Тарих | Желтоқсан оқиғасы

Тарих | Желтоқсан оқиғасы

Жоспар:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
а. Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс;
ә. Көзбен көрген көріністер;
б. Құпия өлім мен "Желтоқсан оқиғасындағы” өкімен рөлі.
в. "Қазақ ұлтшылдығы”.
III. Қорытынды.

I. Кіріспе.
"Желтоқсан көтерілісі” – ол қазақ халқының тарихында болған ақтаңдақтардың бірегейі. Дегенмен, осы оқиғаның ақиқаты әлі күнге жөнді ашылмай келе жатқан сыңайлы.
Желтоқсан оқиғасының "дүркіреп” өткеніне 13 жыл толып отыр. Әйтсе де сол бір ызғарлы үш күн әлі де көкейден кетер емес. Кей кезде еске түсе қалса жүрекке шаншудай қадалады. Бұл атышулы оқиға қазақ халқының басына каншама қасірет әкелді. Соның ішінде талай ұл-қыздарымыздың қаны судай ақты. Қаншама жас қыршын кетіп осыншасы жазықсыз жұмыстан немесе оқудан қуылды.
Бүгіндері Желтоқсан көтерілісі жайында әркім әртүрлі ескеліктер айтады. Кейбір елге белгілі азаматтарымыз "Мен сол кезде жастардың жағында болдым” деп сайрап жүр. Ал, оған қарсы басқа кісілер "Ол партияның қол шақпары болған” деп уәж айтады. Кімге сенеріңді білмейсің.
Сол бір қиын қыстау күндерде тоқырау кезеңінің жан дайшаптары жоғарғы басшыларының сойылым соғып, оқиғаның анық-қанығына бармай-ақ халықты ұлардай шулатты емес пе?
Енді міне, сол күндерде зәбір көрген жастардың арман-мақсаттарының алдал екенін бүгінгі таңда кім де болса мойындап отыр. Адам жанына өмір бойы ұмытылмастай салынған таңбаға кім жауап береді?
Талай боздақтарымыз қайғы-қасіретке душар болып, көбі мүгедек болып қалды. Ал "ерлік істерімен көзге түскендер” наградаларға ие болып маң-маң босып жүрді. Мұндай "мықтыларды” қашан жауапқа тартар екен?


II. Негізгі бөлім.
а. Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс.
Әрбір Жаңа жыл басында соғатын самалды Алтынкүрек желі болмаса, табиғат тозып, ескіріп, қоңырсып кетер еді. Жас Көктем есік ашып, Алтынкүрек қалай еседі – солай қасат қардың көбесі сөгіліп, суық тоң жібіп, топырақтың бауыры бусанып сала береді.
1986 жылдың 16 желтоқсанының Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматыжа және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған БОДАНДЫҚҚА ҚАРСЫ ЖОЙҚЫН БҰЛҚЫНЫС нақ осы табиғаттың Алтынкүрек желімен салстырылса, артық емес. Өйткені, Қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойған жок еді.
Алайда М.С.Горбачевтің сұлу сөздеріне сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, беймәлім, ортақол жетекші Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлауына келіспеушілік білдірді. Сөйтіп, олар "Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылықтың” бетін тұңғыш рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тай салмай қарсы шықты. Әрине, күш мүлдем иең емес-тің. Бейбіт қарусыз жастар: темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақтанған әскерге қалай төтеп берсін. Империя дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдағы шовинистерден құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып-жаншылды. Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан суйреп, итке талатып сабағандарды басқаша қалай бағаларсың?! Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын – қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды.
Желтоқсан оқиғасы күндері ерекше "ерлік” көрсеткен МХҚ мен Ішкі істер министрлігі деректері, әрине, тым "қарапайым”. Олар не бәрі 2212-2336 аралығында ғана кінәлілерді күдірткен. Сабаздарың өз арттарын қалай ашсын?! Ал Мұхтар Шаханов комиссиясының деректеріне сүйенсек 8,5 мыңнан астам адам ұсталып, қамалған, 1,7 мыңдай адам дене жарақатын алған. Мұны былай қойғанда, М.С.Соломенцев, Е.К.Лигачев, т.б. "жартықұдайлар” кесапатымен тұтас қазақ халқына ұлтшылдық таңбасы басылған жоқ па? Таяу тарих М.С.Горбачев жолбасшылығы "арқасында”, міне, осындай масқара интернационализм көрінісіне куә болды.
Айрықша Алтынкүрек желі небәрі бірер күн соғып тыншығанмен, тозып-тоңған табиғатты әп-сәтте жаңғыртып, жасартып жібереді. Қанға бөктіріліп басылған бодандыққа қарсы бұлқыныс – Жалтоқсан оқиғасы да қалғып-мүлігіп жатқан күллі Кеңес Одағын оятты. Көп ұзамай Балтық бойы елдері бостандық жолындағы күресін бастады. Тбилиси, Баку, толқулары тұтанды. Ақырында Желтоқсанның жойқын желі Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріне жетіп, құлдық бұғауын үзіп, отаршылдықтан босаған жаңа егеменді мемлекеттерді дүниеге келтірді. Өзгелер білсін-білмесін, Желтоқсан оқиғасының жеміс-жалғасы – шып-шырғасыз шындық осындай.
Құдайға шүкір, 1825 жылғы орыс декабристтері тәрізді өлімнен қорықпаған, "түрі – адам да, жүрегі - шаян” "жауынгерлерден”, жасақшылардан қайтпаған желтоқсаншы жастарымыз аз емес. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Жансая Сабитова, Хасен Қожахметов, т.с.с. батылдарымыз, батырларымыз бар екен. Өздері құлағанмен, қамалғанмен, олар көтерген жалауларын құлатқан жоқ.

ә. Көзбен көрген көріністер.
16-желтоқсан
Өзім оқитын Қазақ Мемлекеттік Университеті журналистика факультетінің № 5-інші жатақханасы. Кешкілік уақыт. Сағат тоғыздар шамасы. Басінші қабаттағы өз бөлмемде ертеңгілік сабаққа дайындалым отырғанмын. Кенет бөлме есігі шалқасынан ашылып, салып ұрып екі жігіт кіріп келді. Түрлері өрт сөндіргендей. Екі өкпелерін қолдарына алып, солықтарын баса алмай тұр.
- Ей, сендерге не болған, - дедім таңданысымды жасыра алмай.
- Сен не, естімеп пе едің? Қонаевты орнынан алып оның орнына басқа орысты қойыпты. Жүр кеттік. Астыңғы қабатқа түс. Сонда жиналып жатырмыз.
Әй-шайға қарамай екеуі келесі бөлмелерге жүгіріп кетті. Мен таңданған қалпыммен, ойымда дәнеңе жоқ астыға түстім.

16-желтоқсан, 14 сағат
Үкімет үйінің алдына он мыңдай адам жиналған. Дені қазақтың жас жігіттері мен қыздары. Оларды бұлараға ешкім де тоғытып айдап әкелеген жоқ. Қазақстан ұлтының бостандығы үшін өз еріктерімен келегндер. Араларында бірең-сараң басқа ұлттың өкілдері де көзге шалынып қалады. Олар әшейін қызыққа бату үшін жиналғандар. Кейбіреулері анадайдан миықтарынан күліп қана тұр. Ал, үкімет үйінің алды толып тұрған темір қаруланған әскери бөлімдердің солдаттары мен ішкі істер қызметкерлері жастарды алға өткізбей тұр. Бір-екі қызу қанды жас жігіт мінберге шығып сойлеуді талап етіп еді, аналар жібермей қойды. Мінберге ұмтылған бір жігітті милиция формасындағы біреу қолындағы резина таяқпен қақ маңдайға салып жіберді. Бет-жүзін қан жуған жігіт басын ұстап жерге отыра кетті. Сол мезет оның қасындағы тағы бір қазақ жігіті шыдай алмай ананың жағасынан ала түсті. Қолындағы таяғын жұлып алып тұмсық тұстан беріп өтті. Айнала сол сәтте апыр-топыр болды.
- Жігіттер, ұрмаңыздар! Біз бұл араға төбелес шығаруға келген жоқпыз. Бейбіт наразылығымызды білдіруге жиналдық. Сабы сақтаңдар, райларыңнан қайтыңдар, - деп айқай салды топты бастап жүрген мосқалдау келген, зор денелі жігіт, ағасы. Өзі биіктеу жерге шығып алып, қолын сермеп жастарды басу айтуға шақырды...
Бұрқасын төпел тұр. Аяқтан өткен ызғар құлақ шекені солқылдатады. Жастардың көбі женіл киінген. Тіпті кейбіреулері жалаң бас, көйлектерімен жүр. Жастардың аузында ән. Олар хормен "Менің Қазақстаным” әнін айтып тұр. Тағы біреулері "Қонаевты шақырыңдар, Қонаевты не болғанын соның өз ауызынан естейік. Мінбеге шықсын” деп бар дауыстарымен жар салып тұр. Алайда жұрт алдына шағып басу айтатын жан баласы болмады. Үкімет үйінің алдындағы қырғын әрі қарай жалғасып жатты.
18 Сағат.
Айналаны қою қараңғылық басты да алаңға жиналғандардың қарасы қоюлана түсті. Аппақ қар қызыл қанмен араласып жастардың аяқ астында тапалып жатты. Бейбіт халақтың намысын өздері таяқтармен түртіп оятқан әскерилер енді не істерін білмей жоғарыдан бұйрық күтіп аласұрып тұр. Кеңет бір бүйірден өрт сөндіргіш машиналар көрінді. Анталап келіп алаң алдына тоқтай қалды да, жапатармағай жастарды қоршай бастады. Сенкіріп- сенкіріп түскен брезент киімді адамдар жалма-жан қолдарындағы су жіберетін ұзын шлангілерді жастарға қаратып, ағын суды ағытып жіберді. Түтіктерден атырла шыққан зәрлі су топталып тұрған қыздар мен жігіттердің үстіне жаңбырша жауды. Мұздай судан денелері тітіркенген халық ақтарлысып қалды. Кейбірі үстін қарыған аязды судан бүрсініп, тым-тырақьай қашты. Шетке шыққандарын резика таяқтар баудай түсіріп жатыр. Естерін жинағандары өрт сөндіретін машиналарға қарсы тұра ұмтылды. Алдымен жеткендері қайдан алғандары белгісіз, қолдарындағы ара, балта сияқты құралдармен шлангілерді турап тастады. Оншақты шомбал денелі жігіттер ашу-ызаға шыдай алмай автотранспорттың біреуін төңкеріп тастады.
Сол кездегі мына бір көрініс менің жадамда мәңгілік қалып қойды. Ойға түссе әлі күнге дейін денем түргішіп жанымды қоярға жер таппаймын. Бұдан кінәлі кім деген сансыз сауалдар санамды жергідей жеп, бір орынға отырғызбай дедектетіп әлде қайда алып кетті ...
Шыңғыра ышқынған дауысқа жалт қарасам, әскери форма киген басқа ұлттың өкілі 16-17 жасар қазақтың бір қызын шашынан сүйреп, тепкінің астына алып жатыр. "Апалаған” қызды алып ұрып айызы қанғанша добалдай керзі етігімен бас-көз демей соққылауда. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, балағаттаған сөздер естіледі. Тап сол сәтте бір жұдырық жарқ ете қалып, ананың аузына барып қадалды. Көзді ашып жұмғанша болған жоқ "батыр” шалқалап құлап бара жатты. Ұрған өрімдей жас жігіт еді. Оны мен жақсы танушы едім. Айналада жүрген 5-6 милиционерлер әлгі жігітті әй-шәйға қаратпай қолын артына қайырып алдарына салып алып кетті. Анадай жерде тұрған белінде "Милиция” деген жазуы бар машинаның артына бір-ақ тықты. Қансырап жатқан қызды да лақша сүйретіп, машинаның алдыңғы есігінен тоғыртты ...
Кейін әлгі жігіт туралы дерек сұрастырып көрсем де ол туралы ләм-мим деген сөз естіген жоқпын.
Бүгінге дейін сол бір өрімдей қазақ жігіттің бет жүзі есімнен кетпейді. Жыртқыш аңның қандыбалақ қолынан еліктің лағындай өлсіреп жатқан жас аруды арашалап алғаны үшін кінәлі ме? әлде қазақ үлтының намысын аяққа таптатқысы келмей, өзінің жанын қиғаны үшін кінәлі ме? Айтып айтпай не керек, сол бір желтоқсанның қанды кешінде қанша жастың соры қайнады. Қаншама қазақтың қыздары шаштарынан сүйретіліп, тепкінің астында қалды. Қаншама жас жұмыстан немесе оқудан жазықсыз қуылды. Қаншасы қыршынынан қиылды? Бұл сауалдарға кім жауап береді? Кім? Кім?
12 Сағат.
Брежнев атындағы алаң бір түннің ішірде тазарған. Әскер бөлімдерінің солдаттары Үкімет үйінің алдына ешкімді кіргізбей айнала қоршап тұр. Алаң ештеңе болмағандай айнадай жалтырап жатыр. Кешегі күннен бір белгі¬¬-мінбердің сыртын гранит таспен қоршаған, соның ұштары ойылып алынған, қатар тұрған ұзын мойын шамдардың кейбірінің оталып қалуы. Сонымен қатар анадайдан көрініп тұрған Үкімет үйінің кейбір терезелері сынып, үңірейіп тұр.
Демонстрацияға жиналған халық екі жарылып бірі Фурманов, бірі бейбітшілік (қазіргі Жептоқсан) көшелері жағында топталып тұр. Жастар тағы да Үкімет басшыларының алдарына келуін, алға қойған мақсат-мүдделерінің орындалуын талар етуде. Біразы лықсып алаңға өткілері көлгенімен, солдаттардың тас қамалына маңдайларын соғып, кейін шегінеді. Жастар өте ашулы. Неден болса да тайынбайтын түрлері бар. Қандарын іштеріне тартып сұрланып алған. Алған беттерінен қайтатын емес. Үкімет үйінен бір-екі адам шығып, жастарды ереуілге бастап жүрген екі-үш жетекшіні ішке алып кетті. Алайда көп ұзамай түрлері сұрланып шықты.
14 сағат. Кенет біреудің айқай салған дауысы естілді. –
- Жол беріңдер.
Халық арасына топты жарып сол кездегі Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Серік Әбдірахманов келеді екен.
Ол шуылдаған топқа қолын көтереді. Жастар тым-тырыс бола қалды. Екі жігіт Серікті иықтарына көтеріп мінгізіп алды:
- Халқым, қазағым! Мен сендермен біргемін. Сендердің талап-тілектеріңе мен де қосыламын-деп даусы саңқ ете қалды Серіктің.
- Бірақ біз мұндай айқаймен мәселенің мәнісін шеше алалмаймыз. Бізге сабырлылық пен шыдамдылық керек. Мен қазір анда (Үкімет үйін қолымен нұсқады) барамын да, сендердің талаптарыңды басшы азаматтарға жеткіземін. Және өзім де соны талап етемін. Болмайды екен, сендердің араларыңда мен де боламын.
Серік Әбдірахманов үш-төрт жігітті бастап тағыкетті. Арада шамалы уақыт өткеннен кеиін қайтып келді. Ол жастарға басшыларға қойғанталапты жеткізгенін, олардың бұл мәселені қарап, тиісті шара қолдану үшін кеңесіп жатқандығын мәлімдеді. Сонда ғана барып жастар жіби бастады. Дейтұрғанмен, Серік Әбдірахмановтың өзін қудалауға ұшыратқанын бүгінде біреуі білсе біреуі біле бермейді. Ал жастардың талабы орындалмай қалды. Міне, сол кездегі басшылардың екі жүзділігі осы арада айқын сезілді. Керісінше, қазақ ұлтының бостандығын аңсаған Серік сияқты намысын жыртқан көлтеген азаматтарымыз қуғын-сүргінге ұшырады.







б. Құпия өлім мен "Желтоқсан оқиғасындағы” өкімет ролі.
"Желтоқсан” жетекшісі, адвокат Аманжол Мәлібаев және ”желтоқсан оқиғалары” жөнінде деректі фильм түсіруші Қалдыбай Әбенов "желтоқсан оқиғаларына” қатысушы,солдаттарға Қайрат Рұсқылбековтың түрмеде қаза табуының жағдайына алаңдаушылық білдірді. Әкімшілігі оның өзін-өзі өлтіргенін дәлелдемек болды. Ал Мәлібаев пен Әбенов бұл хабарламаның шындыққа жанаспайтынын айтады. Олар "Желтоқсан” бұл оқиғаны тергейтінін мәлімдеді.
Республика басшылығы. Барлық тергеулердің негізгі сауалы мынау: бейбіт наразылық демонстрациясына Қазақстан өкіметі қалай қарады?
Құрамында қазақтар да, басқа ұлт өкілдері де бар көптеген куәгерлер қақтығыс үшін негізгі жауапкершілік демонстрацияға салауатты көзқараспен қарай алмаған республика өкметіне жүктелетіндігін айтады. АХТ-ға пікір білдірген тәуелсіз қоғамдық "Мемориал” ағарту бірлестігін болып өткен оқиғаға республика өкметі жауап беруі тиіс деп мәлімдеді.
"Оқиғалар басшылардың сауатсыз іс-әрекеттерінің салдырынан болды, олар адамдырмен сөйлеспейді, түсіндірмеді. Қонаев халық алдына шығып, тыныштандырғысы келмеді. Милиция да мұндай жағдайда қалай қимылдау қажеттігін білмеді”,- дейді ол. "Демонстранттарға өздерін толғандырған проблемаларды талқылау үшін микрофонды пайдалануға басшылық мүмкіндік берді ме?”. Бұл сауалға жауап беруде куәгерлердің пікірлері әрқиылды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?