Тарих | Тың және тыңайған жерлерді игеру

Тарих | Тың және тыңайған жерлерді игеру

Тың және тыңайған жерлерді игеру

XX ғасырдың 50- жылдарында елде астықтың тапшылығы айқын байқалды. 1953 жылы 31 миллион тоннаға жетер-жетпес астық дайындалды, бірақ 32 миллион тоннадан астам астық жұмсалды. Әсіресе азық-түлік дақылы-бидай өте тапшы болды. Мал шаруашылығының жағдайы да мәз емес болатын.

Ендеше Кеңес үкіметі дағдарыстан шығудың жолы тың игеру деп тұжырымдады. Сонымен КОКП ОК-нің 1954 жылғы Ақпан-Наурыз Плеиумында Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудаидарында жаңа тың және тыңайган жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің колемін кеңейту көзделді. Пленум Қазакстанның жөне Сібірдің ұжымшарлары мен кеншарларында әр гектардан 14-15 центнерден астықалуға және екі жылдан кейін қосымша 1 млрд. 200 млн. пұт астық өндіру ге толық мүмкіндік бар деп санады.

Пленумда 1954-1955 жылдары жалпы елде кемінде 13 млн. га, оның ішінде 6,3 млн. га жерді Қазақстанда жырту көзделді. 1954 жылы 13 тамызда кабылданған партия және үкіметтің ” Астық өндіруді молайту үшін тың жерлерді онан әрі игеру туралы” каулысында аталған жерлердің аумағын 1956 жылы 28-30 млн. гектарга жеткізу белгіленді. 1955 жылы елде жаңа тың және тыңайған жерлер көлемі 29,7 млн. гектар, соның ішінде Қазақстанда 18 млн.

Гектар қажетті.

Тың белсенді игерілген 1954- 1960жылдарда РКФСР-да 16,6млн. гек-тар, ал Қазакстанда 25,5 млн гектар тың және тынайған жерлердің игерілгені қазір мәлім болып отыр. Республика бүкіл егістігінің көлемі 1953 жылы 11 млн. гектардай еді, енді тын игерілгеннен кейін оның көлемі 36 млн. гек-тардан асты. Қазакстан территориясы 272 млн. гектарды (2 млн. 717 мын шаршы шакырымды) кұрайды десек, ауыл шаруашылығының балансындағы

жер 223 млн. гектарға жетті.

Тың игерілген жылдардағы Қазақстанның астық жинаудағы көрсеткіштері мынандай:

1) 1955 ж. республика475 млн. пұтастык жинады;

2) 1956 жылы 1 млрд. тұтастықты мемлекетке тапсырды; 3)1954-1964 жж. одақ колемінде 3 рет қана (1956,1958,1964 жж.) астық сату жоспары орындалды;

4) тың игерілгеннен кейін Қазақстан небәрі 6 рет мемлекет қоймасына 1 млрд. немесе одан да артық астық өткізді. Қазақстан КП ОК-нің XX Пленумында (1990 жыл) белгілі ғалым Мэхлис Сүлейменовтың айтканындай, шын мәнінде мол астық табиғаттың қолайлы болған жылдарында ғана алынды. Тың игеру басталғанға дейінгі Қазакстанда (1953 жыл) 2 960 ұжымшар мен 219 кеңшар болса, кейін керісінше кеңшар 2 122-ге жетіп, 394 ұжымшар әрекет етті. Тың жылдары кеңшарлар 127,3 мың трактор, 46,2 мың астық комбайнын, 29,6 мың жүк автомобильдері мен арнайы тасу көліктерін, 45,1 мың тракторлык жер жырту сокасын, 74,4 мың себу мәшинелерін т.б. алды.

Тың игерудің жағымды жақтары:

1) Қазақстан елдің астық балансын нығайтуда елеулі рөл атқарды.

Республика бидайдын бағадьққатты және кушті сорттарын өндірудің орта лығына айналды. Аталған бидай сорттарынын 60%-ы тың өлкесінде өсірілді

2) 1954-І977жылдараралығында республикадаауыл шаруашылығынын барлыксалаларына 21,1 млрд. сом каржы жұмсалып, шығын 27,2 млрд. сом болып өтелді. 1990 жылғы акпанның 15-жұлдызында Н.Ә. Назарбаеп (ол кезде республика партия ОК-нің 1-хатшысы болатын) ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде ‘Тың игеру басталғані іан астык өндіру 7 есеге, ет – 5, сут – 3 есеге кебейді. Тың көтеруге жұмсалған қаржы 1977 жылға қарай толықөтелді” – деп атап көрсетті. Сөйтіп, 20 жылдан аса уақытта шығын қайтарымын тапты;

3) әсіресе тың әлкесінде темір жолдар, электр көздері желілері және байланыс линиялары тартылып, инфрақұрылымның дамуына мүмкіндік жасалды.

Тың игеруде қол жеткен оң нәтижелерге қарағанда жіберілген қателіктер басым болды:

1) тың игеру тым шұғыл және асығыс жүргізілді. Республикада 25 млн. ғектардан асатын және тыңайған жерлер өте қауырт жағдайда игерілді;

2) Қазақстан топырағы жайындагы 50-жылғы мағлуматтар үстірт және

түзілген жер қыртысының картасы сапасыз болды. Бұл аздай, Ресейден,

Украина мен Белоруссиядан шақыртып әкелінген ғалымдар, әсіресе шаруашылық директорлығына жіберілген Мәскеу белсенділерінің (шаруашылықты басқаруға Қазақстанда лайықты азаматтар табылмағандай) басым көпшілігі республиканың жер жағдайына жетік, білікті мамандар емес еді;

3) тың игерудің тағы бір қателігі-агроэкологиялық зандылықтардың бузылуы:

• жер елді мекендерге, алқаптарға, көлдер және өзен жағалауларыла тақап жыртылды;

• егістік көлемін ұлғайтудың салдарынан жайылым жер қыскарды. Асыра сілтеушілікке бой ұрмай Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді жырту көлемі ары кеткенде 10-12 млн. гектардан аспағанда оны интенсивті даму жолына түсіру әлдеқайда оңайтайлы болып, 13 млн. гектардан астам құнарлы жерлер шабындықтар мен жайылымдықтар үшін сақталып, бұл, өз кезегінде, мал басының дамуына жағдай жасар еді.

Мал шаруашылығының жагдайы күрт нашарлады:

• 1951-1965 жылдарда республикада қазақтың ежелгі түлігі – жылқының саны 365,7 мың басқа шұғыл азайып кетті, тек жылқы саны 80-жылдары ғана әсім бере бастады;

• керісінше шошқа басы 4 еседен астам өсіп, Солтүстік Қазақстан, Целиноград (қазіргі Ақмола), Қостанай, Көкшетау облыстарында ерекше қарқынмен жүрді;

• 1941-1951 жылдары соғыс және халықшаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің алапат ауыр киыншылықтарына қарамастан, республикада қой басы 2 еседен астам өскен болса, ал тынмен сәйкес келетін онжылдықта (1951-І961 жж.) оның басы 3 есеге азайыи кетті. Себебі тын игеруге дейін әртұяқтың дұрыс өсіп-өнуіне кажетті деп табылатын жайылым 3-4 гектардан асып жығылса, енді бұл көрсеткіш орта есеппен әртұякқа 2 гектардан ғана келді. I 4) Мыңдаған жылдар топырақ түзілу үрдісіғіде пайда болган жер құнары үрленіп, шанданып, тозанданды, сөйтін ұлан-ғайыр жер жел, су эрозиясына ұшырады:

• терістіктегі алқаптар негізінен тегіс болғанымен, оның ой-шұңқыры мол, микро-мезорельефі әркпылы дамыған, осыған орай топырак түзілімі дебіркелкі емес-гі, әдетте сортан топырактар араласа келетін. Тың игеру жылдары сортаң топырақтар тараған шандак жерлерді жыртқанда айналып өтпей,бір ретпен жыртыла берді.Сонын салдарына нәсіресе кұмдақ алқаптар жел эрозиясына ұшырады және 1955-1958 жылдары мұндай жерлер келемі 1,5 млн. гектарға жетті. Бір ғана Павлодар облысында 805 мын га. 5кер жарамсыз болып қалды;

• галымдардын. есептеуінше, Қазақстанның солтүстік облыстарында жыртылған жердің көлемі 26,4 млн. га болса, оның 14,5 млн. гсктары жел

эрозиясына бейімді екен;

• 90-жылдардыцбасындагы мәлімет бонынша, республикада 106 млн. гектар жер әртүрлі дәрежедегі жел эрознясына ұшыраган;

• топырақ кұнарының негізі, яғни қара шірігі (гумус) тың игерілген жылдарда 15-30%-га кеміген. 90-жылдарда Көкшетау облысында топырақтың қара шірігі 4,3%-дан 3,6%-ға, Қостанай облысында – 3,7%-дан 2,7%-ға азайыпкеткен;

• бүгінгі күнде су эрозпясына бейімді жерлер Казакстанда миллиондаған гектарға жетіп отыр.

5) Тың игеру ата мекеннің халқьь қазактардың үлес салмағыиың кемуіне

әкеліп соқтырды.

• Тын өлкесі деген аймактың құрамына кірген бес облыстың – Солтүстік Қазақстан, Акмола, Костанай, Көкшетау, Павлодар-жеріи игеруге 1,5 млн. адам келді, ал жабык әскери объектілер мұның үстіне 150 мын адамды қабыл-дады. 1954-1956 жылдары тынды игеруге 391,5 мың механизатор әкелінді. 1959 жылғы санак бойынша казақтар республиканыц 30%-ы.н, орыстар 42,7%-ын, 1962 жылы қазақтар сан жағынан өз мекенінде жалпы тұрғыңда-рының уштсн бірінсн де аз немесе 29 пайызды ғана қурады. 1897 жылгы мәлімет бойынша, олар өз жерінде мекендеушілердің 85 пайызына тең еді.

• Тың игеру науканы басқа одақтас республикалардағы қазақтарды ерікті түрде ата мекеніне қайтаруға жағдай жасайтын таптырмас мүмкіндік

болғаны сөзсіз. Мұның өзі халықтың тұрактанып, тың өлкесінің демографиялық дамуына, мал шаруашылығының өсуіне игі ықпал жасайтын еді Сөйтіп, біріншіден, тың 2 еседей аз жыртылғанда, екіншіден, одақтас республикалардағы қазақтар өкелінгенде қазақстандықтар тынды өздерінің күшімен-ақ игеретін жағдайда болды. Бірақ Кеңес үкіметі мұның бірін де жасамағаны белгілі.

• Осы мәселеге калам тартқан авторлардың пікірінше, 954-1964 жылдарда тың өлкесі құрамына енген 5 облыста Ақмола каласын Целиноград және аудандық, облыстық атауларды қоспаған күннің өзінде, тек 200-деЯ астам селолық және ауылдық Кеңестердің аттары орыс тіліне өзгертіліп аталған.

• Осылардың барлығы қазақ тілі аясының тарылуына, кейіннен тұрғылықты ұлт өкілдерінің ана тілінен гөрі орыс тіліне бейімделуіне, қазақ мектептерінің жабылып, орыс тіліндегі мектептердің қанат жаюына әкеліп соқты.

Тың эпопеясының кейбір түстарын айғақтай түссек, оңда:

1) Кеңестер Одағында 1954-1960 жылдары игерілген тың және тыңайған, жерлердің жалпы көлемі 42 млн. гектарды құрады, оның 25,5 млн. гектары Қазақстандаласыңда жыртылды;

2) астықты бес – Крстанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау жөне Павлодар – облыстарындағы жыртылған жер көлемі 600 мың шаршы шақырымнан асып түсіп, бұл Франция (551 мың шаршы шақырым) тәрізді мемлекеттің аумағынан едәуір ұлкен алқапты қүрады;

3) тынды көтеруге Кеңес Одағының тукпір-түкпірінен адамдар көптеп тартылды. 1954 жыддың мамыр айының езіңде ғана республиканың тың өлке-сіне 130 мың адам жөнелтілді. 1954-1955 жылдарда мұңда 360 мыңнан астам механизаторлар мен құрылысшылар жөне басқада мамандық иелері орын тепті. Республикаға 1954-1962 жылдар арасында Кеңес Одағының еуропа-лық бөлігінен 2 миллионға жуық адам келді;

4) Қазақстанның үлесіне 1953 жылы КСРО-дағы бидай егістігі алқабының 11,3 пайызы тисе, 1960 жылға таман ол көрсеткіш 30 пайызға жетті. Сөйтіп, КО-дағы астық алқабының өрбір ушінші гектары Қазақстанның үлесінетиді;

5)республика 1956 жылы Імлрд. Пұтастықтапсырып соғанорай Қазақстанға алғашқы Ленин ордені тапсырылды.

6) республикада тың экстенсивті жолмен игерілді.

Қазақстанда 2004 жылы тың игеруге 50 жыл толды. ҚР Президенті айтулы оқиғаға орай Жарлық шығарып, "Тыңға-50 жыл” мерекелік медалін тағайыңдады және онымен 3,5 мың тың ардагері марапаттадды.

4.1965 жылғы шаруашылық реформасы және оның Қазақстандагы қорытындалары

60 және 80-жылдардын басындағы тарихи кезенде социализм бірқа-лыпты дамыған жоқ. Дәуір 2 кезеңге бөлінді жөне оның аралық уақыты 70-жылдың басымен айқы ндалды.

Бірінші кезеңде (1960-70 жылдар) елде қоғамдық өмірді жацартудың жолдары табысты ізденістермен ұштастырылды.

Екінші кезенде (1971-1985 жж.) жаңашылдыққа деген ұмтылыс әлсіреп, коғамдық құрылымның әрекет етіп отырған принциптері мен түрлерін, ескі төртіпті сақтау бағыты басым болды.

50-жылдардыңортасынан бастап Кеңес өкіметі иемденіп отырған шаруашылык механизмінің белгілі бір дәрежеде ескіргендігі айқын көрініс тапты. Ол механизм көбіне 20-30-жылдардағы төтенше жағдайларда орнықкан еді. 1966 жылдың қарсанында кеңес экономикасында өнеркәсіптің ЗОО саласы өрекететіп, 47 мың кәсіпорын мекемесі, 13 мың құрылыс ұйымы, 12 мың кеңшар, 37 мың ұжымшар болды. Мүндай жағдайда басқарудың тікелей жұмыс тәртібін белгіленетін әкімшілдік әдіс экономикалық жағынан қолайсыз, техникалық жағынан тиімсіз болып табылды. Өндірісті басқаруда киыншылықтар ерістей бастады. Әрекет етіп отырған орталықтандыру дәрежесі өз кезегінде кайшылықтарды шиеленістірді, мұнын әзі кәсіпорындардың шаруашылык дербестігін улғайтудың қажеттілігін көрсетгі.

Кадр потенциалында да өзіерістер болған еді. Егер бұрын жоғары білімді мамандардың біраз бөлігі басқару жүйесінде шоғырланган болса, ал 50-60-жылдары олардың көп бөлігі ондіріс сферасында еңбек етті. Сондай-ақжұмысшылар мен шаруалардың білімдік және мамандықдәрежесі өсті.Осындай жағдайда өмір енбекшілердің білімі мен тәжірибесін толық және тиімді пайдалануды және бәрінен бұрын, жергілікті жерлерге мейлінше дербестік беруді талап етті.

Оның бержағында, мемлекетте басшылықауысты. 1964жылы қазанда КОКП ОК-нің Пленумы Н.С.Хрущевті (1953 жылғы қыркуйектен бері мемлекет басшылығындагы) шаруашылық мәселелерді шешкенде субъективизмге, волюнтаризмге (омірдің негізі ерік деп түсіңдірді), басқарудын әкім-шілдік әдісіне бой ұрды деп сынаи, оны өз еркімен қызметінен кетті деуге саятын отінішін қанағаттандьфды. Сонымен Пленум Н.С.Хрущевты ОК-тің І-хатшысы, ОК-тің Төралқа мүшесі және КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы міндеттерінен босатты. Пленум КОКП Орталық Комитетінің 1-хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, мұнымен қатар КСРО Министрлер Кеңесінің төрагасы болып А.Н.Косыгин тағайыңдалды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?