Дәндік жүгері
Халық шаруашылығындағы маңызы. Дүниежүзінде жиналатын жүгері дәні өнімінің 20-25%-ы азық-түлік ретінде қолданылады, соның өзінде ол, осымақсатта ең көп пайдаланылатын дақыл болып есептеледі. Жүгері дәнінен ұн, жарма, барлығы 250-ден астам тағам түрлері дайындалады. Кондитер бұйымдарын даярлау үшін оны бидай ұнына қосады, өнеркәсіптік жағдайда жүгері дәні крахмал, декстрин, спирт, глюкоза, қант, май, бал, аскорбин және глютамин қышқылдарын алуға қолданылады. Оны техникалық дақыл ретінде де кеңінен пайдаланады.
Сүттеніп піскен кезінде жиналған жүгері собықтары консервіленген (қантты жүгері), мұздатылған түрде қолданылады. Жүгері дәнінің құрамында 9-12% ақуыз, 65-70% азотсыз экстракты заттар (АЭЗ), 4-6% май, 1,8-2,2% клетчатка, 1,2-1,5% күлді заттар, 12-14% су болады. АЭЗ құрамына 90% крахмал, 10% тростник қанты кіреді. Крахмал эндоспермде, қант ұрықта шоғырланады, дәннің 262 майлылығы 6,5%, ал ұрықтың майлылығы 40%-ға дейін жетеді. Ұнның сапасын көтеру үшін, тартар алдында бөлініп алынған дәннің ұрығынан тағамдық және дәрілік май өндіріледі. Дән құрамында ақуыз, көмірсулар, майлар, күлді заттардан басқа ферменттер мен витаминдер бар. Ферменттер тұқымдағы қоректік заттар қорын өніп келе жатқан ұрыққа сіңімді жағдайға дейін ыдыратады. Негізгі ферменттер: диастаз көмірсуларды ыдырататын (крахмалды қантқа дейін), липаза, майларды ыдырататын, ақуыз заттарды өзгертетін-протеолетикалық ферменттер, тотықтырушы ферменттер-пероксидаза. Витаминдер- адам, жануарлар, өсімдіктер өмірінде маңызды рөл атқаратын күрделі және әртүрлі химиялық қосындылар.
Жүгері дәнінде В витаминінің кешені (В1, В2, РР, В6) және А провитамині.Жүгері егісін табиғи - экономикалық аудандарға дұрыс орналастырғанда және жоғары агротехника қолданып өсіргенде одан өте жоғары, тұрақты дән және көк балауса өнімі алынады. Малазықтық дақыл ретінде де жүгерінің маңызы зор. 100 кг жүгері дәнінің қоректік құндылығы 134 малазық өлшеміне тең болса, ондағы қорытылатын ақуыздың мөлшері 7,9 кг, 1 кг дәнде 2-3,4 г лизин, 1-2 -метионин, 0,5-1 г триптофан болады. Демек, жүгері дақылының дәнібарлық мал түрлеріне бағалы құнарландырылған жемазық. Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу кезеңінде жеке собықтарынан, немесе собықтарын жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Сүрлемнің ақуыздық тепе-теңділігін арттыру үшін оған бұршақты шөптерді немесе жембұршақты қосқан дұрыс. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жасыл жапырақтары мен сабақтары өңдемей-ақ тамаша мал азығы. Жүгерінің жасыл балаусасында жинаудың алдында 21,8% құрғақ зат, 2,5% протеин, 1,8% ақуыз, 0,9% май, 4,7% клетчетка және 12,4% АЭЗ болады. Жүгеріні өнеркәсіптің түрлі салаларында да кеңінен пайдаланады. Дәнінен спирт, крахмал, сірне, глюкоза, өсімдік майын өндіреді; сабағынан, собық өзегі мен орамынан - линолеум, қағаз және тағы да басқа заттар жасайды. Жүгерінің агротехникалық мақызы да зор. Отамалы дақыл болғандықтан, өзінен кейін егістік жер жақсы қопсыған, арамшөптерден тазарған және тамыр, сабақ қалдықтары түрінде органикалық заттармен молайтылған күйде қалады. Сондықтан жүгері басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны сүрі жерлерге ықтырма жасауға да себеді. Жүгерінің шыққан тегі - Орталық Америка.
Бұл дақыл XV ғасырда Америкадан Испанияға әкелінген. Россияда, Қавказда, Молдавияда және Украинада екпе дақыл ретінде XVII ғасырдан бастап егіле бастаса, қазір басқа да солтүстік аудандарға тараған. Жүгері дуниежүзінде кең тараған дақыл, егіс ауданы жөнінен (140,1млн га) бидай мен күріштен кейін үшінші орында. Егістік ауданы бойынша алдыңғы қатарда Солтүстік және Орталық Америка, Азия. Жүгері, сүрлемге өсіріле бастағаннан бері көптеген солтүстік аймақтарда орналасқан мемлекеттерде де өсіріле бастады. Кеңестер Одағы кезінде Қазақстанда жүгерінің жалпы егіс ауданы 2,5 млн гектар болатын, оның 134,2 мың гектарына (1985 ж) дәндік жүгері себілетін. Қазіргі уақытта егіс ауданы күрт азайды, республика бойынша жүгері 170 мың гектарға өсіріледі, оның 100 мың гектары дәнді, 70 мың гектары сүрлемдік жүгері. Жүгеріні астыққа өндіруде бірінші орынды АҚШ-28,8 млн/га, екінші орынды Қытай 23,5 млн/га , үшінші орынды Бразилия елі иеленеді 12,0 млн/га. Жоғары өнімді будандар өндіріске ендірілгенінің арқасында көптеген елдер жүгерінің потенциалды өнімділігін алуға қол жеткізіп отыр.
Олар: Қытай әр гектардан орта есеппен 48,5 ц астық өнімін алып отыр, Иран - 76,2, Египет - 77,1, Канада - 78,2, Германия - 72,2, Испания - 77,4, Франция - 71,7, АҚШ - 89,2 ц, Австрия - 80,3, Италия - 87,0, Чили - 91,3 және Греция - 95,0. Еліміздегі әр гектар жүгері егістігінен орта есеппен 44,6 ц астық алынып жүр. Республикамыздың мемлекеттік жүгері будандарын сынау учаскелерінде әр гектардан алынған жүгері астығы Алматы облысында - 94,4, Жамбыл облысында - 101,8 ц жетті. Жамбыл облысындағы сортсынау нәтижесі бойынша Южный 3 буданы жоңышқадан кейін өсіргенде - 116,7 ц, ВИР-156 ТВ - 106,1 ц астық берген. Морфологиялык ерекшеліктері. Жүгері (Zea mays L.), қоңырбастар тұқымдасына (Роасеае L.) жатады, бірақ морфологиялык белгілері мен биологиялық қасиеттері бойынша осы тұқымдастың басқа дақылдарынан көп айырмашылықтары бар. Оның жалғыз мәдени түрі белгілі, жабайы түрлері табылған жоқ. Жүгері тұқымынан бір ғана тамыр өніп шығады. 2-3 жапырақ кезеңінде түптену буынынан буын тамырларының бірінші кезегі, 5-6 жапырақ кезеңінде екінші кезегі өсіп шығады.
Буын тамырлары кезегі әрі қарай да пайда болып, көпқабатты тамырлар жүйесінің жетілуі жүгері өнімінің мөлшеріне үлкен әсер етеді. Жүгерінің тамыры оңтайлы жағдайларда топырақтың 2-3 м тереңдігіне дейін бойлап, 1-1,5 м жан- жағына тарайды. Оның ұзынсабақты сорттарының төменгі сабақ буынынан ауа тамырлары өсіп, өсімдіктің жапырылып қалуына қарсы тұрады және қоректену мүмкіншілігін жақсартады. Жүгерінің астық пен жасыл балаусадан жоғары өнім қалыптастыруы тереңге бойлаған қуатты тамыр жүйесінің болуынан. Тамыр жүйесінің жетілуіне терең өңделген және ылғал жеткілікті топырақ, күннің қарқынды сәулесі, тыңайтқыштар мен жоғары агротехника септігін тигізеді. Жүгері. 1, 2 – көктеу және гүлдену кезеңіндегі өсімдіктер; 3, 4 – аталық гүл шоғыры және масақша; 5, 6 – аналық гүл шоғыры және масақша.
Жүгерінің сабағы мықты, іші өзекшемен толтырылған, орташа биіктігі 2-2,5 м, буынаралықтар саны 8-25 дейін. Жапырақтары - таспалы, ірі, шет жақтары кірпікті, тақтасының үстіңгі жағы түкті. Тілшесі қысқа, мөлдір, құлақшасы жоқ. Жүгері – екі ұялы, бірақ даражынысты өсімдік. Аталық гүл шоғыры - шашақгүл (сіпсебас) сабақтың басында орналасады, ал аналық гүл шоғыры - собық (сұлтан) жапырақ қолтығында жайғасқан. Бір өсімдікте бір-екі, кейде үш собық қалыптасады. Оның орташа массасы 250-300 г. Собық өзектен тұрады.
Оның ұяшықтарында тік қатарда жұптасып аналық гүлдерімен (200-800) масақшалар орналасқан. Тұқымның қатарлары жұп, көбіне олар - 10-12. Собық бірнеше қабатты түрі өзгерген жапырақпен жабылып тұрады. Гүлдену кезеңінде түйін бағаншалары жапырақ орамынан сыртқа шығып, буда түрінде салбырап тұрады. Жүгерінің дәні көпшілік түр тармақтарында ірі, 1000 санының массасы 250-300 г. Дән пішіні сортқа, қатарлардың орналасу тығыздығына байланысты, түсі - ақ, сары, қызыл және басқа да реңді болады. Түр тармақтары. Жүгері қазіргі жіктеу бойынша төмендегідей түр тармақтарына немесе топтарға (дәннің сыртқы және ішкі құрылысы бойынша) бөлінеді. Жүгері. Пісіп жетілген жүгері түр тармақтарының собықтары, бүтін дәндері және олардың көлденең кескіндері: 1-тіс тәрізді; 2-кремнийлі; 3-крахмалды; 4-қанттық; 5-жарылмалы Тіс тәрізді (Z.m. indentata Sturt). Дәні ірі, ұзынша, үстіңгі жағы жаншылған. Оның ақуызы 8-20,0%, крахмалы -68-75%. Өсімдігі мықты, собығы ірі. Түр тармақ кең таралған, негізінен малазықтық мақсатқа арналған. Кремнийлі (Z.m. indurata Sturt.).
Дәні ірі және ұсақ, домалақ, беті тегіс, шыны тәрізді, ақуыз мөлшері 8-18,0%, крахмалы - 65-83%. Осы кең таралған түр тармақтың ұсақ собықты ерте пісетін сорттары көп. Кремнийлі жүгерінің азық-түліктік және малазықтық маңызы зор. Қанттық (Z.m. saccharata Sturt.). Дәні ірі және орташа, бұрыштылау, беткі жағы қатпар-қатпар. Ақуыз мөлшері 12,8%, крахмал - 65-83%, май - 8,1%, қант пен полисахаридтер 30% дейін. Бұл түр тармаққа жүгерінің консерві өндірісінде пайдаланылатын көкөністі ерте пісетін сорттары жатады. Крахмалды (Z.m. amylacea Sturt.). Дәні ірі, беті тегіс, домалақ, ақуыз мөлшері 6,9-12,1%, крахмал 71,5-82,6%. Дәні тез ұнтақталып, ақтүсті жоғары сапалы ұн береді. Крахмал-сірне өнеркәсібінде пайдаланылады. Крахмалды-қантты (Z.m. amyle-saccharata Sturt.). Дәнінің қантты жүгеріге тән қатпары болады. Эндоспермі төменгі жағында ұнды, жоғары бөлігінде мөлдір болып келеді. Жарылмалы немесе күріш тәрізді (Z.m. everta).
Дәні ұсақ, төбе жағы дөңгелек үшкірлеу болып келеді. Ақуызы 10-12,5%, крахмалы - 62-72%. Жарма мен бадынақ жасауға пайдаланылады. Балауызды (Z.m.сегаtіпа Kulesch.). Дәнінің эндоспермі балауыз тәрізді. Эндосперм сыртының қаттылығы жарылмалы жүгерінікінен кем емес. Декстрин алу үшін пайдаланылады. Бұл топқа жататын жүгерілер АҚШ-та және бірқатар Европа елдерінде өсіріледі. Қабықты (Z.m. tunicata Sturt.). Бұл жүгерінің дәнін масақша қауызы тығыз жауып тұрады. Өндірістік маңызы жоқ. Жүгерінің біздің елімізде кең таралғаны - кремнийлі және тіс тәрізділері.
Малға жемге көбіне тіс тәрізділері, ал ұн және жармаға кремнийлі жүгерілер пайдаланылады. Өте ерте пісетін сорттары мен будандары кремнийлі жүгеріге жатады. Биологиялық ерекшеліктері. Жүгері-ж ы л у с ү й г і ш өсімдік. Оның тұқымы 8-10°С-да өне бастайды. Бірақ бұл температура егін көгінің біркелкі қаулап шығуына жеткіліксіз. Жүгеріні онша жылынбаған топыракқа сепкенде тұқымдарының көп бөлігі ауруға шалдығып өліп қалады, ал шыққан көгі сирек және әлсіз болады. Өніп-шығуына оңтайлы температура - 10-12°С, көктеуден шашақгүл шыққанға дейінгі кезеңде жақсы өсіп-жетілуі үшін 20-25°С температура қажет. Ауаның температурасы 12°С дейін төмендегенде жүгерінің өсуі күрт бәсеңдейді, өсімдік сарғаяды және жиі ауырады. Ал температура 3°С-дан төмендесе көктемде жүгерінің көгі, күзде жапырақтары өліп қалады.
Жүгері көгінің көктемгі үсіктен кейін бір аптада қайтадан өсіп шығатын қабілеті бар. Күзде 3°С үсікке шалдыққан дәндер өнгіштігін жоғалтады. Үсікке шалдыққан өсімдіктерді тез жинап алып пішен ретінде кептіру керек немесе сүрлемге салу керек, кешеуілдеткен жағдайда шіріп кетеді.
Жүгері үшін биологиялық белсенді температура 10°С-дан жоғары болғанда басталады. Ерте пісетін жүгері сорттары мен будандары үшін қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы 1800-2000°С, орташа мерзімде және кеш пісетіндер үшін - 2300-2600°С Жүгері құрғақ шылыққа төзімді, мезофиттар қатарына жататын өсімдік, ылғалды тиімді пайдаланады. Ол 100 кг құрғақ зат түзу үшін 174-тен 406 ц-ге дейін су жұмсайды. Жүгерінің транспирациялық коэффициенті - 230-370. Бірақ жүгерінің дән мен жасыл балауса өнімінің мөлшері басқа дәнді дақылдардан көп болғандықтан, оған кететін су шығыны да жоғары болады. Көктеп шығудан сабақтануға дейін жүгері суды шамалы мөлшерде пайдаланады, әрі қарай оның қажеттілігі арта түседі.
Суды ең көп қажет ететін кезеңі: шашақгүл шығаруға 10 күн қалғаннан кейінгі 20 күн. Осы аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады. Жүгері жоғары агротехникалық жағдайда өсіргенде топырақ және ауа құрғақшылығына төзімді. Бұны былай түсіндіруге болады: жүгері ылғалды ең көп пайдаланатын кезеңге дейін топырақтың терең қабатында және ауадан су буын сіңіре алатын қуатты тамыр жүйесін қалыптастырып үлгереді. Бірақ жүгерінің құрғакшылыққа төзімділігі тары мен қонақтарыдан төмен. Жүгерінің жақсы өсіп-жетілуі және жоғары сапалы өнім түзуі үшін топырақ ылғалдылығын ылғал сыйымдылығының ең төмен деңгейінен 75- 80% жағдайында ұстап отыру керек. Сонымен қатар, топырақ ылғалдылығы мөлшерден артық жерлерде жүгері өнімі төмендейді, өйткені ондай топырақтарда өсімдік тамырларына фосфордың келуі бәсеңдейді де органикалық және нуклеиндік фосфордың мөлшері азаяды, фосфорилдену және энергетикалық үрдістер, ақуыз айналымы бұзылады. Жүгері – жарық сүйгіш, қысқакүндік дақыл. Ұзақ жарық күн жүгерінің вегетациялық кезеңін ұзартады, ал қысқа - пісуін тездетеді, 8-9 сағаттық жарық күн жағдайында өскенде тезірек гүлдейді. Күннің жарығы, әсіресе жүгерінің жас кезінде, оның өсіп-жетілуіне жақсы әсер етеді. Өсімдіктің көлеңкеленуі, көкті сиретуді кешіктіргенмен бірдей, жетілу үрдісіне зиянды әсер етеді: генеративтік мүшелерінің түзілуі тежеледі, аталық пен аналық гүлшоғырларының гүлденуінде алшақтық және жеміссіз өсімдіктер көбейеді.
Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық шаралар жүйесін жасағанда ескеруге тура келеді. Жүгері топырақ құнарлығына жоғары талап қояды және тыңайтқыштар бергенді жақсы көретін дақыл. Жүгеріден ең мол өнім, құнарлы топырақта жоғары агротехникада алынады. Жүгеріге құрылымды қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар және өте құнарлы және сіңімді өзен арналарының шөкпе топырақтары жақсы. Топырақ ерітіндісінің оңтайлы реакциясы - бейтарап және әлсіз сілтілі (pH 5,5-7,0). Қышқыл, өте тұзды және батпақтануға бейім топырақтарда жүгері өсіруге болмайды. Жүгері тұқымының жылдам өнуі үшін топырақта жақсы аэрация болуы керек, өйткені оның үлкен ұрығы өну үшін оттегіні көп қажет етеді. Топырақта ауаның мөлшері 18-20%-дан төмен болмағаны дұрыс. А з о т т ы жүгері алғашқы даму кезеңдерінде көп қажет етеді. Азот жеткіліксіз болған жағдайда өсіп-дамуы бәсеңдейді. Азотты ең көп қажетсінетін кезеңі - шашақтануға 2-3 апта қалғанда, ал сүттене пісу кезеңінде азотты мүлдем қажет етпейді. Фосфорды жүгері гүл шоғырлары түзіле бастағаннан қарқынды пайдалана бастайды (4-6 жапырақ), ең көп пайдаланатын мерзімі тұқым түзу кезеңі.
Фосфор жеткіліксіз болған жағдайда собықтар толық дамымайды, дән қатарлары дұрыс қалыптаспайды. Фосфор жеткілікті болған жағдайда тамыр жүйесі жақсы дамиды, өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі артады, пісіп-жетілу үрдістері жылдамдайды. Фосфорды жүгері өсімдігі толық пісіп-жетілгенге дейін баяу және біркелкі сіңіреді. Калий жетіспеген жағдайда өсімдік бойында көмірсулардың қозғалысы, жапырақтардың синтетикалық жұмысы бәсеңдейді, тамыр жүйесі әлсізденіп жүгері жапырылуға (сұламалыққа) бейім болады. Жүгерінің өсіп - жетілу кезеңдері мен өсруге рұқсат етілген будандары. Жүгерінің өсіп даму үрдісінде көктеу, 3-жапырақ кезеңі, бұтақтану, түтікке шығу, шашақтану, шашақтың гүлденуі, собықтың гүлденуі, дәннің сүттене пісуі, дәннің толық пісуі, барлығы 11 кезең ажыратылады. Оның өсіп-даму (вегетациялық) кезеңінің ұзақтығы пісу топтарына байланысты 75-180 тәулікке созылады. Жүгері будандары пісу мерзіміне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді: - ерте пісетіндер, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 80-90 күн, негізгі сабақтағы жапырақ саны 10-12 дана; - ортадан ерте пісетіндер - 90-100 күн, 12-14 жапырақ; - орташа мерзімде пісетіндер - 100-115 күн, 14-16 жапырақ; - ортадан кеш пісетіндер - 115-130 күн, 16-18 жапырақ; - кеш пісетіндер - 130-150 күн, 18-20 жапырақ; - өте кеш пісетіндер - 150 күннен, жапырақ саны 20-дан астам. Жүгері көктегеннен кейін алғашқы 3-4 аптада баяу өседі. Осы кезде егістікке жақсы күтіп-баптау жүргізу қажет, себебі жүгерінің жас көгі арам шөптерден катты зардап шегеді, ал бұның бәрі оның әрі қарай өсіп-жетілуіне көп зиян келтіреді.
Жүгерінің ең қарқынды өсіп-жетілуі - буынаралықтардың бастапқы өсуінен шашақгүл шығуға дейінгі кезең. Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген жүгері будандары: Одесский 80 МВ. Украинада шығарылған. Өсімдігі биік өседі (220-280 см), ортадан ерте пісетін будан, негізінен тіс тәрізді дәні сары, ақ түситі, 1000 санының массасы 250-300г. Қазақстанның бапрлық облыстарында өсіруге рұқсат етілген. Молдавский 257 СВ. Атауы көрсетіп тұрғандай, ол Молдавияда шығарылған, ерте пісетін будан, биіктігі - 150-209 см, дәні сары түсті, жартылай кремнилі. 1000 тұқымының массасы 218 г, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге болады. Молдавский 215 МВ. Бұл да Молдавияда шығарылған , ерте пісетін сортотип, өсімдік биіктігі 136 см-ге дейін, дәні тіс тәрізді, 1000 санының массасы - 260 г. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге болады. Қазіргі кезде жоғарыда аталғандардан басқа Сары –Арқа 150 АСВ (Алматы ж.б. облыстар), Целинный 160 СВ (Алматы, Шығыс Қазақстан обл., ж.б. обл.), Казахстанский 43 ТВ (Алматы, Оңтүстік Қазақстан обл., ж.б.), Казахстанский 700 СВ (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан обл.), Алтын 739, Алтай 319, Арман 689, Скиф 619, Сұңқар, Тұлпар 539 будандары да өсіру рұқсат етілген Астыққа өсіру технологиясы. Алғы дақылдар. Жүгеріні арамшөптерден таза, құнарлы топырақты танаптарға сепкенде, агротехникалық шараларды толығынан, талаптарға сай өткізген жағдайда қант қызылшасынан басқа барлық алғы дақылдардан кейін жоғары өнім береді. Заманауи агротехниканы қолданғанда жүгеріні бір танапқа көптеген жыл қайталап себуге болады.
Жүгерінің жақсы алғы дақылдары – сүрі танабы, күздік бидай мен күздік қарабидай, жаздық бидай, арпа, дәндібұршақ дақылдары және отамалылар. Ылғал жеткілікті жағдайда жүгері көпжылдық шөптердің қыртысы мен оның аударымына да өсіріледі. Жауын-шашыны аз аймақтарда оны топырақты қатты құрғатып жіберетін күнбағыс және қант қызылшасынан кейін орналастыруға болмайды. Жүгерінің өзі де жаздық және күздік дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Сүрі жер танабының дақылы болып сүрлем мен көк балаусаға себілген жүгері, келесі күздік бидайдың жоғары өнім беруін қамтамасыз етеді. Топырақ өңдеу. Жүгері тамыры топырақтың борпас болуын және терең жыртылуын қалайды. Сондықтан оңы себуге арналған жер, күз айларында алғы дақылдар орып алынғаннан кейін ЛДГ-10, ЛДТ-15 сыдыражыртқыштарымен немесе БД-10, БДТ-7 тырмаларымен 7—8 см- ге қопсытылады, сонан кейін 25—27 см-ге, ал механикалық құрамы ауыр сазды, батпақты жерлер 27-30 см тереңдікке жыртылады. Жүгеріні жаңа ресурсүнемдегіш әдістермен, гербицидтерді тиімді қолданып өсіргенде, барлық аймақтарда да қатараралықты өңдеудің қысқартылуына байланысты, арамшөптерді тегіс құрту, топырақ ылғалын мол сақтау, негізгі жыртудың сапасымен тығыз байланысты. Оңтүстік аудандарда суармалы жоңышқадан кейін сепкенде, өсімдік қалдықтарының минералдану бәсеңдету мақсатында жер өңдеу оларды жерге терең сіңіруге бағытталуы тиіс. Ол үшін қыркүйек айының басында жоңышқа пішенге орылып алынғаннан кейін оның тамырының мойнын қырқып кептіру үшін жер ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыражыртқыштарымен немесе КПГ-350 сыдыра қопсытқышпен өңделеді. Осы өңдеуден 10-15 күннен кейін, тамыр мойындары кепкен кезеңде танапқа жыртаралды су беріледі де топырақ түренді соқалармен 30-35 см-ге жыртылады. Келесі жылдары өңдеу тереңдігі 25-27 см-ге, ал механикалық құрамы жеңіл топырақтарда 20-25 см-ге дейін азайтылады.
Отамалы дақылдардан кейінгі және арамшөптерден таза танаптарды алдын ала сыдыра өңдеусіз-ақ сүдігерге жыртады. Жел эрозиясы қаупі бар аймақтарда КПГ-250, КПС-2-150 жазық тілгішті қопсытқыштарды пайдаланып топырақты терең қопсытады. Ылғал жеткілікті аймақтарда топырақты жартылай сүрі жер типінде өңдейді. Топырақты көктемгі өңдеу ылғал сақтауға, ұсақ түйіртпекті борпас топырақ қабатын қалыптастыруға бағытталуы керек. Ол ерте көктемгі тырмалау, 2-3 қопсытумен бірге қосымша тырмалаудан тұрады. Бірінші қопсыту, ерте мерзімде арамшөптер шыққаннан соң 10-14 см тереңдікке, ал тұқым себу алдындағы қопсыту тұқым себу тереңдігіне жүргізіледі. Гербицид енгізілген егістікте, көктем ылғалды болғанда тегістеу жүргізілмес бұрын, БП-8 тырмасымен немесе УСМК-5, КПС-4, КПГ-4 қопсытқыштарымен қопсытылады. Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Жүгері егістігіне тыңайтқыштарды сол аймақтың ауа райын топырақ ерекшеліктерін ескеріп, оларды танапқа енгізу тәсілдерін, қолайлы мерзімін сақтап қолданған дұрыс. Жүгері жоғары агротехникада мол астық өнімін қалыптастыратындықтан осы өнімді түзу үшін бірінші топ астықтарына қарағанда көп қоректік заттар шығындайды. Өсімдік қажетті қоректік заттардың көп бөлігін вегетацияның екінші жартысында пайдаланады. Сондықтан, жаздық үстеп қоректендірудің жүгері үшін маңызы зор, ал кеңқатарлы және пунктирлі себу тәсілдері вегетацияның барлық кезеңдерінде тыңайтқыштар қолдануға қолайлы жағдай жасайды. Жүгерінің тыңайтқыштар қолдану жүйесі - негізгі, тұқым себу кезіндегі және үстеп қоректендірулерден тұрады. Негізгі тыңайтқыштарды сүдігер жыртқанда гектарына: қаратопырақ пен қара-қоңыр топырақтарда 10-15 т көң, 20-30 кг-нан фосфор мен калий. Азотты көктемгі қопсытуда гектарына 20-30 кг, ал тұқым сепкенде қатарға гектарына 15 кг дейін фосфор береді. Үстеп қоректендіруде 20-30 кг-нан азот пен фосфор, 15-20 кг калий қолданады. Құнарсыз топырақтарға гектарына негізгі тыңайтқыш ретінде 30-40 т көң, 45-60 кг фосфор, 40-50 кг калий, көктемгі қопсытуда - 50-60 кг азот, тұқым сепкенде қатарлы 15 кг фосфор жұмсалады. Үстеп қоректендіруге 20-30 кг-нан азот пен фосфор қолданады. Қышқыл топырақтарға күзде гектарына 3-5 т әк пайдаланады. Бұл тыңайтқыштар мөлшерлерін топырақ сапасына, алғы дақылдарға, бұрын берілген тыңайтқыштарға, климат жағдайлары мен топырақтың химиялық сараптама нәтижелеріне байланысты нақтылайды.
Тұқымды себуге дайындау. Шаруашылықтарға жүгерінің тұқымы арнайы зауыттарда іріктелген, яғни, себуге толық дайындалған күйінде келеді. Олардың өнгіштігі 96%-дан (1-ші класс) кем болмауы керек. Жүгері тұқымын себу алдында жылы ауада 5-6 күндей қыздырады. Себер кезде 34%-дық витавакс 200 ФФ (1,5-2,0 кг/т) немесе дивиденд 030 (2 кг/т) препараттарының бірімен өндейді. Жүгері тұқымын топырақтағы зиянды микрофлорадан қорғау үшін себуге бес күн қалғанда инкрустациялайды-қосымша қабықтайды. Инкрустациялау үшін құрамында хлороформ, фентиурам және полистиролы бар препараттарды пайдаланады. Жүгерінің бір т тұқымына препараттың 11 литрі (2 кг фентиурам, 16,5 кг хлороформ және 0,5 кг полистирол) жұмсалады. Инкрустациялау үшін жаңа "Уныш" (9 кг/т) пен NаКМЦ (0,2 кг/т) қабықтүзгіш препараттары пайдаланылады. Инкрустацияланған жүгері тұқымын нақты мерзімінен 5-6 күн ерте себуге болады.
Тұқымды себу мерзімі, әдісі және сіңіру тереңдігі. Суық топыраққа мезгілінен ерте себілген жүгері тұқымы көп уақыт өнбей, шіріп кетеді, кеш себілген жүгері тұқымының көктеп шығуына ылғал жеткіліксіз болып, өнім мөлшері түсіп кетеді. Сондықтан жүгерінің себу мерзімін дәл анықтаудың зор мәні бар. Жүгері тұқымын себу тереңдігінде топырақ 10-12°С жылығанда себе бастайды. Тез қызатын жеңіл топырақты жерлерге тұқым себуді ауыр топырақтыдан ерте бастайды: осыған сәйкес Алматы облысы жағдайларында кештеу және кеш пісетін жүгері будандарын 20-сәуір - 5- мамыр аралығында, ал ерте пісетіндерін - 1-15 мамырда себеді; Жамбыл облысында ортадан кеш пісетін будандарды 1-15 мамыр, кеш пісетіндерін – 20-сәуір - 5-мамырда, ал ерте пісетіндерін 5-20 мамырда себу ұсынылады; Қазақстанның оңтүстік шығысында суармалы жерлерде оңтайлы себу мерзімі көктем жағдайларына қарай тұрақты қырқаларда - 15–сәуір - 10–мамыр аралығы. Жүгеріні себудің негізгі тәсілдері – кең қатарлы, пунктирлі және шаршы-ұялы. Қолданыстағы технологиялар бойынша жүгері қатар аралықтары 70 см, ал қатардағы өсімдік арасы 15-20 см етіп себіледі. Мұндай дәл орталастыруды заманауи сепкіштер толық қамтамасыз етеді. Шаршы-ұялы (ұя аралығы 70×70 см) себу тәсілі қазір көп қолданылмайды, бұл тәсіл топырақты өңдеу екі бағытта да жүретіндіктен армшөптермен өте көп залалданған танаптарда және тұқымдық жүгері өсіргенде қолданылады. Құрғақшылықты аймақтарда және жүгерінің биік сабақты сорттары мен будандарына себуде қатараралықтар 80-90 см және одан да үлкен арақашықтарға себіледі, ал аласа бойлы жүгері тұқымын себуде арақашықтық 60 см дейін қысқаруы мүмкін. Жүгері тұқымының себу мөлшері аймақ жағдайы, дақылды пайдалану мақсаты, себу тәсілі мен тұқым ірілігі, буданға және тағы да көптеген жағдайларға байланысты. Шаршы-ұялы тәсілде бір ұяға 2-3 тұқымнан себіледі. Бағдарламаланған астық өнімін алуда ерте пісетін жүгеріні гектарына 70-75 мың, орташа және орташа кеш пісетін будандарды 65-70, ал кеш пісетіндерді 60 мың тұқым мөлшерінде сепкенде ең жоғары астық өнім қамтамасыз етілген. Салмақтық себу мөлшері гектарына 10-нан 25 кг-ға дейін өзгереді. Жүгері тұқымын себу тереңдігі - себу мерзімі, топырақтың механикалық құрамы мен ылғалдылығына байланысты 5-6-дан 10 см-ге дейін. Топырақ ылғалы жеткілікті жағдайда жүгері тұқымы 7-8 см тереңдікке себіледі. Құрғақшылық аймақтарда себу тереңдігін 10-12 см дейін ұлғайтады, ал ауыр топырақтарда 6-7 см дейін азайтады. Біркелкі тегіс көктеу үшін жүгері егісін сеуіп болысымен бұдырлы немесе басқа осы заманғы катоктармен егісиік тығыздалады. Жүгері егісін күтіп-баптау негізінен арамшөптермен күресуге және топырақтың физикалық жағдайын жақсартуға бағытталады. Тұкымды сепкеннен кейін 3-4 күн өткеннен соң, жеңіл немесе орташа тырмалармен топырақ бетіндегі қабыршақтарды және өсіп келе жатқан арамшөптерді жою мақсатында себу қатарларына көлденең тырмалау жүргізеді. Осындай өңдеуді жүгері өсімдігі көктеп шыққаннан соң 2-3 жапырақ кезеңінде қайталайды. Әрі қарай жүгері..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?