Қазақ әдебиеті | Зейтін Ақышев
Ақышев Зейтін (1911 – 1991)
18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған, жазушы, аудармашы. Омбыдағы жұмысшы факультетін бітірген (1938). 1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды. 1939 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқу-педагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, Бас редактор болды. 1955 – 1960 жж. республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965 – 1969 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970 – 1972 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды.
1930 жылдың май айында «Ағаш үй» атты тұңғыш өлеңі Павлодардың оқругтік «Колхоз» газетінде басылды.
Содан бергі жылдар ішінде бірнеше әңгіме, повесть, романдары жеке-жеке жарық көрді. Бірталайы орыс тіліне аударылды.
Драматургия саласында да («Жаяу Мұса», «Келіндер») еңбек етті. В. Панованың «Кружилиха» романын (1952), А. Куприннің «Жекпе-жек» повесін (1955), Я. Коластың «Талап атай» повесін (1956), т.б. қазақ тіліне аударды.
Шығармалары:
Біздің шамшырақтар. Очерктер. А., 1962;
Достарым менің. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1967;
Ақбел асуы. Роман. А., «Жазушы», 1975;
Жесірлер. Бұршақ соққан жер. (Дилогия). А., «Жазушы», 1973, 1976;
Жаяу Мұса. Роман. А., «Жазушы», 1981.
"Шынардың шыбығы” (1987). Роман.
"Жаяу Мұса” (1965), "Келіндер”(1967), "Құтылмайды ол” (1969) пьесаларын жазды.
В.Ф. Панованың "Кружилиха” (1952), А.И. Куприннің "Жекпе-жек” (1955), Я.Коластың "Талаш атай” (1956) романдарын қазақ тіліне аударды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?