде эфемир өсімдіктері басым тараған. Балқаш,Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі, боө далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал оданда жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы өседі. Биік тау альпілік шалғынын өлең шөп, алтай қоға жайы, тастесер т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір облыс малшыларының жазғы жайлауы.
Жануарлар дүниесі. Жазық жерінде қара құйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден: ондатр т.б. Таулы бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлан, бұлғын; құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді.
Экономикасы. Алматы облысының экономикасы көп салалы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. өнеркәсіпте электр қуаты (1997 ж. өнеркәсіп өнімдегі үлесі 39,9 %), машина жасау және темір өңдеу (6,5 %), құрылыс материалдары (6,2 %), тамақ өнекәсібі (38,2 %) ұн, жарма және құрама жем (5,5 %) салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, қыш-кәрлен өндірістері қалыптасқан. 1991-1997 ж өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкеніс бақша, жеміс жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыды. Одан тыс мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал, сүт, қымыз өндірістік шаруашылықтары қатар дамыған. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы т.б. құрал жабдықтар алынды.
Кен байлықтары. Облыс аумағында жанғыш және полиметал кендерінің қоры мол. Жетісу Алатауында Тентек, Текелі, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе, Кетпен жотасының оңтүстік баурайында тұйық полиметалкендері игеріле бастады. Іленің атырауында -марганец,Буғыты тауында вольфрам кендері барланған. Мыс кені Сарыөзек кентінен солтүстікке қарай Быжы өзен жағалауында кездеседі. Радиобелсенді кендер Ойқарағай шатқалында орналасқан. Сирек металл қоры облыстың орталық аумағында шоғырланған. Соңғы кезде облыстың солтүстігінде Семізбұғы тауы етегінде де алтынның қоры барланды.
Жанғыш кен орындарына болыс аумағында тас көмір қордасы жатады. Олар Көлжат аумағында маңындағы ойқарағай қоңыр көмірі және Жетісу қақпасы маңындағы тас көмір кен орындары.







2. Табиғат қорларың ластануы және оны пайдалану.

Облыста қазіргі кезде 2340 табиғат пайдаланушы тіркелген, оның ішінде 100-ы ауыл шаруашылығы мақсатында су пайдаланушыларға жатады. 2002 жылдың өзінде жаңадан 714 табиғатпайдаланушы қосылған екен. Бұл «тау соғарлар» мен «көл тауысарлар» ішінде Текелі кен байыту комбинаты ең үлкені болып саналады. Шағын саналатын Көксу кен байыту фабрикасының өзі сынақтан өту барысында 4367 тонна кенді пайдаланып, 4797 тонна қалдық шығарған және 24000 текше метр су тұтынған.
Ал Алматы қаласының «су арнасы» су пайдаланушы басты мекеме болып табылады және одан шыққан төгін су жыл бойында Сарбұлақ тоғанының көлемінен асып төгіліп тұрады. Осы сияқты «техноимпорт», «Талғар спирт», Түрген және Бесағаш өзендері суын пайдаланып, өзендерге жылына 4243 және 965,7 тонна (1062500 текше метр) былғаныш заттар төгуге рұқсат алған. Сондай-ақ бүгінде су қорыанықталған 40 жер асты су көздері пайдаланылады.
Тіршілік мәдениеттің тұтыныстарын қанағаттандыру мақсатында қоғамның табиғат қорларын пайдалану әрекеті табиғатты пайдалану деп аталады. Ол ұтымды және асырапты болуы мүмкін. Табиғатты ұтымды пайдалануға оны әуелі зерттеп-зерделеу, құнттап, ұқыпты пайдалану, оны қорғап сақтау және көбейту, пайдаланған кезде бүгінгі күннің қажетімен ғана шектеліп қоймай, алыс болашақ қажеттерін де ескеру жайлары жатады. Ысырапшылдықпен пайдалану табиғат қорларының азып тозуына, таусылып-тітуіне, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қошаған оратның былғануына, ластануына алып келеді.
Әдетте өндіріс тастандылары деп қандайда өнім алу барысында пайда болған және тұтыныстың қасиетін толықтай немесе жартылай жоғалтқан шикі зат қалдықтарын немесе жартылай өнімдерді айтады. Текелі кен байыту комбинаты, Теклі қуаттық кешені, Алматы 2- және 3-ЖЭС сияқты облыстық кен өңдеуші, қуат шығарушы мен жылу мен қамтамасыз етуші басты кәсіпорындары 2001 жылы 920,1 мың тоннаға артып кетуі пайдаланылған отын сапасының нашарлығымен түсіндіріледі.
Табиғат қорлары дегеніміз – адамның өмір сүріп, тіршілігін сақтауы үшін қоланатын табиғат тәні мен күштері. Оларға күн сәлесі, су, ауа, топырақ, өсімдік пен жан-жануарлар, кендер және барлық адам қолымен жасалмаған жаратынды дүние заттары жатады. Адам бұларсыз өмір сүріп, қандац да әрекет қыла алмайды және оларды:
- тікелей тұтыну нәрселері (ауызсу, ауадағы оттек, жеуге жарайтын және дәрілік жабайы өсімдіктер, балық т.б.).
- Қауымдық шаруашылыққа қажет еңбек құралдары ( жер, су жолдары т.б.).
- Барлық бұйымдар мен өнімдер жасалатын қаражаттар (тұздар, ағаштар, метал өнімдері т.б.)
- Қуат көздері су қуаты, жел қуаты, отын қорлары ретінде пайдаланады. Мұнан басқа табиғат қорлары демалу, тынығу, тоқалу, күшею үшін және басқа да мақсаттарда қолданылады.
Табиғат қорлары қолданысына қарай - өндіргіштік, денсаулықтық, әсемдік, ғылыми т.б. топтарға, табиғаттың қандай да құрауыштарының біріне жататындығына қарай – жерлік, сулық, тұздық, жан-жануарлар мен өсімдік топтарға, алмасу мүмкіндігіне қарай – алмастыруға болатын және алмастыруға болмайтын, таусылу мүмкіндігіне қарай – таусылатынға және таусылмайтынға жіктеуге болады. Ал таусылатыны – қайтіп қалпына келетін және келмейтінге бөледі.
Қайтіп қалпына келетін қорлар: Жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, топырақ құнарлығы.
Қайтіп қалпына келмейтін қорлар: жайылу кеңістігі, өзендер қуаты, пайдалы қазбалар.
Мұндағы қалпына келмейді деп отырғанымыз тіпті қалпына келмейтін немесе қалпына келу құбылысы оның адамның пайдаланып-тіресуіне қарағанда әлдеқайда баяу жүретін қорлар.
Топырақ пен орман салыстырмалы түрде өз бетінше қалпына келетін қорға жатады және бұл жайда жүздеген жылдарға созылуы мүмкін. Бүгінде әрбір кішігірім деген кәсіпорынның өз табиғаттан алып, тұтынатын кен байлықтарының мөлшерін барған сайын арттыра береді және оның бәрін ұшынды, төгінді қалдықтар мен күйресіндер түрінде кері қайтарып, қоршаған ортаның демалыс ырғағын бұза түседі.
3. Республикамыздағы экологиялық проблеммалардың
даму жағдайы және одан сақтану шаралары.

Қазақстанның табиғат жағдайлары алуан түрлі Қазақстан териториясы кең – байтақ жерді алып жатыр, Батыстан Шығысқа қарай 2,925 км. Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүргізіліп келеді. Ескірген технологияларда қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқты.
Топырақтың құнарлығының бұзылуы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және жүйкежүйелеріне әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, био – көптүрліліктің жойылуына әкелді. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облспен салыстырғанда жоғары. Концерогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өлімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2 – 4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 – баланы құрайды. Бұл көрсеткіш еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.
Семей ядролық полигонда 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га територияда радиоактивті жауын – шашын түскен.
1997 жылы бағалы қылқанжапырақты ормандардың үлкен териториясы елдің ормандардың 10 % - дан астамы өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуан түрліліктің кемуіне әкеліп соқты.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасан зор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. доллар, ауаның ластануы – 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру деңгейі ең жоғары.
Аймақтың экологиялық мәселері нгізінен су ресурстарын тиісіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. 1990 – 1996 жылдар аралығында 10 млн. га – дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн. га егістік жерлер өндірістен шығарылуы.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе – Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметі бойынша 50-70 мың тоннадан астам тұз көтерілуде. Ауыз суының сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты, Балхаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажеттілік 50% ғана орындалып отыр.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтрондайтын биологиялық ыдырату әдістері де басқа да механизмдер де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып өсімдіктерден жануарларға радиоактивті заттар азық – түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін.
Қазақстан териториясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары, уланған жауындар, халық шаруашылық мәселерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтік, радиоактивті қалдықтар.
1992 жылы қабвлданған климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Халықаралық Рамалық конвенсиясы дүние жүзі мемлекеттерінің алдына климаттың өзгеруі туралы конвенсия адамзат назарын төтенше бұзылуларға аударып отыр. Олар ең алдымен планетаның атмосферасымен өзара әрекеттесетін және атмосферадан тарайтын күн энергиясының жолын өзгертеді. Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қуіпі туып отыр. Бұдан туындайтын негізгі салдар – жер бетінің орташа температурасының көтерілуі және ауа – райының кең ауқымды аймақтарда өзгеруі, тағы басқа эффектілер болуы мүмкін. Үкімет – аралық климаттың өзгеруі мәселесімен айналысатын топтың сарапшыларының мәліметтері бойынша өнеркәсіптік даму бастағанға дейін 1850 жылмен салыстырғанда, қазіргі уақытқа дейін ғаламдық температура 0,5 С – ға көтерілген.
Болашақта температураның көтерілуінің адамзатқа және қоршаған ортаға әсері туралы болжамдар жасау қиын, себебі ғаламдық климат жүйесі өте күрделі. Оның құбылыстары атмосфера өзгерісімен байланысты ғана емес, мұхиттағы процестермен, биосферамен, гидросферамен қатынаста болады. Жер бетінде климаттың әр түрлі бөліктері өз – ара күрделі қарым – қатынасындағы өзгерістер нәтижесінде климат табиғи өзгерістерге ұшырайды. Бұл мәселе қазіргі уақытқа дейін жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.
Қазақстанның географиалық орыналасуы оның климатының қатаң континентталды және құрғақ болуының басты себебі болып табылады .Республика териториясының 50 % -дан астам бөлігін шөл және шөлейт ландышафт зоналары алып жатыр. Сондықтан су мен қамтамасыз ету мәселесі республикамыздың экономикасын өзекті мәселелерінің бірі болып табылады
Табиғат ресурстарының, тың және тыңайған жерлердің кең алқабының игерілуі, өзен суларының егістікті суғаруға, электр энергиясын өндіруге жұмсау нәтижесіндегі зор антропогенді қысым Арал мәселесі мен Қазақстанның жалпы су ресурстарының кемуіне әкеліп соқты. Егістік жерлердің өңдеудің төмен технологиясы және жамылғыларының көптеген жерлерде азуына әкеліп соқтырды.
Температураның артуы тау мұздықтарының кемуіне әкелді. Іле Алатауында соңғы 35 – жыл ішінде мұздану процесі 30%- ға немесе әр жылға шаққанда 1%- ға кеміген. Мұздықтардың көлемінің кемуі, мұздық жүйесіндегі су қорының да азаюына әкеледі. Мұздықтардың еруі үлкен мұздық көлдерінің пайда болуына әкеледі. Ал бұл көлдердің толуы сел жүру қаупін тудырады. Таулардың мұз қорының кемуі таулар мен тау бөктерінің микроклиматының құрғақшылық бағытында өзгеруіне, ал ол өсімдік жамылғысы мен жануарлар тіршілігінің қалыптасқан жағдайларының өзгеруіне әкеледі.
Экология өзінің танымы жағынан өте кең ұғым. Экология заңдылықтарына қарама – қайшылықтардың барлығы, табиғатқа әсер ететін және орныққан экологиялық қызмет нормаларына нұқсан келтірген құбылыстардың бәрі оны бұзғандық болып есептелінеді. Бір жағынан осыншама нәзік жүйені бүлдіру барлық тіршілік атаулыға өзінің зиянды ықпалын тигізуі мүмкін.
Экологтарға Атырау облысында жұмыс жетіп артылады. Біздің табиғи – климаттық жағдайымыздың өзі неге тұрады? Климатымыз тым континентальды, құмды дауылдар, масалар маза бермейді. Өлкеміз өсімдіктерге өте жұтаң.
Жасыл желектің жойылуы мен жолдардың бұзылуы өз алдына бір төбе көкейкесті мәселелер. Зиянкес насекомдарға, жердің тұздануы мен тақырлануына, құрғақшылыққа байланысты барлық проблемалардыбіз үшін біреу шешіп бермейді және біз үшін біреу жасамайды. Осы біз жерді дұрыс пайдаланып отырмыз ба? Жер жыртқанда кейде сауаттылығымыздың жетіспей жататындығы рас қой. Біздің байлығымызды игеру үшін облысымызға шетелдік мамандар келіп жатыр. Олар экологиялық жағынан таза азық- түлікті талап етеді. Сонда біз оларға не ұсына аламыз? Меніңше, жергілікті ғалымдармен қатар акционерлік қоғамдарда, фирмаларда қоршаған ортаны қорғау жөнінде әрқайсысының, өз бағдарламалары болуы керек. Сөз жоқ, осындай жағдайда күш біріктіре отырып, табысқа жетуге болады. Әрине, әлемдік деігейдегі жақсы приборларсыз экологиялық талаптардың бұзылуын жан-жақты бақылай алмайсыз. Сондықтан осы тұрғыда шешімді қадамдар жасалуы қажет.
Қазіргі таңда экологияға, қоршаған ортаны қорғауға оң қадам жасалып жатыр. Бұл заңды да. Себебі адамдар табиғатты әбден бүлдіріп бітті. Ал табиғат пен адам егіз десек, оған тас бауырлық, қатыгездік емес, мейірімділік қажет. Біз келер ұрпаққа Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2030 Жолдауында айтылғандай, жасыл орман, құнарлы алқап, мөлдір де таза өзен – көл қалдырумыз керек.
Ал алға қарай экологиялық сараптама мен аудитті жақсарту үшін төменгі мәселеге көңіл бөлу дұрыс болар еді. Оның ең бастылары сметалық құжаттардың сапасын одан әрі жақсартуға қол жеткізу, жаңа экологиялық таза технологияны өнеркәсіптерге енгізу, жоғарғы тиімді тәсілді пайдалану арқылы құнарлы жерлерді жаңадан өңдеу, оны қуаңшылықтан сақтау, су басудан, мұнай өнімдерінен сақтау. Минералды шикізат ресурстарын кешеді пайдаланупроблемасын шешіп, кіші және қалдықсыз ттехнологиялық процестерді енгізу,шаруашылық айналымға өнеркәсіп қалдықтарын кең қолдану керек.
Қоршаған ортаны қорғау туралы түрлі семинарларды жиі өткізіп, сарапшыларды материалдық қолдау және оларға ақы төлеу ісін жетілдіруіміз керек. Сонда осы және басқа да шаралар экологиялық сараптаманы жетілдіріп, экожүйені қорғауға көмектесетін болады.
Алматы қаласы еліміздегі ең ірі мегополис болып табылыды. Тау баурайында орналасқан, жел соқпайтын, климаты ыстық, қалада фотохимиялық реакциялар тез жүріп, ауадағы неше түрлі лас компоненттер оңтүстік астана тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп отырғаны жасырын емес. Қала әкімшілігі ауа атмосферасын тазарту үшін « Таза ауа – жанға дауа » бағдарламасын жасап, оны бір қтар халықаралық форумдарда қорғап, европалық комиссия осының негізінде « Қала ауа бассейінің ластануы » атты екі жарлық бағдарлама бойынша қайтарымсыз бір милион евро грант бөлген болатын. Бағдарлама ТАСИС бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде өткен жылдан бастап қалада елімізде ең қатаң экологиялық ереже қолданылып, қалаға этил бензинін әкелуге тиым салынды.
Ақтөбе облысы Азия және Европа екі континенттің қиылысында 300,6 мың шаршы км аумақты алып, Қазақстанның алты облысымен, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысымен және оңтүстікгінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақ автономиалық облысымен шектесіп жатыр. Халқы 676,6 мың адамды құрайтын облыс 12 әкімшілік – аумақтық ауданға бөлінген облыс орталығының 245,8 мың тұрғыны бар, өнеркәсібі мен инфрақұрылымы дамыған Ақтөбе қаласы болып табылады.
Климатының қуаңшылығына қарамастан, облыс аграрлық аумаққа жатады. Мемлекеттік шаруашылық жүргізу кезеңдерінде барлығы 156 шаруашылық, оның ішінде 112 совхоз және 44 колхоз ауылшаруашылығы өндірісінде 26 млн га жерлер, оның ішінде егістік жеолер – 2,3 млн га (8,6 %), жыртылған жерлер – 6,7 мың га (0,02%), көпжылдық шөптер – 0,9 мың га (0,01 %) шабындықтар – 469,7 мың га (1,8 %), жайылымдықтар – 24,0 млн га (89,7 %) құрайтын. Дәнді дақылдардың орташа түсімі аумақ бойынша гектарынан 1,5 – нан 12 центнерге дейін аутқиды. Ең жоғары егін түсімдері 1981 жылы – 1,7 млн тонна, ал 1992 жылы – 2,0 млн тонна құрады.
Облыстың жер қорының жағдайы жақсартуға, топырақтың құнарлығын көтеруді, әсер құрылымының ауылшаруашылығының даму бағытына сәйкес өзгерістер енгізілетін шараларды қабылдауды қажет етеді.
Жердің жағдайының өзгерістерін дер кезінде анықтау, оларды бағалау, қолайзыз процестерді болдырмаудың алдын алу және өзгеріске ұшыраған жерлерді қалпына келтірудегі мониторинг жүйесін қалыптастыру жалғастырылуда.
Облыстың батыс шегарасында ұзындығы 70 км кіріп жатқан Жайық өзені алып етеді. Аймақтың өсімдіктер әлемі өте алуан түрлілігімен көзге түседі, мұнда жоғары дамыған сабақты өсімдіктердің 447 тегі мен 92 тұқымдастарына жататын 1057-ге тартатын түрлері өседі.
Үстіміздегі жылы облыста жақсы егін өсірілді, 663,4 мың га егістік жерден 555,4 мың тонна астық бастырылды. әр гектардан жиналған егін өнімі орташа есеппен алғанда 8,5 центнерді құрады, 55,1 мың тонна картоп және 28,8 мың тонна көкеніс өндірілді. Келесі жылға егіске 64,4 мың тонна тұқым құйылды.
Ауыл шаруашылығы барлық өнімдерінің көлемі 1633,0 млн теңгені құрады.өткен жылғымен салыстырғанда 114,6%. Ет, сүт өндірісі өсіп, барлық мал түрлерінің өскендігі байқалады.
Облыста кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасында қарастырылған тұрғындарды әлеуметтік пен жұмыссыздыққа қоғау шаралары белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2000-2005 жылдар аралығында жалақы алатын нақты еңбек етушілер саны 2,5 есе өсті. 2005 жылдың басында экономикада нақты жұмыспен қамтамасыз етіген.
Қазақстанның жері қаншалық ұлан – байтақ болса, оның қойнауындағы табиғи байлықта соншалықмол әрі алуан. Ұлан ғайыросынау өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бетқорвса, жазы орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады, бірде жер бедері Тайгаға ұқсаса, енді бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпаттарға кезіксең, ізінше бұйрат-бұйрат құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар таулар алыстан-ақ көзге түседі. Республиканың солтүтігінен басталатын шексіз, шексіз жзық дала Орталық Қазақстанның жеріне ойысқан сайын Сарварқаның ауыр қыраттарына ұласып, одан әрі оңтүстікпен оңтүстік шығысқа қарай Алтай, Сауыр – Тарбағатай тауларының сілемдеріне, Жоңғар алатауы мен Тяшь – Шаньға дейін барады. Республика териториясын емін-еркін төрт географиялық зонаға – орманды дала, шөлейт және шөл зоналарына бөлуге болады.
Ендеше мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабалармен жайылымдарға маусымдың өзгеруіне қарай пайдаланған. Қандай әрекет етсе де табиғат ерекшеліктерін ұмытпаған. Табиғатқа деген мұндай көзқарас экологиялық жағдайды сақтауға деген негіздеді. Сондықтан да ұзақ уақыт бойы топырақ, өсімдік жамылғыларының қалыптасып дамуына ірі өзгерістер болмаған. Бір кездері игерілместей болып көрінген Қазақстанның кең байтақ жері бұл күнде экономикалық қуатымызды арттырып отырған өндіргіш күштердің өсуінің, ғылыми техникалық өрлеудің әсерінен және қоршаған орта жағдайларын ескрмеу салдарында аз уақыт аралығында экологиялық дағдарыстаға аймаққа айналып отыр. Бұрынғы кеңестер одағы жүргізілген солақай саясаттың кесірінен Қазақстанда экололгиялық пробоемалар тіпті көбейіп кеткен. Одақ тұсында республиканың индустриалды қуатын көрсететін үлкен жетістіктер жөнінде ақпарат көп беріледі. Осының кесірінен аз мерзімнің ішінде табиғат байлығы ысырыап болды. Оның тағы бір себебі қоғамда табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттіліктерді жалғыз объективті фактор, ал техникалық экономикалық есепті жалғыз дұрыс негіздеме деп тауып, табиғат дамуының заңдары мен экологиялық фактор ұмыт қалған жағдайда қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас қалыптаспайды. Жедел дамып отырған ғылыми- техникалық өрлеу де адамзаттың тұрмыс жағдайын жақсартумен қатар қоршаған ортаны ластап, қоғам мен табиғат арасында сәйкессіздік туғызады. Табиғат комплексі құрылымдағы компоненттердің өзара тепе-теңдігін байланысын бұзды.
Қазақстандағы 182 мың га жайылымның 110 млн га жалпы жайылымның 60 пайызы әр түрлі деңгейде зиян шнкті. Егер ақшаға шақсақ, оның зияны 10 млрд теңгеге тең. Басқаша айтқанда, 5 млн қойды жоғалттық деген сөз. Бұл жайылымдарды қалпына келтіру үшін 110 млрд доллар қажет. Қайта құру жылдарында 7 млн гектар орманның көзін жойып алдық. Бұл шығын 30 млрд теңгеге тең. Оған жануарлар мен өсімдіктердің аса бағалы түрлерінің жойылғанын айтсақ, шеккен зиянымыздың орны толмайды. Адамзаттың іс-әрекеті табиғатта зат алмасу мен табиғи компонентердің байланысына да әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, орман ағаштарының кесілуі кесірінен топырақтағы ылғал мөлшері азаяды.

Қорытынды.

Қорыта келгенде қазіргі экологиялық дағдарыстардың түпкі тамыры адам баласының табиғаттың қарапайым дамуы, зат және энергия алмасу заңдарын олардың теориялық негіздерін білмеуде жатыр. Елбасының « Қазақстан – 2030 » бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру мәселесіне аса көңіл бөлуі бұл проблеманың маңыздылығын айғақтай түседі.
Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың көздерін ашып, көкіректерін оятып, оларды жеріміз, табиғатымыз үшін жаны ашитын қамқоршы етіп өсіруге күш салып, табиғат – анамызға ашкөздікпен қарайтындармен күресуге тәрбиелеуіміз керек.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез-келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Боллашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшән табиғи ортаның жағдайы бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу,қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек. 5-ші маусымды бүкіл дүние жүзі қоршаған ортаны қорғау күні ретінде атап өтеді.
Шынында бүгінде адамзат баласы экологиялық құрылымның басында тұр. Осы апаттың алдын қазірден бастап алмасақ ертең кеш болады. Еліміздің экологиясын сауықтырмай экономикасын түзей алмаймыз. Сондықтан барлық күш жігерімізді экологияны түзетуге жұмсауымыз керек және бұл тек біздің, экологтардың ғана емес барша халықтың ісі дегім келеді.

Қолданылған әдебиеттер.

1 Экология . В. И. Коробкин, Л.В. Передельский. экономикалық жүйелер. Алматы : Экономика 2000 ж.
3. Экология : Г.С. Оспанов , Г.Т. Бозшагаева.
4. Табиғатты қорғауда өнеркәсібіміз. 1999 ж.Жақсыбаев Ә.
5. Экологиялық мәдениет және табиғатты көркейту. Ақиқат. 2001 ж.
6. Назарбаев Н. А. «Қазақстан - 2030» Алматы 2002 г.
7. Экология қуіпсіздікті қамтамасыз ету қоғамның тұрақты
дамуының кепілі 15-қаңтар Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық
өсуімен қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Атамекен – 2003 жыл, 22 қаңтар.
8. Қоршаған ортаны қорғау перзенттік парыз Атамекен 1998 жыл, 12 қараша.
9. Экология . В. И. Коробкин, Л.В. Передельский. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?