Биология | Авторадиография

 Биология | Авторадиография

Авторадиография (autoradiographies грек, autos — езім, өздігінен; лат. radio — сәуле; грек, grapho — жазамын) — зерттеу нысанындағы (жануарлар немесе өсімдік жасушалары, үлпалары, ағзалары) белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу мөлшерін талдауға арналған цитологиялық әдіс. Зерттеу нысандарына енгізілген радиоактивті изотоптар жасушалардың, ұлпалардың немесе түрлі ағзалардың жұқа жонындылары бетіне қойылған радиоактивті сәулеленуге сезімтал фотоүлбір эмульциясы қүрамындағы бромды күмістің күмістенуіне, яғни таза күмістің түзілуіне эсер етеді. Радиоактивті заттар күмістенудің негізінде өздерін өздері әртүрлі деңгейде қараю арқылы фотоүлбірге түсіреді. Фотоүлбірдегі қарайған күміс түйіршіктерінің (тіректер) мөлшеріне сәйкес нысандар бөліктеріндегі радиоактивті заттардың жинақталу деңгейін талдап, анықтауға болады. Авторадиография әдісінің көмегімен зерттеу нысандарындағы кейбір заттардың түзілу (синтезделу) орындарын, олардың нысандар ішіндегі тасымалдану жолдарын, протеиндердің және т.б. заттардың құрамын анықтауға болады. Авторадиография әдісі биологияда, медицинада, ветеринарияда қолданылады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен