file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Биология | Шынжырлы тұқым

 Биология | Шынжырлы тұқым

Шынжырлы тұқым – батыршылдыққа қатысты атау. Жаугершілік заманда батырлар үшін әскери кәсіп ата кәсіп саналып, әкеден балаға мұра болған. Батырлар әулетінде туған бала жастайынан ел үшін соғысқа араласып, әскери кәсіппен айналысуға міндетті болған. Батырлық жырлардағы Ер Қосай, Ер Тарғын, Қобыланды, 17 – 18 ғ-лардағы Райымбек, Бөгенбай, Қабанбай, 19 ғ-дағы Исатай, Жанқожа, 20 ғ-дағы Амангелді, тағы басқа батырлар бәрі де ата-бабаларынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Қазақта мұны шынжырлы тұқым деп атаған. Осылай ата кәсіптің батырлар әулетінде ұрпағына жалғасуын "шынжыры үзілмеу” деп атайды. Жаугершілік кезінде батырлар әулеті үшін ата кәсібін жалғастырмау масқаралық болып саналған. Сондықтан батырдың балаларының 13 – 15 жастан соғысқа қатынасып, жорыққа аттанғаны эпостарда, тарихи жырларда айтылады. Шынжырлы тұқым, "шынжырлы ер”, "шынжырлы туған”, "шынжыры үзілмеген” сияқты сөздердің ауыз әдебиетінде жиі кездесуі, бұл ұғымның тұрақты ұғым, қалыптасқан түсінік екенінің дәлелі. Қазақта 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың бас кезінде ірі байларға қатысты айтылатын "шынжыр балақ, шұбар төс” деген сөз тіркесі ертеде әйгілі батырлар әулетіне қатысты шыққан. Әр буынында бүкіл қазаққа әйгілі батырлар шыққан Шыжырлы тұқым қазақ халқында көп болған
Ұ


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?