Қазақ әдебиеті | Хизмет Абдуллин

Қазақ әдебиеті | Хизмет Абдуллин

Хизмет Абдумуталипұлы Абдуллин (1925-1986) 10 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Баяндай селосында туған. Өз ауылында, одан кейін «Ташкенсаз» орта мектебінде оқиды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол сол жылдары өзінің алғашқы өлең және әңгімелерін жазды. 1951 – 1955 жж. Алматыда шығып тұратын «Жаңа өмір» журналы редакциясында әдеби қызметкер, бөлім бастығы және жауапты хатшы қызметтерін атқарды. Қазақ педагогика институтында сырттай оқып, үш курсын бітірді.
1943 ж. әскер қатарына алынып, Монғолия және Манчжурия жерінде жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысқан. Осы кезде алғашқы өлең-әңгімелерін жаза бастайды. 1958-1962 ж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, 1962-1965 ж. "Коммунизм туги" газетінде бөлім меңгерушісі, 1955-1958, 1965-1980 ж. Қазақстан Жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті секциясының меңгерушісі болған. [1]
Хизмет Абдумуталипұлы бірқатар жылдар Қазақстан Жазушылары одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясын басқарды. Жазушының бірнеше повесть, романдары қазақ және орыс тілдерінде аударылып басылды. Өзі де көркем аудармамен шұғылданды.
Шетелдегі ұйғырлардың өміріне арналған "Турфан аясында” романы, көптеген повестер мен әңгімелер жинақтары ("Ауылдастар”, "Тағдыр”, "Отты шеңбер”, "Жылдарға жауап”, "Гүлстан” т.б.) өлеңдер мен поэмалар жинақтары ("Анаят”, "Давутжан” т.б.) бар. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, Р. Тагор, М.В. Исаковский шығармаларын ұйғыр тіліне тәржімалаған. А-ның "Тас түйін” аталатын повестер мен әңгімелер жинағы қазақ тілінде жарық көрді.
«Жапонияны жеңгені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, «Құрмет Белгісі» және Халықтар Достығы ордендерімен марапатталды.
Шығармалары

Гүлстан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1952;
Һекаялар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953;
Анайәт. Тарихи поэма. А., ҚМКӘБ, 1956;
Давутжан. Поэма мен өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1959;
Муһәббәт вә һәсрет. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960;
Турпаң тәвәсидә. Роман. А., «Жазушы», 1968;
Тағдыр. Роман. А., «Жазушы», 1970;
Бархандар. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972;
Екі томдық Таңдамалы шығармалары. А., «Жазушы», 1983 – 1984.[2]
[3]
Пайдаланған әдебиет

Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3
«Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр». Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС. 2004 – 392 бет.
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?