file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қазақ әдебиеті | Роза Мұқанова

Қазақ әдебиеті | Роза Мұқанова

Мұқанова Роза — 1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдады.[1]
1987 жылы Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде қызмет жасады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Аударма коллегиясында аға редактор болды. Қазір Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінде жауапты қызметкер.
"Жарық дүние" (1994, "Жалын"), "Дүние кезек" (1997, "Жазушы") әңгімелер жинағы, "Құдірет-Кие" (2000, "Сөздік-Словарь") әңгімелері мен драмалық хикаяттары жарық көрді. 2001 жылы Рабғұзидің "Қисса-сүл-Әнбия" кітабын алғаш рет қазақ тіліне тәржімалады. 1996 жылы Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында "Мәңгілік бала бейне" пьесасы қойылды. 1997 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында М.Әуезовтің "Қаралы сұлу" әңгімесінін желісінде драмалық қойылымы сахналанды.
2001 жылы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қыз жылаған" әңгімесінің желісімен кино түсірді. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, "Жалын" журналының Т.Айбергенов атындағы сыйлығының (1989), Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (2002, "Құдірет-Кие").
Дереккөздер

Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?