Қазақ әдебиеті | Иген Хасенұлы
Хасенұлы Иген (1942 ж.т.) – баспагер, жазушы, аудармашы, қазақ энциклопедиясының іргетасын қалаушылардың бірі. [1].
1965 ж. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1965—70 жж. Республика халық шығармашылығы үйінде драматургия бөлімінің редакторы, 1971-97 жж. Қазақ энциклопедиясы бас редакциясында ағағылыми редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың 1-орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақ энциклопедиясының қазақ тілінде жатық сөйлеуіне, ғылыми терминдердің қалыптасуына мол қызмет жасады. Балаларга арналған "Ол кім? Бұл не?", "Негеш", "Алматы", "Атырау" энциклопедияларын шығаруға тікелей жетекшілік етті.
1998 жылдан "Атамұра" баспасында жетекші маман. Тарих саласындағы оқулықтар мен энциклопедиялық басылымдарды баспаға әзірлеу ісіне көп еңбек сіңірді.
Бірнеше шағын пьесалардың, "Тобылғылы дала толғауы" (2002, әңгімелер, повестер) мен "Төрт ана" (басқа авторлармен бірге) жинақтарының авторы. Шетел тілінен бірқатар кітаптарды (В.Белов "Үйреншікті шаруа", И.Дубинский, Мухадезе "Орджоникидзе", Дж.Родари "Джельсомино суайттар елінде") аударған. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1980), Мәдениет қайраткері құрмет белгісімен (2002) марапатталған.
Дереккөздер
Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?