Биология | Әйел жыныс мүшелері қазақша
ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ
ӘЙЕЛДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ ЕКІ БӨЛІККЕ БӨЛІНЕДІ:
1. Ішкі және сыртқы ағзалары
2. Жыныс бездері.
Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс бездері гипофиз бөлетін гормондардың әсерінен белсенді түрде өсе бастайды. Бұл гормондар өз кезегімен жыныс гормондарының бөлінуін қамтамасыз етеді: тестостерондар немесе андрогендер еркектерде, ал әйелдерде эстрогендер және прогестерондар. Жыныс гормондары жыныс ағзаларының өсуімен қатар, екіншілікті жыныс белгілерін көрсетеді, (еркектерде дауысы жуандап, ал әйелдерде етеккір басталады.
ӘЙЕЛДІҢ СЫРТҚЫ ЖЫНЫС МҮШЕЛЕРІ.
ORGANA GENITALIA FEMININA EXTERNA
Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне қасаға, үлкен және кіші жыныс ернеулері, қынап кіреберісі, деліткі жатады.
Қасаға pons pubis үстінен іш аймағынан қасаға жүлгесімен, саннан жамбас сан жүлгесімен бөлінеді.
ЖЫНЫС ЕРНЕУЛЕРІ
Үлкен жыныс ернеулері
Labia majora pudendi
Сопақша пішінді қос тері қатпары. Ұзындығы 7-8см, ені 2-3см. Ішкі бетімен үлкен жыныс ернеулері бір біріне қарайды, қызғылт түсті және шырышты қабыққа ұқсайды. Жыныс ернеулерін қаптайтын тері жамылғысы пигменттелген көптеген май және тері бездері бар.
КІШІ ЖЫНЫС ЕРНЕУІ
LABIA MINORA PUDENDI
Ұзыннан келген қос жіңішке тері қатпарлары. Кіші жыныс ернеулері үлкен жыныс ернеулері арасындағы жыныс саңлауында қыныап кіреберісін шектеп орналасқан кіші жыныс ернеулерінің қырлары жұқарған және бос болады. Майлы торсыз дәнекер тіннен құралған, құрамында көптеген эластикалық талшықтар , бұлшық ет жасушалары және веналық өрімдер бар.
ДЕЛІТКІ (КЛИТОР) CLITORIS
Еркектің жыныс мүшесінің үңгірлі денесінің гомологы болып табылады.
Деліткіде көптеген нерв жасушалары орналасқан. Деліткі аяқшалары цилиндр пішінді және қасаға симфизінің төменгі бөлігінің астында қосылып, ұзындығы 2,5-3,5 см дейін жететін деліткі денесін құрайды. Денесі сыртынан ақ қабықпен қапталған, ал деліткінің өзі деліткі басымен аяқталады.
ҚЫЗДЫҚ ПЕРДЕ
Қыздық перде (Гиме́н, лат. hymen) -сыртқы жыныс мүшелері мен қынапқа кіреберіс жерде орналасқан шырышты қабатты қатпар.
ҚЫЗДЫҚ ПЕРДЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қынап. Vagina.
Қынап— бұл қалың бұлшықетті тақ қуысты мүше. Ұзындығы 8-10 см, қалыңдығы 3мм дей. Төменнен қынап несепжыныс көкеті арқылы өтеді. Сонымен қатар қынап туу жолы болып табылады. Олар варонка тәріздес, соңынан кеңейген болады. Осы қосалқылар арқылы ұрық өтіп жатырға барып бекиді.
ЖАТЫР. URETRUS.
Жатыр — алмұрт тәріздес бұлшықетті ағза, көлемі үлкен адамның жұдырығындай болады. Ол құрсақ қуысының ортасында қуықтың артында орналасқан. Жатыр қалың бұлшықетті қабырғадан болады. Ішкі беткей қабаты қан тамырға бай шырышты қабаттан тұрады. Жатыр қалың сақиналы бұлшықетпен қынаппен жалғасады, оны «жатыр мойны» деп атайды.
ЦЕРВИКАЛЬДІ КАНАЛ
Цервикальді канал, жатыр мойында орналасқан, жатыр қуысы мен қынапты жалғастырып отырады. Қалыптыда ол шырышты қабаттар бөлетін сұйықтыққа толы болады. Сұйықтықтың құрамы мен консистенциясы еттеккір циклінің фазасын анықтайды. Ол небәрі жабысқақ болса, соғұрлым жатырға сперматозоидтың өтуіне мүмкіндігі жоғары болады. Бұл жағдай әйел жыныс гормондарының деңгейін көрсетеді.: прогестерона бұл кезде жоғары, ал эстроген керісінше – төмен. Бірақта фолликулярлы фазаның соңында эстроген біршама жоғарлайды, ол кезегімен секретті қоюлата шығарады.
АНАЛЫҚ БЕЗ ҚОСАЛҚЫЛАРЫ. EPOOPHORON
Қалыпты жағдайда ұрықтанған жұмыртқа қосалқылар арқылы жатырдың бұлшықетті қабатына келіп бекиді, сосын сол жерде ұрық өсіп жетіліп, туылғанша жатырда болады.
АНАЛЫҚ ЖҰМЫРТҚАЛАРЫ.
ORGANA GENITALIA FEMININA INTERNA, OVARIUM
Жұмыртқалар бұл жұп ағза, құрсақ қуысының төменгі бөлігінде орналасқан және байламдармен жалғасқан. Пішімі бойынша 3 см дейін жетеді, миндаль жаңғағына ұқсайды. Овуляция кезінде пісіп жетілген жұмыртқа аналық без қосалқылары арқылы құрсақ қуысына келеді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?