Қазақ әдебиеті | Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би)

Қазақ әдебиеті | Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би)

Бекболат Қазыбекұлы (Бекболат би) (1714-1790 жылдары) атақты Қаз дауысты Қазыбек бидің баласы. Жас кезінен өкесіне еріп билік мәслихатына көп қатысқан. Әкесі Қазыбек және Төле би, Әйтеке би тағы сондай кара қылды қақ жарған әйгілі әділ билер, хандар, бектер, сұлтандардан көп тәлім-тәрбие алған.
Ол әсіресе Абылай хан сарбаздары арасында өзінің шешен, тапқырлығы, әбжіл, алғырлығы, батырлығымен зор беделге ие болған. Абылай ханның өскери істер, жорык-жортуыл кезіндегі кеңесшілерінің бірі. Сондықтан да Абылай хан оған ерекше сенім білдіріп, шиеленіскен қиын дауларға қауіпті шапқыншы жауларға жұмсап отырған. Бекболат бидің ол сапарлары сәтті болып, үлкен абыроймен оралған.
Әкесі қартайған шағында Бекболатқа билік тізгінін берген. Ол әкесінің билік, шешендік дәстүрін жалғастырып, елге өзінің адалдығымен, адамдығымен бар ықылас-зейінімен қызмет еткен. Бекболат та әкесіне ұқсап өсіп-өнген, өнегелі-тәрбиелі дөстүрлі отбасы құрған, ақылшы аға болған азамат. Оның бәйбішесінен тоғыз ұл, тоқалынан бір ұл (Тіленші) бір қыз туған. Бәрі де шетінен ығай мен сығай, шаруаға мықты, сөзге шебер, ісмер боп өскен. Ел арасында мынадай аңыз бар.
Бекболаттың жас кезі екен. Бір жолы Абылай хан оны үлкен бір дауға жүмсапты. Алшынның билері игі жақсылары оны күтіп алады. Әңгіме сөзге салып көреді. Бекболат әкесі Қаз дауысты Қазыбекке ұқсап, шешен сөйлеп отырады. Кіші жүздің биі:
- Мұны сөзден жеңе алмайды екенбіз. Өзі кара суша ағып тұр екен. Ишара, түсінігін байқап көрейік депті де:
- Екі қолын айқастырыпты. - Бекболат "құп болады", депті. Анау: Қолын сермеп-сермеп қояды. - Бекболат '"кұп болады" депті. Анау: Екі қолын түйістіріпті. - Бекболат "Құп болады" депті. Енді Бекболат: Он саусағын көрсетіпті. — Алшынбай "құп болады" депті.
Екі жағы "дау шешілді" деп, таркасыпты. Бекболат жігіттерімен елге келеді. Абылай хан әуелі Бекболаттың қасына еріп барған жігіттерді шақырып сұраса, олар:
- Біз ешнөрсесіне түсінбедік. Ол елдің биі қолымен ишара қылды. Бекболат "құп болады" деп отырды, - дейді. Бір жігіт:
- Өзінен сұраңыз, - деп Бекболатты ханға шақырып келеді. Сонда Абылай:
- Дау шешімін тапты ма? - деп сұрайды.
- Дау тез шешілді, - дейді Бекболат.- Көп айтыс-тартысқа бармадық. Ол елдің биі:
- Екі қолын айқастырды - бұл оның алысуға жараймын дегені еді. Мен "кұп болады, мен де дайынмын" дедім. Ол:
- Екі алақанын жұмып-ашты. Бұл оның: Ашсам - алақанымда, жүұмсам - жұдырығымда, татуласайык дегені еді. Мен "кұп болады" дедім. Ол:
- Қолын сермеп-сермеп ишара қылды. Бұл оның;
- Қылыш сенде де бар, менде де бар, кылыш сермемей-ақ қояйық, - дегеі еді. Мен оған да "құп болады" дедім. Ол:
- Екі қолын түйістірді. Онысы: құшақтасып дос болайык, - дегені еді Мен "кұп болады" дедім де, оган он саусағымды көрсеттім. Мұным:
- Олай болса, он күн ішінде тарту-таралғынмен Абылай ханнын алдыні бар, - дегенім еді. Ол "кұп болады" деді. Мінекей хан тақсыр. Ол дау осылаі бітті. Енді Алшын аулынын адамдарын күтіңіз, кешікпей келіп қалар, - депті Бекболат би.
Үмбетей жырау Тілеуұлы (1706-1778) өзінің замандастары Бұқар жырау, Жиембет жырау, тағы біркатарымен Абылай хан сарайында біраз жыл билік қызмет аткарысады. Қаздауысты Қазыбек би қартайып баласы Бекболатқа билік орнын табыс еткенде, Үмбетей жырау Бекболат бидің сарай ақыны болады. Сол кезде ол Бекболатқа талай ақыл-кеңес берген. Мынау төмендегі сол ақыл, нақылдардың бірі екен: Үмбетей жыраудың Бекболат биге айтқаны:
Мен пайгамбардан бастасам, -
Өңгімеге кетермін,
Едігеден бастасам, -
Ертегіге кетермін.
Келтесінен қайырсам -
Сөз түбіне жетермін.
Енді сізге не дермін:
Бай болмаган бай болса, -
Жайламаган сай қоймас,
Би болмаган би болса, -
Айтылмаған сөз қоймас,
Хан болмаган хан болса -
Ңанамаған ел қоймас.
Баласын мақтар бас жаман, Қатынын мақтар қас жаман. Алыстағы дұшпаннан, Аңдып жүрген дос жаман, Бір бие бітпей бие болмас, Бір түйе бітпей түйе болмас, Өз малын кізнеген, Кісі малын іздеген, Түбінде өз малына ие болмас!

Бекболат бидің картайған шагында сол өңірдегі арғындар жиналып оған барыпты:
- Өзіңіз болса қартайдыңыз, енді орныңызға қай балаңызды қоясыз? Бекболат "Қайсы балама билікті берсем екен" деп біраз ойланып отырып қалады. Онысы тоқалынан туған Тіленшіні атайын десе, қасында отырган адуынды бөйбішесінен бата алмағаны еді. Осы жағдайды сезе қойған шымылдық ішінде отырған Тіленшінің қарындасы шымылдықты түріп тастап:
- Қаракесек он екі ата арғынды Бекемай балалары билеп келді. Енді Бекемай шешем тізгінді берсе несі бар? Атамыздың Бекемай шешемнен қорқатын несі бар?! Тоқалдан туды демесе, Тіленші жанның ел билемейтін несі бар?! - депті де, шымылдықты қайта жауып қойыпты. Кыздың бұл сөзіне үйдегі үлкен-кіші бәрі елең ете калады. Темен қарап көзін жұмып ойланып отырған Бекболат ақсақал басын көтеріп көзін ашыпты:
- Бала дұрыс айтады. Менің де сол немеден үмітім бар еді. Өзі кайда жүр екен? Бөйбішесі мұны жақтырмаған сыңай білдіріпті:
- Ел билеу жұмысымен ісі жоқ, сол немені кайтесің? Қойшы-колаңмен ойнап, қаңғып жүрген-ді. Бекболат
- Бәйбіше, ана бір күні түс көріп едім, саған соны айтайын. Түсімде осы үйдің боз інгені боталапты. Тура өзіне ұқсаған ақ бота екен деймін. Сол ақ ботаны Тіленшіге бөсіре етіп беріппіз. Әлгі ақбота бір шөгіп, бір тұра береді. Мұнысы несі дейміз? Ояна кетсем түсім екен. Оны өзімше былай жорыдым: билікті Тіленшіге береді екенбіз. Ол неме елді бір бұзып, бір түзеп, ақырында тура жолға салады екен... Шақырыңцаршы өзін мұнда? Осы кезде Бекболаттың есік жақта жүрген күтуші жігіті:
- Жылқы суғаруға кетіп еді, мен казір шақырып келейін. - Ол өрістегі жылкыға карай шаба жөнеледі. Жылкы суғарып, өргізіп, жылкышылармен асыр салып, жарысып ойнап жүрген Тіленшіге барады: - Сені би атам шақырып жатыр. Үйде бір топ кісілер отыр. Сені би сайламақшы, тез жүр? Тіленші әкесінің шақыруымен барса, кісілер ет жеп, бата қылып жатыр екен. Бәрі "жоғары шық, Тіленші?" деп жатады. Бір қария:
- Әкең болса қартайды, сен болсаң марқайдың. Бұл не жүрісің, малшы- жалшыға жанасып! - десе, Тіленші былай депті:
- Әкем он екі ата арғынды биледі. Елдің жуаны келсе, қабағын ашып сөйледі, кедей-кембағалы келсе, елемеді. Кедей, жалшылар жасқанып оның алдына бара алмады, сөзін айта алмады. Егер маған билік тисе, алдымен сол малшы-жалшыларға қарасып, сөзін сөйлер едім. Тіленші осылай дегенде, жуан қарын бір бай:
- Биеке, өлгіде, бұл неме, елді бір бұзып, бір түзеп жүре ме дегеніңіз осы екен ғой, - дейді.
- Сонда Бекболат
- Мейлі, түзесе де, күзесе де, өз елі ғой. Аяғы жаман болмас. Билікті бердім, - деп, батасын беріпті. Сөйтіп, ел басшы, қариялар Бекболатты қуаттап, оның баласы Тіленшіні би етіп белгілепті.
Бекболат бидің жастарға айтқан мына бір ғибрат, нақыл өлеңі ел аузынан жазылып алынғанды:
Тәрбиелі бала жасынан, Талаптыға ой табылар. Талпынбаса басынан, Талығар кейін зарығар. Ер ақылды болғанда, Елден қайрат табылар. Ерлігің асса майданда, Егіліп жауың қамығар. Орынсыз болса өз ойың, Ойлыға билік берерсің. Жакында досың жоқ болса, Ойламай-ақ көнерсің. Білімсіз болса сенгенің, Бітер ісің бүлінер. Бірліксіз болса жолдасың, Болымсыз іске сүрінер. Асыл сөз адам талғамас, Қисын-жөні келіссе. Ақылды адам үмтылар, Алдағы білім-жеміске. Ақылдыны сыйласаң, Одан алғыс аларсың. Ақылсызды сыйласаң - Одан карғыс табарсың...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?