Қазақ әдебиеті | Тілеуұлы Мөңке би
Тілеуұлы Мөңке би — белгілі би, Әбілқайыр хан кеңесшілерінің бірі, жырау.
Шамамен 1675 жылы дүниеге келген. Ата тегі шежіре бойынша өз әкесі Тілеу әрі қарай Айт, Бөлек, Қалу, Сирақ, Мұса хан, Уақас би, Нұраддин болып жалғаса береді.
Әбілқайыр хан дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің беделді адамдары Жәнібек тархан мен керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған.
Мөңке би өз заманында «ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сұңғыла би», келер күнді айнытпай болжайтын сәуегей және дала даналығының көрінісі іспетті ой-тұжырымын тағылымды поэтикалық жырға айналдырған жырау ретінде танылды. Мөңке бидің философиялық толғаулары, риторикалық сұрақ-жауап, болжау, билік, кесім, шешім түріндегі мұралары өзіндік ерекшелігімен көзге түседі. Көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл болжай білу Мөңке би шығармашылығының басты белгісі. Оның "Түрлі-түрлі халық болады‚ Күндіз-түні жарық болады… Дүниенің жүзіне‚ Өре мен темірден жол тартылады… Адам ақысыз жұмыс істемейді‚ Дүниені түрлеп кестелейді” деген толғау жолдарынан келер күнді болжаған сәуегейлік көрінеді. Сондай-ақ,
"Құрамалы-қорғанды үйің болады‚
Айнымалы‚ төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын басқан жиын болады.
Домалақ-домалақ түймедей дәрің болады‚
Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады,
Алашұбар тілің болады‚
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады‚
Еркегің қазаншы болады” деп келетін жолдардан болашақтың бет алысын‚ бағыт-бағдарын тап басып танығандығы аңғарылады.
Мөңке бидің Сырым батырға қойған астыртын сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары, сондай-ақ оның шеркеш Түрке би, тана Нүрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек» дейтін толғаулары белгілі.
Оның көркем бейнесі Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы мен «Ел қорғаны» пьесасында, Ә. Кекілбаевтың «Үркер» романында көрініс тапты. Мөңке бидің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы әр жылдары А. Жұбанов, Т. Кәкішев, С. Негимов, Б. Адамбаев, Қ. Сыдиықұлы, М. Тілеужанов,С. Байменше, Б. Омаров, Ж. Асанов, К. Төлеубайұлы, тағы басқалар ғалымдар ғылыми-зерттеу еңбектерін жазды.
«Шекті Мөңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген екен». (А.Байтұрсынов).
Мөңке би, тарихымызда есімі құрметпен аталатын, үлкен философ, терең ойшыл, ұлы ақын. Қара қылды қақ жарған, мың жылдығын болжаған дала кемеңгері Мөңке бидің ұрпақтары Ақтөбе облысы көптеген аудандарында тұрады.
Республикаға танымал мүсінші Құрақбай Егізбаевтың граниттен ойып жасаған Мөңке бидің мүсіні Ақтөбе қаласының 101 атқыштар дивизиясы атындағы көшеде орнатылды. Мүсін ақшыл түсті мәрмәр тастан жасалынған. Тұғырдың биіктігі — 2,7 м, ескерткіштің биіктігі − 1,5 м. Суретші С.Әлімбетов.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?