Қазақ тілі | Синтаксистік синонимдер
Жақсы стилист болу — сөз зергері болу деген сөз. Сөз зергері мақсатты ойдың тек түсінікті болуын ғана емес, көркем, әсерлі бо-луын да көздейді. Ол үшін сөз орамын түрлендіріп, нақыштап, ба-рынша жатық етіп құруға тырысады. Мысалы, жазушы М. Әуезов “Абай жолы” романында алыс жолдан келе жатқан Әбішті қарсы алып, алдынан шыққандар туралы былай дейді:
Омырауларын тер басқан, демігіп танауратқан сәйгүліктерді зорға тоқтатқан ауыл кісілері күймеге соқтыға жаздап, дабырлап сэлем берісті Қуаныштың айғай-шуын, шат күлкісін Әбіштің ал-дына ала шықты. Осы мысалдағы соңғы сөйлемді сурет зергері емес, жай қарапайым Қазақ, “Ауыл кісілері Әбіштің алдынан шықты, оны қуанып қарсы алды” дер ме еді? Не десе де, сөз нақышын М. Әуез-овтей келтіріп айтпаған болар еді. Немесе:
Жанымның жарық жұлдызы,
Жамандық күнде жарымсың,—
дегенді Абай ғана айта білді.
Тілде бар сөздерді, сөйлем құрылысын осылайша шеберлік биі-гінде тұрып жұмсаушы ойшылдар санаулы-ақ болар.
“Қөңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?” дегендей, адам ойының ұшы-қиыры жоқ. Сондай-ақ, тіл байлығы да ұшан-теңіз. Сол теңіз дүниесіне сүңгіп, ой өрнегіне керекті тілдік материалдарды, грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалана білу үлкен шеберлікті керек етеді.
Тілге бай, сөзі жатық кісілер ана тілінің мүмкіншілігін молынан пайдаланады. Соның бірі — синонимдер. Мәндес сөздер, мәндес грамматикалық тұлғалар мен синтаксистік тәсілдер өз орнында дұрыс қолданылса, тілге ерекше өң береді. Қазақ тілі синтаксисінің сондай мүмкіншілігін байқау үшін бірнеше мысал келтірейік:
1. Істің мақсатын білдіру үшін, егер: Мен Алматыға оқуға келдім десек, осыны тағы қалай айтуға болады? деген сұрақ туады. Осы сөйлемнің пысықтауышы “оқуға” дегеннің синонимдерін тауып, сол сөйлемді былай өзгертіп айтуға болады:
1. Мен Алматыға оқу мақсатымен келдім. •–
2. Мен Алматыға оқу үшін келдім.
3. Мен Алматыға оқығалы келдім.
4. Мен Алматыға оқиын деп келдім.
5. Мен Алматыға оқысам деп келдім.
6. Мен Алматыға оқиыншы деп келдім.
7. Мен Алматыда оқысам қайтер екен деп келдім.
Осылардағы мақсат пысықтауыштардың тұлғалары әр түрлі болғанмен, сөйлемдердің негізгі мағыналары (мақсаттық) бірдей сияқты, бірақ стильдік өңі бірдей емес. Стилистика үшін осындай бірдей еместердің үлкен мәні бар. Егер бұл пысықтауыштың сөй-лемдерде білдіретін мағыналары барлық жерде біріне-бірі тепе-тең болса, онда олардың бәрі жапа-тармағай жиі қолданылмаған болар еді. Дұрысында, олардың ептеп болса да айырмашылықтары бар. Мысалы, “оқуға келдім”, “оқу үшін келдім”— бір емес. Соңғыда мақсат баса айтылады. Сондықтан оларды қалай болса солай, бірінің орнына бірін қолдана салмаймыз. Абайдың Мен жазбаймын өлецді ермек үшін дегенін басқаша айтуға болмайды. Сол сияқты Келмеп пе едің жол тосып, жолығуға аулаққа (Абай) дегендердегі мақсат пысықтауышты басқа синониммен ауыстыра салуға болмайды.
Оның себебі екі түрлі: біріншіден, бұл синтаксистік синоним-дердін, мағыналарында стильдік елеулі айырмашылық бар, екінші, мұндай синонимдердің бәрі бірдей кез келген етістікпен тіркесе бермейді. Мысалы, Бізді аудандық партия комитеті колхоз жұмы-сына көмектессін деп жіберді дегенді көмектескелі жіберді дей ал-маймыз. Өйткені “көмектескелі” сөзі III жақтық жібер етістігімен емес, келдім, бардым, шақырдым тәрізді етістіктермен тіркеседі. Сондай-ақ “оқиын деп келдім” мен “оқысын деп жібердінің” пы-сықтауыштарын алмастыруға болмайды.
Стилі жатық жазушылар сол синонимдерді жақсы біліп, көбіне-се мағына дәлдігі үшін, кейде жазу стилін түрлендіру үшін де қолданады.
2. Қазақ тіліндегі сабақтастардың бағыныңқы сыңарлары түрлі-түрлі тұлғада жұмсалады. Солардың бірі — мезгіл бағыныңқы. Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің бірнеше синонимі бар:
1. Бригадир келгенде, Жақып төсегінен тұрып жатыр еді.
2. Бригадир келген кезде, Жақып төсегінен тұрып жатыр еді.
3. Бригадир келсе, Жақып төсегінде жатыр екен.
4. Бригадир келісімен, Жақып төсегінен тұрды.
5. Бригадир келе сала, Жақыпты төсегінен тұрғызды.
Осындай мезгілдік мағынада сабақтас сөйлемдерді тағы да са-лалас етіп айтуға болады:
1Бригадир келіп еді, Жақып төсегінде жатыр екен.
2. Бригадирдің келуі мұң екен, Жақып төсегінен қарғып тұрды.
3. Бригадир келсе болғаны, Жақып төсегінен қарғып тұрады.
Бұлар мезгілді білдіру жағынан мәндес болмағанмен, әрқайсы-сының стильдік өңі, экспрессивтік мағынасы әр басқа: Бригадир келгенде (келген кезде), Жақып төсегінен тұрып жатыр еді —-ба-ғыныңқы басыңқыдағы істің өткен шақта болғанын білдірумен қатар, басыңқының баяндауышы да өткен шақтық тұлғада тұруын керек етеді. Сондықтан ол сөйлем соңғы еді — сөзінсіз айтылмай-ды. Ал Бригадир келсе… деген бағыныңқы да өткен шақта, басың-қының баяндауышы да өткен шақта, бірақ көмекші етістігі еді емес,— екен. Осынысында үлкен мән бар: Бригадир келсе, Жақып төсегінде жатыр екен дегенде, бағыныңқы басыңқымен тек мезгіл-дес болып қана ұғынылмайды, басыңқыдағы іске бағыныңқының бастауышы айғақ (көрген, көзі жеткен) болғаны аңғарылады.
Сондықтан шартты райды есімшемен алмастыра салу — сөйлемнің елеусіз болса да мағыналық нәзік айырмашылығын білдіруге қия-нат жасау болады.
3. Сөйлем мүшелерін синонимдік ыңғайына қарап түрлендіруде үлкен мән бар. Алдымен мына мысалдарды салыстырыңыз:
Дуандағы начальник тіл- Әбдірахманға писарь бол
маш бол деп өтінген екен, бол- деп жабысты, оған да болмады
.май елге келді (Б. Майлин) (Б. Майлин)
- Базаралы өз науқасының Ол үйде болған сөздің бар-.
бар жайын айтып шықты лығын Мағаш баяндап берді
(М. Әуезов). (М. Әуезов). ‘
Бұлардың бэрі бірдей неге Кейін… Павловқа түгел
бөріккенін Өтеп… тегіс мэлім- жеткізіп күлкілі түрде эңгіме-
деп берген (М. Әуезов). леп берді (М. Әуезов).
Бұл мысалдардағы мәндес мүшелер: тілмаш. бол деп өтінген екен — писарь бол деп жабысты, айтып шықты — баяндап берді,
мөлімдеп берген,— эңгімелеп берді. Бұлар бірін-бірі қайталамай, тек сәндік үшін түрленіп тұрған жоқ, мағыналық жүгі болғандықтан да белгілі стильдік қызмет атқарады. Бір мүше қайталанбай басқаша айтылған: тілмаш бол деп өтінген екен —жай тілек те, писарь бол деп жабысты — экспрөссивті тілек, айтып шықты — түгел хабарлады, баяндап берді — түгін қалдырмай, тайсалмай хабарлады деген мағынада.
Сөз шеберлері синоним сөздерді бірыңғай мүше қызметінде де көп жұмсайды. Ондайда бірыңғай мәндес мүшелер бірін-бірі то-лықтыра, сурет бояуы айқындала түседі.
Ісіндің, кебіндің
Сонда да не пайда (Абай).
Әлі де айтары көп адамдай қысылмай, жасқанбай, именбей күледі (Ғ. Мүсірепов).
Мұндайда көмекші сөз бен сөз тіркесінің сыңары бірыңғай сино-нимдерге ортақ болып бір рет айтылады, мысалы: Ғылым оқып білгенше, тыным, тыныштықтаппаған (Абай). Сөйлемді солай құ-рауға әуес шебер жазушының бірі М. Әуезов ‘болатын:
Ең аяғында Абай өзі бір тұспал, болжал жасады. Абай мен Ербол екеуі де қатты жүріске шыдамды, берік болатын. Іштей екеуінің шыдамдылыққа байласқан серті, бәсекесі бардай. Үлбіреген… жастықтық аса қатты қысылған, қымсынған белгісі білінеді. Кей жайларды анық, айқын етіп хатқа жазып келді (М. Әуезов).
Сол мақсатпен синонимді бірыңғай мүшенің бірі жеке сөз, бірі тұрақты тіркес болып та жұмсалады.
Ондай болса, мен де ойланып, қабырғаммен кеңесейін (С. Бақ-бергенов). Көзіме жас бер, жылайын, шыдам бер, сабыр қылайын (Абай). Ұғынбайды, ұғынғысы келмейді. Тығылмай, ашу шақырмай ұтқыр сөйлейтін кісі сияқтанды (Ғ. Мүсірепов).
Жоғарғыдай мәндес сөздердің арасына да та жалраулығын қойып бірьщғай мүше қызметінде жұмсауға жазушы Ғ. Мүсірепов әуес. Бұл әуестікте де ерекше стильдік мән бар:
Бәрі де бір ұяда туып, өскендей топас та кеще. Білетіндері болымсыз да мардымсыз болғанмен, әрнеге әзір тұрғандарын ұна-тып қалды. Байжаніркілмей де бөгелмей бармағын басты (Ғ. Мү-сірепов).
Мұндайдың айтылу әуенінде ерекше ырғақ болады да, мәндес бірыңғайлардың мағыналары біріне-бірі еселеніп үстелетіндей экспрессивті мағына сезіледі. Сондықтан болар, бірыңғайларды осылай құрауға жас жазушылар көбірек еліктейтін болды. Бірақ онда оғаштық та бар. “Ұтымды да ұтықты”, “құда да құдағай”, “түсінікті де ұғымды” т. б. Мұндайда пәлендей мән жоқ, тек жел-піну бар. Өйткені бұлай қосақталатын екі сөз біріне-бірі синоним болғанмен, дербес мәні болу ,кере“. Бір сөзді бұзып екі рет айтқан-нан ондай мән шықпайды.
Сөйтіп, стилистика мәндес синтаксистік құрылыстардың тиімді-лерін пайдалана білуді де үйретеді екен, ондай синтаксистік сино-ним Қазақ тілінде мол.
Әдетте жазуы жатық, тілі бай стилистер тілде бардың бәрін жай қарапайым қалпында түсінбейді, оның өте нәзік мәнін, өзгелерге еленбейтін иненің жасуындай кылаң еткен стильдік қызметін шеберлерше түсінеді. Сөйтеді де тіл байлықтарьш, әсіресе тілдің грамматикалық мүмкіншіліктерін, жақсы біліп, керегіне жаратьш отырады. Мысалы, тілге деген талабы, сезімі, білімі мол жазушы еш уақытта Ақ ат мінген қыз қойларды жамыратты, Ол белін арқанға буды демейді. Себебі: аттың түсі ақ болса да, қазак, “ақ ат” демейді, боз ат қай жерде дейді, әдетте қой жамырамайды, қозы жамырайды, белін арқанға бумайды, белін арқанмен буады. Не болмаса, қазіргі Қазақ тілінде бірыңғай бірнеше сөйлем мүшелерін “және”, “мен” жалғаулықтарымен байланыстырып айтқысы келген стилі жатық журналист еш уақытта “және” ні бұрын, мен (бен, пен) жалғаулығын соң жазбайды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?