География | Балқаштың экологиялық проблемасының сыры мен мұңы

География | Балқаштың экологиялық проблемасының сыры мен мұңы

Балқаштың экологиялық проблемасының сыры мен мұңы

Қуаңшылық дәуірден көлдің деңгейі төмендеп отырған. Ежелгі Балқаштың айдыны жекелеген иірімдерге бөлініп кететін және көл шұңқыры тұтастай дерлік құрғап қалуы мүмкін еді. Климаттың қайталай ылғалдануы ежелгі Алатау мен Тарбағатай тауларынан ағып түсетін және көлге жаңа мекендеушілер алып келетін өзен сулары ойыстың суға толыуан алып келетін. Осы себеп көлдің ихтиофаунасының қайталанбауы мер түрлік құрамының кедейлігіне түсінік береді. ХІХ ғасырдың соңында Балқаш пен Алакөлдің көлдерінде балықтың бар жоғы 4 немес 6 түрі (ихтиологтар балықтың қайсысы жеке түр екіендігі жөнінде әзірше бір шешімге келген жоқ) кездесетін.
Бәрінен аздау туғызатын айтарлықтай «жас» көлдің «кәрі» мекендеушісі балқаш алабұғасы болатын. Ол кезінде Балқаш алабына тұтас таралған болатын. Алабұғаның пелагиялық (көлдік) нысананың ірі экземплярларының тұрқы (ұз) 50 см-ге және салмағы 1,0-1,5 кг-ға жететін.
Алабұғаның (солтүстікке таман таралған тұқымдастардың өкілі) қалай және қашан Балқаш алабына тап болғаны осы күнге шейін белгісіз. Мүмкін, ерте замандарда Ертіс пен Солтүстік Балқаш өңірінен шекаралық өзендері салдарынан біресе осы, біресе өзге алапқа жалғасып бағытын өзгертеуі мүмкін. Балқаш алабұғасының жұмбағы балықтың, Сырдария алабындағы подкаменщик және Байкал непрасының жұмбақтарымен үндес.
Балқаштың және оның салаларының «аборигендері» не тұқы тұқымдастарына (шармай, көкбас, көкталма), вьюн (жалаңаштар) тұқымдастарына жатады. Олар таулар арқылы мезгіл-мезгіл бағытын өзгертетін өзендермен жеткен деп есептелінеді. Көлемі аса зор болған ежелгі Балқаштың негізінен балықтардың өзендік түрлерімен толтырылуын осылай түсіндіреді. Және неліктен олар әдетте көлге тән түрлермен балқаш үшін болған ұрыста тез жеңіліске душар болғанын пайымдайды.
Орта Азия мен Қазақстанда шармай мен көкбастың бірнеше түрі кездеседі. Бұл балықтарды мамандар тұқы балықтардың ерекше кіші тұқымдастары – ажыраған құсақтарға жатқызады. Бұл тұқысдамтар өзінің атын балықтың анальдық тесігінің екі жағын ала орналасқан екі қатар үлкейген теңгешелері – «ажырауға» қатысты алған. Қызықты ерекшелік: бұл балықтардың ұрғашысы еркегінен әлдеқайда ірі болып келеді. Кейбір зерттеушілер Қазақстанда шармайдың (қарабалық) 5 түрі бар десе, ал өзгелері 2 түрін – кәдісге және Балқаш шармайына бөліп қарайды. Балқаш шармайы екі түрге – Іле және балқаш шармайына бөлінеді. Мойындау керек: кейбір суқоймалардағы балықтардың биологиясын аз білетініміз сонша, олар Адам ықпалымен өзгеру жылдамдығы шапшаңдап, тіпті бұл жануарлардың кейбір нысандары оларды жан-жақты зерттегенше жойылып кетті!
Балқаштың өзінде бірнеше экологиялық нысандармен ерекшеленетін, қазір кездеспейтін Балқаш шармайы тіршілік ететін. Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінің және көлдің өзге де салаларының төменгі ағысында Балқаш шармайы оны тау етегі зонасында толық алмастыратын. Іле шармайымен қатар жүретін. Ағыстың жоғарғы жағында жалаңаш көкбас, ал тау ағындарының басында – теңгелі көкбас тіршілік ететін.
Шармайдың ең ірі экземплярының тұрқы 80 см-ге жетіп, салмағы 10 кг-нан асатын, Шармайдың денесі типтік өзендік балықтардың нысанында жіне тегіс сары жасыл қола түстес болып келеді. Ұзындығы бойынша түрлер ажыратылатын екі жұп мұрты бар, шармайдың денесінде дұрыс орналасқан теңге қатарлары болмайды. Бұл сипат теңгешілердің ұзындықтары түрлі өлшемде болуымен айқындалады. Алайда, ел таңқалдыратыны шармай мен джалаңаш көкбастың уылдықытары аса улы. Уылдырық шашар уақыт таянған сайын уылдырықтағы удың шоғырлануы күшейе түседі. Бұрынырақ бұл балықтардың құрсақ терісіне төселген көмірдей қап-қара төсеніші улы деп қате есептеліп келді. Бәрібір, шармайды улы уылдырығы да сақтап қала алмады.
Оның жойылып кетуіне себеп, көлге бісекелес балықтардың жіберілуі, бейбіт көлде жыртқыштардың пайда болуы және ірірек ұрғашы балықтардың көбірек аулау, болып табылады. Өкінішке орай, Оңтүстік Қазақстан үшін «шармай» және «көкбас» атаулары бұл жерлердің ескі тұрғындарының естеліктеріне тақырып болатын аңыз болып қана қалды. Өз кезінде шармай тұран жолбарысы, алматы апорты немесе Алатаудың қарлы шыңдары сияқты өлкенің символы болған жоқ па еді.
Жалаңаш және теңгешелі көкбастар - шармайға қарағанда ұсақ түрлер. Жалаңаш көкбастың теңгешелері кеуде жүзбеқанаттарының артында, бүйір қапталын бойлай, ажырау мен құрсағында орналасқан. Теңгешелі көкбас тұтас теңгеше басқан болып келеді, алайда олар біркелкі орналаспаған, дұрыс қатарлар түзбейді, ал теңгешелері бір-біріне асылмайды. Жалаңаш көкбастың тұрқы мен салмағы кейде балықшы үшін «әжептеуір» болып саналатын мөлшерде болуы мүмкін, сондықтан да жергілікті балықшылар ірі балықтарды көкірегін кере «форель» (патшабалық) деп атайды. Патриот балықшыны мұртшаларының, тістерінің, майлы жүзбеқанаттарының болуы немесе болмауы, теңгешелерінің саны немесе түсі қызықтырмайды! Көлдің таулық немесе жазықтық салаларында жалаңаш көкбастан өзге талма балық пен голецтердің бірнеше түрлері тіршілік етеді. Балқаш алабының өзендік бөлігінде қарапайым талма балықтардың бірнеше түршелері тіршілік етеді: қарапайым, Зайсан, Балқаш және Жетісу талма балықтары. Бұл балықтардың денесі ұсақ теңгешелер басқан және түрлі өлшемдегі дақтар немесе жолақтар әшекейленген. әсіресе, Зайсан талма балығы үйлену киімінде әсем. Еркек балықтың негізгі түсі - тік жолақпен өрнектелген жасыл қола түс; құрсағы мен анальдық жүзбеқанаты қызыл, ал кеуде жүзбеқанаттары сүттей ақ жолақпен қоршалған. Талма балықтардың бәрі бүгінге дейін зерттеушілер үшін жұмбақ болып қалып отыр.
Жалаңашбалықтар - өзенде жасаушылар. Бұл балықтарды оның аузының айналасында 3 жұп мұртшаларынан, ұзын әрі жіңішке құйрық сабағынан және дененсіндегі теңгешелерінің болмауынан жеңіл ажыратуға болады. Әрбір жалаңаш балықтың қайталанбас түсі бар. Кез келген нысандағы және орындағы күңгірт дақтардан тұрады. Дақтары мүлде бірдей бірнеше экземплярларды табу өте қиын. Сондықтан да жалаңаш балықтарды жүйелеу мәселесі міне жүз жыл бойы ихтолог ғалымдарды ұйықтатпайды, себебі жалаңаш балықтың Қазақстанда сегіз әлде он бір, жалпы қанша түрі бар екенін ешкім де дәл білмейді.
Жалаңаш балықтың әдеттегі ұзындығы - оттық қораптан шай қасықтың ұзындығына дейін. Бұрын Балқаш пен Аоакөлде ұзындығы 22 см-ге жететін «аса зор» жалаңаш балықтар кездесетін! Олар аса салпы ерін балықтар түріне жататын. Бүгінде көлде жалаңаш балықтар қалған жоқ: олар жыртқыштарға ұнағанға ұқсайды.
Осымен Іле-Балқаш алқабының алабының аборигендік ихтифаунасының құрамы жөніндегі әңгімені аяқтауға болар еді, егер зардапты көп көрген көл үлкен өзгеріс дәуірін бастан кешпесе. ХХ-ғасырдың басында сазан Балқашқа түсіп, онда тіршілік үшін тамаша жағдай табады.
1929 жылы Түрксіб құрылысшылары аягөз өзеніне Ертіс алабынан сібір тарақ балығын жібереді. 1945 жылға қарай бұл шағын ғана, үйір сүйгіш тұқы балық тұқымдастарына жататын балық алапқа түгелдей таралып үлгіреді.
Халықтан шыққан «жерсідіргіштер» суқоймалардың фаунасының қалыптасу мәселелерімен айналысатын ихтиологар мен гидробиологтарға көптеген бас қатыратын жұмбақтар жасырды деуге болад. Алайда, олардың әрекеттері балқаштың ихтифаунасын реконструкциялау бойынша ресми жұмыстармен салыстырғанда ауызға алуға келмейді. Кеңес өкіметі орныққан соң, «табиғаттан қайырымдылық күтуді» қажет деп таппаған мемлекет, табиғатты өзгерту туралы курсты ашық деп жариялады. Осылайша далада қолдан жасалған теңіздер, ал шөлде өзендер пайда болды. Балықтар құри бастады, ал дала ландшафтары егістікке айналды.
Жануарлар әлемі де естен шығарылған жоқ. Алайда, аңдардың ішінде де, құстар арасында да су қоймалар бастан кешірген радикалды өзгерістер мысалын табу қиын. Тек Орта Азияның суқоймалары ғана су экожүйесінің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу полигонына айналдырылды. Ал Балқаш көлі табиғатты батыл өзгертушілердің сәтсіздіктері мен қателіктерінен тұратын хрестоматиялық мысалға айналды.
Бірінші рет Балқашқа жоспарлы түрде балық жіберу балықтардың бағалы түрлерінің реалын кеңейту маөқсатында жүргізілді. 1930-1931 жж. Іле өзеніне Арал каязының жынысы жетілмеген бірнеше мың данасы жіберілді. Арал каязы - ірі, тұқы тұқымдас тұщы су балығы. Ал 1933-1934 жж. –ересек Арал шоқырының бірнеше жүздеген данасы жіберілді. Шоқыр өтпелі бекіре балықтарына жатады және Балқаш өңірінің тұрғындары ғылыми атаулардың бастарын ауыртып жатпай жай ғана «бекіре» деп жиі айтады. Балқаштағы шоқыр жиырма жасар шағында ұзындығ бір жарым метрге, салмағы 20 кг шамасына жетеді. Оған уылдырық шашу үшін тасты, малатасты грунт пен ағыс қажет. Мұндай уылдырық, шашатын орындардың көпшілігі бұрын Іле өзенінің қапшағай шатқалынан өтер тұста болатын. Бүгін каяз бен шоқыр Қазақстанның Қызыл кітабының мекендеушілері. Себеп - Сырдария мен Іле өзендерінде жүргізілген су құрылыстары.
1948 жылы Алмаының әуіт шаруашылығының суқоймаларына Зайсан көлінен ойғақ балығын жіберу сәятсіз аяқталады. Оңғақ - көлдер мен ағысы шабан, арнасы балдыр басқан өзендер мекендеушісі. Оңғақтың денесінің нысаны мөңке балыққа, ал түсімен – шармайға, жұқа әрі ұсақ теңгешелермен - форельге (патшабалық), ал дәмдік сапасы жөнінен оңғақ балыққа тең келері жоқ. Оның еті семіз, өте нәзік, аздап тәтті, қантамырларының қалың желісінен сәл қызғылт реңкте. Оңғақты Еуропада өте бағалайды және оның тұқы балықтан шабан өссе де балық өсіретін шаруашылықтары өсіруге ұмтылуда. Балқаштағы оңғақтың таралу аясы өте тар.
1950-1960 жж. арасында алдымен Қаратал өзеніне, соңынан Тоқырауын мен Іле өзендеріне Алтай өлкесі мен Қостанай облыстарынаң бозша мөңке жіберілді. Бүгін бұл тұқы тұқымдастардың күй талғамайтын өкілі Балқаш алқабында барлық жерде кездеседі: атыраулық көлдерден өзен-салалардың таулықтелімдеріне дейін. Бозша мөңке - ғажайып балық. Ол оттек тапшылығы мен ластанған суға да шыдамды, денесінің бір бөлігінің мұздануын және тіпті суқойманың қысқа мерзімге құрғауын да көтереді. Қазақстанның кейбір көлдеріндегі тіршілік жағдайы соншалықты қатал болғандықтан оларда тек мөңке балық қана өседі. Сол себепі мөңке балық суқойманың жағдайының биоиндикаторы болып есептелінеді. Бозша мөңкенің Балқашта пайда болуы мен оның көптеп өсіп-өнуінің өзі экологтар үшін судың ластану белгісі болып табылады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?