Педагогика | Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

Педагогика | Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

1. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні.
Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді.Сонымен бірге оқушының өзін - өзі бағалау мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік өте қажет.Осылайша іс - әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микро жүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама – қайшылықтарын шешу қажеттігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым – қатынас,өзара әрекеттестігі және ынтымақтсатығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.Оқу процесінің субъектілерінің қарым – қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірбиесінде ұжымдық танымнық іс - әрекет ретінде түсіндіріледі.Бұл мәселелердің теориялық әдіс – тәсілдері Н.К.Крупская еңбектерінде қарастырылған.Ал педагогикалық процестің оқудан тыс бөлігі жағдайында оқушылармен ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін Н.К.Крупская, П.П.Блонский, А.С.Макаренко жасаған.Ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальды жұмыс ұғымын қатар қояды.Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым – қатынас ұжымдық жұмыстарға жатқызылады.Жалпы ұжымдық іс - әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін,ынтымақтастықпен,қарым – қатынаспен байытуда.
2.Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мақсатын анықтау және жоспарлау.
Ұжымдық танымдық іс - әрекеттер - әлеуметтік тәжірбиені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірбие жинақтау,бірлесе еңбек ету,қарым – қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс - әрекеті.Оқушылардың ұжымдық танымдық іс - әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама – қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол.Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан.Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың танымдық іс - әректтердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді.Ұжымдық танымдық іс - әрекеттер барысында оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып,оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады.Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс - әрекеті өж бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды.Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген экперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған.Зерттеушілер ұжымдық оқу іс - әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін – бірі оқыту екендігін айқындады,өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.Ұжымдық танымдық іс - әректтер белгілі бір дәрежеде оқу материалдарын меңгеруі,оқу барысындағы «осал жерлер» жөнінде оқушыдан кері ақпарттарды жедел алу сияқты өзектік дидкатикалық проблемаларды шешуге мүмкінндік жасайды:Оқушының тұлғалық қасиеттерін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым – қатынсатың жетіспеушілігін азайтады.Ұжымдық танымдық іс - әрекетер оқытудың тәрбиелеу жағына тиімділігін арттырады,тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді,сыныпта қолайлы жағдай орнатуға және ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Оқушыларда ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдер қалыптасады. Сабақтарда ұжыммен орындалатын жұмыстарды жүргізу адамгершілікті оңды қатынастар бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жасап қоғамдық бағыттылық пен шығармашылық даралаудың бірлігінде оларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Ұжымдық танымдық іс - әрекет тұлғаны дамыту барысында пайда болатын қарама – қайшылықтарды шешудің барысында пара – пар құралы болып табылады, яғни іс - әрекетте өз бетімен реттеу механизмі және кері байланыс табысты қалыптасады, ұтымды қарым – қатынаспен өзін - өзі бағалаумен сәйкес келетін қолайлы социометриялық статус қалыптастыру үшін жағдай жасалады.
3. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекет кезеңдері.
Оқу танымдық іс - әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық танымдық іс - әрекеттің, өзіндік және біріккен іс - әрекеттердің төмендегідей белгі кезеңдерін көрсетуге болады.
- Біріңғай мақсаттың, жалпы мотивтік болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі.
- Ұжымның әрбір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөліп беру.
- Іс - әрекеттер барысында оқушылар арасында өзара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы.
- Жалпы нәтижелердің болуы.
1. Ұжымдық жұмыс принципімен ұйымдастырылатын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыруда берілетін тапсырмалардың түріне проблемалық жағдайларды, талқылауды, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстың жоспарын бірігіп талдауды, бірігіп отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды, және т.б. жатқызуға болады.
2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалдар, кеңесші тарапынан қойылатын суалдар, топпен оқу тапсырмаларын орындау жоспары мен тәсілдерін талқылау, сабаққа дайындалу барысында топтық тапсырмаларды орындау, мұғалімнің қойған сұрағына жауап беру мақсатында қажетті тәжірибені жасау тілдік сабақтарда диалог жүргізу т.б.
3. Топ жұмыстарының бейнесі ретінде топтардың өзара тексеруі: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір айту өзара өз бетінше орындалатын жазбаша, практикалық жұмыстарды тексеру т.б.
4. Ассисенттердің кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.
5. Оқушылар кездесуі
6. Білімді қоғамдық байқауы
4. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекетті пайдалану жүйесіндегі негізгі шарттар.
Ұжымдық танымдық іс - әрекет сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын жұмыс түрлерінің жүйесі болуы мүмкін. Ұжымдық оқу әрекертінің тұлғаға сол тұлғаның өзінің белсенділігіне қарай әсер етуі мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс - әрекет оқушының белсенділігін талап етеді. Оқушылардың басым көпшілігі белсенділік танытуы үшін танымдық іс - әрекет барысында қалыптасатын белсенді оқу әрекеттеріне сүйену қажет. Белсенді топтар жұмысын ассистенттердің, кеңесшілердің, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мектебін құрудан бастау керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіледі. Мектепте оқу белсенді топтарының мүшелерінің санының артуы кабинеттердің жұмыстарын қайта қарауды талап етеді. Мұғалім жетекшілігімен кабинет кеңесі мүшелерінің қалыптасуымен көрнекі құралдар, сабақтарда берілетін тапсырмалар, бақылау карточкалары, таратылатын дидактикалық материалдар, тақырыптар бойынша папкалар мен альбомдардың көрнекі құралдардың картотекасы дайындалады.
Оқу белсенді тобының мүшелерінің ішінде оқушылардың ішінен таңдалатын ассисент, кеңесші, лаборант, кітапханашы, безендіруші шаруашылықты жүргізуші маңызды роль атқарады. Олардың әрқайсысының атқаратын белгілі бір қызметі бар. Оқушылардың біріккен оқу іс - әрекетін ұйымдастыруда ассисенттер мен кеңесшілер маңызды роль атқарады. Ассисенттер көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар дайындайды. Мұғалім мен оқушылардың жұмыс орындарының дайындығын тексереді. Нақты бір тақырып бойынша да кеңесшінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Бір сабақта белгілі бір тақырыпты жақсы меңгерген бірнеше кеңесші болуы мүмкін. Әр түрлі мектептерде белсенді оқу топтарының қозғалысы, құрылымы ұйымдастырушылық қызметінің танымдық іс - әрекеттерінің барысында, сыныптық, мектептік ұжымдардың жұмыс істеу белсенділігене қарай көптеген варианттары бар.
5. Ұжымдық щығармашылық іс - әрекетті жүзеге асырудың динамикасы.
Ұжымдық танымдық іс - әрекеттердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулер әртүрлі бағытта жүргізілуде. Психологтар тұлғаның жетілуі үшін топтық жұмыстар қолайлы жағдай туғызатын ашып көрсетеді. Педагогтар оқытуда топтық жұмыстардың атқаратын рөлін қарастырады. Олардың ойынша, топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын даралауға жол ашады, өйткені әрбір оқушының әлеуметтік мүмкіндіктері мен қабілеттерін шығармашылықты түрде көрсетуіне жағдай жасайды проблемалы оқытуда, тұлғаны когнитивті дамытуда бағалы, дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі.
Фронтальды және топтық жұмыстар ұжымдық принцип бойынша ұйымдастырылады. Соған байланысты топтық жұмысты сынып оқушыларын 3 – 8 мүшелері бар, оқу материалдарымен бірігіп өзара жауапкершілікте алдын ала келісілген жоспар мен рет бойынша жұмыс істейтін топтарға бөлетін сабақтарды ұйымдастыру формасы ретінде түсіндіруге болады.
Топтық жұмыстарға жұптасып жұмыс істеуді мұғалімнің тапсырмасымен сабақта жұптасып хабарлама жасауды, топтық сұрақ, кеңестік сұрақ жұмыстарын және т.б. жатқызуға болады. В.К. Дьяченконың зерттеуі өлеңдерді жаттауда, жаттығуларды, мысалдар мен есептерді ауызша және жазбаша орындатуда, көбейту мен бөлу кестесін жаттауда, сұрақтар мен жұмыс істеуде және т.б. жұптық жұмыстардың, яғни жұптық – ұжымдық жұмыстардың тиімді екендігін көрсетті.
Топпен жұмыс жүргізудің екі түрі бар: біріңғай топтиық жұмыс және сараланған топтық жұмыс. Біріңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Ал сараланған топтық жұмыс барысында берілген тақырып шеңберінде әртүрлі тапсырмалар орындайды. Тәрбиелік тұрғыда сараланған топтық жұмыс ерекше құндылыққа ие және оқушылардың ұжымдық танымдық іс - әрекетінің барлық талаптарына барынша сәйкес келеді.
Әртүрлі құрамды топтарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, бес оқушыдан құралған топтар тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені, 3 оқушының талқыла жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құрылған топты әрбір оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік болмайды.
Топпен орындалатын жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін - өзі танытуларына да, олардың өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға әсер етеді екен. Жекелеп алғанда, бір – бірімен қатар отырған оқушыларға қарағанда бір – біріне қарама – қарсы отырған оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығына көз жеткізілді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?