География | Жекеленген аймақтардағы халықтардың құрамы, мәдениеті және тұрмыс салты

География | Жекеленген аймақтардағы халықтардың құрамы, мәдениеті және тұрмыс салты

Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы.Адамзат факторының қоғам өміріне барлық саласындағы алатын орны маңызды.Сол себепті оны зерттеп білудің мәні де зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары,зерттелуі.
Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны,оның құрамы,таралып орналасуы мен ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.Бұл мәселені демография және этнография ғылымдары да зерттейді.Осы ғалымдар негізінде географияның зерттейтін шептес саласы «демогеография» мен «этногеография» пайда болды.Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан,оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады.Маман-географтар үшін халықтың құрамын,оның ұдайы өсуін,олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы,еңбек ресурстарының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды.Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысындаәрбір халықтың этникалық тобының материалдық және рухани-мәдени жақтары,әдет-ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылған.Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған.Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретіндегі адам тәрізді маймылдардың пайда болған.көнтеген ғалымдардың пікірінше,адамдар белгілі бір үлкен аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан.Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік-Шығыс және Орталық Африка,Оңтүстік-Батыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропаны жатқызып жүр.Әрі қарай адамдар көбейе келе бірітіндеп басқа жерлерге тарала бастаған.Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне,Оңтүстік-Шыңыс және Солтүстік-Шығыс Азия елдерінде таралған.Болжам бойынша,одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге,ал Оңтүстік-Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Аустралия мен Жаңа Гвинеяға өткен.Бірақ алғашқы адамдардың санын білу оңай емес.Тіптен біздің ижыл санауымызға дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айту мүмкін емес.Оған деректерде жоқ.Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн адам болған дейді.
Халықты санау әдісі.Әлеуметтік даму процкестерін төмендегі статистикалық көрсеткіштер айқындайды;халықтың жалпы саны (тұрақты);туу,өлім және халықтың табиғи өсімі,халықтың 1000 адамына шағып есептегенде туу мен өлімі;өлімнің жеке себептері бойынша нәрестелер өлімі;некелескендер мен ажырасқандар саны,некелесу мен ажырасудың жалпы коэфиценттері;халықтың көші-қон қозғалысы.
Санақ аралығындағы жылдарда халық санын ағымдағы бағалау соңғы халық санағының қорытындысы негізінде жасалады. Оларға жыл сайын туылғандардың және осы аумақтан кеткендердің саны шегеріліп отырады.
Алғашқы халықты санауға деген қажеттілік құл иеленушілік құрылыста туды.Ең алғашқы халық санағы – Мысыр жерінде,біздің заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болды.Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Согдиана мемлекетінде жүргізілді.Ал,Киев Русінде санақ ХI ғасырда,Мәскеуде халықтың статистикалық есебі ХV ғасырда ғана басталды.Қазақстан,Ресей империясы және т.б. елдер КСРО құрамында ьолған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы жүргізілді.Олар:1897,1926,1939,1959,1970,1979,1989 жылдар.Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы санағы еді.
1940 жылдардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның жеке аймақтары тұрғын халқының есебін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне қарасты Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізілді.1949 жылдан бастап,бұл комиссия жыл сайын «Демографиялық жылнама» басып шығарып отырды.Мұнда жарияланып отыратын материалдарда дүние жүзі халықтары туралы мәлімет өте көп беріледі.
АЗИЯ ХАЛҚЫНА СИПАТТАМА (ҮНДІСТАН ХАЛҚЫ)
Үндістан халықтың саны – 1095 млн адам, орташа тығыздығы шамамен әрбір км²-ге шаққанда 290 адамнан көп. Үндістан көп ұлтты ел. Елдің көпшілігі (72%) үнді-арийлер (300-ден аса этностық топтар), дравидтер халықтың 25%-ын, монғол тектестер 3%-ын құрайды. Елде барлығы 500-ден аса ұлттар мен тайпалар мекендейді. Мемлекеттік тілі – хинди және ағылшын тілдері, сонымен қатар 14 тіл (бенгал, тамиль, телугу және басқа да) елдегі түрлі штаттарда ресми тіл ретінде қолданылады. Хинди тілінің бір нұсқасы – урду Үндістанның солтүстігінде кең тараған. Жалпы елдегі тұрғындар 100-ден аса тілде және көптеген диалектілерде сөйлеседі.
Басты діндер – индуизм (халықтың 82,5%-ы), ислам (11,4%), христиан (2,4%), сикха (2%), будда (0,7%).
Үндістан – халықтың табиғи өсуінің жоғарылығымен ерекшеленетін ел. Туу көрсеткіші әрбір 1000 адамға шаққанда 27,78 нәрестеден келсе, өлім-жітім әрбір 1000 адамға 10,07 адамнан (бала өлімінің деңгейі әрбір 1000 адамға 76,3 адамнан) келеді. Елдегі өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші ерлерде – 58 жас, әйелдерде – 60 жас.
Халықтың жыныстық құрамына тән нәрсе - әйелдерге қарағанда ерлер көп. Халықтың 15 жастан үлкендерінің шамамен жартысына жуығы (ерлердің 64%-ы, әйелдердің 39%-ы) оқи және жаза алады, 31,7 млн еңбекке жарамды адамдардың 65%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады. Шаруалар өте басым, олардың көбісінің жері аз, тұрмыстары өте нашар. Жұмысшылардың көбісі ұсақ, жартылай мердігерлік шеберханада жұмыс істейді. Соңғы уақытта техниканың соңғы түрімен жабдықталған кәсіпорындар көбеюде. Сыртқы көші-қон шектелген, ал ішкі көші-қон жылдам өсуде, ауылдан қалаға қоныс аударушылар жылдан-жыцлға өсу үстінде. Елдегі халықтың орналасу өзгерісін анықтайтын урбандалу жетекші үрдіске айналады.
Ұлыбританияның отары кезінде Үндістан өнеркәсіп орындары тек бірнеше ірі қалаларда (Калькутта, Мумбай, Мадрас) шоғырланған болса, қазір жаңа кәсіпорындар барлық штаттарда бар. Көптеген жаңа қалалар пайда болды, өнеркәсіп ареалдары қалыптасты. Өнеркәсіптің даму қарқыны ауыл шаруашылығынан басып озды.


Солтүстік Америка халқына сипаттама (АҚШ)

АҚШ халқының жөнінен де дүниежүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны 2000 ж. қарай 265-270 млн адамға жетпек; бұл бір ған ХХ ғасырдың өзінде оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз.
Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кеткен. 80-90- жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етеі. Халықтың жылдық абсолюттік өсімі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр.
Имиграция қашан да АҚШ халқының санана зор ықпал етіп келеді, солай болып қала береді.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастыруда жаппай имиграция шешуші роль атқарады. Қазіргі американ ұлты – бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктеріне, әсіресе Еуропа мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдары оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚШ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп білетін әртүрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де «жерсініп» адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммиграттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар-аборигендерге (үндістер, эскимостар және т.б). АҚШ американдары бүкіл халықтың 3∕4-ін, ал аборигендер - 1%-тейін құрайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?