Биология | Асфиксия

 Биология | Асфиксия

Асфиксия - тұншығу, нәрестенің туылу сәтіндегі организмінде оттегі жетіспеушілігінен дамитын жағдай.



Гипоксиямен-тканьдердегі оттегі жетіспеушілігі, гиперкапниямен-қандағы СО2-нің көбеюі, ацидозбен-организмде шала тотыққан зат алмасу заттарының көбеюімен сипатталады. Асфиксия кезінде ОЖЖ-нің, жүрек қантамыр жүйесінің, бауырдың жұмысы зақымданады.



Тұншығудың себептері:



1. Кіндіктегі қан айналымының бұзылуы : баланың кіндігінің мойнына, денесіне оралып қалуы, кіндіктің түйілуі, түсіп кетуі т.б.



2. Баланың туылуының ауыр жағдайда өтуі: бала жолдасының ерте ажырауы, ұрыққасындағы судың ерте кетуі, жатырдағы су мөлшерінің шамадан тыс көп болуы, аз болуы,баланың дұрыс келмеуі, егіздік , туылудың ұзаққа созылуы т.б.



3. Анасының жүктілік кезіндегі зиянды әдеттері, инфекциялық аурулары, қан кетулер, әйел мықынының тар болуы, акушерлік қысқыштар қолдану т.б.



4. Нәрестенің туа біткен аурулары, ақаулары.



Біріншілік асфиксия- бала туылған кезде болады.



Екіншілік асфиксия- жатырсуымен аспирациядан соң, пневмония, ми жарақаты, жұлынның травмасы, жүрек және өкпе, ми ақауларында, біріншілік асфиксияда жәрдемнің дұрыс болмауында дамиды.



Оттегі жетіспеушілігінің ұзақтығына байланысты асфиксияның 3 дәрежесі бар.



1-ші дәрежесі немесе жеңіл асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы-7 балл. ЖТБ-ның терісі аздап көкшіл, демалысы үзік, жүрек соғуы анық, біркелкі, минутына-100рет, бұлшықет ширақтылығы және физиологиялық рефлекстері жақсы.



2-ші дәрежесі немесе орташа асфиксия, көк асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы 6-4 балл. Баланың жалпы жағдайы ауыр, терінің цианозы жоғары, жүрек тоны күңгірт, ритмді, сирек, тыныс алуы сирек, ретсіз. Бұлшықет тонусы төмен. Рефлекстері төмен.



3-ші дәрежесі немесе ауыр асфиксия, ақ асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы 1-4 балл. Жалпы жағдайы өте ауыр, тері қабаты боз, ақшыл, шырышты қабаты цианозды, тыныс алуы жоқ, жүрек тоны күңгірт, баяу, ретсіз, бұлшықет тонусы төмен, немесе жоқ, физиологиялық рефлекстері жоқ.



Асфиксиямен туылған балаға шұғыл түрде тірілту шараларын жүргізу қажет.



1-ші дәрежелі асфиксияда шырышты сорып,денесіне салқын су шашып немесе құйрықтан ұрған жеткілікті.



2-ші дәрежелі асфиксияда жоғарыда айтылған шараларға қосымша Минутына 30-40 рет қолдан дем беру, 120-130 рет сыртқы жүрек массажын жасау керек.



3-ші дәрежелі асфиксияда қосымша көк тамырға преднизалон, адреналин енгізіледі.



Асфиксиядан шығарылғаннан кейінгі бала күтімі:



Балаға барлық манипуляциялар төсекте өткізіледі.

2-7 күн бойы анасына сауылған сүтпен қасық немесе зонд арқылы тамақтандырылады, емшекке еппен біртіндеп салынады.

Баланың дем алуын оңайлату үшін бос жөргектейді, бас жағын көтеріңкі жатқызады.

Оттегінің жетіспеушілігімен күресу үшін палатаны жиі желдетіп, балаға мезгіл-мезгіл Бобров аппараты арқылы оттегі беріп тұру керек, мүмкіндік болса баланы кювезге жатқызуға болады.

Өкпе қабынуының алдын алу үшін баланы төсекте жиі аударып, кеудесіне 2 мезгіл қыша қағазын қою керек.

Баланың терісін стерильді өсімдік майымен немесе «А» витаминінің майлы ерітіндісіменн майлап тұру керек.

Баланы күтетін медицина қызметкері әр уақытта маска киюі керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?