Тарих | ӘМІР ТЕМІРДІҢ 1336 - 1405 ЖАУЛАП АЛУ ЖОРЫҚТАРЫ
ӘМІР ТЕМІРДІҢ (1336 - 1405 жж.) ЖАУЛАП АЛУ ЖОРЫҚТАРЫ
XIV ғасырдың ортасында Алтын Орда мен Шағатай мемлекетін ыдыратуға итермелеген процестер басталды. 50-60 жылдары түркі-монғол билеушілері арасында тақ үшін күрес басталып, бұл тартыс монғол жаулап алушыларына қарсы халықтық-азаттық күреске ұласты. Мұндай жағдайда Мауераннахрдың ірі феодалдары мен бай саудагерлері өз арасынан, халықтың толқуын баса алатын, әрі мемлекетті нығайта алатын адамды іздей бастады.
Барлас тайпасынан шыққан түрікмен шонжары Тарагайдың ұлы Темір осындай іске лайық адам еді .
Темір жоғары билік үшін еш нәрседен тайынбады. Ол ірі байларға сүйене отырып халық- азаттық қозғалысты көп қан төгу арқылы басты. Кейіннен өзіне көмектескендерді де біртұтас билікке бағындырып, 1370 жылы Мауераннахрдың билеушісі атанды. ¤з жерінде билігін нығайтып алған Темір Алтын Орда мен Ақ Орданың ішкі саясатына араласып, бірнеше басқыншылық жорықтар жасады . Ол өзінің мақсатын іске асыру үшін Манғыстау билеушісі Түй-Қожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдаланды. ¤йткені Ақ Орда билеушісі Орыс хан Алтын Ордаға қарсы жорықтан бас тартқаны үшін Түй-Қожа оғланды өлтірген болатын. Әмір Темір Тоқтамысқа әскер беріп, Сыр өңіріндегі Отырар, Сауран, Түркістан және Сығанақ қалаларын бағындыруды тапсырады. Бұл тапсырма орындалған жағдайда Әмір Темірге Алтын Ордаға апаратын жол ашылар еді.Тоқтамыстың Сыр өңірін бағындыру үшін жүргізген алғашқы екі жорығын Орыстың ұлдары қайтарған еді. Әмір Темірдің қолдауымен жүргізілген Тоқтамыстың іс әрекеттері, Орыс ханның Сарайды тастап, Ақ Ордаға қайтуына мәжбүр етті.
Әмір Темір Тоқтамысқа әскер мен қару-жарақ беріп, жаңа жорыққа дайындап жатқан уақытта, Орыс ханнан Тоқтамысты қайтаруды талап еткен хат келеді. Темір әскерімен Сырдариядан өтіп, Отырарға келгенде, Орыс хан әскерін Сығанаққа шоғырландырады. Екі жақ үш ай бойы ешқандай әскери қақтығысқа бармайды. Ақыр аяғында Орыс хан өзінің орнына Қара Кесек оғланды қалдырып, кейін қайтады. Бұл жағдайды естіген Темір Орыс ханның ұлы Темір Мәліктің он мыңдық әскерін талқандайды. 1376 жылы Орыс хан қайтыс болады. Әкесінің орнына билікке келген Тоқтақия да үш айдан кейін қаза табады. Әмір Темір Тоқтамысты Сауран қаласының билеушісі етіп тағайындайды.
1377 жылы Сауранның түбінде Орыс ханның ұлы Темір Мәлік Тоқтамыстың әскерін талқандайды. Алайда Темір өзінің жоспарынан бас тартпай, 1378 жылы Тоқтамысты жаңа жорыққа жібереді. Нәтижесінде Тоқтамыс Сығанақты бағындырады. 1379-1380 жылдары Алтын Орданың көптеген әмірлері Тоқтамыс жағына өтіп, оның билігін мойындайды. Алтын Орданың ханы болғаннан кейін, Тоқтамыс Сарай, Қажы Тархан Астрахань, Қырым мен Мамай Ордасын өзіне бағындырады. Қалыптасқан жағдай, Мамайдың 1380 жылы Куликов даласында орыс-қыпшақ әскерінен жеңілуіне себепкер болады . Осыдан кейін Тоқтамыс Әмір Темірге бағынуды қойып, дербес саясат жүргізе бастайды. Сонымен бір мезгілде ол Әмір Темірдің иеліктеріне шабуыл жасай бастайды.
Бұл оқиғалар қазақтың "Едіге батыр" эпосында жырланады. Жырда Тоқтамыс пен Темір арасындағы соғыстың басталуына қазақ биі мен батыры Едігенің тікелей қатысты екендігі айтылады. Моғолстан әмірлерімен күресті аяқтаған Әмір Темір әскерін сол кезде Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа қарсы бағыттайды. Темір 1391 жылы 18 маусымда Құндыз түбінде Тоқтамыс әскерін талқандайды. Тоқтамысқа қарсы көтерілген жергілікті билеушілер (ішінде Едіге бар) Темірдің билігін мойындайды.
1393 жылы Тоқтамыс Алтын Ордадағы билігін қалпына келіреді. Ал Едіге би Ақ Орданың тағына Темір Құтлықты қояды. Темір Құтлық Әмір Темірдің саясатына тәуелді болады. 1395 жылы Солтүстік Кавказда Терек өзені бойында Тоқтамыс пен Темір әскері арасында шайқас болып, Тоқтамыс жеңіліс табады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір орыс княздығы жеріне кіреді. Москваға барар жолда жаман түс көрген Темір оны жамандыққа жорып кері қайтады. Мауераннахрға қайтар жолда Темір Алтын Орданың Еділ бойы мен Қырымда орналасқан қалаларына, Астраханға өрт қояды.
XIV ғасырдың 90 жылдары өзінің қаталдығымен зұлымдығы мен аты шыққан Әмір Темірге Каспий жағалауы, Ауғанстан, Ирак, Кавказ, үнді жерлері бағынып, үлкен империя қалыптасады. Бұл империяны Темір әулеті басқарады. Әмір Темір 1405 жылы Отырар қаласында Қытайға кезекті жорыққа бара жатқан кезде қайтыс болады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?