Ақтөбе қаласы

 Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласы - Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы (1932). Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Темір жол, әуе және автомобиль қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында Елек өзенінің сол жағалауына, Ақтөбені айнала орналасқан. Патша әскерінің Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы үшін соғыс бекінісі ретінде алғашқы қазығы 1869 жылдың мамырында қағылған. 1891 жылдың 25 мамырынан уездік қала, Торғай облысы Ақтөбе уезінің орталығы. Орынбор – Ташкент темір жолының салынуына байланысты (1905) тораптық темір жол стансасына 1933 ж. аэропорт (оның жаңа ғимараты 1978 ж.) пайдалануға берілді. Тұрғыны — 2000 ж. — 277,5 мың, 2002 ж. — 273,8 мың, 2004 ж. — 280,3 мың, 2006 ж. — 292 мың адам болды. Қалада әр жылдары маңызды саяси оқиғалар өтті. Тұрғындары Бүкілресейлік ереуілге қатысты (1905). Кеңес өкіметі орнағаннан кейін (8(21).1.1918) азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылармен күрескен әскери күштер жасақталып, Кеңестік майдан орталығына айналды. Қазақстан өлкесінің 1 Кеңестік конференциясы өтіп, онда барлық қазақ жерін Кеңестік Қазақ республикасының құрамына біріктіру туралы шешім қабылданды. 1920 – 30 жылдары қалада паровоз және вагон депосы, механикалық зауыт, диірмен, элеватор, нан комбинаты, «Металист» артелі салынды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары ферроқорытпа және хром, рентген аппаратуралары, ауыл шаруашылық машиналары (қой қырқатын электр аппараттары, трактордың қосалқы бөлшектері), тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (ет комбинаты, қалалық сүт зауыты, элеватор, тоқыма, жиһаз және тігін фабрикакалары) пайдалануға берілді. Құрылыс базасы (кірпіш, темір-бетон бұйымдары, силикат-қабырға материалдары зауыттары, үй құрылысы комбинаты, т.б.) құрылды. Ірі құрылыс ұйымы – 1946 ж. іргесі қаланған «Ақтөбеқұрылыс» тресі (қазіргі «Ақтөбеқұрылыс» жобалау-құрылыс фирмасы). 2-дүниежүзілік соғысы жылдары мұнда бірсыпыра кәсіпорындар көшіп келді. Қалада 321-атқыштар дивизиясы, 101-ұлттық атқыштар бригадасы, теңізшілердің дербес атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және басқа да әскери бөлімдер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. Қаланың 29 тұрғыны бұрынғы Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Оның ішінде шығыс халықтарынан шыққан екі қаһарман қыздың бірі Әлия Молдағұлова бар. Ақтөбеде алғашқы оқу орны – екі кластық орыс-қазақ училищесі 1884 ж. ашылды. 1896 ж. Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен қазақ қыздары үшін әйелдер училищесі жұмыс істей бастады. Құдайберген Жұбанов атындағы Мемлекеттік университет, медицина академиясы, «Дүние» университеті, Талғат Бигелдинов атындағы жоғары әскери авиациялық училище, колледждер, қазақ және орыс драма театры, тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық филармония, Молдағұлованың мемориалдық мұражайы, Отан соғысында қаза тапқандар мемориалы, Қазақстанда саяси қуғынға ұшырағандарға, Молдағұлова мен Исатай Таймановқа қойылған ескерткіштер бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: актобе ақтөбе туралы реферат казакша, актобе ақтөбе каласы туралы реферат казакша, реферат на тему актобе ақтөбе на казахском языке скачать, актобе ақтөбе қаласы туралы реферат, реферат казакша, казакша, реферат, актобе ақтөбе каласы, реферат реферат на тему актобе ақтөбе, актобе ақтөбе туралы реферат, Қазақша реферат: актобе ақтөбе туралы казакша реферат, реферат на казахском языке про актобе ақтөбе город, актобе ақтөбе туралы казакша реферат қазақша реферат, реферат на казахском языке про город актобе ақтөбе, на казахском языке скачать, скачать, на тему актобе ақтөбе, актобе ақтөбе туралы, қазақстан қалалары туралы реферат, казакстан калалары туралы реферат казакша, реферат на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, реферат на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, реферат на тему казакстан калалары, города казахстана реферат на казахском скачать, aktobe aқtөbe turaly referat kazaksha, aktobe aқtөbe kalasy turaly referat kazaksha, referat na temu aktobe aқtөbe na kazahskom yazyke skachat, aktobe aқtөbe қalasy turaly referat, referat kazaksha, kazaksha, referat, aktobe aқtөbe kalasy, referat referat na temu aktobe aқtөbe, aktobe aқtөbe turaly referat, Қazaқsha referat: aktobe aқtөbe turaly kazaksha referat, referat na kazahskom yazyke pro aktobe aқtөbe gorod, aktobe aқtөbe turaly kazaksha referat қazaқsha referat, referat na kazahskom yazyke pro gorod aktobe aқtөbe, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu aktobe aқtөbe, aktobe aқtөbe turaly, қazaқstan қalalary turaly referat, kazakstan kalalary turaly referat kazaksha, referat na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, referat na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, referat na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana referat na kazahskom skachat