Тарих | Ұлытау мұражай қорығы
«Мұражай тәрбие өзегі»
(Ақселеу Сейдімбековтің
«Күнгір-күнгір күмбездер»
кітабы бойынша 4-5 сынып оқушыларына арналған
саяхат ойын)
Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков бұрыны Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты «Дружба» совхозына 1942 жылы дүниеге келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып журналистика факультетің бітіріп шыққан. «Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші, мұнан әрі «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің болған. «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты секретарь болып қызмет атқарған, ғылыми көпшілік журнал «Білім және еңбектін» бас редакторы болып қызмет істеген. Қазіргі кезде Астананың тұрғыны, «Азия транзит» журналындағы ақылдастар алқасының мүшесіне кіреді.
А.Сейдімбеков оқырман қауымға «Ақиық» (1972); «Қыр хиқаялары» (1977); «Кеніш» (1979); «Тауға біткен жалбыз» (1979); «Күңгір-күңгір күмбездер» (1981); «Серпер»; «Алпамыс батыр» (1982) сияқты кітаптарымен жақсы танымал.
2-Жүргізуші: Автор «Күнгір-күнгір күмбездер» кітабында туған жер төсіндегі ескерткіш білгілері туралы сыр шертеді, ұрпақтардың рухани сабақтастығы, халқымыздың терен тамырлы мәдениеті жайында ой толғайды. Байтақ даладағы бақташы елдердің тарихын, қандай тіршілік жасағынына, ерекше көңіл қойып, әсіресе олардың мәдениетің, өнер түрін, ғылыми көркем тілмен айтып жазған.
Жазушының көп ой бөлген мәселесі, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан кейбір тарихи қымбат белгіреді қалай сақтап қалу жайы. Олардың ішінде әдемі сәулет өнері «Алаша хан мазары» (ХІ ғ.), Аяққамыр (ХІ ғ.), Жошы хан мазары (ХІ ғ.), тағы басқалар. Ең тарихи қымбат әдемі ескерткіштер деп сана латын күңгірлеп тұрған күмбездерге орай осы кітабын «Күңгір-күңгір күмбездер» деп атаған. Енді Орталық Қазақстанның жер төсіндегі ескерткіш белгілерге саяхатымызды бастайық.
Саяхатымыз 3 жолізден тұрады.
І – жоліз «Ұлытау – кіндік мекен».
І – жоліз «Алаша хан мазары».
ІІІ – жоліз «Жошы хан мазары».
Саяхат ойыны өтілетін жерге «Күңгір-күңгір күмбездер» атты кітап көрмесін ұйымдастыруға болады.
1-Жүргізуші: Балалар, бүгін біз сендермен Ақселеу Сейдімбековтың «Күңгір-күңгір күмбездер» атты кітабы бойынша туған жер төсіндегі ғасырлар бойы сақталып келе жатқан тарихи, мәдени ескерткіштерге саяхат жасағалы отырмыз. Алдымен осы кітаптың авторы Ақселеу Сейдімбековтің өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, танысып кетейік.
(Балаларға А.Сейдімбековтің кітабын көрсету).
Ер жігіт менің республикам!
Шөліркеп жатқан өлкені құтқып,
Мол өнім алып миллиард пұттық,
Безбенге бір-ақ көтеріп салған,
Табысы таудай, еңбегі палуан,
Дарқан қол менің республикам!
(«Менің Республикам» Өмірбеков Ж. 24 сағат. – Алматы, 1959. – 4б.)
Жүргізуші: Иә, қандай керемет, жүректі тербейтін сөздер. Бұның өзі Отан – атамекенге деген шексіз кұрмет. Ақын ұзақ өлең, жырлармен қатар, екі – төрт жолдық өлеңдер де жазған. Онда әр түрлі тақырыптарға нұрлы мұраттар артып, өсиетін балаға шынайы етіп жеткізген.
Оқушы: Жас шағында көп үйренсен,
Марқайғанда көгересін,
Марқайғанша үйренбесен,
Көктей алмай көнересін.
Оқушы: Кек алудың жөні бар,
Кешірімді ұмытпа,
І – жоліз «Ұлытау - кіндік мекен»
Ұлытауға шықтың ба, ұлар етін жедің бе...
І-Жүргізуші:
Көзіне оншама Аяулды бәріңе,
Көрінбес ірі тау Атадай ақылғой,
Аласа болса да, Ұлылық мәні де
Атаңған Ұлытау. Осында жатыр ғой-
деп Есентай Ерботин жырлағандай бірінші тоқталатың жолізімізді «Ұлытау кіндік мекен» немесе, «Ұлтымыздың алтын бесігі» деп атасақ да болады. Ұлытау – бұл шырқау сұлулыққа сынар болған Алатау да емес, әжім торлаған Қаратауға да ұқсамайды, айналы жас сұлудай Көкшетауға да келмеді. Ұлытаудың бітім болмысы мүлдеп бөлек.
Қазақ халқының ел болып қалыптасуына, бірлік тілігіне діңген болған, қасиетті де киелі мекен. Бұл жерде мемлекетіміз алғаш шаңырақ көтеріп, үш жүздің басы қосылып, қазақ халқының тұтастығына ұйытқы кіндік мекен.
Ұлытау маныдағы ескерткіш белгілердің көпшілігі монғол шапқыншылығы мен жоңғар шапқыншылығы заманының еншісіне қатысты. Араб тарихшысы Ибн-аль-Асир моңғол шапқыншылығы туралы: «Дүние жарлағаннан бері адамзат үшін мұнан өткен аласапыран болған жоқ, ақыр заманның арсы күрзісіне дейін мұндай сұмдықтың болуы мүмкін емес» - днп жазған. Осы сұмдыққа алдымен кеудесін төсеген Ұлытаудың сары белдері мен сағымды далалары.
2-Жүргізуші: - Ұлытаудың бір ерекшк мәнді айғағы осы жерден табылған үлкен құлпытас. 792 жылы Темір хан, Тоқтамыс ханға соғыспаққа бара жатқанда Ұлытаудың үстімен өткен сонда осы таудың басына шығып, төңірегіндегі көк жасыл дала мен көк сеңгір тауларға ұзақты күнге телміре қараумен болған. Содан кейін әскерін жинап, сол жерден үлкен құлпытас орнатуға бұйрық берген. Шеберлер осынау сәтті оқиғаның болған күнін тасқа қашан жазып, ұзақ жылдарға дейін жететін мәңгілік ескерткіш қалдырған. Міне осы тасты Ұлытаудағы, Алтын шоқты биігінен халқымыздың аяулы перзенті, белгілі ғалым Қаныш Сатбаев тапқан. Бұл тас қазір Ленинградта Эрмитажда тұр. Одан мынадай жазуды оқуға болады: «Тарихтың 792-ші қой жылы. Жаздың яғни шілде айы. Тұранның сұлтанны Темірбек жүз мын әскерімен Тоқтамыс ханға соғыспаққа жүреді. Бұл жерден өтіп бара жатып, белгі болсын деп осы жазуды қалдыры. Тәңірі нәсіп берсін. Іншалла, тәңірі бұл кісіге рахым қылып, барша адам есіне алып жүрсін». Жазудың тілі әрісі түркі халықтардың, берісі қазақтың тіліне ұқсас. Бұл жазуды профессор Поппэ мен академик Марғұлан шешіп оқиған.
1-Жүргізуші: - Ұлытаудың тағы бір көне, ерекшк мәнді айғағы, осы таудан ағып жатқан Сарысу өзенінің төменгі сағасындағы «таңбалы тас». Мың сан ру таңбасы басылған жартастың түбінен бұлақ ағып жатыр. Таңбалы тасқа зер салып қараған болсақ, арғанның көз танбасын, найманның бақан таңбасын, адайдың оқ таңбасын, жағалбайлының балға таңбасын көруге болады. Әрине бәрін атау мүмкін емес, әдейі үш жүздің белгілі руларының таңбаларын теріп қана атап өттік.
Осы масалдың өзі, мына таңбалы тас көшпелі дала руларының, бірлік тұтастығына айғақ белгі, ант беріп ауыз біріктірген орны екенін аңғартады, далалық көшпелі рулардың ерте заманда ақ топтасын біріге бастағаны, ел болып бас құрағаны көрінеді.
- Бұл таудың арғы бергі тарихы – бүкіл халқымыздың тарихы. Соңдықтан осынау мекенді халық Ұлытау деп атайды, төнірегінен Сарысу, Сары-кенгір, Қара-кеңгір өзендері ағып жатыр, Ұлытау аспанының астында жатқан ашық музей сияқты тарихи ескерткіш нұсқалары алдымен осы өзендердің бойынан, сағаларынан, тарауларынан көптеп кездеседі. Енді, осы өзендердің жағаларында орналасқан, ең тарихи қамбат деп саналатын ескерткіштерге саяхатымызды жалғастырайық.
ІІ - жоліз «Алаша хан мазары»
ІІ-Жүргізуші: Қара кенгір өзенінің он жақ жағалауымен жүріп отырсақ,Сары кенгірдің, Қара кенгірге құяр жерінде мазар тұр. Бұл біздің саяхат бойынша тоқталатын екінші жолізіміз «Алаша хан мазары». (Балаларға Алаша хан мазарының суреті көрсету). Ғалымдарымыздың аңықтауы бойынша Алаша хан мазары Х-ХІІ ғасырларда салынған, өзінің салыну мерзімімен де, бітім тұлғасы мен де, қасиетті атаумен де Қазақстандағы ен алдымен көңіл аударатын тарихи ескерткіштердің бірі.
Алаша хан есіміне қатысы айтылатын халық арасына кен тараған аңыз-әңгіме көп. Ал жазба еңбектерде жарық көрген түрлері тіптен көп. Онда ежелгі көшпелі тайпаларды біріктіріп, байтақ далада тұңғыш рет ірі мемлекет құрған кісі туралы әңгіме болады. Аныз оқиғасы 6-12 ғасырларда өмір сүрген тайпалардың тарихын еске түсерді. Қазақ шежірасінде Алаша хан ақсүйек емес, қарапайым кісі, атақты батыр болған. Ел аузындағы аңызға қарағанда Алаша ханның ордасы Ұлытау төңірегінде болған, соңдықтан осы жерде жерленген, құмбезі әлі тұр.
Мазардың жай күйіне, архитектуралық мәніне тоқталсақ, басқа мазарларға қарағанда әлде қайда тозып, уақыт зардабын көп шеккендігі байқалады.
Өз төңірегіндегі ескерткіш құрылыстармен салыстырғанда, бұл құрылыс көркем үлгімен, басқа талғаммен қаланған. Биіктеу келген жер үстінде орналасып, асқақтай көзге түсіп тұр. Биіктігі 10 метр. Мазары бірінғай күйген кірпішпен өрілген. Сыртқы қабығалары кірпіштің қалауын келістіре отырып алаша үлгісіндегі өрнекті шығарған. Алаша деген есімін еске салып тұрғандай (Балаларға мазардың қабырғасының суретін көрсету).
Кейбір кірпіштердің бетіне, бүйіріне ру таңбалары, ою-өрнектер басылған. Табан іргесіне шаршы болып келетін төрт қабырға көтеріле келе мейлінше мінсіз үйлесіммен 8 қырға ұсалады. Ол 8 қыр дәл сондай үйлесіммен иықтағы, 16 қырлы барабанға ұласқан. Мұның өзі киіз үй уығының иінін немесе дәдегесін елестетеді. Сол 16 қырлы барабанның үстінен мінсіз күмбез көтерілген.
Кіре алды мейлінше салтанатты, бейне бір киіз үйдің жармалы сықырлауығың елестетеді. Осы сықырлауық сияқты кірер ауыздың, екі босағасы мен мандайшасына қос тілді жолақ тартылған. Бұл жолақ кірпішпен өріле жоталанып, мазардың мейлінше жинақы, жеңіл көрінуіне әсер тұр. Ішіне кіргенде иық тұсындағы шағын-шағын алты терезеден күн сәулесі құйылып тұрады. Кірек босағасында қалын қабырғаны айнала көтерілетін сатылы қуыс бар. Бұл қуыс мазардың екінші қабатына, яғни сыртқы иығына алып шығады. Иыққа шыққан балкон сияқты кемер қалқанның ішімен әлгі 16 қырлы барабанды айналып шығуға болады.
І-Жүргізуші: Уақыт Алаша хан мазарын аяусыз мүжіп, қу сүйген, қаңқасын ғана қалдырған. Бірақ осы ескерткіш құдіреті көрек көзді әліде де өзіне сүйсіндіреді. Риаз ұстаның қалауы, перен оюшының өрнегі, даңғал шебердің қол таңбасы, әлі де шертіп қалсан дыңылдап, әнге салып кететін сияқты. Біресе дала батыры сияқты асқақтығымен, біресе он екіде бір гүлі ашылмаған қыздай нәзіктігімен табындырады. Әр кірпіші сыңғырлай сыр шертім, қайталанбас әуенге салып тұрғандай. Алаша хан мазары өзінен кейінгі талай құрылысқа үлгі болған, бірақ соның бірде бірі Алаша мазарының төрт құбыласы сай тұрысына, ғажайып пропорциясына, күйген кірпішті жібек жіптей құбылта өріп шығарған шеберлігіне тендесе алмайды. Живопистегі жарық пен көлеңкенің мінсіз тоғысуы қандай құдіретке ие болса, Алаша хан мазарының қабырғасынын құйылған сәуле де мың құбылып, көзге көрінетің музыка сияқты әсер береді.
Осымен Алаша хан мазарымен танысуымызды аяқтап саяхатымызды әрі ғарай жалғастырамыз.
ІІІ – жоліз «Жошы хан мазары»
ІІ-Жүргізуші: Қара кенгірді әрі қарай өрлеп келе жатқан кезде, көлемі шағын ғана мазар сәтімен тандалған мекенінің арқасында алыстан асқақтап, айбарлы көрінеді. Бұл-Шынғыс ханның үлкен ұлы Жошының басына салынған «Жошы хан мазары». Шынғыс ханның Бөрте бәйбішеден көрген төрт ұлынын ішіндегі ең ер көңіл, ең ер жүрек, ең жауынгершілігі де, сонымен бірге ең адамгершілігі мол мәрті де Жошы еді. Жастайынан әкесінің хұқын орындай жүріп небір қанды жорықтар жасаған. Жошы өзінің көшпелі нағашы жұртына, қазақ даласындағы көшпелі руларға, олардың өмір салтына қызығатын. Құлай беріліп, қатты қызықтайтыны-қызу сәттері көп аңшылық-саятшылық, әнші-күйші, ақын-жыраулар айтысы; Мерген палуандардың белдесуі; ат ойыны мен бәйге-бәсекелер еді.
І – Жүргізуші: Аңыз бойынша Шыңғыс хан солтүстік өңірді бағындырып қайт деп жұмсағанда, Жошы тіл алмай, өзінің сүйікті даласына кеткен. Қыпшақтардың жері мен суын, ауасын көрген кезде дүниеде бұдан да артық таза ауаның, мөлдір судың болуы мүмкін емес екенін ұғып, қыпшақтарды жақсы көріп кеткені сонша, өзі осында қалып, бұл елді бүліншіліктен азат етуге бел байлаған. Ол өзінін пікірлес адамдарына, Шыңғыс хан сіре есінен алжасқан, өйткені ол осыншама жерді ойрандап, халықты қырғынға ұшыратып отыр, сондықтан мен аңға шыққан кезде әкемді өлтіріп, мұсылмандармен одақ құратын шығармын дегенді айтқан. Оның бұл ойын інісі Шағатай сезіп қалып, әкесіне жеткізген. Шыңғыс хан қатты ашуланып, өз қолымен анда жүрген Жошыны өлтіріп алып, жаман хабар әкелген жанның көмейіне қорғасын құямын! – деп алас ұруы да сондықтан. Сонда найманның ұлы жыршысы Кетбұғы, домбырасын безеп отырып, Шыңғыс ханға Жошы өлімін естірткен.
ІІ – Жүргізуші: Күні бүгінге дейін ауызша да жеткен, жазбаша да жеткен бұл әңгіменің нұсқалары көп. Жошы есіміне қатысты әңгімені осымен аяқтап, мазардың жай күйіне, архитектуралық мәніне тоқталайық. Бұл ескерткіш бүгінгі ұрпаққа Жошы ханның мазары болғаны үшін құнды емес. Жошы хан заманынан жеткен үшін құнды. Мазардың сыртқы тұлғасын төрт бұрыштанып қаланған да, 5-6 биіктіктен әрі қарай геометриялық дәлдікте ирек қырлар шығара отырып дөңгелете қалап кеткен. Бұл қырлы шеңбер 1,5 метрдей көтерілген соң тағы да әрі қарай киіз үй сияқтанып мінсіз күмбез жасап біткен. Құрылыстың төрттен біріндей бөлігі кірер алдындағы төртқырлана қаланған қалқаның үлесіне тиеді. Биіктігі 8 метрдей, ені 2 метрден астам бұл қалқа мазар тұлғасын қарапайым, орнықты етіп көрсетумен бірге, асқақтап айбарландырып та тұр. Осы қалқаны қалау барысында кірер жақ бетінен зәулім күмбез есікті қоршай төрткүл жолақ, өзекше қалдырған. Бұл өзекше кезінде көк жасыл бояу жалатқан тақта кірпіш жүргізілгенін қазірде анғаруға болады. Мұнын өзі көрер көзге әдемі әшекейден гөрі, осы мазардың қаралы жабуы, қайғылы жолағы сияқты көрінеді. Тақта кірпіштермен кезінде мазар күмбезінің қырлы иректері де әшекейленген. Қазір ондай бояулы кірпіштердің шашылған сынығы болмаса, орнында тұрған бірде-бір бүтін тақта кірпішті кездестіру қиын. Мазардың ішкі бітімі – киіз үй ішінің бітімің еске салады. Бастан-аяқ қанға малыңғандай қып-қызыл күйген кірпішпен өріле қаланған. Мазардың өн бойында ою-өрнек, әлеміш-айшық та жоқ. Көлемімен де қайран қалдырмайды, бірақ алапат айбарлы, көрген жанды ынтықтырады, мұның басты себебі-мазардың бітім-тұлғасының ұстамы қаталдығында, төңірегіндегі бел белес, жазық даламен, өзен-су, өсімдігімен мінсіз ғасырлық үндестік табуында, және, ғасырлар төрінен бүгінгі күнімізге күнгірлеп жеткен көнелігінде.
І – Жүргізуші: Жошы хан мазарының бүліне бастағандығы жөнінде алғашқы деректі геодезист Ю.А. Шмидт жазған.
Бұл өткен ғасырдың соның ала айтылған пікір. Онда мазардың алдынғы жағындағы көк жолақ болудың бары айтылады. Осы төрткүл жолақта жазу болады екен. Сол жазуды 1911 жылы Атбасар оязы Далалық өлкенін генерал-губернаторына көрсету үшін қопарып алған. Бұл жазулы кірпіштің қазіргі тағдыры белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша 1927 жылы Шоң деген біреу қазына іздеп мазардың ішінде 2 қабірді қазған.
Бір қабірда жерленген адамның бас сүйегінің үстінгі жағымен, оң қолының жоқ екендігі анықталған. Оның үстіне қабір ішіне салтанатты киім жұрнақтары, қызыл сафиян етіктін қалдығы, аң сүйектері мен түйенің бас сүйегі, темір қарудың сынықтар табылған. Бұл Жошыны аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді деген халық аңызына келеді. Екінші қабірда Жошының бәйбішесі – Бектүмыш жерленген. Соңғы 1833-1834 жылдары дейін мазардың ішінде «1250 жыл» деген жазуы бар, көп бұрышты жұлдызша қашалған мәрмәр тас болатын. 1974 жылы бұл тасты да алып кетіпті.
Қазір мазардың ішінде қолдан құйылып, мүрдеге қаланған төрт бұрышты кірпіш жатыр. Салмағы 20-30 кг. Кірпіш бетіне араб әрпімен «Жошы» деп жазылған жазуды ажыратуға болады. Бұл да мұқият сақтайтын белгінін бірі. Мазар қатты тозған, күмбезінің жоғары жағы опырылып ішіне түскен. Сыртың жауын-шашын айғыздап қабырғасы отыра бастағаң қисайғандықтында белгісі байқалады.
ІІ – Жүргізуші: Енді Жошы хан мазарының салынған мерзіміне қатысты бірер ауыз пікір айта кетейік. Тарихтан белгілі 1227 жылы Жошы хан өлді. Жошы мазары 1227-1255 жылдар аралығына салынған. Жошы мазарын салысуға қыпшақ даласындағы белгілі руларының бәрі қатысқан. Мұны мазар ішінде, кірпіштерінде күні бүгінге дейін сақталған 30 астам ру таңбаларынан айқын аңғаруға болады. Мұның өзі қазақ халқының негізін құраған үш жүздінде руларының мазар құрылысына қатысқаның көрсетеді. Сегіз ғасыр бойы не бір тарихи өзгерістерді, жеке адамдардың не бір сұғанақ қол әрекеттерін, табиғи құбылысының не бір аласыпыраның бастан өткеріп, Жошы хан мазары бүгінгі күнімізге жетім тұр.
Осымен балалар саяхат ойынымыз аяқталады.
Бұл саяхат ойыны балаларды, туған жеріміздегі тарихи қымбат деп саналатын ескерткіш белгілерді қастерлеп, бүлінуден сақтап қалу жайын ойлап, тарихымыздың мақтанышы екенің сезіндіріп, басқа да өте көп мазарлармен танысып, оқып білуге ыңтасын туғызады.
Саяхат ойыны аяқталғаннан кейін кітапханашы балаларды 3 топқа бөліп, көрмеде маршрут бойынша тұрған кітаптарды оқуға бере алады. Сөйтіп келесі кездескенде саяхат ойынның өздері жүргізіп, әр топ өз маршрутымен таныстырып, ойынның соңында басқа топтармен айырбастасып, саяхат ойының жалғастыруға болады.
****
Республикалық маңызы бар мұражайлардың бірі, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылы 29 қарашадағы № 466 қаулысымен құрылған, алып жатқан жер көлемі 1883 шаршы км.
Мұражай қорық аумағында ежелден келе жатқан (шамамен б. д. д. 5000 жылдар) некропольдар орналасқан Олардың жалпы саны 200 -ге жуық.
Осы өңірде яғни қорық көлеміне 700 ден астам тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан, оның ішінде Республикалық маңызы бар 12 ескерткіш. Атап айтқанда: Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Лабақ, Мақат саханасы, Ерден, Кетебай, Жакуда-Ишан, Басқамыр қалашығы, Ақмешіт әулие, Едіге, Айранбай мазарлары..
Оның сыртында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 20 қараша № 295 бұйрығымен «Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірілігінің белгісі» «Ұлытау» мұражай-қорығына 2006 жылы 6 желтоқсанда қабылданды. Ұлытау өңірі өзінің тарихқа толы ескерткіштерімен ғана белгілі емес, табиғатында да ерекшелігі бар. Жалпы аумағы 18 млн. Гектарды алатын қорық солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан Ұлытау, Арғанаты, Желдіадыр, Байқоңыр, Майтөбе, Аралтөбе, Үш қағыл тау бөктерінен тұрады
Географиялық, ботаникалық зерттеулердің анықтауы бойынша бұл өңірде жалпы өсімдіктің 617 түрі өседі, оның ішінде 90 түрлі өсімдіктің дәрілік қасиеті бар.
Мұражай 2 қабатты ғимараттан тұрады. Жалпы ауданы 583,2 кв. м.
Мұражай ғимаратында 8 бөлме орналасқан:
1) Сирек қол жазбалар бөлмесі;
2) Тарихи бөлме;
3) Ұлытау зиялыларына арналған бөлме;
4) Этнографиялық бөлме;
5) Қазақ хандарына арналған бөлме;
6) Ұлытау табиғатына арналған бөлме;
7) Минералдар бөлмесі;
8) Ұлытау өңірінің сирек жәндіктер бөлмесі.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?