Қазақ әдебиеті | Байдалы Бекшеұлы

Қазақ әдебиеті | Байдалы Бекшеұлы

Байдалы Бекшеұлы (1725 — 1820) — би, шешен. Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданын қоныс еткен. Кейін Көкшетау, Баянаула, Ерейментау өңірлерінде тұрған. Байдалы би — Абылай ханның жанындағы сегіз бидің бірі, хан кеңесінің мүшесі. Кейін Уәли ханға би болған. Жастайынан ауыл арасына билік айтып, ел ісіне араласқан. Байдалы биден "Алыс не, жақын не?” деп сұрағанда: "Жақын — ажал, алыс — білімді мен білімсіздің арасы” деген жауап; "Ағайынға қадірім жоқ — бетімді көреді, әйеліме қадірім жоқ — етімді көреді”; "Панасы жоқ таудан без, пайдасы жоқ байдан без”; "Ақсақалға жарасар аузындағы тобасы, бәйбішеге жарасар піспегі мен сабасы” деген нақыл сөздер қалған. Байдалы Бекшеұлыдан Сабдалы, Дербісал, Байғара (шешелері — Қасқарау), Балтақара, Баби, Майкөз, Қосдәуір (шешелері — Маңқан) атты ұрпақ тараған. Қабірі Қарағанды облысы Молодежный ауданында.
Өнегелі өмірі

Жасынан билер, бектер, хандар төңірегінде көбірек жүріп, солардың аталы, баталы билік сөздерінен өнеге алған. Кейін атақты Абылай хан (1711-1781) қасындағы сегіз бидің ең беделді, бас биі болады. Небір шиеленіскен ел дауы, жер дауы, жесір дауы Байдалы алдынан шешімін тауып отырған. Абылай хан оның асқан шешен ақылды кеңесіне дөн риза болып "сегіз биім, сегіз бидің ішінде семіз биім" деп атағанда оның дене бітіміне емес, ақыл-парасатына, шешендік тапқырлығына қарап айтса керек. Өзге билер де Байдалының билігіне тоқтаған. Тіптен, Абылай ханның өзі де одан аса алмаған. Ел ішінде "Абылай аспас сары бел" деген қанатты сөз бар. Оның мәнісі былай: "Аралбайдан туған Бөйтелі батыр төре тұқымынан адам өлтіріп, құнды болады. Абылай хан билерін жинап алып, құныкерге өлім жазасын бұйырғанын хабарлайды. Ханның сегіз биінің бірі - немере ағасы Байдалыға Бәйтелі жаутаңдап қарай берсе керек. Сонда Байдалы би: "Несіне қарайсың, лақ құрлы жоқсың ба, бауыздайын деп жатқканда ол да бақырады ғой", - дейді. Байдалының сөзінің астарын түсінген Абылай өлім жазасын кешіріпті. "Жеті жарғыдағы" құн төлеудің нарқы атам заманнан белгілі. Ал, қара бұқара төре тұқымын өлтірсе бұдан былай екі кісінің құнын тартады. Сондықтан Бөйтеліге осы жаза қолданылсын", - дейді.
Байдалыдан басқа билер бас шұлғып мақұлдайды. Байдалы: "Тақсыр хан ием, есік алдында сіздің торы төбел тұлпарыңыз байлаулы тұр. Соның төбеліндегі түгі көп пе, жоқ, тұла денесіндегі түгі көп пе?" - депті. Абылай: "Әрине, тұла денесіндегі түк көп", - дейді. Байдалы би сөзін жалғап: "Олай болса төре түқымы ат төбеліндей аз. Мен жаңа тетелес інім Жөнекеңе (Бөйне мен Аралбай бір әкеден, Байдалы Бекшеден, Бәйтелі Аралбайдан туған. Байдалы тетелес немере інісін Жөнекең деп еркелетіп атаған. Содан Бәйтелі аты ұмтылып, Аралбайдан тарайтын бір тайпа ел Жөнекең руы атанып кеткен): "Бауыздайын деп жатқанда лақ та бақырады ғой, бақыр", - дедім. Ол бақырып аруақ шақырса, ұранға шаппайтын ел болмайды. Сізге қамтуыңыздағы қалың бұқара қарсы шығады. Арғысы Арғын, берісі Мейрамның бес баласы дүрліксе, хан болып тұүра алмайсыз. Сондықтан адамнан адамның артықшылығы жоқ, төре тұқымына екі құн төлей алмаймыз. Бір кісінің қүнын төлейміз, ал құн даулап отырған адамыңыз нағыз төре болса, талша мойнымыз қылша. Ал, бірақ Бөйтелінің жалалы болған адамы күңнен туған, түбі шикі. Сондықтан жарты құн төлейміз", - деген екен. Сонда Абылай "Сегіз биім,сегіз биімнің ішіндегі семіз биім" деп Байдалының кесіміне тоқтапты. Сол даудан кейін Байдалы "Абылай аспас сары бел" атанып кеткен екен.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?