Психология | Дағды және оны қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері

Психология | Дағды және оны қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері

Іс-әрекет туралы түсінік
Қозғалыс, әрекет, іс-әркет. Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс-әркет арқылы адамның рухани өмір байлығы; ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.
Іс-әрекет үтінде сана қалыптасады. Сана әс-ірекет кезінде қалыптаса отырып, сол іс-әркеттен көрінеді де. Мұғалім оқушының жауап беруі мен тапсырманы орындауынан қарай оның білім дәрежесі жөнінен пікір түйеді. Оқушының оқуын талдай отырып, мұғалім оның қабілеті, ойлау ерекшелігі мен есте сақтауы жөнінде қорытынды жасайды.
Іс-әрекеттік категория. Жануарлар үшін қоршаған ортаның талабына организмнің биологиялық тұрғыдан икемделуін көрсететін өмір кешу ғана тән. Іс-әрекеттің қандай түрі болса да қозғалыс күйінле өеді: мейлі ол жазу жазғандағы станокта еңбек операциясын орындаған кездегі қолдың бұлшық еттерінің қозғалысы бола ма немесе сөз сөйлеген сөйлеу аппараттарының қимылы мабәрібір. Іс -әрекеттің негізгі сипаттамасы болып—оның мағыналығы саналады. Іс-әрекеттің мағынасыз болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетті ғылыми зерттеу болуы мүмкін, бірақ іс-әрекетті ғылыми зерттеу оның мағынасының ашылуын талап етеді.
Іс-әрекет-тарихи қоғамдық дәреже. Кез келген іс-әрекет қоғам әрекетімен үздіксіз байланыста, кез келген жеке адам-басқа адамдармен байланыста болады. Жекелеген іс-әрекет қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс бола алмайды, жекелеген іс-әрекет қоғамдық әрекеттің құрамды бөлшегі ғана болғандықтан, оны талдауды осы іс-әрекеттің қоғамдық өмір жүйесіндегі қызметін зерттеуден бастау керек. Психологияны жекелеген іс-әрекеттің несі қызықтырады? Оның сараптамасының объектісі болып-іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі жеке адам санаады. Жеке адам қандай да бір іс-әрекетті орындай отырып, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды, зейін салады, оның үрдісі кезінде адамда эмоциялар көзқарастар қалыптасады және тағы басқа. Егер жеке адамда әрекетті қоздырушы мативтер болмаса, оның мақсаты болмаса, өзінің әрекетіне себеп болатын нәрселерді немесе мадельдерді қабылдамаса, егер ол нені қалай істеу керек екендігін есінде сақтамаса онда іс-әрекет жүзеге аспайды. Қысқаша айтқанда, психологичлвқ деп аталатын, адамның күйлерінің, ерекшеліктерінің және үрдістерінің жүйесі іс-әркетте білінеді, дамиды қалыптасады.
Іс-әрекетті зерттеу кезінде психологияны, ең алдымен, қоғамдық қатынастардың субъективтік бейнелеуінің түрлерін білдіретін эмоциялар ерігі, мақсаттың қалыптасуы, мотивтер қызықтырады. Субъектіге қатынассыз қарастырылған іс-әрекеттің ешқандай психологиялық сипаттамалары болмайды. Олар тек іс-әрекет субъектісіне ғана тән болады. Психология іс-әрекетті зерттегі отырып, шындықтың субъективтік бейнелеуінің динамикасын, деңшілері мен түрлерін және бұл әрекетті психикалық реттеудің механизімін ашып көрсетуі керек. Егер іс-әрекеттің сыртқы көрінісі мен ішкі жабосы арасындағы байланысты түсіндіруге тырыссақ онда мынадай сұраққа жауап беру керек: психикада әлі жасалмаған әрекеттер нәтижесі қалай білінеді? Адамның іс-әрекеттің сыртқы және ішкі жақтары үздіксіз байланыста болады. Сыртқы жағы-адамның сыртқы әлемге ықпал етуін қамтамасыз ететін қозғалыстар. Оларды ішкі әрекет анықтайды және ретейді. Іс-әрекеттің құрылысын талдаудың алғашқы ұмтылыстарды оның элементтерін елестетіумен байланысты болады. Оларға алу, көтеру қою сияқты қарапайым қозғалыстар жатады. әс-әрекет-бұл адамның әлеммен қарым-қатынастарының динамикалық жүйесі. Осы қатынастар кезінде объектіде психикалық бейне пайда болады. Бұл бейне іс-әрекеттің мойындалған мақсаты түрінде болады. Іс-әрекеттің басқа жақтары мотив іс-әрекетті жобалау, ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау-мойындалуы да мүмкін
Адамның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекеттің актісі түрінде қалыптасады.
Әрбір адам іс-әрекет кезіне белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат көздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке кірісу үшін іштей томаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет объектісін білу қажет, сондай-ақ талаптанушы нақ осы біліммен және адам іс-әрекет нәтижесінде жеткісі келетін мақстапен ұштастыра білу керек.

Дағдының дамуы.
Дағдылану балаларда өте ерте кезде пайда болды. Ол елестету, ес процестерінде түрлі шартты рефлекстерің пайда болуымен бірге, адам өмірінің бірнеше айының ішінде-ақ көріне бастайды. Мысалы, кейбір бағаны тербетіп ұйықтатпасақ оған әңгіме, еретегі айтпасақ бірден ұйықтамайды. Егер баланың анасы өне бойы базардан, я басқа жақтан келгенде тәтті алып келсе, ол әр уақыт тәтті сұрайды. Егер баланың әр уақыт көңілін аулап, айтқанын істеп тұрсаң онда ол өз тілегін орындауды, айтқанын жүзеге асыруды керек деп дағдыланады. Сол себепті балаларды қоғамды әдемтерге үйретіп, жағымсыз әдептерге жуытпау керек. Балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары (жүру, тұру, отыру тағы басқа) дамыған. Олар қимыл-қозғалыс дағдыларын тезірек үйренеді себебі оардың буыны әлі қатпаған, кейбір қимылдар оларға өте тез беріледі. Мысалы, жас балалар мен үлкен адамдар сырғанақ теуіп үйренсе, жас балалар тезірек үйреніп кетеді. Дағдының кейбір кезде жоғалып етуі мүмкін. Сондықтан жоғалып кетпеу үшін жаттығудың үздіксіз болып тұруын естен шығармау қажет. Егер болса көп уақытқа дейін оқымаса, жазбаса, олардың оқу, жазу әрекеттері төмендейтіні даусыз.

Дағдының жалпы сипаттамасы. Адам жеке әрекеттерді орындау дағдысын меңгерсе, іс-әрекет мінсіз атқарылатын болады. Дағды-әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі.
Көпшілік дағдының негізінде кең тарапты, ақылға салынған әрекет жатады. Іс-әрекетті игерудің бастапқы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болады. Мысалы: оқуға үйрету кезіндегі сөзді буынға бөлу, буындарды қосу арқылы оны мағыналы сөзге айландыру оқыдың негізгі мазмұны болып табылады. Оқуға жаттығу үстінде оқушы жүгіріп оқуға дағдыланады. Яғни ол бұдан былай сөзді буынға бөлуді, буындарды қосуды мақсат етіп қоймайды. ¬Өйткені оның әрекеті енді жеңіл, жүйіртіп оқитын дағдыға айналады. Қандай да болсын дағдының негізінде шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру және бекіту жатады. Әрекетті тұрақты қайталау нәтижесінде нерв жолын соған икемдеу белгілі бір нерв жүйесінде қозу процесін дәлме-дәл тұрақтандыруға жеткізеді. Жіктегі тежеу-қозу проуесін шегіне жеткізу шоғырландыады. Сөйтіп, реакция мерзімін қысқартып, бір жүйеден екінші жүйеге айна қатесіз көшіп отыратын шартты рефлекторлық байланыстар жүйесі пайда болады. Балаға жазу үйреткенде мұғалім әріптің жеке бөлшектерін жазу дағдысын үйретеді. Ал жүгіріп жазғанда, әріптердің қаламды сүйкесі салып-ақ тізе береді. Жақсы жаттыққан қимыл дағдысы нәтижесінде еңбек өтімділігі артады, жұмыс сапасы жақсарады және адам тез шаршамайтын болады. Дағдыны жаттықтырғанға дейін заттармен қимыл жасаудың дәлдігі мен дұрыстығы көру және қимыл тандығыштарының бірікке қызметі арқылы бақыланады. Бұл фактілер дағдыны жаттықтыру проуесінде анализаторлар арасында өзара қатынас жүйесінде қайта құрулар пайда болатынын көрсетеді. Дағдының ерекшелігі оның автоматтануы болып табылады. Қалыптасқан дағдыны оны орындаған кезде сананың қадағалануын қажет етпейді. Жақсы жатыққан дағды тұсында қимылды сонымен бақылау оны жүзеге асыруды қиындататынын байқалады. Сананың бақылауы дағдыны, жүрісінен өзгерту кезінде ғана қажет. Алайда бұл айтылғандарға дағды санасыз әрекет деген қорытынды жасауға болмайды. Дағдының ерекшелігің оның санасыз түрде істелуінде емес, әрекеттің жоғары дәрежеде автоматтандырылуында деу керек. Әрекетті дағдыға айландыру сананы босатып, оны іс-әрекеттегі маңызды мақсаттарды шешуге жұмсауға мүмкіндік береді. Дағдының таорчестволық іс-әрекетке дағдысын үшн маңызы аса зор болатыны осыдан. Белгілі бір іс-әрекет жүйесінде қалыптасқан дағдылардың сипаты мен дәрежелерінің арақатынасы адамның психикалық ерекшеліктерін тәуелді болады. Адам үшін іс-әрекеттің қашан да қоғамдық әлуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығ жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәиже шығару-оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтын еске алуымыз қажет.

Дағдылану ерекшеліктері
1. дағдылану соқыр сезімдермен және басқа нәсіл арқылы пайда болған биолгиялық әрекеттен салыстырғанда адамның жеке басының тіршілігінде пайда болатын қылықтар.
2. Дағдылану үйренумен, жаттығумен бір әрекетті бірнеше рет қайталаумен, діл қазіргі әрекетті басынан өткізген адамның бұрынғы тәжірибесіндегі әрекеттерімен байланысып жүзеге асады.
3. Дағдылану әдейлеп дейінгі, ерік-жігері, күші жұмсалмаса да өздігінен автоматизм арқылы жүзеге асып отырады. Бірақ барық дағдылану автоматизм тәрізді болады деуге болмайды. Кейбір өте күрделі дағдыланулар автоматизм түрде әрекет етпеуі де мүмкін.
4. Дағдылану бір қалыпта өзгермей тұратын әрекет емес. Егер адам өзіің әрекетінде, жүріс-тұрысында, ақыл-ойында жаттығу, қайталау арқылы атқаратын болса, сол әрекеттін басқа әрекеттерге де көшіне алады. Дағдылану өте күрделі процесс. Оған бінеше некелеген бөлшектер еніп отырады. Дағдыланудың қалыптастыруда, адам баласында саналы әрекеттер үлкен орын алады. Көбінесе біз кейбір әрекеттерді қайталап дағдылануға үйренгенде, ол дағдыланудың не керегі бар, біз неге оған үйренеміз оның қандай пайдасы бар, оны қалайша атқару керек деген мәселелердің барлығын ойлап саралап, санамыздан өткізіп отырамыз. Автоматизмге айналған дағдыланулар өздігінен әрекет етіп адамның санасына бағынбайдығ оның ықпалында болмайды.



Дағдыларлы қалыптастыруды жаттығулардың рөлі.
Дағды жаттығу арқылы қалыптасады. Жаттығу дегеніміз нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын әрекет, ондағы мақсат осы әрекетті жетілдіруге түсу. Жаттығу процесінде белгілі бір түрде іс-әрекет ұйымдастыылады. Мұндай жағдайда істі, мысалы, әдемі жазу, фортепиянада ойнағанда екі қолды дұрыс ұстай білу тағы басқа осы сияқты анағұрлым жетілген дағдылар қалыптастыруға жеткізетіндегі етіп отырдауға назар аударған жөн.
Жаңа дағдыны қалыптастыру, дұрыс қалыптаспаған дағдыны өзгертуден гөрі анағұрлым жеңіл.
Іс-әрекетті ұйымдастырғанда адамның өзі атқармақшы жұмысқа ықыласты болуы үшін оны кейбір қимылдық дағдыларға баулығанда істі жеке-жеке операцияларға бөліп үйретумен бас тартқан тиімді екенін көрсетті. Бұлайша оқытудың мәні маныда: шәкіртті бастапқыда болашақ атқаратын қызметіне енетін жеке операцияларға үйретеді. Осылайша шәкірт жекелеген операцияларды орындауға әден төселіп алады. Қалыптастырмақшы дағдыға ықыласты болуда табыс маңызды роль атқарады. Тапсырманы табысты орындау және оған дер кезінде жақсы баға берілу дағдыны жетілдіруге ықталандырады. Психологиялық зерттеулер дағдыны қалыптастыруда баға беріліп отырған эксперименттік тапта жаттығуларға баға берілмеген бақылау табымен салыстырғанда дағдыны қалыптасыру анағұрлым табысты жүргізіледі.
Дағдыны әп-сәтте қалыптастыру мүмкін емес.
Дағдыны қажетті дәрежесіне жеткізе шыңдап сал дәрежеде бекіту үшін

Әріптер орта есептен 1 оқушы 30 секундта

45
43 Білетіндері
41 Білетіндері
40
38
37
35
33
32
30
28 Білмейтіндер
27
25 Білмейтіндері
23

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15

Дағдыларды қалыптастыру кезіндегі қателерді талдаудың рөлі (М.Н.Шараков деректері).
Адамның дағдыға машықтана алушылығына төмендегі белгілер көрсете алады.
Біріншіден: дағдының қалыптасуы, оның нтижесін үнемі біліп отыруға байланысты. Дағдыны қалыптастырудың нәтижелігі жаттығуға кеткен уақыттың азабынан, орындау сапасының жақсаруынан қателердің болмауынан, орынсыз шұғылданып, зарланып істеудің жайылуынан көреді.
Екіншіден: дағдыланушы адам жаттығуға біртіндеп кірісе, жаттығулардың арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үзілістер жасап отырса, үйрену әдістерін жетілдірсе үйренуге өзінің қатынасын жақсартса үйренетін дағдысының өзіндік ерекшеліктен білсе дағды нәтижелі болумен қатар тез қалыптасып соңынан берік орнығатын болады.
Үшіншіден: дағдының ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтіретін түрлі себептерді білудің маңызы зор. Мұның бірінші-объективтік, екіншісі-субъективтік деп аталады. Объективтік себептердің (яғни дағдыланушы адамның жеке басына қатысы жоқ кедергінің) біріне дағдыға қажетті құрал-жабдықтардың санасының нашар болып келуін жатқызуға болады. Дағдының үстінде қандай болмасын бір ұтымды әдісі тауап алу, мұны кейіннен нығайтып бекіту-осы айтылған екі жағдайда үйренушінің есінде болатын негізгі факторлар. Дағдыларға жаттығудың алғашқы кезеңіне адам неге дағдыланса да табысты болады, сондықтан да осы моментті өрнектейтін қисық, сызық ылғи да жоғары көтеріліп тұрады. Кей уақытта дағды жаттығуын өрнектейтін қисық сызықтың жатық немесе осыған ұқсас түрлері болады. Жаттығудың жүрдісіндегі мұндай кідірістері түрлі себептерден туып отырады.

Дағдының түрлері
Еңбектің қай түрінде болсын, сондай-ақ істің табысты орындалуы дағдыларлың белгілі бір қорын игерген ғана мүмкін болады.
Дағды: қимылдық, ойлау (сенсорлық) және мінез-құлықтық болып төрт түрге бөлінеді. Басқасынан гөрі қимылдық дағдылар көбірек зерттелген. Оларды алуан түрлі іс-әрекеттен көруге болады. Қимылдық дағдыларды қалыптастырмайынша еңбек операцияларын орындау, оқушыларды жазуға, оқуға үйрету мүмкін емес.
Ой еңбегінің стиліне міндетті компонент болып кіретін ойлау дағдыларының да маңызы бұдан кем емес. Бұл дағдылардың аса маңыздылары зерттендеруі рқу дағдысы, кітапты комплектілеу, лекция жазу, жаттау, дедуктивтік және индуктивтік ой қорытындылау әдісімен дәлелдеуді негіздну болып табыладын ой еңбегінде назарды бөлу және оны шоғырландыру, бақылау, моноитық сөйлеу дағдылары маңызды роль атқарады. Көп жағдайда ой еңбегі дағдысы белгілі бір қасиетін анықтайды.
Сенсорлық дағдылар қалыптастыру сезімталдықты дамытуға, анализатар ішінде немесе анализаторлар аралығында сенсорлық байланыстардың жаңа күйлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл ңс болмысты сезімдік бейнелеуді жетілдіруге байланысты қалыптасады. Мектепте оқушыларды алгебралық белшілерді көбейткіштерге ажыратуға үйрету де сенсорлық –ойлық дағдының мысалы болып табылады.
Мінез – құлық дағдылары. Адамның жеке басының ерекшеліктерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Бұл дағдылар мінез-құлық нормаларын білк және оларды өз басының қолдануы негізінде қалыптасады. Мінез-құлық дағдылары, мінез-құлықтың үйреншіктігі формаларынан туындайды. Мысалы: баланы адамармен инабатты сәлемдесуге үйретеді. Оған адамдармен өмірдің түрлі жағдайларында қалай амандасу керек екенін көрсетеді. Сан рет қайталау нәтижесінде балада үлкен адамдарға инабатпен сәлем беру дағдысы қалыптасады.
Дағдылардың өзара әсері. Адам белгілі бір іс-әрекетті меңгергенде әдетте оның бойында бір емес бірнеше дағды қатарынан қалыптасады. Жаңа дағдылар бұрыннан қалыптасқан ескі дағдылардың үстіне келіп қосылады. Ескі дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына жағымды немесе жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұрын қалыптасқан дағдының жаңа дағды игеруге игі әсері дағдының алмасуы деп аталады. Алмасу дағдының барлық түрлерінде байқалады. Моторлық дағдылардың мұндай ерекшелігі хирургтерді оқытуда студенттерді операция кезінде екі қолмен бірдей әрекет жасауға үйретуге пайдалынылуда. Сол қолмен әрекет жасауға дағдыланған хирург осы әрекеттің екі қолмен бірдей жасай алатын болады. Мектептегі оқу процесінде математика есебін шығару дағдысына алмасуын жиі байыуға есебін шығару дағдысына алмасуын жиі байқауға болады. Сол оқулық әдеби тексерген толдеу жасау дағдысы да оқулық текстерге талдау жасау дағдысына алмасады. Қалыптасқан дағдылардың игеруге жағымсыз әсері немесе қалыптасушы дағдылардың ескі дағдыларға жағымсыз әсері интер ференция деп аталады. Интерференция да алмасу сияқты, дағдыларды қалыптастыруға жалпы құбылыс болып табылады.
Б.Ф.Ломовтың зерттеулері Зертендік шрифтерді үйрету кезінде кейбір әріптер басым шрифтердің әріптеріен ауыстырылмағынан көрсетті. Бұл оқу және жазу дағдыларының әріптерді стандартты шрифтпен сызу дағдыларына интерференциялануы болып табылады. Жаңа дағдыларды қалыптастыру кезінде алмасу немесе инерференция болатынын білгендіктен мұғалім алмасуды әрекет әдістерін қалыптастыруды жеңілдетуге пайдаланыда және бір әрекет әдісінің екінші әрекет әдісіне дәлме-дәл жігін аша отырып интерференцияны болдырмайды. Мұғалімдердің ауызынан оқушыларға арналған.
Ал қазір келесі өз беттеріңмен шығарыңдар. Осылайша оқушалар дағдысы ссаналы түрде алмастыруға жаттығады. Оқытушы интерференцияға жол бермеу үшін жаңа есептің бұған дейін белгілі болған жолмен шығарылмайтынына оқушылардың назарын аударады.
Жүгіртіп оқу дағдысы орыс тілі мұғаліміне сөздегі қатені көруге кедергі жасайды. Бір типтегі еспті шығаруда қалыптасқан дағды бастапқы кезде екінші типтегі есептерді шығаруға кедергі жасайды.
Кері байланысты қамтамасыз ететін қимыл дағдысының қалыптасу әдістемесі.
Мұндай әдістеменің құрамына екі негізгі бөліи кіреді. Әр қимылдың шамамен аоынған толық негізін құру және оны игерудің шарттарын қамтамасыз ету.
Өз кезінде әр қимылдың бағдарлау негізі екі бөлімнен тұрады:
а) оқу картасы және ә) операцияныі және әр әрекеттің іс жүзіндегі жай-күйінің көрсеткіштерін өамтамасыз еткен бейімдемелерден тұрады. Әр оқу картасының тақырыбында қиылдың міндеттері көрсетіледі. Әдетте әрекет міндеті оның атауына да айналады. Сонан соң барлық операциялар бірінен соң бірі, «бағаналар бойымен», жүйелі түрде әрқайсысының қалай жасалу керек екендігі суреттеліп беріледі; сөзбен суреттелуі қиын кейбір тәсілдерге картаның сол жағынан таза бетке тәсілдің суреті немесе схемалық кескіні келтіріледі. Әр операцияны қандай дәрежеге дейін жету керек немесе қалай жасалуы керектігін көрсететін нақты сыртқы көрсеткіш белгіленеді.осылайша мысалы: күш салу үшін құралдың циферблатында бағытшаның қай жерге дейін баруы және бұл күш салу нормаларына сәйкес белгі көрсетіледі. Сонымен бірге құралдар, олардың құрылысымен іс-әрекеті және дайындығының белгісі көрсетіліп, түсіндіріледі. Әрекеттің нысаналық негізін қатаң қадағалау оның алдын ала оқылмай. Тек оқу картасындағы мезуда қолданылумен қамтамасыз етіледі. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?