Биология | Ауыз уылуы

 Биология | Ауыз уылуы

Ауыз уылуы

Ауыз уылуы (стоматит) — ауыздың кілегей қабығының қабынуы.

Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; екіншісі — жас балаларда кездесетін — ауыз кілегей қабығының күлбіреуі; үшіншісі — ауыз ойылуы.

Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда адамның қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады.

Уылудың екінші түрін ауыздың кілегей қабығына стрептококк немесе стафилококк микробы еніп қоздырады. Мұнда кілегей қабықша мен қызыл иектің әр жері күлдіреп ағарады. Адам тағам шайнаудан қалады, көңілі делсалданып, ашуланшақ келеді, аузынан сілекей ағады, дене қызуы 37,2—37,5 ℃ дейін көтеріледі. Ал аузы ойылған, уылған адамның тістерінің түбі ісініп, сұрғылттанады, қызыл иектері жара болады, жақ астындағы бездер шошиды, тамақ ішуі қиындайды.

Емі

Дәрігерге көрініп, күніне 5-6 рет риванол немесе марганец қышқылды ерітіндісімен шайып отыру. Бұлар болмаған күнде сода (көмір қышқылды натрий), бура (бор қышқылды натрий) және фурациллин ерітінділерімен де шаюға болады. Ауызды шайғаннан кейін оның кілегей қабығына метилен көгінің 3 % ерітіндісін жағу қажет.

Науқас адамның ішетін асы сұйық не қоймалжың, әрі жылы күйінде, витаминге мол болғаны дұрыс. Кейде пенициллин, стрептомицин сияқты антибиотикті ұзақ ішкенде де ауыз уылуы мүмкін. Бұл жағдайда осы дәрілерді ішуді тоқтатса, аурудың өзінен-өзі қайтуы ғажап емес.

Халықтық емі

Ошағанның (тікенді осімдік) гүлін күйдіріп, күлін уылған жерге басады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?