Қазақ әдебиеті | Тұрсынхан Әбдірахманова

Қазақ әдебиеті | Тұрсынхан Әбдірахманова

Тұрсынхан Әбдірахманова — белгілі қазақ ақыны, филология ғылымдарының докторы (1981), Қазақстанның халық жазушысы (1984). [1]Тұрсынхан Әбдірахманова 1921 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Бөке кеніш поселкесінде дүниеге келген. Аягөз педучилищесінде оқыған, Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін және 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Мұғалім, мектеп директоры болып істеген, партия және комсомол қызметтерінде, «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. 1969-86 жылдары Қазақстан Ғылымдар академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек еткен.[2][3]
Мазмұны
1 Тағы қараңыз
2 Шығармаларының жинақтары
3 Сыртқы сілтемелер
4 Пайдаланылған әдебиеттер
5 Дереккөздер
Тағы қараңыз

5 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты "Бөке" деген кеніште туған.Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1947-1949 жж. Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы, бұдан соң Алматы қаласында Совет аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1950-1954 жж. "Қазақстан әйелдері" журналының бөлім меңгерушісі, 1954-1956 жж. ҚазМУ-де студент, 1959-1963 жж.аспирант, 1966 жылға дейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте аға редактор, Қазақ КСР ҒА-сында (1967-1969) ғылыми хатшы, 1969 жылдан 1986 жылға дейін Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1964 жылы "Ілияс Жансүгіровтың лирикасы" атты тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы "Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1959 жылы "Ән" деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрді. Содан бері қырыққа жуық жыр жинағы оқырманға ұсынылды. Олардың біразы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шықты, кейбір өлеңдері чех, неміс, ағылшын, испан, француз, араб, корей және басқа шетел тілдеріне аударылды. Ол Евг. Юнганың "Даңқы өшпес кеме" повесін, М. Стельмахтың Лениндік сыйлық алған "Адам қаны- су емес" романын, А.С.Макаренконың А.Маяковскаяның "Владимир Маяковскийдің балалық және жастық шағы" атты әңгімесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған. 1984 жылы "Қазақ КСР Халық жазушысы" деген атаққа ие болды. 1985 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі (1997). "Парасат" орденінің иегері.
Шығармаларының жинақтары

«Ән» (1959).
«Әннен әнге» (1962).
«Танисыз ба бұларды» (1963).
«Шырқау» (1966).
«Көгершін көңіл» (1968).
«Кілт» (1972).
«Мерей» (1981).
«Наз көңіл» (1984).
«Ақшам» (1987).
«Сыр бөлісемін» (1992).
1992 жылы екі томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді.[4]
Сыртқы сілтемелер

[1]

Пайдаланылған әдебиеттер

Писатели Казахстана: Справочник /Сост. Ауэзов М., Жорабеков К., Жангужина Р. — Алма-Ата: Жазушы, 1982. —280.
«Қазақстан» . Ұлттық энциклопедия. /Бас ред.Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет.
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?