Биология | Пневмония

 Биология | Пневмония

Пневмониялар.



Пневмония - өкпе ұлпасының қабынуы. Пневмонияның себептері: әртүрлі инфекциялар, бактериялар (стафилококктар, стрептококктар, пневмококктар т.б.), вирустар, патогенді саңырауқұлақтар, микоплазмалар. Балалардың өкпе ққабынуымен ауыруына келесі факторлар себепкерболады:



1. Баланың организмінің реактивтілігінің төмендеуі (қажып шаршау, стресстік ситуациялар, нашар тамақтану т.б.).



2. Балалардың тыныс алу жүйесінің АФЕ-рі.



3. Фондық аурулар-мешел, анемия, гипотрофия, аллергиялық диатездер.



4. Қатты тоңазу.



Патогенезі: инфекция өкпеге бронхогенді, лимфогенді, гематогенді жолдармен түседі. Өкпенің қорғаныс қызметі төмендеп қабыну процессі дамиды. Өкпенің вентиляциясының және газ алмасуының бұзылыстары гипоксияға және гипоксемияға әкеледі. Зат алмасудың барлық түрлері бұзылады.



Диагностикалық критерийлері:



Ұзақ фебрильді қызба.

Интоксикация белгілері.

Тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері- ентікпе, цианоз, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы.Тұрақты жергілікті өзгерістер: Аускультативті-ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, перкуторлы-қабынған жердің үстінде дыбыстың қысқаруы.

Рентгенографияда-көлеңкелер.

ЖҚА-де- нейтрофильді лейкоцитоз, ЭЖТ-ның жоғарылауы.

Пневмониялардың жіктелуі



Зақымданған аймағына байланысты:



Ошақты

Сегментарлы

Крупозды

Интерстициальды

Ағымына байланысты:



Жедел /2 айға дейін/

Созылыңқы /2-8 ай/

Созылмалы /8 айдан жоғары/

Ауырлығына байланысты:



Жеңіл.

Орташа.

Ауыр.

Асқынуына байланысты:



1.Асқынған.



2.Асқынбаған.



Өкпе қабынуының жаңа туған және шала туылған балалардағы ерекшеліктері:



Ауру әлсіз айқындалады, дене қызуы көп жағдайда көтерілмейді, бала жөтелмеуі мүмкін, бірақ жиі шашалған сияқты болады, тәбеті төмендеп, салмағы азаяды. Аллергияға бейім балаларда тыныс алу жетіспеушілігінің синдромдары жедел өседі, алыстан естілетін ысқырған сырыл пайда болады.Стафилококкпен шақырылған пневмониялардың ерекшелігі-өкпе тканінде ірің мен ауаға толы қуыстар-буллалар пайда болады да өте ауыр өтеді., кейде ірің плевраға өтіп іріңді плевритпен асқынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?