Психология | Арт терапиялық жаттығулар
Арт-терапиялық жаттығулар
Көптеген арт-терапиялық жаттығулар көзді жұмып визуализациялау тәсіліне негізделген.Мұндай нұсқауды берген кезде қатысушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алған жөн.Р.Ассаджими мәліметтері бойынша экстраверт адамдарға көз жұмып қиялдау оңай болады, себебі мұндай адамдар көздерін ашқан кезде еріксіз түрде белгілі-бір сыртқы объектіні іздей бастайды.Демек көзді жұму экстраверттерге өз зейінін ішкі өміріне «бұруға» көмектеседі.Интроверттерге керсінше, көзді жұму үлкен қиындықтарды туғызады, себебі олардың назарынсыз да ішкі әлемге бағытталған, ал түрткі ішкі «бейнелер» және психикалық процестер ойдағы визулизация объектісін ығыстырып шығарады.Ал көзді ашу ішкі әлемге бағытталған интроверттердің назарын реттей алады.
К.Юнгтің айту бойынша, индивид әртүрлі психикалық функцияларға қатысты экстровертті немесе интровертті бола алады.Мысалы, сезімдерге байланысты интровертті және ойлауға қатысты экстравертті болады.Визуализация жаттығуы кезінде сезімдермен түйсік біз үшін үлкен маңызға ие, себебі негізінен түйсік көруге байланысты.Сондықтан сензитивті экстраверттерге ашық көзбен визуализациялау кезінде үлкен қиындықтар туады.Сонымен бірге сензитивті интроверттерге керсінше жұмған көзбен визуализациялау қиын болады.
Сонымен арт-терапия жұмысы сияқты шығармашылық процес болып табылады.Көптеген мамандардың айтуы бойынша арт-терапия үшін уақытты, құралдарды, материалдарды қолданудың икемділігі тән.
Арт-терапия қорынан мысалдарды, өзгертілген және арт-терапиялық жаттығулар (М.Либман,М.Наумбург,Д.Уэллер) төмендегідей:
«Айна»
Осы жаттығудың әртүрлі нұсқалары белгілі.Мұнда бір қатысушы көшбасшыны, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін атқарады.Көшбасшының міндеті-өзінің артынан ерту, ал бағынушы адам көшбасшысының қимылдарын дәлме-дәл, сол қарқында қайталауға тырысады. Екеуінің сезімдері мен қайғыруларын талқылап болған соң ролдердің ауысуы жүреді. Жаттығудың аяғында қатысушылар қай ролде өзін сенімдірек, ыңғайлы сезінгенін анықтап алған маңызды.
Осы жаттығудың қолдың тактильді контакты қолданылатын басқа да түрі де қызықты. Қатысушылар жақын ара қашықтықта бір-біріне бетпе-бет тұрады да, саусақ ұштарын түйістіріп синхронды қимылдар жасайды. Кейінірек әр жұптың қимылдары қаншалықты үйлесімді болғаны талқыланады.
«Кеңістікте сурет салу»
Қиялдағы бояу жаққышпен жасалатын «сурет кеңістігіндегі» (ауада) көсілмелі қимылдар бірте-бірте саусақтардың моторикасын жетілдіретін штрихқа өту керек. Жаттығуды жұппен де, топпен де орындауға болады. Топпен орындау кезінде қимыл мен оның қарқынының сипатын арт-терапевттің өзі ұсынады, ал кейін қалау бойынша топ мүшелері өздері орындайды.
«Соқыр және жетекші»
Осы жаттығуда ролдер алдыңғы жаттығуға сәйкес бөлінеді. Жұптар екі жақты келісімдер негізінде немесе спонтанды түрде кездейсоқ құрылуы мүмкін. Жұптарды кездейсоқ құру үшін қатысушыларға көздерін жұмып, тыныштықта жайлап кеңістікте қозғалу ұсынылады. «Соқыр» кіммен бірінші соқтығысып қалса, сол адамды «жетекші» етіп алады. Ең бастысы-вербалды емес өзара әрекеттесу.
Ролдермен ауысып, жаттығуды түрлі нұсқада қайталаған соң, бірінші жұппен, кейін топта алған тәжірибе, соның ішінде өзара сенім тәжірибесі талданып талқыланады, қатысушылар өздерінің алған әсерлері мен сезімдерін айтып береді.
«Менің көңіл күйімнің түсі»
Осы жаттығуды диагностикалық мәліметтерді алуда қолдануға болады. Сонымен қатар кіші топтарды қатысушылардың эмоциялық күйінің ұқсастық сипаты бойынша құрғанда қолдануға болады.
Кабинет кеңістігі шартты түрде сегіз түсті зонаға бөлінеді (Люшерлік түстер) әр зонаның ортасында бір түсті матамен жабылған текше немесе орындық орналасқан. Әр бір қатысушы лабиринтте серуендеп жүріп түсі оның көңіл-күйіне сәйкес келетін зонада тоқталу керек.
Нәтижесінде қатысушылар сандық мөлшер мен эмоциялық күйі әртүрлі топтарды құрап шығады. Кейінірек «көңіл күйдің таңбалары мен (символдармен,бейнелермен)» индивидуалды шығармашылық жұмысты өзгертуге болады, соның негізінде топтың эмблемасы жасалады.
Топтың ішінде алынған әсерлермен бөліскен соң, жаттығу қайталанады. Кейбіреулер өздерінің көңіл-күйлерінің түсін өзгертуі де мүмкін. Осындай өзгерістің себебін анықтап, осы қатысушылардан өздерінің жаңа эмоциялық күйін бейнелейтін тағы бір белгіні жасауды сұраған дұрыс. Л.Н.Собчиктің зерттеулері бойынша түстер қатарын таңдау адамның тұрақты (негізгі) қасиеттерінің жиынтығына және белгілі-бір жағдаймен себептелген күйге байланысты болып келеді.
«Пайдалы кеңес»
Қосымша диагностикалық мәлімеиттерді жинау үшін сегіз түсті қағаздан жасалған үшбұрыштың, төртбұрыштың, дөңгелектің үлгілерін алдын жасап қойған дұрыс. Мұндай жағдайда қатысушы өзінің көңіл-күйінің түсін ғана емес, сәйкес форманы да пайдалана алады.Мұндай белгі киімге жабыстырылып, психолог үшін өзінше бір индикатор ролін атқарады. Эмоциялық күйдің өзгеруі басқа түсті жаңа үлгіні немесе форманы алдын таңдалып қойылған үлгіге қосу арқылы белгілеп отырады.
"Серуендеу"
Мысалы, дәптер бетіндегі "серуендеу" қатысушыларға өздерін жалғыз әріппен белгілеп, парақтың аумағы мен шекарасынан шығып кетпей, белгіленген территорияда "серуендеу" ұсынылады. Арт-терапевттің белгісімен барлық қатысушылар тоқтап қалады. Осыдан кейін кім парақтың қай жерінде орналасқаны талқыланады. Кейбіреулер кеңістікті жақсы сезбейді және олардың "әрпі" қай жерде - парақтың басында ма, әлде соңында немесе шетінде орналасып тұр деген сұраққа жауап берген кезде қателеседі. Мұндай құбылыс дисграфиямен ауыратын балаларға тән. Жаттығуларды қайталаған кезде қатысушыларға, яғни "әріптерге" сөзге, есімге бірігуді ұсынуға болады. Сонымен қатар, оларға сапқа тұруды, дөңгелек, төртбұрыш, т.б. фигураларды жасауды ұсынуға болады. Осы арқылы арт-терапиялық кеңістік дұрыс игеріліп, кеңістікте қиялдау жетіледі. "Серуендеу" ерік болуы мүмкін. Жаттығудың мақсаты - бөлменің белгілі-бір аумағындағы түрлі қимылдар (бірқалыпты және кенет, ақырын және тез) кезінде өзіне көңіл аударып, өз денесін сезіну. Ақырындап жаттығу күрделене береді. Мысалы, серуендеп жүріп қатысушылар вербалды емес тәсілдерді (жест, мимика, күлімдеу) қолдана отырып кездесуді имитациялау. Келесі тапсырмада әр кездесу ден кейін қозғалыстың бағытын шұғыл өзгерту керек. Мысалы, арт¬терапевттің нұсқауымен 90 немесе 180 градусқа бұрылу, отырып тұру, секіру, т.б. Осылайша дайындаушы жаттығулардың барлығы сезімдерге, эмоциялық күйге назарды шоғырландыруды жүзеге асырады. Джейн Райнның сөзі бойынша бұл әрбір қатысушыға өзін айқындаудың бағытын өзі анықтауға мүмкіндік береді. Бастапқы кезде жетекші сурет салу немесе басқа да шығармашылық іс¬-әрекетпен айналысу арқылы қатысушылардың өзін айқындаудың еркіндігіне қол жеткізуге көмектесуі керек. Автордың көрсетуі бойынша тапсырмалар қорқынышты тудырмауға, сананың бақылауын әлсіретуге және қатысушыларға өздерінің ішкі күйін көрсетуге көмектеседі. Көніл күйді, өз қиялынан бір нәрсені немесе махаббат, жек көру, сұлулық, еркіндік туралы өздерінің түсініктерін бейнелеуді сұрауға болады. Тапсырманы орындап болған соң қатысушыларға өздерінің қайғыруларын айтып беру ұсынылады, қиялдағы ойларды бейнелеу кезінде басып отырылған эмоциялар көрініс табуы мүмкін. Осындай жағдайда топ болып жұмыс істеуге болады.
"Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы"
Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс.Қамыр кішкентай балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады. Осы жаттығуды агрессивті эмоциялар, деструктивті мінез-құлық, қорқыныш терапиясында қолданған пайдалы. Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе пластилиннен келісті форма жасау ұсынылады. Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес қатысушылар топқа бірігеді. Әркім өз оқиғасын айтып береді. Кейін индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады (Тақырыптар: «Менің әлемім», «Менің жан дүнием», «Пластилиннен жасалған кала», «Пластилинді жұмақ», т.б.). қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін, атын өздері ойлап тапса дұрыс болады. Материалдардың иілімділігі жұмыска көптеген өзгерістерді енгізуге, сәйкесінше эмоциялық көңіл-күйді түзетіп жақсартуға жағдай жасайды. Негативті эмоциялар топтың жағымды, тілектестік атмосферасында еріп, жоғалып кетуі мүмкін. Осындай мақсатта терапия ұжымдық форма жасаумен аяқталады, яғни жеке пластилиндік фрагменттерден бір түсті «Көңіл-күй шарын» жасау. Осы жаттыудың басқа түріндегі нұсқay нақтырақ болуы мүмкін: -белгілі-бір көңіл-күйді бейнелеңіз (немесе өзіңіздің қиялдарыңызды; бақыт, сұлулық, махаббат, еркіндік, сезім, т.б. туралы түсініктеріңізді). -өзіңіздің «мен» бейнесін жасаңыз (субтұлғаны). -метафора қолдану арқылы пластилиннен өзіңіздің ұнайтын және ұнамайтын қасиеттеріңізді бейнелеңіз. -презентациялаудың кез келген түрін қолдана отырып пластикалық бейнеде көрініс табатын өзіңіздің қайғыруларыңызды бейнелеп беріңіз. Пластилиннен, қамырдан, саз балшықтан форма жасау көркемдік бейненің символдық мәні мен түрін өзгерту! Мүмкін, сондықтан да ол өзге координат жүйесінде жаңа «Мен» бейнесін, өнімді қарым-қатынасты, тұлғаның құндылықтарын модельдеуге көмектесетін тиімді арт-терапиялық тәсіл болып табылады.
«Сезімдерді бояу»
Осы жаттығуды екі кезең бойынша өткізген дұрыс. Бастапқыдан қатысушылар А4 парағына абстракты түрде сызықтар мен формалар арқылы өз тәжірибесінен белгілі ең жақын сезімдерді жай қаламмен бейнелеуі керек. Мазасыз және тұйық балалармен жұмыс жасаған кезде АЗ форматын, көркемдік көмірді немесе сангинаны қолданған дұрыс. Бейнеленген сезімдердің атауы суреттердің екінші бетіне жазылады. Кейін әр бейнеге сәйкес түсті таңдай отырып суреттерді бояу қажет. Бұл жаттығу көркем түрде теренде жатқан сезімдерді бейнелеуге, яғни іштей серпіліске жетуге көмектеседі. Бұл өздерінің эмоцияларын ұстай алмайтын және агрессия немесе деструкті мінез-құлыққа бейім субъектілер мен жұмыс жасағанда пайдалы. Психологтың міндеті өздерінің сезімдерін шынайы білдіруге және басқаларға қатысты сыйластықпен қарауға түрткі болу. Балаларға сезімдер мен моральді байланыстыра білуді үйрену керек. Біртіндеп өзінің басым сезімдерін зерттеуге және анализдеуге қажет құнды тәжірибе мен батылдық жиналады. Осындай сезімдерді үғынуға көмектесу арт¬-терапиялық ойындар мен жаттығулардың психотерапиялық қорын құрайды. Себебі ұғынылған және ұғынылмаған эмоциялардың арасындағы конфликт невроздардың негізі болып табылады.
«Балалық шаққа саяхат»
Ерте кездегі еске түсірулердің суреттері автордың оны қоршаған ортамен өзара байланысының өзінше бір метафорасы ретінде қарастырылады. Балалық еске түсірулер тұлға аралық қатынастардың символикалық моделі ретінде өзара әрекеттесудің индивидуалды ерекшеліктерін, коммуникативті қиындықтарды және оларды шешудің тәсілдерін, бұрынғы және қазіргі кездегі жауап қайтарудың сипатын бейнелейді деп есептелінеді. Аталған феномен бейнелеу өнерінің табиғатымен тығыз байланысты және арт-терапиялық диагностика контексінде үлкен маңызға ие. Балалық еске түсірулердің сөздері мен суреттері субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан айқындауға үлкен түрткі болып табылады. Сондықтан бірнеше терапиялық сабақтардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Өзіме бала сияқты ойнауды рұқсат ете аламын». Тапсырмалардың бірі: жазбайтын қолмен балалық шақтан ең сүйікті ойынды салып, суретке атау беру керек. Мақсатқа байланысты нұсқау балалық еске түсірудің эмоциялық бояуын таңдауға еркіндік қалдырады. Дәлірек айтқанда: -жазбайтын қолмен балалық шақтың белгілі оқиғасын салу; -жазбайтын қолмен балалық шақтьщ ең жарқын еске түсіруін салу; Жұмыста жұмсақ бейнелеу құралдарын (балауыздан жасалған борлар, пастель) және форматы үлкен қағаздарды (АЗ және одан үлкендерін) қолданған дұрыс. Оң қолмен жазатын адамдар сол қолымен сурет салу кезінде өздерінің қабілеттерінің шекарасын кеңейтеді, сана бақылауын азайтып, сезімдерге қарайды, яғни спонтанды бола бастайды. Ол өз суретінің көркемділігі туралы ойламай, жай сурет сала бастайды. Осындай кезде күшті қайғырулардың, балалық қорқыныштың көрініс табуы және жарқын шығармашылық бейнелердің пайда болуы мүмкін. Неліктен осы балалық ойда пайда болғанын талқылаған дұрыс. Адам бейнелермен жұмыс істеу кезінде өзін қалай сезінді және өзін қазір қалай сезініп жатыр? Еске түскен оқиғаның азтордың «өмірлік сценариімен», мінез¬құлықтың басым жақтарымен қандай байланысы бар? Оның қазіргі өмірінде қалай көрініс тауып жатыр? Келесі терапиялардағы балалық еске түсірулердің тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Менің бірінші өтірігім», «Есте қалған оқиға», «Мен - кішкентай бала», «Мен кішкентай болған кезімде ... », «Балалық құпия», т.б. тез өтіп кетеді. (Сөздер мен символдар өзіндік реттеудің табиғи механизмдерін қосуға қабілетті жарқын әсерлер мен шынайы сезімдерді оятатыны белгілі.Қорқыныш сезім (эмоциялық компонент) міндетті түрде қимылдық мазасыздықты (моторлық компонент), адамның ойының өзгеруін тудыратыны жалпыға белгілі. Демек жағымды бей нені суреттеп қиялдаған кезде мимика, жест,қимылдар өзіне және басқаларға деген қарым-қатынаста көрініс табатын рахаттану сезімін бастан өткізуге болады. Сондықтан терапия мақсатында жағымды тақырыптар пайдалы: "Мен жақсымын", "Балалық шағымның ең жарқын әсерлері", "Қуаныш". Арт-терапиялық техникалардың нәтижелілігін қатысушылардың өздерінің пікірлері, олардың тұрақты түрде терапияға қатысуға деген құлшыныстары, сонымен қатар өзара қapым-қaтынас тaғы жағымды өзгерістер және басқа да белгілер дәлелдейді. Арт-терапияның тиімділігінің жалпыланған белгісі болып қатысушылардьщ көңіл-күйінің әлеуметтік және психологиялық динамикасының көрсеткіші есептеледі.
Жалпы алғанда, ұсынылған жаттығулар жан-жақты болып табылады. Олар айна секілді шынайы нмірдегі адамның мінез-құлық моделін бейнелейді.
«Кемпірқосақтың түстері. (Радуга)»
Бұл негізіен кооперпацияға арналған жатгығу. Жатгығу cәтri болу үшін әр ойыншы бірін-бірі жан тәнімен түсінісуі керек, нәтежиесінде ойынның баяу жүруіне қарамастан олар бір ритмге және бірдей жағымды көңіл күйде болуы керек. 1.Ойыншылар шағын 5-6 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің шеңберлерін жасап бір басшы сайлайды және ол жоғары дауыспен үшке дейін санау керек. Топ басшы «3» деп айтқан cәтre қалғандары бірдей түсті айтып хормен айту керек. Мысалы: қызыл, қара, көк. Ойынның мақсаты - әр топтың мүшелері алдын ала келіспей ақ бәрі бірдей түсті айтуында. Осымен қоса мына шартгарды орындау керек: ойыншылар бір түсті екінші рет қайталамау керек. 2.Жатгығу барлық ойыншы бірдей түсті айтқанда бітеді. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?