file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Биология | Стеноздаушы ларингит

 Биология | Стеноздаушы ларингит

Стеноздаушы ларингит (жалған круп)



Көмейдің шырышты қабатының қабынуы, көбінесе риниттен кейін дамиды. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дауысы ққарлығып шығады, құрғақ «ит үрген жөтел» пайда болады, дене қызуы көтеріледі. 4-5 күннен кейін бала жазылып кетеді. Аллергиялық диатезбен ауыратын балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңлауы тарылып бітеді. Стеноз көбінесе түнде кенеттен дамиды. Баланың тыныс алуы қиындап, сырылды демалыс пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады (цианоз дамиды).



Стеноздың және тыныс алу жетіспеушілігінің айқындалуына байланысты 4 дәрежесі бар:



1-ші дәрежесінде- «ит үрген жөтел», дауыстың қарлығуы, алыстан естілетін тыныс алу бала жылағанда немесе мазасызданғанда пайда болады.



2-ші дәрежесінде- бала мазасызданады, жөтелі жиілейді, ентігу, терлегіштік және мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы айқын.



3-ші дәрежесінде-бала тынымсыз, қорқақ, төсекте мазасыз, терісі бозғылт, ылғалды, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, акроцианоз. Тыныс алуы-шулы. Тыныс алуда қабырғааралық бұлшықеттері қатысады. Пульсының ритмі бұзылған, жүрек соғысы нашар естіледі.



4-ші дәрежесінде- бала әбден шаршаған, әлсіз, басын артқа тастап, аузымен ауа қармайды, мойнының бұлшық еттері тартылған. Цианоз кенет дамиды, тырысу пайда болуы мүмкін. Пульстің ритмі ретсіз, жүрек тоны нашар естіледі, тыныс алу тоқтап, жүрек соғысы тоқтайды.





Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?