Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі

Экономика | Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі

Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп ғылымы туралы алғашқы түсінік шамамен алғанда 1340 жылдары Генуе қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есептің негізін салушы және дамытушысы Француз манахы Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулар деген трактатын жазған. “Бухгалтер” термині XV ғасырда Австрия қаласында пайда болған. Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жүргізуге өте қажетті жүйе болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты және негізгісі деп айтуымызға болады. Ол бұдан көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін әрбір кезеңдердің уақыт талаптарына сәйкес дамып келеді.
Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру” туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.



Бухгалтерлік есептің принциптері
Кез-келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцип сөзі мағынасы жағынан - бастамасы, негізі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарына бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған :
• есептеу;
• үздіксіз (ұдайы);
• түсініктілік;
• мәнділік;
• маңыздылық;
• сенімділік;
• әділетті әрі тура көрсету;
• бейтараптық;
• сақтық;
• толықтылық;
• салыстырмалық;
• дәйектілік.
Түсініктілік, маңыздылық, сенімділік және салыстырмалық деп аталатын төрт принцип – бухгалтерлік есептегі ақпараттық мәліметтерінің негізгі, сонымен қатар сапалы мінездемесі болып табылады.
Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
Маңыздылық принципі
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
• алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін
• бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің маңыздылық деңгейін өлшеу үшін үш түрлі сапалық аспектілер қолданылады.
1. Уақтылы. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер өз пайдаланушыла-рына керекті уақытында жеткізіліп отыруы қажет. Бұл мәліметтің жеткізілу уақытының кешіктірілуі оның маңыздылық деңгейін төмендетеді.
2. Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазіргі кездегі жасалынған болжаулардың нәтижесінде алынған бухгалтерлік ақпараттық мәліметтер пайдаланушыларға тиімді болуы қажет.
3. Кері байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгізілген өзгерістер пайдаланушыларға тиімді, оң әсер етуі қажет.
Сенімділік принципі
Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципі
Қандай да бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.
Сақтық принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтерінде жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді (бейнелейді) және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болуы қажет.
Есептеу принципі
Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принципі
Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
Мәнділік принципі
Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына (қызметіне) баға беруіне көмектесуі керек.
Бейтараптық принципі
Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса онда ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын ала дайындалған ақпараттық мәліметтер болмаған жағдайда, негізделмеген, бір қорытындыға келтірілмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келеді.
Әділетті әрі тура көрсету принципі
Кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебі осы мәліметтерді пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрі әділетті ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет.
Толықтылық принципі
Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болу үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немесе жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
Дәйектілік принципі
Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.



Бухгалтерлік есептің әдістері
Кәсіпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделікті операциялардың, үрдістердің маңызы әр түрлі. Осы үрдістермен операцияларды бухгалтерлік есептің көмегімен бақылап, тексеріп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлік есепте әртүрлі тәсілдер қолданылады. Сол барлық қолданылатын тәсілдердің жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бір жүйеге келтірілуі бухгалтерлік есептің әдістері болып саналады.
Бухгалтерлік есептің әдістері келесідей түрлерден тұрады:
• құжаттау;
• түгендеу;
• шоттар;
• екі жақты жазу;
• бағалау;
• калькуляциялау;
• бухгалтерлік баланс;
• есеп беру.

Құжаттау
Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні және тағы басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептеледі. Құжатта міндетті түрде көрсетілуге тиісті мәліметтерді деректеме (реквизит) деп те атайды.

Түгендеу
Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалдарды сақтау кезінде олар табиғи кеміп азайып отырады. Соған байланысты кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа ұйымдардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің нақты қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерін есептегімен (құжаттағымен) салыстырып отырады.
Шоттар
Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз – шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады. Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Шоттар кәсіпорында күнделікті болып отыратын операцияларды үздіксіз жазып отырмай, оларды экономикалық маңызына қарай топтап жазу үшін пайдаланылады. Жалпы айтқанда, ұйымның активтері мен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есптеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды.
Екі жақты жазу әдісі
Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет. Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.
Калькуляциялау әдісі
Қандай ұйым болмасын белгілі бір қызметпен айналысатындығы белгілі (өнім өндіру, қызмет көрсету, сатыпалып-сату тағы басқалары сияқты). Осы үдерістерді орындау барысында кәсіпорын жұмысшы күшін, еңбек құралын және материалдық құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл шығындардың жиыны өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляциялау деп атайды.
Бағалау әдісі
Бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің (активтердің) және міндеттеме-
лердің құнын ақшалай өлшемге айландырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.
Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның активтерімен (шаруашылық қорларымен) олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелері мен меншікті капиталы бейнеленеді.
Қорытынды есеп
Ұйымның қандай да бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, түсініктемелік хаты (жазбасы) және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық мәліметтері кіреді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?