Көкшетау қаласы
Көкшетау — қала, Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған).
Географиясы
Қазіргі Ақмола облысының солтүстігі мен оған шектесіп жатқан Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарын қамтиды. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. Осында шығыстан батысқа қарай Көкше, Жақсы Жалғызтау, Жаман Жалғызтау, Имантау, Жыланды, Сандықтау, Үлкентүкті, Бұқпа, Қошқарбай, Зеренді таулары, Айыртау, Сырымбет секілді таулар мен Шортанды, Бүркітті асуы, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Айнакөл, Айдабол, Зеренді, Қопа, Атансор, Майлысор, Мамай, Саумалкөл, Шалқар, Үлкен Қоскөл, Кіші Қоскөл, Жолдыбай, Қалмақкөл, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Кіші Қараой, Қалибек, т.б. көлдер орналасқан. Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас тұр. Бұл аймақта Оқжетпес, “Жеке батыр”, Кенесары үңгірі, т.б. тарихи орындар бар. Қыраттың батыс жағынан Есіл өзені ағып өтеді. Көптеген ұсақ өзендер көктемде қатты тасығанымен, жазда суы азайып, көпшілігінің арналары кеуіп қалады. Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері –16 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 230 – 400 мм.
Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі:
солтүстігінде Көкше, Бура, Жеке батыр,
оңтүстігінде Айыртөбе, Шортан шоқылары бар.
Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы 420,0 км².
Қылшықты өзені осы таудан бастау алады. Тау беткейлерінде қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.
Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Білім жүйесі саласында 3 жоғары оқу орны, 13 арнайы орта оқу орындары, жалпы білім беретін 23 мектеп жұмыс жасауда. 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді. Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған. 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар.
Тұрғыны
Қала тұрғыдары 2010 ж. 146,933 адамды құрады, ал 1999 ж. санақ бойынша 123,300 адам болған.
Ұлттық құрамы
Ұлттық құрамы, % - 2007 ж
Орыстар - 35,0
Қазақтар - 49,0
Басқалар - 16,0
Климаты
Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы, қысы ұзақ және аязды. Жылдық орташа температура 0С шамасында. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 – 350 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады.
Тарихы
Көкшетау – Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; Бурабай кеніші, Бурабай қонысы. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған.
6 – 8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды.
13 – 15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты.
17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгенбай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті.
18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды.
1824 ж. 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай'' тас жолымен қаладан шыға берістегі Шағалалы өзені үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды.
1824 ж. 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен К. бекінісі ресми тізімге енгізілді.
1839 ж. Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды.
1868 ж. Көкшетау бекінісі әскери маңызын жойып, қатардағы елді мекендердің бірі болып қалды.
1882 ж. жарық көрген “Сібірдегі қалалар мен кенттердің экономикалық жағдайы” деген басылымда мынадай мәліметтер жазылған: “Көкшетау үлкен станица мен соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны қаладағыдан төрт есе көп. Сондай-ақ, онда шіркеу, көпшілік орындар, уч-ще, жәрмеңкелер мен базар бар. Станицада 300-ге жуық үй, 1800-ден астам адам тұрады. Қалада не бары 60 – 70 үй және 450 мещан мекен етеді. Қалада екі көше ғана болса, станицада жетеу...”.
1887 ж. Көкшетау тұрғыны 5 мың адамға жетті. Екі кірпіш зауытында тұрақты 5 – 10 жұмысшы, маусымдық 15 – 20 жұмысшы болды. Шағын арақ-спирт зауыты, шойын құю шеберханасы, 1 бу диірмені мен 20 жел диірмені жұмыс істеді.
1898 ж. жарық көрген “Ресейдегі болыстар мен елді мекендер” деген басылымда Көкшетау уездік қала делініп, “онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта-телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер бар” деп жазылған. Үйлердің барлығы да ағаштан қиылып салынатын болған. Соған байланысты Көкшетауды кезінде “ағаш қала” деп те атаған.
1910 ж. шойын құю шеберханасының механигі Захаров қала тұрғындарына тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз кино көрсетті.
1913 ж. қаңтарда қала санағы өткізілді.
1916 ж. Көкшетауда алғаш рет қуаты 8 кВт/сағ электр станыиясы жұмыс істей бастады.
19 ғ-дың 60 жылдарынан Көкшетау қаласының ортасындағы Покров (қазақтар оны Боқырау жәрмеңкесі деп атаған) базарында жәрмеңке өтіп тұрды. Жәрмеңке 1918 жылға дейін жұмыс істеді. * 1918 жылдың наурызынан Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Көкшетау уездік кеңесі Бурабай консерві зауытын, Харламовтың сіріңке фабрикасын, Көкшетау бу диірменін, Айдабол спирт зауытын, Бурабайдағы санаторий мен саяжайларды мемлекет меншігіне айналдырып, Көкшетаудың бүкіл кәсіпорындарын өз қарауына алды.
1921 ж. 21 ақпанда Көкшетау уезінде Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс болды. “Есіл бүліншілігі” деп аталған бұл бас көтеруді Қызыл армия бөлімшелері күшпен жаныштады.
1922 ж. Көкшетау – Қызылжар (Петропавловск) темір-жолы (ұзындығы 200 км-ге жуық) іске қосылды.
1928 ж. элеватор салынды, ағаш өңдейтін және тігін бұйымдары артельдері жұмыс істей бастады. * Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қалаға КСРО-ның батыс аумағынан бірнеше зауыттар мен өнеркәсіп орындары көшірілді. Кейін олар қаланың өнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуына ықпал етті. Көкшетау прибор жасау зауыты (1917 жылға дейін Шойын құю цехы деп аталған)
1942 ж. Подольскіден (Ресей) көшіріліп әкелінген тігін машиналары зауыты қосылғаннан кейін Көкшетау механикалық зауыты болып аталды.
1944 жылдың 16 наурызында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Көкшетау облысы құрылып, оның орталығы Көкшетау қаласы болды.
1954 ж. 31 шілдеде “Көкшетау қаласын салу және оны көріктендіру туралы” Бас жоспар қабылданды. Әуежай ғимараты, темір-жолдар және автовокзалдар салынды.
1989 ж. Көкшетау қаласы АҚШ-тың Уокешо қаласымен бауырлас қала атанды.
1997 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Көкшетау облысы таратылып, оның аумағы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосылды.
1999 жылдың 8 сәуірінен бастап Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды.
Өнеркәсіп саласы
Көкшетау қаласында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Көкшетау қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: алтын өндіретін “Васильков алтын” бірлескен кәсіпорны, оттектік тыныс алу аппараты, салмақ өлшеу техникасы, су шығынын есептеуіш аспабы, авиация техникасы агрегаттары мен тораптарын жасайтын “Тыныс” акционерлік қоғамы, әуе-ғарыш техникасындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне арналған агрегаттарды өндіретін “Наука-Восток” акционерлік қоғамы. Қалада ауыл-шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар желісі жақсы дамыған. Мысалы, ет комбинаты, май өнімдерін шығару зауыты, астық қабылдау пункті, сусындар шығаратын, жеңіл өнеркәсіп (тігін және тоқыма өнімдері) кәсіпорындары және фарфор бұйымдарын шығаратын зауыт жұмыс істейді. Қалада 4,5 мың шағын кәсіпорын бар. Шағын бизнес 19,5 мың адамды жұмыспен қамтыған (2001 ж.).
Жол торабы
Көкшетау қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 267 км. Жүк тасымалының басым бөлігін автомобиль көлігі атқарады. Қала маңында ұшып-қону жолдары бар әуежай кешені орналасқан. Темір-жол магистралі Көкшетауды Қазақстанның барлық қалаларымен байланыстырады.
Телекоммуникация жүйесі
Көкшетаудың телекоммуникациялық жүйесінің негізін жалпы сыйымдылығы 30 мың нөмірлі АТС-тер құрайды.
Денсаулық сақтау мекемелері
Қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы саны 34. 17 емдеу-сауықтыру мекемесі, 13 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, жедел көмек станциясы жұмыс істейді. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында 1 емхана, 1 аурухана, 48 дәріхана бар.
Білім саласы
Білім жүйесі саласында Көкшетау мемл. ун-ті, Көкшетау тех. ун-ті, Көкшетау экономика және менеджмент ин-ты, 13 арнайы орта оқу орындарының бесеуі мемл. колледж, жалпы білім беретін 23 мектеп бар.
Мәдениет орындары
“Көкшетау” хореогр. ансамблі, 2 театр, филармония, қалалық кітапханалар жүйесі, 4 мұражай, көрме залы, 6 клубтық мекемелер қалалықтар мен қонақтарға мәдени қызмет көрсетеді.
Қалада дене шынықтыру және спорт жақсы дамыған. 3 стадион, 3 жүзу бассейні, 1 шаңғы базасы, 6 спорт мектебі бар.
Оқу орындары
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті - өңіріміздегі 45 жылдан астам көне тарихы бар Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы, оқу нарығында беделді орны бар оқу орындарының бірі. Университет, әлемдік білім стандартына сай, жоғары білікті мамандар даярлайды.
Қазіргі уақытта университет құрамында күндізгі бөлімді оқытатын сегіз факультеті, сырттай оқыту факультеті, аспирантура мен магистратура, ғылыми-зерттеу зертханалары, Мемлекеттік тілді оқыту, инновациялық технологиялар және біліктілікті жетілдіру орталығы, Халықаралық алтаистика мен түркология орталығы, редакциялық-баспа бөлімі, компьтерлік технологиялар және телекоммуникациялар орталығы, мұражайлар мен кітапханасы және тағы басқа құрылымдық бөлімдері бар ірі ғылыми-оқу-өндірістік кешен болып табылады. Бүгінгі күні университетте бакалавриат бойынша 45 мамандықта сегіз мыңнан астам студент білім алуда. Сапалы маман дайындау мақсатында университетте қосарлы оқыту жүйесі, менеджмент сапасының жүйесі, «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі қосылған. Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығы бойынша «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі» жобасының аясында, 2009 жылы Көкшетау қаласында физика-математика бағытындағы мектеп ашылды. Көкшетау Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірінші басшысы – Абдильдина Жанар Нұрбапашевна. 2012 жылы 10 тамызда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында, Физика-математика бағытындағы Зияткерлік Мектепті қарап шықты. Көкшетау қаласының зерек балаларын математика, физика, информатиканың терең оқытумен қатар оқушыларға өз бетімен ғылыми ойлануды, Қазақстандық қоғамның Зияткерлiк элитасының бәсекеге түсе алатындай және өзін қазіргі заманда iске асыратындай болуына көмектесу.Қазақстан Республикасының зияткер элитасын тәрбиелеу. Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ерекшелігі - физика-математика пәндерін тереңдетіп оқыту.
Мәдениеті
Ш. Құсайынов атындағы Ақмола облысының қазақ музыкалық-драмалық театры
Облыстық орыс драма театры. Ақмола облыстық филармониясы
"Достар" мәдениет сарайы
"Көкшетау" мәдениет сарайы - қалалық және облыстық масштабтағы барлық қоғамдық-саяси шаралар өтетін Ақмола облысының басты мәдениет орталығы
Демалыс орындары
Көкше өңірі сырға толы болғандықтан көптеген демалыс орындарының бар екені мәлім. Мысалы: Көкшетау ұлттық табиғи саябағы, “Бурабай” курорты, “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері, “Жеке Батыр”, “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерьлері орналасқан. Әр демалыс орындарының өзіндік ерекшеліктері мен сырлары бар. Мысалы үшін: Жеке батыр аңызы көп адамдар біле бермейтін ерекше демалыс орындардың бірі. Жеке батыр көне замандарда Көкше жерін қорғау үшін күндіз түні тынымсыз қарауылдаған. Елінің жан ашыры болып, елдің сүйікті батыры болған деседі. Алайда күндердің бір күнінде Көкшетау жеріне жау шауып, Жеке батыр тұтқиылдан шапқан жауға бір өзі қарсы тұралмай, сол жерде қаза табады. Дәл сол уақытта Жеке батыр жатқан жерден тау пайда болып, Көкше жері жау қолынан қорғалған. Байқап қарасақ шын мәнінде де тау бетіне үңілсек адам бейнесін көреміз.
Ұлттық саябағы
Көкшетау ұлттық табиғи саябағы – Көкшетау қаласынан 60 км жерде орналасқан қорықтық аймақ.
1996 ж. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында құрылған. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқысы кіреді.
Жерінің аумағы 586,8 мың гектар, оның 97,7 мың гектары орманды алқап, 166 мың гектары – жайылым, 7 мың гектары шабындық, 289 мың гектары – жыртылған, 25 мың гектарын сулы-батпақты жерлер алып жатыр.
Климаты – тым континенттік, қысы суық, қарлы, жазы қоңыржай. Орман арасындағы көгалдар мен өзен алқаптарын астық тұқымдас өсімдіктер басқан.
Саябақта 200-ге жуық археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар мен көне заманғы елді мекен орындары бар. Сырымбет тауының маңында 19-ғасырда тұрғызылған ағаш үй сақталған. Онда ұлы ғалым Шоқан Уәлихановқа тарихи-мемориалдық кешен ұйымдастырылған.
Саябақтың өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Жануарлардан: бұлан, елік, борсық, түлкі, орман сусары, қасқыр, орқоян, ақтиін, құр мекендейді. Оларды аулауға тыйым салынған. Мұнда биотехникалық жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз себілген алаңдар жасалады. Саябақ жерінде туризм жақсы дамыған.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?