Экономика | Банктік тәуекелдерді басқару жолдары
Несие тәуекелдік – қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Ол қарыздар қоржынының сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш түрге бөлуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелдігі, шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі займдар бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Қиянатшылық жасау – 1991-1993 жж. біздің республикамызда банктің үмітсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі.
Тексеру нәтижесінде маусымды егіндік жұмыстарға, астық жинауға, меншікті қаражаттарды толықтыруға бөлінген мақсатты несиелік ресурстардың көзделген мақсатында пайдаланылмауы туралы көптеген фактілері анықталған. Мұндай жеңілдік несиелері басқа банктерден алған несиелер бойынша қарызды өтеуге машиналар сатып алуға бағытталған. Сондай-ақ бұл несиелерді нарықтың мөлшерлеме бойынша коммерциялық құрылымдарға қайта сатып валютаға айналдыру, т.б. жағдайлар жиі болып отырған.
Қиянатшылық жасау – банктік жүйеде 80-жылдардың басында кеңірек тарап, олардың үлесіне АҚШ-ғы барлық банкротқа ұшыраған банктердің жартысынан астамы түскен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары лауазымды қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына, «достық» несиелерді ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз алушының қаржылық жағдайын тексерусіз бергендігі туралы сөз қозғалады.
Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер – дамушы елдердің қарыз алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70-жылдарда анықталды. Бұл АҚШ-тың бірқатар ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болған.
Ішкі займдар бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлем қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты туындайды.
Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:
1. Банктік қарыздар қоржынын диверсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқартылған несие мөлшері, оны қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының қысқаруына мүмкіндік жасайды.
2. Несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады.
Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:
- абсолюттік өтімділік коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;
- аралық өтеу коэффициенті – бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттардың қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
- жабудың жалпы коэффициенті – бұл айналым капиталы қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
Сонымен қатар, банкке несиені алдағы уақытта қайтару көзі ретінде ақшалай түсімдерді, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін де бағалау қажет.
Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны баллдық баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің рейтингін жасауды ұсынады.
3. Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды. Несиелерді сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды іске асырумен байланысты шығындардың барлығы қарыз алушыға тиісті болып келеді. Біздің республикамызда несиелерді сақтандырумен сақтандыру компаниялары айналысады.
Өтімділік тәуекелдігі. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі және сыртқы.
Ішкі өтімділік – инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылатын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары – 1,3,6,9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.
Сыртқы өтімділік, оның өтімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолдан-қолға ауыспалы салым сертификаттарын, т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін.
Егер де банктер ертеректе тез іске асырылатын активтер құру арқылы ішкі өтімділікті қамтамасыз етуге ұмтылған болса, ал қазір олар активтер мен пассивтерді біртұтас басқару есебінен баланс өтімділігін қамтамасыз етуге тырысады.
Бұл тұста ұсақ банктер өтімді активтер құруды дұрыс көрсе, ірі банктер пассивті басқару саясатын (керек уақытта бағалы қағаздарды сата отырып, кейіннен қайта қайтарып алу туралы келісім-шарт жасасу жолымен банктік активтерді сату-сатып алу, коммерциялық бағалы қағаздарды қолма-қол шығару және т.б.) жүргізуді қалайды.
Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің қайтарылу мерзімдерін көлбеу жолымен басқарады.
Өтімділік деңгейін қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:
- пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозиттер тарту;
- айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар, т.б. шығару;
- қарыздар және бағалы қағаздар қоржынының бір бөлігін сату;
- пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ мөлшері бойынша жинақтау;
- несиелерді қайтарып алу;
- Ұлттық банктен, т.б. несиелер алу.
Қажетті өтімділік деңгейін ұстап отыру үшін, банк пассивтің төмендеуі және несиеге деген сұраныстың ұлғаюы, яғни коньюнктуралық өзгеру мүмкіндігін болжауға тиіс.
Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелдігі – бұл пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зияндар. Соңғы уақыттарда, Батыста инфляция және реттеу саясатын жүргізу нәтижесінде пайыз мөлшерлемелерінің тұрақсыздығы байқалуда. Пайыз мөлшерлемесінің артуы, тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар бағасының түсуіне жол беріп, нәтижесіне банктің қоржынының құнсыздануына және бағамдық зияндардың болуына әкеледі. Әр түрлі нарық сегменттеріндегі пайыз мөлшерлемелерінің секірмелі өзгерісі банктің операцияларының пайымдылығына қатты әсер етеді.
Пайыздық тәуекелдікті нарықтық деп атауға болады, егер ол ашық нарықтағы бағалы қағаздар бойынша операциялармен байланысты болса. Мұндай тәуекелдік бірқатар себептерге байланысты пайда болады. Солардың ішінде қарыздық пайыз нормасының ауытқуы, эмитент-компаниялардың (акция туралы сөз болса) пайдалығы мен қаржылық жағдайының, сондай-ақ инфляцияның өзгерісі де бар. Бірінші фактордың ықпалы бағалы қағаздардың нарықтық құны мен қарыздық пайыз нормасының арасындағы кері байланыстан анықталады (пайыз мөлшерлемесінің өсуі бағалы қағаздың құнсыздануына әкеледі). Екінші фактордың ықпалы акция бағасының оларға төленетін дивиденттерге байланысты анықтамасын ескерсек, онда ол өз кезегінде эмитент-компанияның пайдасына байланысты анықталады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар бойынша нақты табыстың төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде олардың үсынысын ұлғайтады және бағасын төмендетеді.
Пайыздық тәуекелділік, қарыздар мен тартылған қаражаттардың қайтару мерзімдері сәйкес келмесе немесе активтік және пассивтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілдермен белгіленген жағдайда пайда болады. Соңғысын мысал ретінде, Ұлттық банк ресурстарды жоғары пайыздық жеңілдікпен несиеге берген жағдайдан көруге болады.
Пайыз тәуекелділігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады.
- пайыз тәуекелдігін сақтандыру – несиелік тәуекелдіктен сақтану сияқты тәуекелділікті толығымен сақтандыру ұйымына беруді білдіреді;
- өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен несиені беру – банкке шарт өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді;
- мерзімді келісімдер – банк пен қарыз алушының арасында арнайы форвард келісімін жасау, яғни қарызды келісілген мерзімде белгілі бір сомадан және белгіленген мерзімге беру туралы келісім жасаумен байланысты тәуекелден қорғану әдісі;
- пайыздық фьючерстік (болашақ) контрактілер. Олар пайыз мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты (қарыз немесе депозитті) белгілі бір мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады;
- пайыздық опциондар – опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз белгілі бір күн жеткенге дейін сатып алуға немесе сатуға құқық беретін келісімді білдіреді;
- пайыздық своптар – бұл белгілі бір сомаға, бірақ әр түрлі шартпен жасалатын несиелік міндеттеме бойынша пайыздық төлемдердің айырбасын (мысалға, пайыз мөлшерлемесі әр түрлі қарыздық капиталдар нарығындағы мөлшерлемелерге бағытталған немесе тұрақты, өзгермелі болуы мүмкін) түсіндіріледі. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?