Экономика | Ақша айналысы және ақша жүйесі
Ақшаның қызметі.
Құн өлшемі
Айналыс құралы
Төлем құралы
Жинақтау және қорлану құралы
Әлемдік ақша
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бірі жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтайды: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Марксв жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.
Демек, олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.
Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады.
Ақшалар құн өлшемі қызиетінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгіілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Баға – тауарлар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.
Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т – А – Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналымы екі актіден тұрақты: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды саптып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Ол қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы
ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін.
Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге кредиттік қатынакстардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағжайжа Т – А – Т айналымы барысында Т – А және А – Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамдық жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы кредит берушіге, ал сатып алушы – қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналымы процесін бастамайды, оны анықтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар крелитке сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату – сатып алу актін анықтамайды, кредитті жаба отырып, тек қана оны аяқталады.
Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.
Егер ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың қарама – қарсы бір уақыттағы қозғалысы орын алса, ал ақшаның төлем құралы қызметінде бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы тауарды несиеге сатып алып сатушыға қарыз міндеттемесін береді, ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттады: «Бір тауар иесі қолма – қол тауарды сатады, ал екінші ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы кредит беруші болса, сатып алушы – қарыз алушы болады».
Жинақтау және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады.
Бірінші актіде тауар сатылады да ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақшалар жинақтау құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі аұша және т.б түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды. Өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.
Әлемдік ақшалар. Әлемдік ақшалар ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы қаша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған: «Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлем құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айрбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады». Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрнеді. Халықаралық төлем құралы ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интерноционалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.
1.1. Ақша айналысын басқару.
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссияға шығаруы арқылы және банктерге сатып, қолма – қолсыз балама алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма – қол ақшаның инкассициялау тәртібін орнатады.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма – қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында өз күштерін енгізумен байланысты ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша, қолма – қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлдем өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегіде қолма – қол ақша түрінде толықтыру алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекеттің банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма – қол түрінде де немесе қолма – қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.
Қолма – қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мқлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма – қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылдан бастап жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі дипозиттер сомасы кредит ақшаны құру үшін қажет потенциялын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырылған кезде кредит ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы келесідей: 100 ақша бірлігіндей дипозит үшін міндетті резерв 15 аұша бірлігін құрайды, қалған 85 аұша бірлігі банк арқылы қарызға берілуі мүмкін.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банктің ақша бағасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша бағасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма – қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта кредит корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк дипозиттерінің бөлігі ( бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер мен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады). Ақша айналысының жылдамдығы экономикалық монетизация деңгейіне байланысты болады, ол ақша массасының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетизация деңгейі жоғарылайды.
1.2 Экономикасы дамыған елдердің ақша жүйесі.
Экономикасы дамыған елдердің осы заманғы ақша жүйесі алтын – қағаз және кредит ақшаларына бөлінбеген жүйеге негізделген. Олардың әрбіреуі ұзақ уақыт бойы дербес дамыса да әрі ұлттық ерекшеліктерге ие болса да, олар көп жағынан бір – біріне ұқсас.
Сонымен қатар, әрбір дамыған елдің осы заманғы ақша жүйесінің мәнін толық ашуға мүмкіндік беретін тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар.
АҚШ – тың ақша жүйесі. АҚШ – тың ақша бірлігіне айналымға 1786 жылы енгізілген АҚШ доллары жатады. Доллардың атауы бірқатар еуропалық елдердің айналыста болған күміс толерден шыққан. Қысқартылған белгісі - $. Бір доллар 100 центке тең. Бүгінгі таңда айналымда 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100 долларлық құны бар купюралар мен 1, 5, 10, 25, 50 центтік құны бар тиындар және 1 доллар қолданылады. Қолма – қол ақша эмитенттеріне Қаржы Министрлігі (қазына мекемесі) және федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) жатады. Қазына мекемесі айналымға 1 – ден 10 долларға дейін құны бар ұсақ купюрлі ақша белгілерін, сондай – ақ 100 долларды шығарады, монеталар күмістен, никельден және мыстан дайындалады. Қазына мекемесі ш ығарған купюрдың айрықша белгісіне ондағы «Құрама штаттар билеті» дейтін жазу, - «UNITED STATES NOTES» жатады. Қолма – қол ақша белгілерінің негізгі массасын айналымға ФРЖ шығарады. Онда «FEDERAL RESERBE NOTES» дейтін жазу болады, сондай – ақ оларды шығарған федералдық резервтік банктің нөмірі көрсетіледі. АҚШ – тағы қолма – қол ақшасыз ақша эмиссиясы басқа шетелдерге және коммерциялық банктерге жүзеге асырылады. Олармен айналымға чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар, электрондық ақшалар шығарылады. Экономикалық айналымда қолма – қол ақшасыз ақшаның үлес салмағы көп әрі бұл үлес салмақ өсу тенденциясына ие. АҚШ – та ақша массасы классикалық ақша – кредит саясатының құралдарымен реттеліп,
-
басқарылады: құнды қағаздардың ақша нарығындағы операциялар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өзгерісі, коммерциялық банктер мен кредит жинақтаушы мекемелердің міндетті резерв талаптарының өзгерісі.
«Еуро» еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігінде негізделген. ЕО – ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма – қол ақшасыз айналымының есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма – қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығалылды.
Ресейдің ақша жүйесі. 1995 жылдың 12 сәуірінде қабылданған «РФ орталық банк туралы» РФ заңына сәйкес жұмыс істейді. Ресесйдің ресми ақша бірлігіне рубль жатады. 1 рубль 100 копейкке тең. «Рубль» атауы Киев Русь тұсында пайда болған. Ол кезде ақша бірліктері гривна деп, ал, екіге тең бөлінгені рубль деп аталады. Алтын мен рубльдің ресми арақатынасы белгіленбеген. Басқа ақша белгілері мен суррогаттардың шығалылуына тыиым салынған. Заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен қамтамасыз етілген әрі Ресей Банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады. Қолма – қол ақшаны шығарудың, олардың айналымын ұйымдастырудың және РФ аумағынан оларды алып тастаудың айрықша құқығы Ресей Банкіне тиесілі.
Ақша айналымын ұйымдастырумен байланысты шығындарды кеміту мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ – да жүргізілген реформалардың нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль енгізілді
1.3 Металл ақша айналысы
Ақша өзінің материалдық – заттық құрылымы металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалар) болып екіге бөлінеді. Екінші қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның рөлін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастайды. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі ХІІІ ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка- “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт – қадақ – орыстың бұрынғы 409 грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы ( рубленая пополома) рубль деп аталған.
Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл, оның формасы да әр түрлі болған ( шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруі және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданы баяу жүреуіне әкеп соқтырған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгереді. Мысалы, ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы мен нүктелері бар табақша, ең соңғыда екі жағында сурып салынған массасы 1 немесе 2 фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп, металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?