Экономика | Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.
Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.
Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердіген, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Мен өндірістік іс-тәжірибемді (практикамды) АҚ «Қазақстан Халық Банкісінде» өттім. өндірістік іс-тәжірибемді өткен уақытымда, материалдар жинай отырып, өндірістік іс-тәжірибем біткеннен соң, өндірістік іс-тәжірибемнің есебін жаздым.
Ұсынылып отырған тәжірибе есебімнің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негізі туралы мағлұмат беру, оны ұғыну, оларға талдау жүргізуге көмектесу.
Бұл талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, жоғарыда көрсетілген еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді.
Осы есептің бірінші бөлімінде бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципінің бірінші бөлімшесі бойынша АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» бухгалтерлік есебі мен аудитінің жалпы құрастырылу принциптері көрсетілген. Ал бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде аудиттің түсінігі және түрлеріне азғана шолу жасалынған.
Есептің екінші бөлімінде пратикалық аспектіде есеп, талдау және аудит жүргізілген. Осы бөлімнің брінші бөлімшесінде АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» жарғылық капиталының есебі және талдауы, стабилділігі көрсетілген.
Ал бірінші бөлімнің екіншісінде – тауарлы-материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті, үшіншісінде – негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті, төртіншісінде – ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті, бесіншісінде – еңбекақы мен есептесудің есебі, талдауы және аудиті, алтыншысында – дебиторлық борыштардың есебі, жетіншісінде – табыстар мен шығындардың есебі, талдауы және аудиті көрсетілген және жан-жақты талданған.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі
АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.
Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына банктің басшылары және бас бухгалтер жауап береді.
Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Тауарлы-материалдық қорларға, есеп айырысу және кредиттік міндеттемелерге, ведомстволарға, материалды жауапкершілік туралы келісім-шарттарға, төлем тапсырмаларына, ақша қаражаттарын беру және қабылдап алу құжаттарына Бас бухгалтер қол қоюға құқығы бар.
Бухгалтерлік жұмыстың мақсаты банктің ішінде болып жатқан шаруашылық процестердің және қаржылық нәтижелердің ақпараттарын қолдану мақсатында, барлық ақпараттарды пайдаланушы тұлғаларға анық, түсінікті және толық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Бухгалтерия келесілерді орындайды:
- бухгалтерлік есеп формаларының құрастырылуын;
- пайда және еңбек ақы қорының есебін;
- банк қызметкерлерімен есеп айырысу;
- ақша қаражаттарының қозғалысының есебін.
Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарына сәйкес АҚ «Қазақстан Халық Банкі» бухгалтерлік есеп стандартының барлық келісілген тәртібі бойынша есебін жүргізеді және қаржылық есептіліктің дұрыс жүргізілуіне жауап береді.
Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.
Бухгалтерлік есептің жүру жолы:
1) алғашқы құжаттардың барлығы ведомстволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т.б. арқылы жиналады.
2) Есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетілуі керек.
Бухгалтерлік есепті жүргізу процесінде АҚ «Қазақстан Халық Банкі» өзінің есеп саясатының дұрыс жүргізілуін сақтайды.
Есеп саясаты – кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, банктің таңдап алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.
Есеп саясаты қаржылық, салықтық және статистикалық есептіліктердің дайындау процесінде құрылады.
Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде есеп саясатының принципі оның көрсетілмеген, бірақ банкінің практикалық қызметінде қолданылады және күші бар.
Есеп саясатының мақсаты – бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмалау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынандай принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу – кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.
2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да жұмыс жасайтын болып саналады.
Оның таратылуына немесе қызмет көлемін едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп болжамдалады.
3. Түсініктілік принципі – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауы және кәсіпорынның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпараттар маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде қандай да бір мәліметтерді жіберіп алсақ немесе дұрыс ұсынбасақ, онда бұл ақпараттарды пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ юолса, ол рас болып табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық., яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін, ал міндеттеме немесе шығын белгісіздік жағдайында кем бағаланбас үшін шешім қабылдаған кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
9. Аяқталмағандық. Растықты қамтамасыз ету үшін есепті кезеңдегі ақпарат толығымен аяқталмаған болуы тиіс.
10. Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат бұрынғы есеп кезеңдердегі ақпаратпен салыстырмалы болуға тиіс.
11. Дәйектілік. Субъекті таңдап алған есеп саясаты мен әдістері, объектілер бір есепті кезеңнен келесі есептік кезеңге дәйекті түрде қолдануы керек. Егер біз бір есеп саясатын таңдап алып, келесі жылы басқа есеп саясатын таңдайтын болсақ, онда мұндай жағдайда түсіндірме жазулар болуға тиіс, біз оларды негіздеуге тиіспіз.
12. Күмәнсіз және риясыз ұсынба. Қаржылық есептеме оны пайдаланушылардың қаржы жағдайы, қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы күмәнсіз және риясыз көзқарас туғызуы керек.
№30 БЕС бойынша (5 пункт) қаржылық есептілік өзімен бірге қаржылық жағдайы туралы, қызметтің нәтижесін және ұйымның қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттарды ұсынады.
Қаржылық есептілік бұл мақсатқа жету үшін келесі көрсеткіштер туралы ақпараттарды ұсынады:
1) ақша қозғалысы туралы есеп;
2) табыстар мен шығындар есебі, негізгі емес қызметтен түскен табыстар мен шығындарды қоса;
3) меншікті капиталдың өзгеруі туралы есеп.
Қаржылық есептіліктің элементтері болып:
Активтер – бұл бағаланған мүліктік бағасы бар және мүліктік емес субъектінің өз құқығы.
Міндеттеме – бұл басқа бір тұлғаға ықпал ету арқылы пайда келтіру мақсатында белгілі бір қызметті тұлғаның орындау міндеті, мүлік беру, жұмысын орындау және т.б.
Меншікті капитал – бұл міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі қалған субъектінің активтері.
Қаржылық көрсеткіштердің элементі болып:
Табыстар – бұл есепті мерзімдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы.
Шығындар – бұл есептілік мерзіміндегі активтердің азаюы немесе міндеттемелердің көбеюі.
Аудит түсінігі және түрлері.
Қазақстан Республикасының заңы бойынша 20 қарашада 1998 жылы №304-I «Аудиторлық қызмет туралы» ( 10 шілде 2003 жылғы №483-II өзгертулерімен) заңы бойынша аудит – бұл қаржылық есептіліктің объективті құрастырылуының және тәуелсіз пікірді жеткізу мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктерін тексеру б.т.
Аудит түрлері:
Міндетті – міндетті жылдық аудитқа мыналар жатады: банктер, кредиттік серіктестіктер, банктік операциялардың басқа да түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, зейнет ақы активтерін басқаратын компаниялар, инвестициялық қорлар, шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар, халықтық акционерлік қоғамдар.
Аудитордың жұмысы – бұл қаржылық есептіліктің ұқыптылығын және есептің орнатылған дәрежеге сай келуі мақсатында профессионалды аудиторлық қорытынды жасау.
Аудит қызметінің негізгі принциптері мыналар болып табылады:
- Тәуелсіздік;
- Объективтілік;
- Ұқыптылық;
- Құпиялылық.
Аудиторлық тексерудің нәтижелеріне байланысты аудит стандартына сәйкес келетін аудиторлық есеп құрылады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?