Тарих | Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында

Тарих | Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында

№24-25 лекция Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында

Негізгі ұғымдар:Майдан,тыл,

Жоспар:

1.Тылдағылардың ерен еңбегі.

2.Қазақстанға соғыс жылдары көшіріп әкелінген өндіріс орындары.

3 Қостанайлықтардың майданға көмегі

00Лекция

1.Биыл миллиондаған адамдар өз өмірлерін құрбан еткен Ұлы Жеңіске 65жыл толғалы отыр. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы өте маңызды экономикалық және саяси маңызға ие болды оның себебі. КСРО-ның батыс аймақтарын гитлерлік армияның оккупациялауына байланысты Сібір мен Қазақстанның сол кездегі еліміздің маңыздылығын күрт көтеріп жіберген болатын.

Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды. 1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген.

Соғыстың алғашқы айларында Қазақстанға өндірістік маңызы бар мекемелер көшірілу ұйымдастырылды. Қазақстан территориясына қысқа мерзім ішінде 142 мекеме еліміздің батыс аймағынан 532.506 адам көшіріліп әкелінді.

Олар Қазақстанның түрлі қалаларына орналастырылды. Мысалы: Алматыға, Луганск. Ауыр машина жасайтын зауыт т.б. Семейге – Киев, Азовск, Артемов аяқ киім фабрикалары т.б. Атырауға-мұнай жабдықтары т.б. Ақмолаға-Орехов мотор жөндеу зауыты т.б. Шымкентте-Воронеждегі станок құрылысы зауыты (прессавтомат) т.б. Ақтөбеге рентген аппараттар зауыты. Республикаға көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың 107-ші қысқа мерзімде жұмысқа кірісті. Көшіріліп әкелінген басқа да кәсіпорындардың, әсіресе жеңіл және тамақ өнеркәсібі мекемелерінің жабдықтары жаңадан құрылып жатқан немесе Республиканың әр жерлерінде жұмыс істеп жатқан мекемелерге берілді. Мысалы, Ордженекидзедегі электроцинк зауыттың жабдықтары жаңадан Өскемендегі қорғасын зауыты жедел түрде іске қосылды. Жау қолында уақытша қалған аудандар босатыла бере шығысқа көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың көпшілігі соғысқа дейінгі бұрынғы орындарына қайта қайтарылды. КСРОның жау қолында қалған аудандарының көшішіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырумен қатар Қазақстан өзінің машина жасау кәсіпорындарын құрып, ауыр өнеркәсібін одан әрі дамыту міндеттерін де шеше бастады.

Бір ғана мысал: Мемлекеттік маңызы бар мекемелердің бірі. Біздің Қостанай аймағында да болды, ол Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға, соның ішінде біздің облысымызға көптеген кәсіпорындар көшірілгені баршамызға мәлім. Сол көшірілген кәсіпорындардың қатарына, жасырын түрде, майданды арнайы қорғаныс бұйымдарымен жабдықтаған №507 және №222 зауыттары да кірді. Эвакуация жөніндегі кеңес пен Қорғаныс комитетінің 1941 жылдың 29 қазанында қабылдаған шешіміне сәйкес, Клин және Каменск қалаларынан көшірілген жасанды талшықтар зауыттарының негізінде Қостанай қаласында №507 зауыты қалпына келтіріле бастады.

№507 зауытын көшіру кезінде Клин және Каменск қалаларынан барлығы 441 вагонға тиелген құрал – сайман жөнелтілді, соның ішінде Қостанайға 278 вагон жеткізілген. 1941 жылдың желтоқсан айының 3-12 аралығында Қостанайға 130 вагон құрал – сайманмен бірге 55 монтажник, инженер, техник – химияшылар мен 70 әскери өрт сөндіру күзетінің қызметкерлері келген. Барлық келген адамдар құрал – саймандарды жөнге келтіру, түгелдеу және жинақтау жұмыстарына тартылған.

Соғыс жағдайына байланысты зауыт өте қысқа мерзімде, дәлірек айтқанда, 1942 жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға берілуі тиіс болған. Осы себептен көшірілген зауытты қолданылып жүрген ғимаратта орналастыру ұйғарылады. Бұндай орын ретінде НКВД мен мұғалімдер пединститутның ғимараттары таңдап алынады.

№507 зауыты майданды әртүрлі оқ – дәрілермен, жасанды жібекпен қамтамасыз етіп, вискоза дәнінен минометке арналған оқ – дәрі жасау мақсатын алға қойады.

1941 жылдың 15 қарашасынан бастап көшіріле бастаған Егорьевск қаласының « Комсомолец » станок жинау зауыты мен Ухтомский атындағы ауыл шаруашылығы машиналарының Люберецкий зауытының бір цехы №222 зауытының негізін қалады. Бұл зауыт Қостанай облысының Қарабалық ауданында, Тоғызақ темір жол станциясынан 12 км қашықтықта орналасқан астық совхозында орналастырылып, 1942 жылдың мамырында іске қосылады

КСРО Танк өнеркәсібінің жүйесіне қарасты №222 зауыты соғыс машиналарына арнап №41, №50, №10 бұйымдарын шығарумен айналысқан. Арнайы бұйымдарды жасау оңай жұмыс болмағандықтан, зауытпен бірге білікті мамандар да келді. Алайда көп кешікпей бұл мамандардың біреулері Қызыл әскер қатарына шақырылса, енді біреулері бұрынғы жұмыс орындарына оралды. Бұл жағдайды ескере отырып, зауыт жас жұмыскерлерді өндіріске оқыту жұмысына кіріседі. 1942 жылдың өзінде зауытта өндірістік жұмысқа оқытылған жастар саны 273 жетті. Зауытта ерлермен қатар әйелдер де тапжылмай еңбек етті. Ұлы Отан соғысы жылдары зауыт ұжымына қосылған әйелдер 30% құрады. Ұзақ уақыт бойы бір ғана әріппен аталып, көпшіліктен жасырын болған бұл зауыттар Ұлы Отан соғысының қиында, қаһарлы жылдары майдан тапсырысын орындау үшін жұмысшылардың бар күш – жігерін жұмылдырып, солардың қажырлы еңбегімен қатыгез ата жауымызды жеңіп, бейбіт өмір орнатуға ат салысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында экономиканы соғыс талабына сай лайықтап қайта құру қажет болды. Экономиканы қайта құруды майдандағы қолайсыз жағдай қиындата түсті.

Армияны жабдықтауда өнеркәсіп пен халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруда басқа тылдағы аудандар сияқты, Атырау облысының да ролі едәуір арта түсті.

Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Гурьев мұнай өңдеу заводын, Каспий-Орск мұнай құбырын салу үшін. Мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының қуатты құрылыс ұйымын жіберді.

Мақат – Қосшағыл темір жолы салынды, Петровский атындағы машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной көлі – Ширина труба құбыры, Гурьев мұнай өңдеу заводы, " Комсомольский ” кәсіпшілігі іске қосылды. Ембі мұнайшыларына жұмысшы тобының еңбегінің символы мемлекеттік қорғаныс комитетінің туы бір жыл ішінде 12 рет тапсырылды.

Сол кездегі Гурьев облысының жайылым участкелерінің аудан орталықтарынан жүздеген километр қашық екенін ескере отырып, шаруашылық және бұқаралық – саяси жұмысты жақсы ұйымдастыру үшін колхозаралық тірек пункттерін құрды. Бұл пункттерде мектептер, қызыл отаулар медициналық және мал дәрігерлік учаскілер, моншалар сельпо бөлімшелері жұмыс істеді.

Республика мал шаруашылығын дамытудың мемлекеттік жоспарын орындап шықты.атырау облысының малшылары Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің туын алтыншы рет жеңіп алды. Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің шешімімен ту атыраулықтардың мәңгі сақтауына қалдырылды.

Құлсары кәсіпшілігімен сол кездегі Гурьев машина жасаушыларының ұжымы 1943ж. июньде ВЦСПС пен мұнай өнеркәсібі халық комиссариатының ауыспалы Қызыл туларын жеңіп алды. Атырау облысының еңбекшілері соғыс жылдарында өндірістің қай саласында болмасын күш жігерін майданға көмек көрсетуге жұмсады. Атыраулықтарда Отан қорғаушыларды жауды жеңу үшін не қажеттінің бәрімен қамтамасыз етуге ұмтылды.

Атыраулықтар майданға қажет өнімдерді үздік жіберіп отырды. 1942-1943 жылдары Мақат – Орск және Ақмола – Магнитогорск темір жолдары құрылыстары жүйесі жалғастырылып аяқталады. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап Қазақстанда танкі самолет жасауға ақша жинау қозғалысы басталды.

Қазақстандықтар бұл қозғалысқа атсалысты. Қостанай жерінен де соғысқа өз қаражатына әскери истребитель ұшағын жібергендердің бірі академик М. Қозыбаевтың әкесі Қабаш Қозыбаев. Ұлы Отан соғысы басталғанда Қазақстандық алғашқылардың бірі болып өз қаражатына әскери истребитель – ұшағын жіберген.

Әріптесіміз Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Бекмағамбетова Раиса Бекмағамбетқызының атасы Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы деген ақсақал 1899 жылы туған 4 кластық білімі болған азамат. Көп жылдар колхоз басқармасы болып қызмет атқарған. Әріптесіміз Раиса Бекмағамбетқызының айтуынша атасы 1943 жылы бір миллион сом жеке қаражатынан самолетке ақша жіберген. Бар жиған-тергенін сатып қаржы жинақтаған екен. Зайыбы Балшекер апай екеуі сол кезде 7 бала тәрбиелеп, өсіріп отырған отбасы екен. Апай енді жеті баланы қалай асыраймыз деп реніш білдіргенде Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы Балшекер апайға алдымен соғыста жеңіске жетейік, сонан соң қалғанын көрерміз, алла пендесін ырыздықсыз қалдырмас деп жауап берген екен. Кейіннен самолетке жіберген қаржысы үшін Сталиннің атынан қолы қойылған Жамбыл облысының Сарысу ауданының Жайылма ауылына Бекмағамбет Сұлтанғазыұлының атына алғыс хат келген екен. Ауыл болып қуаныпты дейді. Кейін Бекмағамбет Сұлтанғазыұлы 1945 жылы посылкамен Қаратаудың фосфоритін Бүркітті жерінен алып Алматыға жіберген. Кейін бұл жерге Жаңатас қаласы салынған.

Геолог Машкара келіп экспедициямен растаған. Осындай елгезек елдің қамын жеген абзал азамат Бекең 1950 жылы дүниеден озған. Қазақ жерінен соғыс кезіндегі жасаған жомарттық пен елдік мысалдарын көптеп келтіруге болады.

Соғыстың доноры іспеттес болған қазақ даласының экономикасымен жомарт жанды кеңпейіл қазақстандық халықтардың ерен еңбегі мен жеңіске жету үшін қолдан келгендерінен аяндаған қарапайым қазақ халқының ізгілікті істерінің бір-екі мысалдарына ғана қамтыдық, осының өзі көп жайдан хабар берері сөзсіз.

Қорытындылай келе айтпағымыз: Кеңестік дәуірде он бес одақтас республиканың бірі болып, Орталық басшылық нұсқауларын Мәскеуден алып жүзеге асырып отырған Қазақстанды Мәскеуді қорғауда қаһарман жауынгерлер қан төксе, тылдағы қазақстандықтар неміс фашизімін талқандауға елеулі еңбектегі үлестерін қосу арқылы екінші дүниежүзілік соғыстың жоспарының жүзеге асуына тосқауыл болды.

"Елу жылда ел жаңа, қырық жылда қазан” деп халқымыз айтпақшы, бүгінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын тойлағалы отыр. Бүгінде сол кездегі одақтас елдердің көпшілігі дербес тәуелсіз республикалар. Соның бірі – Қазақстан. Қазақстандықтардың бүгінгі экономикасы шүкір, нығайып келеді. Шетелдер компаниялары мен инвестициялары тартылып жатыр. Мұның бәрі де қазақтардың жақсы пиғылы, ниетіне берген табиғат сыйы деп ойлаймыз. Тәңір жарылқап, Қазақстан халқының ынтымақ бірлігі нығайып, болашағы баянды болып, экономикасы арта берсін.

Бекіту сұрақтары:

1)Тыл дегенді қалай түсінесің?

2)Қостанайға соғыс жылдары қандай өндіріс орындары көшіріп әкелінді?

3) Қостанайлықтар майданға қандай көмек берді?



Әдебиеттер:

1.Күзембайұлы А. Абиль Е.А. История Казахстана. Учебник для Вузов.7-е изд. Перераб. и доп.- СПб, "Соларт”. 2004

2..А.Қошанов., К.Алдажұманов, академик М.Қ.Қозыбаев. // Мерейтойлық жинақ Алматы "Атамұра” 2001

3.Ж. Балтабаева Зауыттар неге жасырын ұсталды // Қостанай таңы 04.02.2005.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?